Оффлайн бойынша

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оффлайн бойынша

Материал туралы қысқаша түсінік
Оффлайн бойынша
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Оффлайн

Мақсаты: Өмірді сүюге үйрету, оның әрбір сәтін қадірлеуді түсіндіру. Өмірдің мәні туралы ой-пікірлерін ортаға салдыру, өмірге жақсы көзқараспен қарауға, бағалай білуге тәрбиелеу

Сабақ түрі: аралас сабақ

   Оқушылар айналып шеңберге тұрамыз. Сіздер бір-бірлеріңізді 7 жыл бойы жақсы танып білдіңіздер. Ендеше, бүгінгі шаттық шеңберіміз «Менің көршім қандай адам?» деп аталады. Шеңберде қастарыңызда тұрған көршілеріңіздің бойындағы қасиеттерін айтасыздар.

Қазіргі таңда интернет әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық-коммуникациялық құралына айналып отыр.Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі туралы айтпасақ та болады.

Дегенмен де интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн.Интернетке қосылу үшін әрине бізге компьютер керек. Ал, әр күнін компьютер алдында өткізу денсаулыққа зиян екенін білесіздер ме? Ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы улаумен шектесетіні белгілі.Компьютер алдында ұзақ отырса адамның көзі, жотасы ауырады және қимыл-қозғалысына,адам психологиясына да әсер етеді.Сезімдік нерв жүйесі ауруларына шалдығады.

Интернетке жүгініп,үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат алысып, сөйлесу-баланың айналасындағы адамдармен бетпе-бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады.Компьютерден бөлінетін ультра-күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Ал одан сорақысы- ұлттық, адами қасиеттерге нұқсан келтіретін материалдардың интернет бетінен орын алуы.Қазірде шығарма, эссе жаза алмайтын оқушылар бар. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, интернетке кіріп түрлі ойындар ойнап,уақытын тиімсіз өткізудің зардабы

Ендігі бір мәселе - Интернетке тәуелділік. Сағаттап, тіпті таңды-таңға ұрып, Интернетті қызықтайтындар да кездеседі. Бұл да бір есірткіқұмарлық, нашаға тәуелділік сияқты нышанды байқатады. Адамның психикасына, денсаулығына кері әсер етеді.. Осындай келеңсіз, жаныңды түршіктіретін ақпараттар интернетте орын алып жатса, оның жұртшылыққа пайдасынан гөрі зияны көп емес пе? Демек, Интернетті қажетіне қарай, шамамен пайдалана білу мәдениетін қалыптастыру да көп ойланатын дүние
Енді компьютерлік ойындарға келсек, олардың қаншалықты зиянды екенін айта кетейік. Интернеттегі онлайн ойындары атыс-шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына қандай жаман әсер беретінін өздерімізде білесіздер. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс-тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады. Қалалы жерде ақша табу үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды. Интернет ойындарынан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарымыз бар, соны неге ойнамасқа?Асық ойнау, күрес, қол күресі, волейбол, футбол сияқты көп ойындар бар.Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды ойнағанша, далада таза ауа жұтып, көпшілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау болғанымызға не жетсін.

Әрине қазір заман ауқымы, талабы әр үйде компьютер, интернет желісі бар. Жаңағы өздерің айтқандай компьютерге қол жеткізбесе де ұялы телефон арқылы интернетке де шығуға болады дейсіңдер.Міне, сол арқылы не бір ұятсыз көріністер көреді, интернет арқылы танысады.Мектеп жасындағы баланың сабаққа дайындалғаннан гөрі көп уақытын ұялы телефонына үңілумен өткізеді.Ол неге үңіле береді десең, әрине ол ішіне сабағын жазып алған жоқ.Небір түрлі қырғын атыс-шабыс ойынын, өзгелермен танысу,ұятты көріністер қарайды.Міне, содан барып, ол баланың өмірге көз-қарасы психологиясы өзгереді. Ұрлық-зорлық көбейеді.Жас бала еліктегіш келеді. Әр жаман затты көрген сайын, естіген сайын оның бір ұшқыны адам бойында ұялап қалмай ма? Әр нәрсе өз нормасынан асқан соң, жаманға айналады. «Сақтансаң сақтайды, сақтанбасаң сені құдай не қылады», демекші Шәкәрім атамыздың мына сөзіне тоқтала кетуді жөн көрдім:

                                                 Сақтық-деген әрқашан байқап  жүрмек,

                                                 Пайда не залал ма ескерілмек,

                                                 Көргенің естігенін есепке алса,

                                                 Сонда оңай әрбір істі ойлап білмек.

Сондықтан интернетті меңгеруіміз керек деп, интернетті білмеген заман көшінен қалды деп,таңертеннен қара кешке дейін заман техникасымен шұғылдана бергеніміздің адамзат өміріне тигізетін өзіндік пайдасымен қатар  зияны да баршылық.

елеу.. 


Біздің заманды қалтаңдағы ұялы телефонсыз елестету мүмкін емес. Оның ішіндегі интернет деген әлем мүлдем бөлек дүние. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін кіретін интернеттің құдіреті шексіз. Ішіне кірсең барлығын табасың. Іздегенің алдыңда, іздемегенің артыңда қалатын болды. Баланың қолынан телефонды алып, интернетсіз өмірді елестете алмайтын болдық. Баланың санасын қалай алдап алуды ұмыттық. «Өзгеден қай жерім кем? Пәленшенің баласында айфон, түгенше де гаджет бар!» деген уәжіне тап боламыз. Баланың ойын кітапқа аударайын десек әлеуметтік желідегі тақырып қызық. Қалта телефонын тартып алуға тырыссақ, балаңды ренжеткің келмейді. Санамызды улаған қалтателефонынсыз өмір сүру мүмкін еместей көрінеді. Тым болмағанда интернетсіз бір күн өмір сүріп көру керек еді. Бұл тек барлық жерде жарық сөніп қалған сәтте ғана орындалатын қиял тәрізді. Жоқ, олай емес екен. Ақтөбенің балалары интернетсіз бір күн өткізді. Телефонды тоғызқұмалаққа, интернетті шахмат пен әдеби кітапқа ауыстырды. Жүздерінде күлкі, араларында достық пайда болды. Ұлдар шебердің құралдарына қызықса, қыздар тоқымамен кітаптың қызығана кіріп кетті.


Интернет біздің күндіз-түнгі досымыз болды
- Қазіргі таңда интернет біздің күндіз-түнгі досымызға айналған уақытта интернетсіз бір күн өткізіп көру біз үшін үлкен бір сын болуы да мүмкін. Сонымен қатар біздің денсаулығымызға пайдалы екенін білеміз. Ғалымдардың 144 адамдының ішінде 18 бен 33 жас аралығындағыларды зерттеген. Олардың интернетті қолданғанға дейінгі және интернетті қолданғаннан кейінгі жағдайларын қараған кезде олардың жүрек соғысы мен қан қысымы интернетсіз уақытта біршама жоғарылаған екен. Сондықтан интернетсіз өмір сүру балалар мен үлкендердің денсаулығына пайдалы. Өйткені интернет болмаған күні кітап оқимыз, бір-бірімізбен араласамыз. Қоғамның ортасында белсенді өмір сүреміз. Интернетке тәуелділік айналаңдағы адамдардан алшақтата түседі. Кітап оқуды артқа қалдыра беретін боламыз. Дегенмен интернет біздің досымызға айналғанына біраз жылдар болды

Интернетсіз бір күн біздер үшін пайдалы
Күннің суығына қарамастан мектеп оқушылары интернетсіз бір күн акциясына өздерінің жігерлі екенін көрсете білді. Олардың жаңа кітапқа таңданыс туғызуы, үйірмелердің атауларына қызыға қарауы интернет әлемінен жалыққандарының белгісіндей. Осы арқылы балаларды интернеттен алшақтатуға болатынына көзіміз жетті. Дегенмен бір баланың ойы далада болса, екіншісі үлкен ой үстінде болды. Бәлкім бір күндік тәжірбие оларға аздық ететін болар. 
- Интернеттен біздің балалар мен жастарымызды бір мезгіл болса да ойын, көңілін басқа нәрсеге бұруды жөн көрдік. Бүгінгі күнге дейін кітапхана жанынан 8 клуб жұмыс жасайтын еді. Енді жаңадан ұлдарға арналған «ISMER» клубы өз жұмысын бастап жатыр. Ер балаларымыз өздерінің бос уақыты интернетке арнамай осындай шеберлік жұмыстарымен айналысса деген ойымыз бар
«Интернеттің де пайдасы бар»
Кейде интернеттен дереу бір нәрсе іздеу керек болса «қап», интернеттің жоқтығын қарашы дейсің. Осындай кезде ғана интернеттің сенің өмірің үшін маңызы бар екенін түсінесің. Дегенмен интернеттен өзіңді тежей білуде үлкен ерлік. Заман талабына сай бұрыңғының ержүрек батырын емес, интернетке кірмеген жасты «батыр» деп атайтын болдық. Бір күн болса да интернеттен бастарту үлкен ерлік болып саналады. Керек кезінде интернеттің де тигізетін пайдасы орасан зор. Қажетті ақпаратты дер кезінде ала білу ғажап дүние. Бірақ таңнан кешке дейін интернетте отыру зиян екенін барлығымыз да білеміз. 

«Жастарды шеберлікке шақырамыз»
- Осындай жаңа бастама арқылы жастарды шеберлік сағаттарына шақырамыз. Ынтасы бар әрбір жастарымыз өзінің құлшынысын арттырып біздің «ISMER» орталығына келуіне болады. Әлеуметтік желіде отыра бермей пайдалы іспен айналысқан дұрыс. Бүгін тым құрығанда бір күн болса да балаларды интернеттен алшақтата алдық деп ойлаймыз. Кітапхана есігі әрдайым ашық. Телефонын артқа тастаған жас бізге қарай асықсын,-дейді егде жастағы ақсақал.

Соңғы он жыл ішінде интернеттің санамызды қалай улап жібергенін білмей де қалдық. Үйде бала жыласа жұбату үшін телефонды қолына бере саламыз. Мектеп жасындағы балаңның көңілі тоқ болсыншы деп телефонын бірліксіз қалдырмаймыз. Интернеттен маңызды ақпаратты іздейтін болар деп ойлаймыз. Бірақ балаңыздың бір күн болса да интернетте отырмаған күні болды ма? Әрине, болған жоқ. Сол бір интернет балама үлкен көмегін тигізеді деп өзімізді алдап қоямыз. Негізінде интернеттің сананы қалай улайтынын сіз менен де жақсы білесіз. Біле тұра ешқандай шара қолданып көрмедіңіздер. Бәлкім сіздер де бір күн интернетсіз өмір сүріп көрерсіздер. Бірақ келесі күні бір күн интернетсіз жүремін деп аяқсыз, қолсыз қалғандай болдым деп айтып жүрмеңіз.

1. Интернет дегеніміз не?
Жауабы: Интернет – компьютерлік желілерді біріктіретін ауқымды желі.

2. Алғаш рет Интернет пайда болған жыл?
Жауабы: 1958 жыл АҚШ-та

3. Байланыс арналарын ата.   
Жауабы: кабельдік, талшықты-оптикалық, спутниктік радиобайланыс

4. Провайдер дегеніміз не?
Жауабы: Провайдер – қарапайым қолданушылардың Интернетке шығуын қамтамасыз ететін фирма

5. Хаб дегеніміз не?
Жауабы: Хаб – бірнеше Интернет желісінің басын біріктіруші құрылғы.

1. Слиптер дегеніміз не?
Жауабы: Жиіліктерді бөлуші (сплиттер)

2. Модем айырмашылықтарын ата.
Жауабы: Модем -  ADSL модем жылдамдығымен ерекшеленеді, dial-up телефон байланысмен

3. WWW және TCP/IP – бұл жазба нені білдіреді?
Жауабы: WWW (World Wide Web) – гипермәтіндік құжаттар. TCP/IP протоколы (1974)

4. Электронды пошта дегеніміз не?
Жауабы: Электронды пошта - абоненттер мәлімет алмасуға арналған байланыс құралы.

5. Сайт дегеніміз не?
Жауабы: Сайт - компьютерлік желіде құжаттарды біріктірген адрес.

V. « Мақал –сөз мәйегі»  Бұл бөлімде топтар бір-біріне информатикаға байланысты аударылған мақалдар айтады, екінші топ сол мақалдардың дұрыс жағын айту керек.

1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жігітті досына қарап, бағала)
2. Байт биттен құралады 
(Теңге тиыннан құралады)
3. Вирустан  қорыққан, Интернетке шықпас 
(Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім 
(Аттың сыры, иесіне мәлім)
5. Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса 
(Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)

1. Білмесең, «анықтама»-дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)
2. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы 
(Бір ақылдан, екі ақыл артық)
3. Антивирусы күштіні - Вирус ала алмайды
 (Досы күштіні – жау алмайды)
4. Күлсең ескірген компьютерлерге күл 
(Күлсең кәріге күл)
5. Компьютерде бес колонка, дауысы жер жарады  
(Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
08.02.2019
406
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі