"Ой мен ойын" сайысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ой мен ойын" сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп тәлімгерлеріне арналған сайыс
Материалдың қысқаша нұсқасы



Жамбыл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы















Shape1





С А Й Ы С Ы





















Мектеп тәлімгері: Г.Мұхатова







2017-2018 оқу жылы





Кештің тақырыбы: «Ой мен ойын»

Кештің мақсаты: Тілдер мерекесіне байланысты білім деңгейін саралау,ойнай отырып ойлау.

Құрметті ұстаздар,оқушылар ой мен ойын танымдық кешіне қош келдіңіздер!

Бүгінгі сайысқа 11 сынып оқушыларынан құралған «Бастау » командасы және 10 сынып оқушыларынан құралған « Болашақ» командасы қатысып отыр. Оң қанатта «Бастау» командасының жанкүйерлері, сол қанатта «Болашақ» командасының жанкүйерлері.

Ой мен ойын сайысына төрелік ететін әділқазы мүшелерімен таныс болыңыздар:

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ержанова Мейрамгүл Нұрымғалиқызы

Ағылшын тілі пәні мұғалімі Нұрғалиева Асыл Қаршығақызы

Орыс тілі пәні мұғалімі Ниязова Жаннат Серікқызы

Әрбір тур сайын әділқазы мүшелері топтың бағасын беріп отыратын боласыздар.

Сайыс шарттарымен таныс болыңыздар:

І тур «Көп сөйлеме» Екі командадан бір бір ойыншы шығады. Ойыншыға 30 секунд беріледі, берілген уақыт ішінде ойыншы өз командасына ұсынылған тақырыптар бойынша мүмкіндігінше көп сөз көрсету керек, әр сөз 1 ұпайға тең

ІІ тур «Сөзжұмбақ» Команда ойыншыларының көзі байланады, қолдарына бір-бір әріптен ұстатылады. Жұмбақ жасырады, мақсаты 1 минут ішінде қолдағы әріптерден жұмбақтың шешуін табу. Сұрақ қойылған сайын әріптер де өзгертіліп отырады.

ІІІ тур «Бетпе бет» капитандар сайысы Бұл капитандар сайысы екі топтың капитаны ортаға шақырылады. Команданың өзге ойыншылары қолы байлаулы күйде, жасырылған бір сөзді бірдей кезектесе отырып,өз капитанына түсіндіреді. Қай капитан 1-ші болып тапса соның командасына есептеледі, дұрыс жауап 30 ұпайға тең.

ІV «Суреттер сөйлейді» сайысы Ойыншылар кезекпен өз командаларына жасырылған мақал-мәтелді тақтаға сурет салу арқылы түсіндіреді. 40 секунд ішінде.

V тур «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы» Тақтада берілген өлеңнің атын, жалғасын және авторын табу. Дұрыс жауап 30 ұпайға тең

VІ тур «Әнді көрсет» Команданың бір мүшелері кезек кезек арнайы құрылғымен әуенді тыңдап , командаларға дауысын шығармай ыммен, іс қимылмен түсіндіреді, қалған команда мүшелері жасырылған әннің аты мен орындайтын әншісін табу керек. Бір әнді көрсетуге 1 минут уақыт керек. Қай команда бірінші болып тапса, ұпай сол командаға беріледі. Әрбір дұрыс жауап 20 ұпайға бағаланады.

VІІ топ «Ұйқасын тап» Тіл туралы өлең жолдары беріледі. Соған ұйқастырып сайыскерлер өлең шығарулары тиіс.

Құрметті сайыскерлер! Бұл ойын шапшаңдықты талап етеді, сондықтан тез қимылдап, шапшаңдық танытайық! Ал жеңілген команда бір әншіге пародия салып береді.

Алдымен командалар өздерін таныстырып өтсін. Өте жақсы. Бәріңізге де сәттілік тілей отырып, І турға кезек берейік.

І тур «Көп сөйлеме» Екі командадан бір бір ойыншы шығады. Ойыншыға 30 секунд беріледі, берілген уақыт ішінде ойыншы өз командасына ұсынылған тақырыптар бойынша мүмкіндігінше көп сөз көрсету керек, әр сөз 1 ұпайға тең. (мектеп, мұғалім, қалам, сөмке, дәптер, кітап, қазақ тілі, орындық, саябақ, күрек, терезе, есік, ағаш, компьютер, ет, тіл, дүкен, алма,жазу, пышақ, сурет, сабын, қол, әнші, микрофон, қоян, натюрморт, ринг,мемлекет,жеңімпаз.)

ІІ тур «Сөзжұмбақ» Команда ойыншыларының көзі байланады, қолдарына бір-бір әріптен ұстатылады. Жұмбақ жасырады, мақсаты 1 минут ішінде қолдағы әріптерден жұмбақтың шешуін табу. Сұрақ қойылған сайын әріптер де өзгертіліп отырады.

І топқа:

1.Атын тура айтуға болмайтын сөздер- табу

2.Ойдың аяқталуын күтпейді, Оны қойсаң сөйлем бітпейді. Үтір

3 Алыстан қарасам аппақ,

Татып қарасам тәтті-ақ. қант

4. Аппақ дала қара дән,

Дәнін сепкен түсінуге жараған. Әріп

5.Айтыскер ақын қыз Сара


ІІ топқа:

1) ең қорқақ аң?              (қоян)

2)Мойынға тағатын әшекей?  (алқа)

3)Төбесінде қу бұтақ өсетін жануар (бұғы)

4) Үндістандағы қасиетті жануар?  (сиыр)

5) Ана бір қолымен бесікті, екінші қолымен нені тербетеді?    (әлем)


ІІІ тур «Бетпе-бет» Бұл капитандар сайысы екі топтың капитаны ортаға шақырылады. Команданың өзге ойыншылары қолы байлаулы күйде, жасырылған бір сөзді бірдей кезектесе отырып,өз капитанына түсіндіреді. Қай капитан 1-ші болып тапса соның командасына есептеледі, дұрыс жауап 30 ұпайға тең.

А-дан басталатын сөздер: Аяз ата, ас,алма,автобус,ат

П-дан басталатын сөздер: пойыз, перзент,паспорт,президент, піл

В-дан басталатын сөздер: велосипед, вагон,

Ш-дан басталатын сөздер: шырша, шкаф, шаш,шемекі

М-дан басталатын сөздер: мұғалім, мемлекет

Қ-дан басталатын сөздер: қария,қыз, қол,

Ф-дан басталатын сөздер: фото, футбол,

ІV тур «Суреттер сөйлейді» Ойыншылар кезекпен өз командаларына жасырылған мақал-мәтелді тақтаға сурет салу арқылы түсіндіреді. 40 секунд ішінде.

1. Ас атасы нан

2.Қына тасқа бітеді, Білім басқа бітеді.
3.Күш - білімде, білім - кітапта.

4.Отан отбасынан басталады


1.Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей.

2.Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі

3.Соңғы түйенің жүгі ауыр.

4.Алтау ала болса ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса төбедегі келеді.

V тур«Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы» Тақтада берілген өлеңнің атын, жалғасын және авторын табу. Қай команда бірінші тапса, ұпай сол командаға беріледі. Дұрыс жауап 30 ұпайға тең

1

Дүние ойдан шығады,

Өзімді өзім ұмытып.

Көңілім әнді ұғады,

Жүрегім бойды жылытып.

(А.Құнанбаев «Құлақтан кіріп бойды алар»)

2

Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын,

Ұранға «Алаш» деген атты аламын.

Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ,

Мен неге қазақтықтан сақтанамын.

(С.Торайғыров «Мен қазақ»)

3

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың,

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!

(М.Жұмабаев «Қазақ тілі»)

4

Қадірлі, бағасы алтын анам тілі,

Сенімен бағаланған балаң түрі.

Төрт бөліп түн ұйқысын жұбатам деп,

Сенімен әлдилеген анам мені.

(І.Жансүгіров «Анам тілі»)

5

Ана тілім ғажап деп айта аламын,

Жаннаттай жан балқытажай табарым.

Шырқатып ғұмыр бойы айтар әнім,

Келеді толас таппай қайталағым.

(М.Әлімбаев «Ана тілім ғажап деп айта аламын»)

6

Жат жерді жастанғанда жазатайым,

Қанымен жазды, мүмкін, ағатайым,

Қасиетіңнен қара өлең айналайын

Қазақтың дәл өзіндей қарапайым.

(М.Мақатаев «Қара өлең»)

7

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас.

Үйретуден балаға (Абай «Әсемпаз болма әрнеге»)


8

Туған тілім- тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы,

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, менде бірге өшемін.

«Туған тілім тірлігімнің айғағы» Ә.Тәжібаев


VІ тур «Әнді көрсет» Команда мүшелері кезек кезек арнайы құрылғымен әуенді тыңдап , командаларға дауысын шығармай ыммен, іс қимылмен түсіндіреді, қалған команда мүшелері жасырылған әннің аты мен орындайтын әншісін табу керек. Бір әнді көрсетуге 1 минут уақыт керек. Қай команда бірінші болып тапса, ұпай сол командаға беріледі. Әрбір дұрыс жауап 20 ұпайға бағаланады.

VІІ топ «Ұйқасын тап» Тіл туралы өлең жолдары беріледі. Соған ұйқастырып сайыскерлер өлең шығарулары тиіс.

Тілімнің тазалығы ақ отаудай,

Тілімнің биіктігі Алатаудай.

..... ....... ..... ........

..... ....... ..... ......



Әділқазылар алқасы сайысымызды қорытындылағанша «Ашық микрофон» айдарына кезек береміз. (Фариза жүргізеді)

Ашық микрафонды Жас Ұлан ұйымының көшбасшысы Орынбасарова Фариза жүргізеді.

Сайыс қалай өтті? Қай команда жеңіске жетеді деп ойлайсыз?

Қай командада шапшаңдық басым болды?

Сайыс ұнады ма?

Сайыс туралы өз пікірің?



Қорытынды.

























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.12.2018
866
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі