"Ой-өріс кеңдігі және ақыл-парасат" 10-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ой-өріс кеңдігі және ақыл-парасат" 10-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл 10 сыныпқа арналған сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пә Пәні: Өзін-өзі тану

10-сынып 3-4-сабақ Күні:

Са Сабақтың тақырыбы

Ой-өріс кеңдігі және ақыл-парасат

Сі Сілтеме

Мұғалімге арналған Нұсқаулық

Маслоу иерархиясы, Мерсер (1995), Александер(2008)

Ж Жалпы мақсаттары

Ой-өріс, ақыл, дүниетаным туралы білімдерін тереңдету.

Ақыл-ойларын дамыту.

Ақыл-ойын жақсылыққа жұмсауға тәрбиелеу.

Тү Түйінді идея

Адам баласының ең басты құндылығы –өмір. Ал өмірдің мәні ақылмен жасалған игі істермен бағаланады. Ақылды адам өмірде көп нәрсеге қол жеткізеді. Өйткені оның бойында жігер, талап, қайрат, өнер және болашаққа деген жарқын сезім мол болады.

Не Негізгі мақсат

  • Балалар достық орнатуға, өзге топ мүшелерімен ынтымақтасып жұмыс істеуге бейімделуін, оқушылар ға өзге оқушылардың сезімін түсіне алуын, көмектесе отырып, қолдау білдіруін арттыру.

Нә Нәтиже

Ой-өріс, ақыл, дүниетаным туралы түсінік алады.

Ж Жаттығулар




То















Ұйымдастыру кезеңі

I  Сәлемдесу:  Қатысушыларға екі топқа  бөліну ұсынылады: Кейін олар бір-бірімен “европалықтар”, «жапондықтар», «африкандықтар» және «италиандықтардың»  «өз амандасу тәсілдерімен» бір-бірімен сәлемдеседі:

  • «европалықтар» қолдарын қысады,

  • «жапондықтар» бастарын иеді,

  • «африкандықтар» мұрындарымен,

  • «италиандықтар» құшақтасады.

II Оқушыларды түгендеу.

III Ән: «Шақырады көктем».

IV Топ үш топқа бөлінеді: «Ақыл» тобы, «Парасат» тобы, «Білім» тобы

Үй тапсырмасын тексеру. 1 топ — Махаббат туралы шағын өлең шығару. 2 топ-Махаббат сезімін талдау, класстер құру. 3 топ- “Сезім атасы – МАХАББАТ – құдіретті күш” тақырыбына эссе жазу.

Жаңа тақырыпқа назар аудару.

 Негізгі бөлім

I әңгімелесу:

  • Өмірді танып білу дегенді қалай түсінесіз?

  • Ой-өріс, дүниетаным және сана-сезімнің ақылға қандай қатысы бар деп ойлайсыз?

  • Ақылды және ақылсыз деп қандай жағдайда айтады?

II  Топтық  жұмыс:

«Ақыл» тобы — Ақыл адам өміріне қалай әсер етеді?/талдау, класстер құру. «Парасат» тобы — Парасат сөзінің мағынасын ашу үшін әр әріпінен сөз құрап шығару. Мысалы, ПАРАСАТты адам – патриот, ақылды, рухы биік, адамгершілігі мол, сыйлы, тәрбиелі. «Білім» тобы — Білімсіздік қандай жағдайларға жетелейді?/ талдау, класстер құру. Тапсырма орындалған соң топ басшысы жұмысын қорғайды.

III  Мәтінмен жұмыс: “Ол — Ақыл” (шешендік сөздерден үзінді). Үш топ мәтін бойынша бір-біріне сұрақ қояды.

IV  “Мақалды жалғастыр” ойыны

Ақыл бастан, ….    ….. .

Ақыл бастан, асыл тастан.

 Ақылды адам ерінбейді,
….   ……     …… .

 V Сахналау: «Ақыл бар жерде…». Талдау.

Ерте заманда Байлық, Бақыт, Ақыл үшеуі кездесіп бас қосады. Әңгімілесіп отырып олар әрқайсысының адам баласына тигізетін пайдасы жайында таласып қалады.

VI Шығармашылық жұмыс: төмендегі сөздерді қолданып “Ақыл-ой – жан қуаты” тақырыбына эссе  жазыңыз.

Өмір, ақыл, бақыт, ниет, сәттілік, тағдыр, аялау, ойлану, ой, азаматтық, қымбат.

VII Сергіту сәті: “Рам-цам-цам” ойыны

  • Көңіл күйіңіз қалай? Сабақты жалғастыруға байынбыз ба?

VIII Назар аударыңыз:

Адамға тән алты қасиет:

  1. Ұғымың, ойлы ететін зерде-зейінің

  2. Қиындықта сыналатын қайратың

  3. Ешқашан алдамайтын тапқырлығын

  4. Тек ілгері бастайтын талабың

  5. Сені өрге сүйрететін өнер-өрісің

  6. Сені өрге сүйрететін өнер-өрісің

Адам баласының ең басты құндылығы – өмір. Ал өмірдің мәні ақылмен жасалған игі істермен бағаланады. Ақылды адам өмірде көп нәрсеге қол жеткізеді. Өйткені оның бойында жігер, талап, қайрат, өнер және болашаққа деген жарқын сенім мол болады.  Ақылды адамдар іздену, ойлану, көп оқу және талмай еңбектену арқылы данышпандыққа, парасатқа жетеді. Ой-өрісі кең, білімдар адамның рухы биік, адамгершілігі жоғары болады. Бекіту  I “Кубизм” Кубта берілген мәтін немесе өлеңнің мағынасын ашу..

Ре Рефлексия

Саған сабақ ұнады ма? Сабақта не ұнамады ?

Ба Бағалау

«Екі жұлдыз, бір тілек» Тексерілді:



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
14.10.2018
1728
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі