Материалдар / «Ойнай отырып,ойлайық»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ойнай отырып,ойлайық»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша қызметкерлеріне керек дүние
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қараша 2020
429
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру саласы : «Таным», «Денсаулық»

Оқу қызметі: Қызықты математика, салауатты өмір салты.

Тақырыбы: «Ойнай отырып,ойлайық»

Мақсаты: Балалардың логикалық және шығармашылық ойлауын дамыту үшін жағдай туғызу бағдарлау, бағыттауды үйрететін құрастыру дағдыларын дамыту.Өз-өзіне күтім жасауды салауатты өмір салтын сақтау және отбасына деген сүйіспеншіліктерін ояту.

Міндетті: Балаларды Воскобовичтің дамытушы ойындары геоконт пен Воскобовичтің шаршыларын қолдана отырып,қол және саусақ моторикалық сенсорлық қабілеттерін, геометриялық фигураларды құрастыруды бекіту.Кеңістікті қабылдау, қиялдау логикалық және есептеу дағдыларын дамыту.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Воскобович шаршылары және геоконт тақтайшалары.

Сөздік жұмыс: Воскобович шаршысы, геоконт тақтайша

Блингвальды компонент: Үй-дом, незнайка-дымбілмес


Балалар әуенмен топқа кіріп шеңберге тұрады,қонақтармен амандасады.

Шаттық шеңбері.

Отбасының гүліміз,

көңілді өтер күніміз.

Қайырлы таң!-деп айтамыз

Бір болып үйге қайтамыз.

Тәрбиеші:

-Балалар отбасы дегеніміз не? (бір үйде тұратын адамдар) балалардың жауаптары тыңдалады.

-Қандай адамдар тұрады отбасында? (ата,әже,әке,ана,аға,әкпе,бөпе т.б)

-Балалар мына суретке қараңдаршы?

(балалар интер белсенді тақтадағы суретке қарап әңгімелейді)

Тосын сәт:Есік ашылып, Дымбілмес келеді.

Қолында шеңбер құрсау ұстаған,оған кәмпит қабықтары байланған.

-Дымбілмес:Сәлеметсіздерме балалар бұл балабақшама? (балалар ия балабақша)

-Балалар мен Дымбілмес боламын таныдыңдарма?

Тәрбиеші: Қош келдің Дымбілмес.

Тәрбиеші: Балалар интер белсенді тақтаға қараймыз, бұл бізге келген мульт сериалдардағы Дымбілмес қой орысша-Незнайка дейміз. Қане есімізге түстіме (ия білеміз).

-Ия Дымбілмес қайдан келесің? қолыңдағы не құрсау?

Дымбілмес: Ааа бұл құрсау сиқырлы егер қазір маған сіздер балалар көмек берсе,мен де бұл сиқырлы құрсаудың сырын айтамын.

Тәрбиеші: Жарайды бізден қандай көмек қажет саған?

Дымбілмес: Мен тұратын қалашық бір қиындыққа тап болды.Онда менің отбасым бар көп достарым бар біііздің қалада қатты жел дауыл болып үйлерімізді құлатып кетті, біз үйсіз қалдық балалар соғып бізге көмек бере аладыма? және жолда келе жатып мынандай қағаз тауып алдым. Басында ол хат болған сосын ол ашылып кетті,не қағаз екенін білмедім қайтадан хатты орына келтіре алмадым,сендер білесіңдерме балалар бұл не өзі?

Тәрбиеші: Ой Дымбілмес біз саған жәрдем беруге тырысамыз,қиын жағдай болған екен сен тұратын қалада. Қане сен мұнда отыр мына тауып алған қағазды біз білеміз,бұл жай қағаз емес .

-Балалар айтыңдаршы Дымбілмеске бұл зат қалай аталады? (Воскобович шаршысы). Ия шаршылардың түстері әр түрлі болады Вячеслав Вадимович Воскобович инженер физик кісі осы дамытушы ойындарын балаларға ойнауға ойлап тапты.Біздің қолымызда бұл Воскобовичтің шаршылары бар бізде, біз қазір осы Воскобовичтің тағы бір құралымен Дымбілмес сені таныстырамыз.

-Балалар қараңдаршы мына зат қалай аталады? (Воскобовичтің геоконт тақтайшасы)

Бәріміз қайталаймыз геоконт. Бұл тақтайшалар мен шаршылар Дымбілмес сенің сиқырлы құрсауың сияқты сиқырлы.Қазір мен тақтайшаны интер белсенді тақтаға жақындатқанда сенің тұратын қаланы көре аламыз (белсенді тақтадан құлаған үйлердің суретін көреді)

Тәрбиеші: Ой балалар Дымбілместің қаласында қиын болып жатыр оның отбасы, достары, қала тұрғындары үйсіз қалды тез жәрдем берейік. Ол үшінбіз қазір Воскобовичтің геоконт тақтайшаларының көмегімен үй соғып берейік көмектесемізбе? балалар (ия)

-Балалар мына тақтада ненің суреттері бар? (геометриялық пішіндердің)

-Қандай пішіндер екенін атайықшы? және түстері қандай? (шаршы,үшбұрыш,дөңгелек,тіктөрбұрыш,сопақ)

Кәусар мынау қандай пішін түсі қандай ? (шаршы түсі көк)

Демек балалар біз осы геометриялық пішіндер арқылы үй соға аламыз.

(балалар геоконт тақтайшаларымен үй соғады әр баладан үйдің төбесі қандай пішін,қандай түс екенін,қабырғалары және есік, терезелері қандай қандай пішін екенін сұрау)

-Міне біздің балалар үйлерді тұрғызып бітті,енді геоконт тақтайшаны интер белсенді тақтаға жақын ұстап, Дымбілместің қаласын көрейік (жаңа соғылған үйлерді белсенді тақтадан көру)

-Дымбілмес: Ой тамаша алақай қандай керемет үйлер рахмет балалар геоконт тақтайшасы мен жұмыс жасауды менде үйрендім.Ой балалар қараңдаршы жаңа мына өзеннен өткенде,көпір болған енді жоқ жел құлатып кетіпті енді қалай өзеннен өтемін.

Тәрбиеші:Уайымдама Дымбілмес қазір біз оның шешімін табамыз.

Қалай табасыңдар дейді Дымбілмес.

Тәрбиеші: Дымбілмес міне сен тауып алған Воскобович шаршысымен көмек береміз. Бұл шаршылар біздің балаларда бар ,олар сиқырлы сен бұзып алған хатты қалай жасауға болатынын және қайық жасап беруге көмектесеміз.

-Балалар менің қолымда қанша Воскобовичтің шаршысы бар? (біреу)

-Ал осы бетінде тұрған үшбұрыштар қаншау? (көп)

Қазір біз Дымбілмеске хатты қалай жасауға болатынын көрсетіп үйретейік

(Воскобович шаршысынан балалар хаттың сыртқы қабығын жасайды).

-Дымбілмес: Ой балалар керемет менде хат жасауды үйрендім.

Тәрбиеші:

Енді Дымбілмеске өзеннен өту үшін қайық жасап берейік(қайық жасайды)

Міне Дымбілмес сенің қайығың дайын біз қазір белсенді тақтадан көреміз қайық өзенде барма екен.

-Ия бар екен керемет енді Дымбілмес сен өзіңнің қалаңа барғанда отбасыңа және достарыңа біздің балалардан сыйлық ретінде кәмпит жасап бергіміз келеді.

-Дымбілмес: Қайда кәмпит мен көріп тұрған жоқпын.

Тәрбиеші: Міне оны да Воскобовичтің шаршыларынан жасаймыз (балалар кәмпит жасайды)

-Дымбілмес: Тамаша балалар көп рахмет сендерге менің бүгін сендерден үйренгенім өте көп.

Айтыңдаршы мына тақтай қалай аталады есіме бір түсіріңдерші тағы да? (Воскобович геоконт тақтайшасы)

-Үйдің төбесі қандай пішін? (үшбұрыш)

-Үйдің қабырғасы қандай пішін? (шаршы)

-Ал мынау қандай шаршы дедіңдер? (Воскобович шаршысы)

Тамаша балалар сендер көп нәрсе үйреттіңдер маған мен енді сендерге өзімнің сиқырлы құрсауыммен бір демалдыру жаттығуын жасауды үйретейін .Бәрін мында шеңберге тұрыңдар,балалар мен мына кәмпиттерді көп жеп қойдым сол себепті қазір тістерім аурады. Ал сендер мұндай көп кәмпит жемеңдер,қазір терең демалыңдар ауаны мұрындарыңмен ішке тартып ауызбен мына кәмпит қабығын үрлейміз.Оңға қараймыз,солға қарайыз,жоғары қараймыз,төмен қарап көзімізді қолымызбен жауып,көзді жұмамыз отырамыз.Санаймыз 1-2-3-4-5 көзімізді ашамыз.

(балалар көздерін ашқанда сиқырлы құрсауда аскарбин витаминдері пайда болады)

-Дымбілмес: Керемет көрдіңдерме балалар менің құрсауым сиқырлы дедім ол сендерге көп кәмпит жемесін деп пайдалы витаминдерін тарту етті .

Тәрбиеші:Ой тамаша балалар Дымбілмес бізге пайдалы жаттығу жасауды үйретті және пайдалы аскарбин витаминдер сыйлады қәне рахмет айтайық(балалар рахмет айтады сосын қайшымен қиып таратып беру витаминдерді)

-Дымбілмес: -Балалар менің тез өз қалама қайтуым керек,сау болыңдар балалар (балалар қоштасады Дымбілмеспен)

Тәрбиеші: Біз де балалар өз тобымызға қайттайық (балалар қонақтарға сау болыңыздар дейді)



Күтілетін нәтиже:

Біледі: Воскобовичтің құралдарын атап ажыратады геометриялық пішіндерді ,түстерді біледі.

Түсінеді :Балалар жәрдем беруді қамқорлық жасауды,және жаттығуды дұрыс жасайды.

Қолданады:Воскобовичтің шаршыларын, геоконт тақтайшаларын дұрыс қолдана алады.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!