«Ой мен ойын» Қауіпсіздік сабағы (10 минут) № 22-САБАҚ тәрбие сағаты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ой мен ойын» Қауіпсіздік сабағы (10 минут) № 22-САБАҚ тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ой мен ойын» Қауіпсіздік сабағы (10 минут) № 22-САБАҚ 1- сыныптар: «Төтенше жағдай туындаған кезде жедел қызметтерге қоңырау шалу скриптері»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты


Күні


Сынып жетекші:


Сынып:



Сабақтың тақырыбы:

«Ой мен ойын»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

22-САБАҚ

1- сыныптар: «Төтенше жағдай туындаған кезде жедел қызметтерге қоңырау шалу скриптері»


Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың интеллектік ақыл – ойын дамыту.

Білімге деген құштарлығын арттыру.

Тапқырлыққа, шапшандыққа тәрбиелеу.

Қауіпсіздік мақсаты :

Сабақтың мақсаты: балаларды төтенше жағдай кезінде құтқару қызметіне шұғыл қоңырау шалуды үйрету.

Дәйексөз

«Өнерлі бала - өрге жүзер»

Құндылық

Жасампаздық және жаңашылдық

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)


Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу.


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді.

Психологиялық ахуа


Компьютер








Сабақ басы (10 мин)












ҚАУІПСІЗДІК САБАҒЫ

2 САБАҚ. «ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТУЫНДАҒАН КЕЗДЕ ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚОҢЫРАУ ШАЛУ СКРИПТЕРІ»


Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Жағымды мотивациялық көңіл күй қалыптастыру.

Мақсат қою.

Әр адамның өмірінде көптеген кездейсоқ сәттер болады. Үйде немесе мектепте болған кезде біз қиын уақытта кімге жүгіну керектігін білеміз – ол біздің ата-анамыз, педагогтеріміз, достарымыз. Бірақ үлкен қалада жалғыз жүргенде әртүрлі қауіп-қатерге кезігуің мүмкін. Қауіп-қатер барлық жерде: қоғамдық көлікте, театрда, көшеде болуы мүмкін. Бұл жағдайда біз кімнің көмегіне сене аламыз?

1. Білімді өзектендіру. Өткенді қайталау




2.Тақырыпқа кіріспе

«Шұғыл қоңыраулар» рольдік ойыны.

Өрт сөндіру бөліміне қоңырау шалыңыз.

Сонымен, мынаны айту маңызды:

1. Мекенжай. Егер бала өз атын айта алмаса немесе байланыс үзілген болса да, құтқару қызметі аталған жерге барады.

2. Оператор оқиға болған жерді: үйді немесе пәтерді, көшені нақтылауды сұрайды.

3. Оқиғаның сипаты. Не болғанын қысқаша сипаттау керек. Мысалы, «теледидар жанып жатыр немесе әжем ауырып қалды».

4. Ата-анасының аты, тегі, байланыстары. Өзіңізді атаңыз, ата-анаңыздың біреуінің телефонын хабарлаңыз.

5.Білімді бастапқы игеру және түсінуді тексеру

«Басқару қызметі» ойыны. Қыздар ұсынылған нөмірлерге қоңырау шалады, ұлдар көмекке асығады немесе нөмірді дұрыс теруге көмектеседі. Жағдайлар:

- көшедегі бұзақылық шабуыл;

- газы бар үйдің пәтерінде өрт, құрбандар бар;

- көшеде өтіп бара жатқан адамның инфаркт алуы;

- жол-көлік оқиғасы, құрбандар бар;

- құрылыс алаңындағы газдың иісі;

- сіздің пәтеріңіз тоналды;

6. Бекіту. Өзіндік жұмыс

Мен мәлімдеме жасаймын, ал сіздер сигнал картасын көтересіздер. Егер келіссеңіздер – жасыл, келіспесеңіздер – қызыл.

Мен телефонды қалай пайдалану керектігін білемін.

Мен қашан көмек сұрау керектігін білемін.

Мен қандай телефон арқылы көмек сұрайтынымды білемін.

Мен не айтарымды білемін.

Мен мекенжайым мен телефонымды білемін.

Мен бұл нөмірлерді ешқашан ермек үшін термеймін.

Егер сіздер жасыл картаны алты рет көтерген болсаңыздар, онда мен сіздер үшін қатты алаңдамай, көңілім тыныш болады.

Қорытынды. Рефлексия





Құтқару қызметі мамандықтарының суреттері бойынша «Қызмет нөмірін атаңыз» ойыны.


«Есте сақта!»

Өрт күзеті 101

Полиция 102

Жедел жәрдем 103

Төтенше газ қызметі 104,112

Бірыңғай құтқару қызметі 112

«111 жедел қызметі» байланыс орталығы балалар мен ересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, балалардың құқықтарының бұзылуы туралы, баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы, өміріне және денсаулығына қауіп төнгенде хабарласу үшін ашылған.


- «111» нөмірі – 24/7 байланыста

- «111» нөмірі – құпиялылықты сақтайды

- «111» нөмірі – тәулік бойы ІІД және өңірлердің жедел топтарымен байланыста.



















Пайдалы сілтемелер:


https://www.youtube.com/watch?v=fyfkEuHSiIc&list=


PLA5eCSY2FeoQL

LocS- IEuEG9KjOrJzvPM&index=5





https://orken-instituty.kz/ru/telefony-goryachih-linij










Ортасы (30 мин)


Бағдарлама кезеңдері:

I айналым «Білгенге маржан»

II айналым «Сиқырлы әріптер»

III айналым «Құрастырма сурет»

IV айналым « Математик»

V айналым «Сырлы жұмбақ әлемі»

-Бүгінгі ойнымызға «Алғырлар» «Тапқырлар» тобы деп атадық.Ал, енді ойнымызға әділ баға беріп,шешімін айтатын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін:

I-айналым «Білгенге маржан»


Бірінші айналымда топтарға оқу бағдарламасының аясында әзірленген 6 сұрақ қойылады. Топ әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан алады.


1 сынып «Алғырлар»

Аптада неше күн бар.

«Атамнан да құтылдым, апамнан да құтылдым…» Бұл не?

Балалар білім алатын орын

5 пен 7 арасындағы қандай сан бар?

Қазақ алфавитінде қанша әріп бар?

Қыс айларын ата

1-сынып «Тапқырлар»

Әліппе атасы кім?

Түйе атасын ата

Санға 0-ді қоссаң не шығады?

Дауыссыз дыбыстар неше түрге бөлінеді?

3 бұрышы 3 қабырғасы бар фигураны ата

Көктем айларын ата.



II айналым «Сиқырлы әріптер»


Екінші кезеңде топтарға қазақ әліппесінен кез-келген бір әріп беріледі. Топтар 1 минут уақыттың ішінде сол әріптен басталатын сөздерді планшетке жазуы тиіс. Адам аттары мен жер-су, қала атаулары есепке алынбайды. Нәтижесінде барынша көп сөз жазған топ жеңіске жетіп, осы кезеңде 5 ұпай алады. Жеңілген топ ұпай алмайды.


III айналым «Құрастырма сурет»


 Бұл айналымда топтарда суреттің бір бөлігі көрсетіледі. Топтар сол суретте жасырылған затты табуы керек. Қай топ бірінші тапса, сол топ кезеңнің жеңімпазы атанып, 4 ұпай алады. Жеңілген топ ұпай алмайды.

1 сынып «Алғырлар»  Жемістер

2 сынып «Тапқырлар»  Кірпі

IVайналым « Математик»

Ой арманын кешеміз,

Ақылды боп өсеміз.

Есепке тұнған әлемнің,

Жұмбақ сырын шешеміз.

Келесі айналым- «Математик» деп аталады. Топтар кезекпен 1 минутқа созылатын математикалық ойын ойнайды. Топтың мақсаты – бір минуттың ішінде математикалық амалдарды барынша дұрыс шешу. Барынша көп математикалық есеп шешкен топ кезеңде жеңіске жетіп, 5 ұпай иеленеді. Жеңілген топ ұпай алмайды.


1 сынып «Алғырлар»

10 – 5 = 5         0 + 2 = 2

6 + 4 = 10         4 + 3 = 7

3 – 1 = 2           9 – 5 = 4

8 – 3 = 5           3 + 3 = 6

7 + 3 = 10        4 – 2 = 2

2 сынып «Тапқырлар»

45  — 40 = 5       18 – 9 = 9

64  + 5 = 69      30 + 9 = 39

80 —  30 = 50      20  + 3 = 23

15 – 7 = 8     30 – 10 = 20

9 + 5 = 14     8 + 6 = 14

Vайналым «Сырлы жұмбақ әлемі»

 Бұл кезеңде жүргізуші қазақтың бір жұмбағын оқиды. Оның шешуі сиқырлы кітапта жасырылған. Топтар жұмбаққа дұрыс жауап беруі тиіс. Қай топ бірінші дұрыс жауап береді, сол топ 5 ұпай иеленеді. Жеңілген топ ұпай алмайды. Бесінші кезеңнен кейін ойынның жалпы есебі анықталып, бағдарламаның жеңімпазы анықталады. Жүргізуші топтарды марапаттап, жеңімпаз топтың көшбасшысына арнайы кубокты табыстайды.


ҚАБАТ-ҚАБАТ  ҚАТТАМА,

АҚЫЛЫҢ  БОЛСА  АТТАМА    (кітап)


Оқушылар тыңдайды










Соңы


(2 мин)




-Міне, балалар осымен  бүгінгі ойынымыз аяқталды. Қорытынды сөзді әділқазыларға береміз. Жеңген топты марапаттау, сыйлықтар беру. Ойынымызды «Мектебім» әнімен аяқтайық




Рефлексия жасайды.

Сабақтан кейін қандай әсер алғанын, не сезінгенін, не ұнағанын айтып, алған әсерімен бөліседі


презентация







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2025
200
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі