«Ойлы болсаң, озып көр» интеллектуалдық
ойыны
-Қайырлы күн, құрметті әділ
қазылар, оқушылар! Бүгінгіі біздің «Ойлы болаңозып көр» зияткерлік
ойынымызға қош келдіңіздер!
Әділдікпен баға берер
сендерге,
Әділдікпен қара қылды
қақ жарар.
Қазір енді қазыларды
сайлайық,
Ең алғыр топты айта алар, -
дей келе қазылар алқасымен таныс болыңыздар (қазылар алқасымен
танысады).
Жақсылық көрсең
біреуден,
«Мен қандаймын» деп
ойла.
Жамандық көрсең
біреуден,
«Мен қандаймын» деп ойла,-дей
отырып, бүгінгі «Ойлы болсаң озып көр» сайысымыздың ережесімен
таныс болайық. Ойынымыз 4 айналымнан тұрады. Әр айналымның атына
заты сай тапсырмалары бар. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріліп
отырады. Ең ұпайы көп тобымыз жеңіске
жетеді.
Өнер қуып сайыскерлер өтер
деймін,
Бір басына өнері жетер
деймін.
Бәске түскен сайыскерлер
кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе
деймін. (Әр топ өздерін таныстырады)
1-топ.
«Жалын»
Топ ұраны: Көк бөрідей,
жүректі қайраттымыз,
Жігерлі де, білімді,
айбаттымыз.
2-топ.
«Сұңқар»
Топ ұраны: Сұңқардай
қалықтаймыз,
Ізденуден
жалықпаймыз.
I
айналым: «Зымыран сұрақтар»
деп аталады. Бұл айналымда оқу бағдарламасының басында әр түрлі пән
бойынша әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Дұрыс жауапқа 1 ұпай
беріледі. Берілетін уақыт: 2 минут.
1-топ
сұрақтары:
-
ҚР тәуелсіздігін қашан
жариялады? (16 желтоқсан, 1991 жыл)
-
Қазақ батырларын ата.
(Райымбек, Бөгенбай, Наурызбай, Қабанбай,
Абылай)
-
Қысқартылып жазылатын ұзындық
өлшем бірліктерін ата? (см, км, дм, м)
-
Дауысты дыбыстар нешеге
бөлінеді? (3)
-
Әдемі, сұлу, келбетті қандай
сөздер? (синоним)
-
Жылдың төрт мезгіліне өлең
жазған кім? (Абай)
-
Қай құс ерте келеді?
(қарлығаш)
-
«Батыр» сөзіне мәндес сөздерді
ата? (батыл, ержүрек)
-
Мәтіннің түрлерін ата?
(баяндау, сипаттау, пайымдау)
-
Ең үлкен екі таңбалы сан?
(99)
2-топтың
сұрақтары:
-
Біздің мемлекеттік туымызда
нелер бейнеленген? (Күн, бүркіт, ою-өрнек)
-
Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?
(Т.Әубәкіров)
-
Уақыт өлшем бірліктері? (Жыл,
ғасыр, апта, ай, минут, секунд, тәулік,
күн)
-
Садақ, жебе, сауыт, найза
қандай сөздер? (көнерген сөздер)
-
«Абай жолы» роман-эпопеясының
авторы? (М.Әуезов)
-
Абылай ханның шын аты:
(Әбілмансұр)
-
Қазақстанның тауларын ата?
(Көкшетау, Ұлытау, Алатау)
-
Дауыссыз дыбыстар нешеге
бөлінеді? (3)
-
Судың үш күйін ата? (қатты,
сұйық, газ)
-
Абайдың әжесі кім? (Зере) (2
топтың ұпайлары айтылады)
II
айналым: «Кім жылдам» айдары.
Ойынды ең ұпай көп топ бастайды. Экраннан 4 ұяшық көрсетіледі.
Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.ат
-
Ана
тілі
-
Қазақ
тілі
-
Математика
-
Кім
тапқыр
«Ана тілі» ұяшығындағы
сұрақтар:
-
«Алтын ұяң – Отан қымбат» деп
басталатын шешендік сөзді кім айтқан? (Қазыбек
би)
-
«Ұр, тоқпақ» ертегісі
ертегілердің қай тобына жатады?
(қиял-ғажайып)
-
«Еті тамақ, шұбаты сусын, жүні
– киім» - деп қай түлікті атаймыз? (түйе)
-
Өмірде болған адам басындағы
оқиғаға құрылған әңгіме қалай аталады?
(аңыз)
-
Бойына сеніп, жыл басынан құр
қалған жануар? (түйе)
-
«Мүйізі айдай
иілген
Мұрнын көкке шүйірген» не?
(сиыр)
-
Қазақтың ұлы ағартушысы?
(Ы.Алтынсарин)
-
Қойдың төлі қалай аталады?
(қозы)
-
Қазақтың ұлы ақыны?
(Абай)
-
Әліппенің атасы кім?
(А.Байтұрсынұлы)
«Математика» ұяшығындағы
сұрақтар:
-
Математикада неше амал бар?
(4)
-
Барлық қабырғалары тең болатын
геометриялық пішін? (шаршы)
-
Бұрыштары жоқ геометриялық
пішін? (дөңгелек)
-
4 тышқанның құлағы нешеу?
(8)
-
Ең кіші натурал сан?
(1)
-
1 миллионда қанша нөл
бар?
-
Сантиметр қай бірлікке жатады?
(ұзындық)
-
Түзу сызық үшін қолданылатын
оқу құралы? (сызғыш)
-
1 ғасырда неше жыл бар? (100
жыл)
-
Қосындының компоненттерін ата?
(қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні)
«Кім тапқыр» ұяшығындағы
сұрақтар:
-
Тұла бойы -
ине,
Тұмсығында – түйме.
(кірпі)
-
Ақ көрпесін
тұйықтап
Қыстай жатыр ұйықтап.
(қар)
-
Өртесең де
күймес,
Теңізге батуды білмес.
(мұз)
-
Тілдерімен
жүреді,
Уақытты біледі.
(сағат)
-
Күнді жабады, жаңбыр болып
жауады. (бұлт)
-
Құйттай ғана бойы
бар,
Кілем тоқыр ойы бар.
(өрмекші)
-
Тал басында түндіксіз отау.
(ұя)
-
Тарбаң, тарбаң,
тарбиған,
Түрі жаман барбиған.
(бақа)
-
Жарқ етсе сабау
қамшы,
Нөсерлетіп жауар тамшы.
(найзағай)
-
Сыртта қапырық болып
тұр,
Үйде ол селкілдеп тоңып тұр.
(тоңазытқыш)
«Қазақ тілі» ұяшығындағы
сұрақтар:
-
Қазақ тілінде неше әріп бар?
(42)
-
Ұйқасын
тап.
Сатып алдық
кеше,
Шай ішетін
....(кесе)
-
Заттың атын білдіретін
сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
(кім?не?)
-
Батыр, ержүрек, батыл, ер -
бұлар қандай сөздер? (мәндес сөздер)
-
Сөздің одан әрі бөлінбейтін
мағыналы бөлігін не дейміз? (түбір)
-
Өзім сөзден
тұрамын,
Аяқталған ойды құрамын.
(Сөйлем)
-
Отырды, жазды, ойнады, күлді –
деген сөздер заттың несін білдіреді? (заттың қимылы,
іс-әрекетін)
-
Міне, нағыз жігіт! Қандай
сөйлем? (Лепті сөйлем)
-
Сөз мағынасын өзгертетін
қосымшаны не дейміз? (жұрнақ)
-
«Уақыт» сөзінде у қандай
дыбыс? (дауыссыз)
(2 топтың ұпайы
айтылады)
III
айналым. «Тұлғаны тани біл»
айдары. Алдағы білім шыңына ең білімді топ шығады деп «Тұлғаны тани
біл» сайысын бастаймыз. Бұл сайыста бөліктерге бөлінген ұлы
тұлғалардың қиындыларын құрастырып, суретте көрсетілген тұлғалар
туралы өз білгендеріңізді айтасыздар. Әр топқа 2 тұлғадан беріледі.
Әр дұрыс жауапқа 3 ұпайдан беріледі.
(Шәмші Қалдаяқов, Генадий
Головкин, Тоқтар Әубәкіров, Б.Момышұлы)
IV
айналым – «Ойлы болсаң, озып
көр!». Бұл сайыс топ басшыларына арналған. Әр топ басшысына
логикалық 3 тапсырмалар беріледі. Әрбір дұрыс жауапқа 3
ұпай.
-
Егер тырна бір аяғымен тұрса 3
кг болады, ал 2 аяғымен тұрса оның салмағы қанша?
(3кг)
-
Үстел беті 4 бұрышты, оның бір
бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5
бұрыш)
-
Ағаш үстінде 100 торғай
отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10
торғай)
-
1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4
жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минутта)
-
Асханаға 100 кг пияз және одан
3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді.
(300)
-
Бір жанұяның бес ер баласы
және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы
бар? (6 бала)
Тауды биік деме
сен,
Талаптансаң
шығарсың.
Қарсылас мықты деме
сен,
Білімді болсаң, шығарсың – дей
отырып, сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сөз кезегін
әділ-қазыларға береміз. Жеңімпаз топтың есімін еститін кезге де
жеттік.
(Жеңімпаз анықталып,
грамотамен марапатталады).
Білімнің мініп алып
тұлпарына
Қиналмай шықтық, міне,
шыңдарына
Жер бетінде адал өмір
өткізер,
Бір нәрсеге біліммен қол
жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен
алынар
Білімменен аспанға жол
салынар,- дей отырып, бүгінгі «Ойлы болсаң, озып көр» атты
интеллектуалдық сайысымызды аяқтаймыз.