400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Ойын кезінде көшбасшылық дағдыны қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
5.2.2.1 Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді түсіну
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 2-бөлім. Өзгертілген командалық ойын.

Мектеп:№ 19 М.Мақатаев ЖОМ

Күні:

Мұғалім аты-жөні: Тузелаев Куаныш

Сынып:5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ойын кезінде көшбасшылық дағдыны қалыптастыру.

Оқу мақсаты

5.2.2.1 Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді түсіну

Сабақ мақсаты

Ойын кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтайды. Допты алып жүру, беру, шығыршыққа лақтыру жаттығуларын орындайды.

Бағалау критерийі

Ойын кезінде көшбасшылық дағдыларын көрсетеді.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану.

Тілдік мақсаттары

Пәнге қатысты сөздік пен терминдер: Шабуыл, фол, доп, себет, стридбол, жеке қорғаныс, зонадағы қорғаныс, командалық жұмыс, басшы/капитан, рефери/төреші/ судя.

Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер:

Талқылауға арналған сұрақтар: : Баскетбол ойынының шығу тарихын білесіз бе? Ойын барысында болуы мүмкін қандай жарақаттармен алдын алу шараларын білесіз? Не себепті ойында қорғаныс тәсілдерін пайдаланға тиімді?

Құндылықтарды дарыту

Сабақ кезінде бір-біріне әділдік жауапкершілігін арттыру.

Пән аралық байланыстар

Геометрия, тарих пәндерімен байланыстыру.

АКТ пайдалану дағдысы

Баскетбол ойынының әдіс-тәсілдерін, бейне жазылымнан көрсету.

Алдыңғы меңгерілген білім

Орта қашықтыққа жүгіру.



Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттері

Ресурстар

Сабақтың басы

Сыныпты сапқа тұрғызу, рапорт қабылдау, сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтып түсіндіру, қауіпсіздік ережелерімен тасныстыру, саптық жаттығулар, жүру жаттығулары, жүгіру жаттығуларын орындау, тыныс алу жаттығуларын орындап топқа бөлу және жалпы дамыту жаттығуларын орындау.

Әр жаттығу үшін кең, таза бос кеңістік.

Ысқырық, секундомер.


Сабақтың ортасы

Тапсырма:


Кешенді эстафета (допты алып жүру, допты беру, допты шығыршыққа лақтыру, жұптасып допты беру) жаттығуларын орындаңыз.


Оқушылар санына қарай 3-4 командаға бөлінеді. Әр команда өзіне капитан тағайындайды. Сол капитан әр ойыншынының мүмкіндігіне қарап бекеттерге бөледі.

-Бірінші ойыншы 10 м қашықтыққа дейін допты алып жүруді орындайды және екінші ойыншыға допты береді.

-Екінші ойыншы допты 5 рет нәтижелі соққымен шығыршыққа тастайды, одан кейін допты алып жүру арқылы 10 м қашықтықты қайта жүріп, сөреге жетіп, допты үшінші ойыншыға береді.

-Үшінші және төртінші ойыншылар допты жұпта оң және сол бүйірлерімен 10 м қашықтықты қозғалыс арқылы жүріп отырып, бесінші ойыншыға береді.

- Бесінші ойыншы допты алып жүріп, екі қадам жасау арқылы шығыршыққа допты салады. Добы шығыршыққа түскен жағдайда орнына оралады, сонымен эстафета аяқталады.

Егер добы шығыршыққа түспесе, шығыршыққа доп нәтижелі түскенше 3 рет допты лақтырады, 3 ретте де добын шығыршыққа түсіре алмаған жағдайда орнына қайта оралады.

Дескриптор:

-допты алып жүруді орындайды;

-доппен пас беруді орындайды;

-допты шығыршыққа тастауды орындайды;

-жұпта қозғалыс арқылы доп беруді орындайды;

-тапсырманың ретімен орындалуын бақылайды.


Тақырыпқа байланысты оқушылырдың оқуға деген белсенділігін арттыру мақсатында бүгінгі сабағымда «Диалог сабағы» әдісін қолдандым. Бұндай сабақ барысында оқушыларға бірқатар сұрақтар қойылып, олардың ол сұрақтарға жауап беруі арқылы жаңа материал түсіндіріледі.











Әр жаттығу үшін кең, таза бос кеңістік.

Ысқырық, секундомер.

Конустар, доптар, фишкалар.

Сабақтың соңы

Тыныс алу жаттығуларын орындау арқылы сапқа тұрғызып, сабақты қорытындылау. Бағдаршам әдісімен бағалау. Үйге тапсырма беру.




Саралап оқыту- көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз?

Қабілеті жоғары оқушыларды дамытуды қалай жоспарлайсыз?


Бағалау-Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалайша жоспарлап отырсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын қадағалау

. -Уақытты ұтымды пайдалана отырып сабақ тапсырмалары кезінде оқушы мүмкіндігін ескеріп қабілетті және әлсіз оқушыларға түрлі денгейлік жаттығулармен жүктеймін.

-Оқушылардың өзін-өзі бағалау дағдыларын қалыптастырамын.

-Оқушыларға жүйелі түрде кері байланыс ұсынамын және оқуға уәждеймін.

-Мақтау, мадақтау әдісін қолданамын.

-Денсаулық пен қауіпсіздік туралы түсінікті үнемі қалыптастыру.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
2745
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі