Материалдар / «Ойна да, ойлан» атты интеллектуалды танымды сайыс

«Ойна да, ойлан» атты интеллектуалды танымды сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарих пәні мұалімдерімен сынып жетекшілерге Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Наурыз 2021
409
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сынып: 7 б сынып

«Ойна да, ойлан» атты интеллектуалды танымды сайыс

Сабақтың мақсаты:

       а)  білімділік мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой   ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру.

       ә) тәрбиелік мақсаты: оқушыларға адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру, тарихи мәдениетке, ұқыптылыққа, тазалыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу, тарихқа деген ой қызығушылықтарын арттыру;

       б) дамытушылық мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту,  сөз қорларын байыту.

Сабақтың әдісі: Сайыс

Қажетті құралдар:  Электронды тақта, PowerPoint-та жасалған слайдтар, суреттер, портреттер

Сабақтың барысы:

Жүргізуші:  Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер! «Ойна да, ойлан » танымдық сайысымызға  қош келдіңіздер! Бұл сайыста алғырлар білімділер  күш сынаспақ Алдарыңызда өз білімімен ақыл ойымен тапқырлығымен ерекшеленген әр топтың білімді оқушылары. .Ендеше, 7– сыныптар арасындағы «Ойлан да ойна» танымдық сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Құрметті аяулы көрермендер,

Білімменен сусындаған жас өреңдер,

Қош келдіңіз бүгінгі ойын-сайысымызға

Бұл күн қалсын мәңгіге есімізде.

Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап жым отыру жараса ма?
Туысқа, досқа, танысқа емес
Соқ қолыңды білімді жас талапқа деп осы сайысқа келіп тұрған сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.
Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты?

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!

(Әділқазылар алқасының мүшелерімен таныстырып өтейік)

1.......................................

2........................................

3..........................................

Ал енді бүгінгі сайысымызға әділ бағасын беретін әділқазылар мүшелерімен танысалсақ, келесі кезекті сайыскер топтарға беремін. Топтарын таныстырады


Біздің топ: «Алғырлар» тобы

Біздің ұранымыз: «Тіл бар жерде - өмір бар»

Біздің өлеңіміз: Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Біздің топ: « Тапқырлар» тобы

Ұранымыз: «Сүйемін туған тілді - қазақ тілін»

Біздің өлеңіміз: Тіліміздің бұлағы,

Тірліктің ел жүрегі,

Ана тілін сүйемін,

Отан үшін күйемін.

Ал енді сайысымызды бастамас бұрын Сайыстың шарттарымен таныс болайық. Сайысымыз 7 айналымнан тұрады.

І. «ҚАЗАҚ» қызықты бестік. Әр пәннен бес сұрақ немесе тапсырма беріледі.

ІІ. Жекпе – жек (капитандар сайысы)

ІІІ. ”Полиглот” ( Сайыскерлер жұмбақтың шешуін шешіп, оны қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтады.)

ІV. «Өлең сөздің –патшасы, сөз сарасы» (Әннің орындаушысын табу)

V. Ендеше келесі сайыс: «Суреттер сөйлейді» » (Мақал –мәтелдер беріледі соны тақтаға сурет салу арқылы топ мүшелері табу керек)

VI. «Хронология» Тақтаға сандар суреттер ілінеді сәйкестендіреміз

V ІІ «Адасқан әріптер» ( топ мүшелері табу керек)

( әріптер таратылады, сұрақтарға жауап беру керек )

Олай болса сайысымызды бастаймыз.

І. «ҚАЗАҚ» қызықты бестік. Әр пәннен бес сұрақ немесе тапсырма беріледі.

Тақтада «ҚАЗАҚ » деген жазу бар. Әр команда кезектесіп, бір – бірден әріп таңдайды.Әр әріптің ар жағында тақырыптар белгіленген. Әр пәннен бес сұрақ немесе тапсырма беріледі. (Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Жауап нақты, толық болу керек және ойланып топпен ақылдасуға болады)

Қ - Қазақ тілі

1. Көп тілді білетін адам кім? (полиглот)

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл? (қазақ тілі)

3. Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? (жуан, жіңішке, ашық, қысаң, еріндік, езулік)

4. Сөз таптарын атаңдар. (Зат есім,сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, шылау, одағай, еліктеу.)

5. Қазақ тілінде қанша жалғау түрі бар ? (4)

А- Қазақ әдебиеті

1. Ыбырай Алтынсарин туралы не білесіңдер?

2. Абай Құнанбаев туралы не білесіңдер ?

3. А.Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа айт.

4. 5 дос пен 5 дұшпанды ата.

5. Шоқан Уәлихановтың шын аты кім? (Мұхамедханафия)

З - Қазақстан тарихы

1. Ата Заң қашан қабылданды? (1995жылы 30 тамызда)

2. Тәуелсіздік күні қашан тойланады? (16 желтоқсанда)

3. Қазақстанның астанасы қай қала? (Астана)

4. Қазақстанда қандай ұлттар мекендейді? (қазақ,орыс, ......)

5. «Алтын адам» қайдан табылған? (Есік обасынан)

А- География

1. Қазақстанның ең биік тауы (Хан тәңірі,6646 метр)

2. Қазақстан қай мемлекеттермен шектеседі? ( Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан)

3.Қазақстанның ең үлкен көлін ата. (Каспий)

4. Қазақстанда қанша облыс бар? (14)

5. Шығыс Қазақстанның негізгі пайдалы қазбаларын ата (көмір, тұз, алтын)

Қ - Қазақ ауыз әдебиеті

1. Мақал мен мәтелдің айырмашылығы неде?

(мақалда ой толық ,мәтелде тұспалдап айтылады)

2. Еңбек туралы мақал–мәтел айт.

3. Достық туралы мақал-мәтел айт.

4. Жаңылтпаш айт.

5. Ертегілер қалай бөлінеді?(қиял-ғажайып, жануарлар туралы, тұрмыс – салт)

ІІ. Жекпе – жек (капитандар сайысы)

1- топтың капитанына 10 сұрақ

1. Атақты қазақ суретшісі кім?(Әбілхан Қастеев)

2. Теңге қашан айналымға енді? (1993ж)

3. Қазақтың атақты шешен билерін ата (Қазыбек, Төле, Айтеке би)

4. «Қожа Ахмет Яссауи» кесенесі қайда орналасқан? ( Түркістанда)

5. Қазақтың музыкалық аспаптарын ата (домбыра...)

6. Қазақстанның бұрынғы астаналарын атап бер (Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана, Нұр-Сұлтан)

7. Абайдың неше қара сөзі бар (45)

8. Әнұранның авторларын атап бер (Ж.Нәжімеденов,Н. Назарбаев)

9. Шәкен Айманов кім? (актер)

10. Қазақтың атақты палуаны кім? (Қажымұқан)

2-топтың капитанына 10 сұрақ

1. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім?(Тоқтар Әубәкіров)

2. Қазақстан Тәуелсіздігін қай жылы алды? (1991ж)

3. «Қыс», «Жазғытұры» өлеңдерін жазған ақын кім?(А. Құнанбаев)

4.Сүйінбай Аронұлы кім? (ақын)

5. Ақмола қаласы қай жылы Астана қаласы болып өзгертілді?(1998 ж.)

6. «Бәйтеректің» биіктігі неше метр (97 метр)

7. Шыңғыстауда (Семейде) қандай атақты адамдар туған? (Абай, Шәкәрім, Мұхтар)

8. Елтаңбаның авторлары кім? (Шота Аман Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков)

9. Абайдың туған жылын ата. (1845 ж.)

10. ЭКСПО-2017 қай қалада өтеді? (Астана)

ІІІ. ”Полиглот” ( Сайыскерлер жұмбақтың шешуін шешіп, оны қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтады.)

1) Асқар тауда- қара орман. (шаш - волосы -hair англ )

2) Қимылдаса қос шебер,

Қыруар–қыруар іс өнер. (қол – рука – hand )

3) Судан шығады,

Судан қорқады. (Тұз-соль-sult-англ)

4) Жүзіне салсаң көзіңді,

Көрсетеді өзіңді. (Айна-зеркало-mirror –англ)

5) Бетін адам ашады,

Білім нұрын шашады.(Кітап–книга-book-англ)

6.Күші десең күші бар,

Тісі десең, тісі бар.

Торуылдап ауылды,

Түнде жортар ісі бар. (қасқыр, волк, wolf,вулф)

7.Бұрап қойған сағаттай,

Айқайлайды таң атпай. (әтеш,петух, cock,кок)

8.Үшқаны қызық жалпылдап,

Өзі  сондай қарқылдақ. (Қарға,Ворын,Crow,креу)

9.Көзге көрінбейді,

Қолға ілінбейді. (ауа, воздух, air,эар)

10.Қабат-қабат киінген,

Төбе шашы түйілген.

Шешіндірген кезенде,

Жас тұрады көзінде, (Пияз,лук,onion)

11.Ұшады,

Қонады,

Гүлдердің қонағы.

Қысында көрінбей,

Жазыңда болады.

Түр-түсі сары ала,

Не нәрсе?- (Бал ара,Пчела,Вее,би)

12.Жоқ тігетін жейдесі,

Жоқ үзілген туймесі.

Жібі де жоқ, алайда

Толып жатыр инесі. (Кірпі,ежёк,Hedgehog,хэджхог)

8.Қыста киімін тастайды,

Көктемде киіне бастайды. (Ағаш,дерева,tree,три)

13.Шұбатылып қалыпты

Керемет- ау кернеуі –

Тасты кесіп жарыпты. ( өзен, река,River, риве).

 14.Сулы жерді мекендеп,

Құрлықта да секеңдеп,

Шыбын-шіркей аңдиды,

Жемге қашан жетем деп. (Бақа,Легушка,frog,фрог)


15.Жымыңдатып көздерін,

Түнде алыстан жанады.

Таң атқанда өздері,

Жасырынып қалады.(Жұлдыздар, звезда, stars,старс)

16.Көкке қарап наздана

Қолын созар күнімен.

Күз,

Қыс,

Көктем,

Жазда да

Өзгермес бір түрінен. (Шырша, елка, fir-tree,фри три)

17.Жолбарыстан аумайды,

Пеш түбінде аунайды. (мысық, кошка,cat,кэт)

18.Қалқиған ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян, заяц, rabbit,ребит)

ІV. «Өлең сөздің –патшасы, сөз сарасы» (Әннің орындаушысын табу)

Өлең сөздің патшасы әннің мәтіні мәнерлеп оқылады екі командадан бір - бір қатысушыдан шығып әннің атауы мен орындаушысын табу керек ұпай бірінші болып тапқан ойыншының командасына есептеледі. Әрбір дұрыс жауап 20 ұпай.

1. Астанам көп қараймын мен келбетіңе
Болғансың жас қайыңдай өз тербетіле,
Жаннаттай жан біткенді елжіретесің
Біз үшін жаннат қала сен жер бетінде.
«Елімнің жүрегі» - Астана. Алтынай Жорабаева
2. Бір кемеде келеміз бірге жүзіп
Көргеніміз күнде той күнде қызық
Сұлу қыздар бар бізде, жігіттерде бар,
Теуіп кесте темірді жүрген үзіп
Төреғали Төрәлі Қазақ жастары
3. Жұлдыздар жерге жақындап,
Байланып қалған секілді,
Қаз қатар өскен тату бақ
Ойланып қалған секілді.

«Алматы түні» Дос Мұқасан
4. Желтоқсан бірде,
Ел тоқсан түрде,
Келетін мүлде жайдарлы,
Сол жылы бірақ
Әдеттен жырақ
Көрінді шын ақ айбарлы. Желтоқсан желі.
5. Жүрегің қазақ, сенесің бе?
Халқыңның қамы үшін, Аянба арысым.
Ақ болсын, пәк болсын кіршіксіз намысың.
Себебі, сен қайсар қазақтың Арысың, жанысың, бағысың, барысың Төреғали Төрәлі Жүрегің қазақ, сенесің бе?
6. Қосамын әнге атыңды,
Тосамын әр хатыңды.
Сағындым алма бағын,
Арайлы Алматымды.
Сағындым аққу үнін,
Сағындым ақ гүліңді.
Алматым, сыйладың сен,
Шабытты шаттығымды.

Муз арт «Сағындым алматымды».
7. Мына байтақ әлемде
Қорған болар жан елде
Қабыландай қайратты жігіттерім бар елде
Бірі қыран қанатты бірі бөрі қабақты
Қамал болсын деп елге алла бізді жаратты. Біздің елде туған ұлдар. Әбдіжаппар Әлқожа
8. Той басталды Отырарда
Сұлу сырдың бойында
Кеудесінде оты жанған
Қызылқұмның Қойнында
Бұл аймақтың сұлулығын
Талай ақын толғаған
Осындай той Отырарда бұрын соңды болмаған. Отырардағы той. Бағдат Самиденова.


V. Ендеше келесі сайыс: «Суреттер сөйлейді» » (Мақал –мәтелдер беріледі соны тақтаға сурет салу арқылы топ мүшелері табу керек)

Бұл сайыста әрбір ойыншыға мақал беріледі. Берілген мақалды топ мүшелеріне сурет арқылы түсіндіруі тиіс. Әрбір ойыншыға 1 минут уақыт беріледі. Әрбір табылған мақалға 30 ұпай беріледі.

1.Білім инемен құдық қазғандай

2. Мектеп- кеме

Білім – теңіз

3. Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын

4. Ит тойған жерінде

Ер туған жерінде

  1. Жігітті намыс өлтіреді

Қоянды қамыс өлтіреді

  1. Жылы жылы сөйлесең жылан інінен шығады

  2. Отан үшін отқа түс күймейсің

  3. Бір тал кессең он тал ек


  1. Білекті бірді жығады,

білімді мыңды жығады


10.Қыз өссе елдің көркі,

гүл өссе жердің көркі


11.Көзің ауырса – қолыңды тый,
Ішің ауырса – ауызыңды тый.


12.Оқу білім бұлағы,

білім өмір шырағы


13.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ