Материалдар / Ойын арқылы балалардың ой өрісін дамыту.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ойын арқылы балалардың ой өрісін дамыту.

Материал туралы қысқаша түсінік
«Баланың ойынға деген құмарлығы бар, сол құмарлықты қанағаттандыру керек» — деген пікірін өз еңбектерінде атап өткен. Ойын – балалар үшін күрделі әрекет, ол білімді, ақылды ұйымдастыруды қажет етеді. Ал білімді бала қайдан алады? Оған бала ойын арқылы өзі үйренеді, үлкендер де үйретуі тиіс. Ойынның өз мақсаты жоспары арнайы заттары т.б. көптеген ерекшеліктері болады. Ойын – балалардың негізгі іс-әрекетінің бір түрі. Ойын арқылы бала көптеген мәліметтер алады, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады, яғни ойын арқылы білім алады. Ойын адамның өнертанымының алғашқы қадамы.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ойын арқылы балалардың ой өрісін дамыту

«Баланың ойынға деген құмарлығы бар, сол құмарлықты қанағаттандыру керек» — деген пікірін өз еңбектерінде атап өткен. Ойын – балалар үшін күрделі әрекет, ол білімді, ақылды ұйымдастыруды қажет етеді.

Ал білімді бала қайдан алады?  Оған бала ойын арқылы өзі үйренеді, үлкендер де үйретуі тиіс. Ойынның өз мақсаты жоспары арнайы заттары т.б. көптеген ерекшеліктері болады.

Ойын – балалардың негізгі іс-әрекетінің бір түрі. Ойын арқылы бала көптеген мәліметтер алады, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады, яғни ойын арқылы білім алады. Ойын адамның өнертанымының алғашқы қадамы.



Мектеп жасына дейінгі баланы дамытып өсіретін әрі тәрбиелейтін де негізгі іс-әрекет – ойын. Ойын арқылы бала қоршаған ортамен, адаммен, еңбегімен қарым-қатынасымен танысады. Ойын арқылы ой-өрісі дамиды. Ойын үстінде балалар әртүрлі рөлде жолдастарымен қарым-қатынас жасауға, ойын үстінде ойлана жауап беруге, қиялдауға, елестеуге қабілеттері қалыптасады. Сөздік ойындарды балалардың есте сақтау қабілетін дамытады.

Ойыншықтарды пайдалана білуге үйренеді. Ұйымдастырушы да балаларға жетекші бола отырып, ойнай білуге ойын ережесін сақтауға әрі оларды ойната отырып ойлануға бағыттайды. Заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін қиялын дамытады.

Заттармен ойналатын ойындар: «Ғажайып қапшық», «Қай ағаштың жапырағы», т.б.



Үстел үсті ойындарды ұйымдастыруда домино, лото, мозайка, пирамида суреттер қолданылады. Мысалы: «Қандай ертегі?», «Суретті құрастыр» (ағашты, бидайды, гүлдерді), «Қандай затқа ұқсайды», «Бір сөзбен ата», т.б. Балабақшада мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда дидактикалық ойын маңызды құрал болып табылады. Ойын арқылы білімді меңгертіп оны бекіту үшін дағды мен әдетті қалыптастырамын.





Балабақшада жиі қолданылатын дидактикалық ойындар:

  1. Ойыншықпен ойналатын ойындар.

  2. Үстел үстінде ойналатын ойындар.

  3. Сөздік ойындар.

Әр топта балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты ойындар іріктеп, сондай-ақ тапсырмалар арқылы балалардың білімін тереңдетіп ойнауын, зейінін, есте сақтау қабілетін дамыту. «Санамақ», «Он саусақ» өлеңдерін жаттатып, мазмұнын түсіндіру арқылы балалардың тілін, логикалық ой жүйелерін қалыптастыруға болады. Мысалы, «Санамақ ойыны» Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру, санға аты ұқсас заттарды танып біледі.

1 — дегенім білеу

2 – дегенім егеу

3 – дегенім үскі

4 – дегенім төсек

5 – дегенім бесік, т.б.

Жұмбақ есепті шығарту «Ой қозғау» стратегиясын қолдану.

Табақта 3 алма

Қолымда 2 алма

Барлығын қосқанда

Болады неше алма? (5 алма)

Ойын баланың ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамытуға дағдымен шеберлікті  меңгеруге, қиындықты жеңуге төзімділікке баулиды. Сонымен бірге ойлау қабілеттерін дамытуға сөз жұмбақ, ребус, сөз ойла, тез ойла, «Ұйқасын тап» — ойындарының әсері мол. Мысалы, «Ұйқасын тап» ойыны арқылы балалардың білсем деген ұтымы артып, қызығып белсенділігі танылады.



1) Өзі ноян

Өзі қорқақ ол не? (Қоян)

2) Бата алмас түлкі

Үсті тікен. (Кірпі) т.б.

Қазақтың ұлттық ойындарын қолдану. Мысалы: «Тақия тастамақ», «Түйілген орамал», «Сақина салмақ», «Ақ сүйек», т.б. Оқу қызметінде балаларға жұмбақтарды жатқа айтқызудың пайдасы көп.

Жер көрдім қаласы бар,

Үйлері жоқ мекендейтін

Көл көрдім өзен көрдім.

Сулары жоқ тереңдейтін. (Карта)

Шыр-шыр етеді

Құлағыңнан өтеді

Ұстай алсаң сөйлеп кетеді. (Телефон)

Жұмбақты жатқа айтып өз тілін жаттықтырады.

Қорытынды: Ойын – балалар әрекетінің негізгі түрі. Сондықтан ол бала өмірінде тәрбие мен білім берудің шешуші шарты болып табылады. Оны тиімді пайдалану оқу қызметінің әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, балалардың ынтасы мен қызығушылығын арттырады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!