Ойлы болсаң озып көр

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ойлы болсаң озып көр

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ойлы болсаң, озып көр!»

Мақсаты: Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан-жақты болуға, логикалық ойлауларын қалыптастыру, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

Барысы: 1.Мұғалімнің сөзі

- Балалар, бүгін біздің сынып оқушыларының арасында «Ойлы болсаң,озып көр!» атты зияткерлік білім сайысы өткізіліп отыр. Осы сайысқа сынып оқушылары ішінде екі топ құрылып, өзара білімдерімен сынға түспек. Ендеше сайысқа түсер екі топпен танысайық.

а)Топтармен танысу: ортаға бүгінгі зияткерлік сайысымыздың сайыскерлері «Зерде» және «Зейін» топтарын шақырайық.

ә) Әділ-қазы мүшелерін сайлау

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәлім шықты.

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,

-дей отыра әділ-қазы мүшелерімен таныстырып өтейін.

Әділ қазы мүшелерімен таныстыру.

2. «Ойлы болсаң, озып көр» зияткерлік ойынының өткізілу жоспарымен таныстырып өтейін:

1-айналым: «Білгенге маржан» деп аталады. Бұл айналымда оқу бағдарламасының аясында сұрақтар қойылады. Дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

2- айналым: «Математик» деп аталады. Топтар кезекпен 3 минут уақыт аралығында математикалық амалдарды дұрыс орындай отыра барынша көп есеп шығаруы керек. Дұрыс шығарған есептері бойынша ұпай санын жинаған топ жеңімпаз болады.

3-айналым: Құрастырма сурет.

Бұл айналымда топтарға сурет бөліктері геометриялық фигуралар түрінде беріледі. Топтар сол геометриялық фигуралар бөліктерді құрастыру арқылы жасырынған суретті тауып алулары керек. Қай топ бөліктерден бірінші болып суретті табатын болса, сол топ жеңімпаз атанады.

4-айналым: «Кім жылдам» ойыны.

Қазақ тілінен сөз беріледі. Берілген уақыт аралығында топтар өздеріне берілген сөзден бірнеше сөз құрастыруы керек. Әр сөзге 1 ұпайдан беріледі. Ең көп сөз құрастырған топ жеңімпаз атанады.

5-айналым: «Тапқыр болсаң, тауып көр» деп аталады. Сөзжұмбақты шешу арқылы жеңімпаз топ анықталады.6-айналым: «Анықтама бюросы» деп аталады. Бұл айналымда топтарға әдебиеттік оқу пәнінен тапсырма беріледі, яғни топтар берілген мәтін үзіндісін тыңдай отыра бұл мәтін қалай аталатыны, мәтін кейіпкелерін атау, мәтін мазмұнын қысқаша айтып беру ұсынылады. Дұрыс жауаптың әрқайсысына 5 ұпай, дұрыс болмаса ұпай берілмейді.

Қорытынды: зияткерлік сайыстың нәтижесін анықтау үшін әділ-қазыларға сөз кезегі беріледі.

  • Ал енді балалар, сайысымызды бастайық, бірінші бүгінгі сайыскерлерімізбен танысып өтейік. Сөз кезегін топтарға берсек.Топтардың танысуы.

1-топ: «Зерде» тобы

Ұраны: Қалың қауым амансың ба?

«Зерде» тобы алдыңызда.

Білімімізді көрсетеміз,

Бүгінгі білім жарысында.

2-топ: «Зейін» тобы

Ұраны: Көрген, білген, түйгенін

Көкірегінде сақтайтын.

«Зейін» тобы біздерміз,

Білім сайысында қалыспайтын.

Мұғалім: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Сайыстан тыс қалмаңыздар.

Мұнда қызық табылар

Білім нұры шашылар

Ақыл,тілі дамыған

Үлгі алайық баладан

1-айналым: «Білгенге маржан».Сұрақтарға жауап беру

1-топқа:

1.Өлең жазатын адам (ақын )

2.Сиырдың төлі (бұзау)

3.Ас атасы не? (нан)

4.Аптаның екінші күні (сейсенбі)

5.Оқушының сабақ кестесі,үй жұмысы және (күнделік)

білімін бағалайтын оқу құралы

6.Қазақтың ұлы ақыны (Абай)

7.Барлық қабырғалары тең төртбұрышты қалай атаймыз? (шаршы)

2-топқа

1.Қой төлі (қозы)

2.Ән айтатын адам (әнші)

3.5 ондықтан тұратын сан (елу)

4.Аптаның үшінші күні (сәрсенбі)

5.Дүниедегі ең қадірлі адам (ана)

6.Үш қабырғасы,үш төбесі,үш бұрышы бар геометриялық фигура (үшбұрыш)

7.Қазақтың ұлттық аспабы (домбыра)

2-айналым: «Математик»

Математика пәнінен бірнеше есептердің шешімін табу ұсынылады.

Ойланайық азырақ, уақытымызды үнемдеп,

Кім шығады кәнекей, жауабын мен білем деп.

1-топқа: 1) Бірінші қосылғыш -43, екінші қосылғыш -35.Қосынды нешеге тең?

2)97 мен 23 сандарының айырмасы нещеге тең?

3)Бақта 19 алма ағашы бар,ал алмұрт ағашы одан 28-і артық.Бақта барлығы неше ағаш бар?

4)1ғасырда неше жыл бар?

5)49-ға 26-ны қос.

2-топқа:1)Бірінші қосылғыш-28,екінші қосылғыш-41 қосынды нешеге тең болады?

2)Азайғыш-49,азайтқыш-30. Айырманыңмәні нешеге тең?

3)Бақтан 70 кг алма жиналды.Алманың бір бөлігі жәшіктерге салынғанда,тағы

18 кг алма қалды.Жәшіктерге неше кг алма салынды?

4)1 тәулікте неше сағат бар?

5)50-ден 26-ны азайт.

3-айналым: «Құрастырма сурет»

Мұғалім: Тауды биік деме сен

Талаптансаң шығарсың.

Жауды мықты деме сен,-

дей келе, келесі «Құрастырма сурет» атты айналым тапсырмасына назар аударайық. Сурет нұсқасы алдымен сайыскерлеге көрсетіледі, суретте ненің бейнесі берілгендігі анықталады, соңынан берілген фигуралардың көмегімен сайыскерлер сол суреттің бейнесін шығару керек.

4-айналым: «Кім жылдам» ойыны.

Берілген сөзден бірнеше сөз құрастыру керек. Әр сөзге 1 ұпайдан беріледі. Ең көп құрастырған топ жеңімпаз атанады. «Қызғалдақ» -1 топ, «Жауқазын» - 2 топ. «Қызғалдақ» - қыз, ал ,дақ, ақ, қақ, ала, дала, қала, зал, ыза, аға, қаз, лақ.

«Жауқазын» - жау, ау, қаз, аз, ана, жақ, қауын, жауын, жаза, науа, қазан, қазу, жазу, уыз, жақын.

5-айналым: «Тапқыр болсаң,тауып көр»

Топтарға сөзжұмбақ беріледі. 2 минут аралығында берілген сөзжұмбақ шешімін дұрыс таба отыра жеңімпаз топты анықтаймыз. Әр дұрыс жауапқа1 ұпайдан беріледі.

1-топқа:

1)Сұйық тамақ ішетін ыдыс (қасық)

2)сызық түрі (қисық)

3)4 ондықтан құралған сан (қырық)

4)Сүттен жасалған тамақ (қаймақ)

5)Бас киім (қалпақ)

6)Балық аулайтын құрал (қармақ)

2-топқа:

1)Су көлігі (кеме)

2)Баста орналасқан дене мүшесі (мұрын)

3)Ұлт (қазақ)

4)Су алатын терең қазылған жер (құдық)

5)Көкөніс атауы (қызанақ)

6)Пышақ қайрауға арналған құрал (қайрақ)

Мұғалім: -Ал балалар біздің сайыскерлеріміз бұл тапсырманы орындап болғанша сендерге мынандай сұрақтар қойылады.

Көрермендерге сұрақ қою:

1.Қазақ алфавитінде неше әріп бар?

2.Біздің мемлекетіміздің туының түсі?

3.Жуан дауыстыларды ата

4.1аптада неше күн бар?

5.Зат есімнің сұрақтары

6. «Күнделік»сөзінде неше буын бар?

7.Табиғат нешеге бөлінеді?

8.Аналар мерекесі қашан тойланады?

9.Жыл мезгілдерін ата

10.1сағатта неше минут бар?

Қорытынды: - Сонымен балалар, бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Бұл сайыстың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен тобымызды анықтау үшін әділ-қазыларға сөз кезегін берейік.

Жеңімпаздарды хабарлау, мадақтамалар тапсыру.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.08.2018
596
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі