400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 23 материал табылды

Ойын арқылы күрделі мәселерді шешу дағдылары

Материал туралы қысқаша түсінік
Баскетбол добын алып жүрудің әдіс-тәсілін үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ: Ойын арқылы күрделі мәселерді шешу дағдылары.

Мектеп: «Н. Островский атындағы Күршім №4 орта мектебі » КММ

Күні: .......

Мұғалімнің аты-жөні:Текманов К.К

Сынып: 9

Қатысқаны:16

Қатыспағаны: -

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

8.1.3.3. Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікьі түсіндіру және көрсете білу.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: баскетбол добын бір қолмен


жүргізе алады.


Оқушылар көпшілігі орындай алады: баскетбол добын екі қолмен


кезектеп еркін жүргізе алады.


Кейбір оқушылар орындай алады: доптың ұшу бағытын пайдаланып,


допты торға лақтыра алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: баскетбол добын жүргізе келе, кейбір


оқушылар жүргізу техникасын түсіндіре алады.


Пәнге қатысты сөздік мен терминдер: қол білезігі, қалқан, шеңбер-


тор- себет, доп, айып добы, аут, ысқырық, алаң, сызық, үш ұпайлық


Сызық


Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер: баскетбол ойынының


адам ағзасына пайдасы бар ма? Егер болса қандай?


Талқылауға арналған сұрақтар: жалдамдық, шапшаңдық деген не?


ойын кезінде бір орнында тұрған ойыншыға қандай бұрылыстарды


жасауға болады? Ойын ережесін міндетті түрде ұстану керек пе?


Не себепті ..ойын кезінде ережені қолданамын...деп ойлайсыз?

Жоспарланған уақыт

45 минут



Ишара

Мадақтау, марапаттау, ескерту, қолпаштау

Алдыңғы оқу

Допты жүргізе алады

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

10-12 минут











Сапқа тұру. Спорттық киімдеріне назар аудару.Рапорт тыңдау. Сәлемдесу. Жаңа сабақ тақырыбымен таныстыру және оның өту барысымен таныстыру.

Саптық жаттығулар. Бұрылыстарды бір келкі орындау. Аяқтың үшін, өкшесін бұрылыс кезінде дұрыс қою және ұстау. Сапта жаттығуларды бір келкі орындау.

«Жылдам сұрақ» әдісі арқылы оқушыларға баскетбол тарихынан сұрақ кою:

  • Баскетбол ойынының шығу тарихы (қай жақта шықты, жылы)

  • Баскетбол ойынының командасының құрамына қанша ойыншы кіреді

Баскетболға қатысты қарапайым сұрақ кою:

  • баскетбол добын кеудеден беру тәсілі

  • баскетбол добын екі қолмен кезектеп алып жүру тәсілі.

Жүру. Жүру кезінде орындалатын жаттығулар. Жүру жаттығудан жүгіруге көшу. Жүгіру. Баяу жүгіру. Жүгіру кезінде орындалатын жаттығулар.

Жүру. Демді қалыпқа келтіру үшін орындалатын жаттығулар.



Сапқа тұруға арналған түзу сызығы бар алаң.

Ортасы


28-30 минут

Баскетбол добын алып жүрудің әдіс-тәсілін үйрету.

Алаңның екі шетіне оқушылар жұп болып бір- біріне қарама қарсы қарап тұрады.

Shape1



Оқушы допты еденге 1 қолмен соғу арқылы, қарсылас балаға беру. Оқушы допты еденге 2 қолмен соғу арқылы, қарсылас балаға беру.

Shape2



Оқушыларды екі топқа бөлу: «Бағдаршам» әдіс- тәсілі арқылы

Эстафета түрінде өткізу. Үш командадағы оқушылар жарысып допты еденге соғып, себетке тастау. Допты оң қолмен, сол қолмен және оң-сол қолмен кезектеп алып жүре келе допты торға тастау.











(ойыншының бастапқы жүргізу қалпы)

(допты жүргізе келе екі аяқпен тоқтау)

Допты жылан тәсілімен жүргізіп келе торға тастау.











(тоқтаған соң допты торға тастау)

Оқушларды үш командаға бөліп, баскетбол ойын айнылмалы түрде жеңілдетілген ережесімен ойнату.

1-2, 3-1, 2-3

Екі команда бір бірімен ойнап жүрген кезде бос отырған команда «Т кестесі арқылы» жұмыс атқарады.

Баскетбол алаңы, баскетбол доптары, ысқырық, А4 парағындағы «Т» кестесі, қалам

Соңы

3-5 минут



Сабақ соңында оқушыларға рефлексия жүргізіледі:

Оқушылардын қозғалыста қандай жетістіктер бар және оны қалай жетілдіруге болатынын сұрау.

Қауіпсіздік ережелеріне көңіл бөлу: «Ойлау» әдісін қолдану

-мен ережелерді айтамын, егерде менің айтқаным дұрыс болса шапалақтаңдар, егер қате болса секіріп кері қараңдар. Әр жауп сайын ишара қолдану.

1.Денсаулықты үнемі қадағалау керек.

2.Ойын кезінде айқайлауға болады

3.Мұғалімнің нұсқауларын орындау керек.

4.Допты екі қолмен басып жүргізуге болады.

5.Ойын кезінде сағыз шайнауға болады.

6.Алаңда ойын кезінде отырып дем алуға болады.




Қосымша ақпарат

Саралау- оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыларға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Пәнаралық байланыс-денсаулық және қауіпсіздік АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)

« Стикерлер» әдіс- тәсілі арқылы арқылы. Мысалы: баскетбол тақырыбын өткенше оқушыларға әр сабақ сайын стикерлар беру арқылы:

  • өте жақсы

  • жақсы

  • қанағаттанарлық


Қабілетті оқушыға жаттығуларды күрделендіру арқылы тапсырма беру.

Баскетбол добын жүргізу барысында техникасына көңіл аудару.


Тарих және физика пәндерімен байланыстыру

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

(тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаты орындалды. Оқушылар баскетбол добын бір қолмен алып жүруді жетілдірді. Жүргізе келе допты торға екі қолмен тастады. Кедергілер арасынан өтіп жылдамдық пен бағытты өзгерте жүгірді.

Сабақ бір демде, қызықты өтті.

Жоспарланған саралау іске асты.

Уақытты тиімді пайдалана алдым.

Эстафета түлерін оқушылардың ұсынысы бойынша күрделендірдім.

Қортынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе ( оқыту мен оқуға қатысты)


1.Баскетбол добын жүогізу техникасын меңгергені.


2.Оқушылар белсене қатысқаны.


Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді( оқыту мен оқуға қатысты)?


1. Уақыт мол болғанда.


2.Құрал – жабдықтырмен толықтай қамтамассыздық еткенде.


Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?


1.Сабақ барысында тапсырмаларды күрделендіруге болатыны.


2.Дарынды оқушыларға жүктемені көбейту қажет.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31 желтоқсан
694
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі