400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Ойын арқылы мәселе шешу,7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Мектеп

«Семияр орта мектебі» КММ

Мұғалімнің аты-жөні

Оспанов Куаныш Каирович

Сынып

7

Күні

21.02.2025

Қатысушылар саны:

7

Қатыспағандар саны:

0

Бөлім

6-бөлім. Шытырман оқиғалы ойындар және команда құрушы ойындар

Сабақтың тақырыбы

Ойындар арқылы мәселелерді шешу дағдыларын жетілдіру

Оқу мақсаттары

7.1.4.1 Қимыл-қозғалысты орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын жақсарта білу

Спорттық ойын ережелерін және әдіс-тәсілдерін меңгеру

Сабақ мақсаттары

Қимыл-қозғалыс әрекеттерін орындауды жақсарту үшін өзінің және өзгелердің біліктіліктерін бағалау

Бағалау критерийі

Өзінің және өзгенің қимыл-қозғалысының біліктілік сапасын анықтайды

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Оқу ресурстары

Сабақтың

басы

10 минут

Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.


Бос ойын кеңістігі

Ойын алаңы, баскетбол доптары, бор

Сабақтың

ортасы

30 минут

(С, Т) Ойыншылар екі командаға бөлінеді – «аңшылар» және «үйректер». «Аңшылар» сызықтан тыс шеңберге тұрады, ал «үйректер» шеңбердің ішіне орналасады. Белгі бойынша «аңшылар» «үйректерге» доп тигізуге тырысады. Олар шеңбердің ішінде жүгіріп және секіріп, доптан қашады. «Оқ тиген үйрек» ойыннан шығады. Ойын барлық «үйректер» өлтірілгенге дейін жалғасады. Содан кейін командалар рөлдерімен ауысады. Барлық «үйректерге» оқ тигізген «аңшылар» командасы жеңіске жетеді.

Ойын үлкен қарқындылықты. Ойыншылар ойын барысында жеткілікті жүктеме алғандықтарын қадағалау қажет. Сұраңыз: Сендер басқа команданы қалай ойыннан шығардыңдар? Сендер командаларың жақсырақ жұмыс істеуі үшін не істей аласыңдар? (мысалы, бір-бірімен ақылдасу, басқа команданың әлсіз тұстарын анықтап, «команданың әңгімелесуі» арқылы басқа команданы ойыннан шығару тәсілдерін талқылау.

(С, Т, Ф) Баскетбол қалқандары болмаса, ойын жеңілдетілген ережелер бойынша өткізілуі мүмкін. Алаң шартты түрде белгіленеді, қалқан мен баскетбол кәрзеңкесінің орнына биіктікте (орындықта) бір ойнышы тұрады. Оның міндеті – орнынан кетпей, лақтырылған допты қағып алу. Ойын баскетболдың жеңілдетілген ережелері бойынша жүргізіледі (ауттарсыз). Ойынның ұзақтығы – 5 минуттан екі тайм. Дәлдікті дамыту және қозғалыс үйлесімін жақсарту.

Баскетбол ойынындағы шабуыл жасау әдістерін көрсетіңіз. Шабуыл жасауда спорттық алдау тәсілдерді қолданыңыз, доппен қорғаушыларды алдап өту әдістерін орындап көрсетіңіз.

Дескриптор

- шабуыл жасау түрлерін орындайды;

- қимыл-қозғалыс түрлері арқылы алдау тәсілдерін көрсетеді.

Спорттық және қозғалмалы ойындар.

Волейбол ойыны:

Шабуылдап соққан допқа қарсы секіріп біреулеп, екеулеп қолмен тосқауыл қою әдістерін үйрету;

Сабақтың

соңы

5 минут

Сабақты қорытындылау:

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.


























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
05.03.2025
152
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12