2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Ойын арқылы мәселелерді шешу дағдыларын жетілдіру

Ойын арқылы мәселелерді шешу дағдыларын жетілдіру

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



6-тарау: Қызықты және команда түзуші ойындар

Негізгі мектеп 7-сынып

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Жангудеев Сымбат

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:Ойын арқылы мәселелерді шешу дағдыларын жетілдіру

Оқу мақсаттары

7.2.8.8Түрлі қимыл-қозғалыс негіздерімен шарттастырылған рөлдерді қолдана білу

Сабақ мақсаттары

оқушылардың күш-жылдамдық қасиеттерін даму;

оқушылар көшбасшылық қасиеттерін дамыту;

бірлескен жұмыста жауапкершілікті бөлуге үйрету;

бірлескен жұмыстағы патриоттық сезім маңыздылығын түсіндіру;

оқушылар жұптық және командалық ілгерілеу туралы үнемі ойланады және ойындарда таңдалған рөлдерді орындайды;

Бағалау критерийлері

Жаттығуларды жасауда өзінің қателіктерін атайды және

қателіктермен жұмыс жасайды

Топта жұмыс жасау барысында өзінің біліктілік сапасын жақсартады

Тілдік мақсаттар


  • Қызықты және команда түзуші ойындардың шеңберіндеөздерінің дағдылары мен түсініктерін сипаттай, талқылай және көрсете алады.

Пәндік лексика және терминология

Мыналарды қамтиды:

  • шабуыл, қорғаныс

  • адал ойын, өзара әрекеттестік, жарыс

  • кеңістікте бағдарлану

  • командалық жұмыс

  • тактика, стратегиялар

  • доппен және допсыз қозғалу

  • жүгіру, жылдамдықты, бағытты өзгерту

  • дриблинг, пас, допты беру

Талқылауға арналған сұрақтар:

Ойыншыны-қорғаушыны жеңудің үздік тәсілі қандай?

Команда ретінде есеп жүргізуге қалай тиімдірек қол жеткізуге болады?

Сендерге доптан тыс қозғалысты, сондай-ақ шабуылға шыққан кезде бір-біріңмен қарым-қатынасты жақсарту не үшін қажет?

Неліктен өз назарыңды бір ойыншыға бір рет шоғырландырған дұрыс немесе әрбір қарсыласты белгілеген жақсы ма?

Құндылықтарды дарыту

Сабақ кезінде оқушылардың бір-біріне деген сенімділігін арттыру.

Пәнаралық байланыстар

Биология, математика, пәнімен байланыстыру.

АКТ қолдану дағдылары

Көшбасшылық топтық жұмыстарды бейнематериалдарға түсіру, ұялы телефондарды пайдалану

Бастапқы білім

5-6 сыныптарда дене шынықтыру сабағында алған білімдері.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

15 минут


  1. Оқушыларды сапқа тұрғызу.

  2. Сәлемдесу. Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте! Good afternoon! Қолайлы орта қалыптастыру. Оқушылар шеңбер құрып, кезекпен әр тілде амандады. Жабдықтау сұрақтары арқылы тақырыпқа шығу. Оқушылар жүрек соғысын көтеру үшін, жалпы жарақаттардан сақтандыру үшін қыздырыну жаттығуларын жасайды.

  3. Алаңды айналып жүру.

  4. Жүру жаттығулары: Қолымыз жоғарыда аяқтың ұшымен жүру, қол желкеде өкшемен жүру, қолда аяғымызға тигізіп жүру, қол алда жартылай отырып жүру, қол белде толық отырып жүру, қол белде отырып екі жанға секіріп жүру.

  5. Жүгіру жаттығулары: Қол белде аяқты артқа лақтырып жүгіру, қол белде аяқты алға лақтырып жүру, қол алда тіземізді жоғары көтеріп жүру, қол жанда аяқты екі жанға лақтырып жүгіру, қол белде жанымызбен жүгіру.

  6. Жүріске ауысып, тыныс алу жаттығуларын орындау.

  7. Жалпы даму жаттығулары.

  8. Күш-жылдамдықтарын арттыру жаттығулары.

  9. Еркін жүріп бастапқы қалыпқа келу.

Жабдық: секунд өлшегіш, бор, фишкалар, ысқырық, таратпа материалдар.



Сабақтың ортасы

25 минут


(С, Т, Ф) Баскетбол қалқандары болмаса, ойын жеңілдетілген ережелер бойынша өткізілуі мүмкін. Алаң шартты түрде белгіленеді, қалқан мен баскетбол кәрзеңкесінің орнына биіктікте (орындықта) бір ойнышы тұрады. Оның міндеті – орнынан кетпей, лақтырылған допты қағып алу. Ойын баскетболдың жеңілдетілген ережелері бойынша жүргізіледі (ауттарсыз).

Ойынның ұзақтығы – 5 минуттан екі тайм. Дәлдікті дамыту және қозғалыс үйлесімін жақсарту.

Әр бір әрекет үшін кең, таза кеңістік.








Сабақтың соңы

5 минут


Жаңа материалдарды бекіту.

Қателерін жою мақсатында кері байланыс алу.

Сабақтың қорытындысын шығару.

Оқушылардың оқу мақсатына жетудегі жетістіктерін талдау және бағалау.

Үй тапсырмасы.


Саралау

- барлық оқушылар қыздырыну жаттығуларын орындай алады;

- оқушылардың күш-жылдамдық қасиеттерін дамыта алады;

- көпшілік оқушыларда көшбасшылық қасиеттері жоғары деңгейде дамыған;

- оқушылардың басым көпшілігі денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтауын біледі;

- бірлескен жұмыстағы патриоттық сезім маңыздылығын түсінді;


Бағалау

Әр білім алушы өзінің іс-әреті туралы сыныптастарымен талқылай алады;

Оқушылардың сабақ барысында үйренгенің бағалау үшін дайындалып қойылған белгілі бір критерийлермен немесе кері байланыс беру арқылы жүзеге асыруға болады;


Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы:
Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;

Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы;

Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету міндетті;



31 Наурыз 2025
84
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі