Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ойын мектеп жасына дейінгі балалар үшін айналадағыны танып білудің негізгі тәсілі

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға, тәрбиешілерге ойын түрлерін жас ерекшілігіне қарай тиімді қолдануға көмектесі
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ойын мектеп жасына дейінгі балалар үшін айналадағыны танып білудің тиімді тәсілі

Ойынның негізгі ерекшелігі - балалар үн түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде сөйлесіп жүреді. Ойын процесінде сөйлесу қарым-қатынас үлкен роль атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар:ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережелері.

Ойынның түпкі неиеті-бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы. Мысалы: «Дүкен», «Аурухана», «Ұшқыштар», «Отбасы», «Балалар бақшасы» және т.с.с. болып ойналады.

Ойының сюжеті мазмұны-бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара қарым-қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайды. Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға ықылас пен ынтаны қоздырады. Ойын процесінде балалардың өздеріойнаушылардың мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынастарын анықтайды және реттейтін ереже белгілейді. Ойын бала үшін нағыз өмір. Олай болса тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастыра білу қажет. Ол балаларға жақын болуға, олардың ойындарының сүйікті қатысушысы болуы тиіс.

Ойын көбнесе серуен кезінде ұйымдастырылады. Сондықтан ауладаарнаулы құрлыстар, ғимараттар (кемелер, автобустар), көптеген құрлыс материалдары күректер, доптар, секіргіштер болуы тиіс. Ойын сонымен бірге сабақ кезіндегі оқытумен тығыз байланысты. Ойын ешқашанда өзінің қызықтылығын жоғалтбайды,тек оның мазмұны, сипаты өзгереді. Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшіліктеріне қарай сюжетті-рольді, драматизиялық, дидактикалық құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлтық ойындар болып бөлінеді.

Сюжеті рольді ойындар мектепке дейінгі балаларға тән, ең сипатты ойындар болып табылады. Ол балалар өмірінде елеулі орын алады. Сюжетті- рольді ойындарының ерекшелігі сол, оны балалардың өздері жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады.Бүл ойындар ұзақ та қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті-рольді ойында бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеттері болып табылады. Мысалы: «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушының әрекеттеріне, ал «Аурухана» ойынын ойнағанда дәрігермен науқастың әрекеттеріне еліктейді.

Драматизиялық ойындарда мазмұн, рольдер, ойын әрекеттері қандайда бір әдеби шығарманың, ертегінің т.б. сюжеті мен мазмұнына сәйкес болады. Ол сюжетті-рольді ойынға ұқсас. Драматизия ойынында балаға қандай болсын айқын тәсіл көрсетпеу керек ол үшін ойынның шын мәнінде ойын болғаны дұрыс.

Құрлыс ойыны-балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрлі құрлыстарды және соларға байланысты іс-әрекеттерді бейнелеу болып табылады. Құрлыс ойыны бір жағынан сюжетті-рольді ойынға ұқсас келеді және соның бір түрі деп қаралады. Олардың қайнар көзі біреу-қоршаған өмір. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, театрлар, цирктер т.б. ірі құрлыстар салады. Құрлыс ойындарында олар қоршаған заттардың, құрлыстардың көшірмесін жасап, құр бейнелеп қана қоймайды, сонымен бірге өздерінің шығармашылық ойын, жобалық міндеттерінің өзіндік шешімін енгізеді.

Дидактикалық ойын формасы кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып танылады. Ойын өлең мен қимылды ұштастыру негізінде жүргізіледі. Мысалы: «Сиқырлы қақпақтың сырын ашайық»деген ойында ересек топтарда тәрбиеші балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті-қақпақтың астында не бар екенін білу.

Дидактикалық ойынның нәтежесі қандай жолмен болса да өту емес, балалардың білімді игеру, ақыл-ой қызметін дамытуда, өзара қарым-қатынас жасауда жеткен жетістіктердің көрсеткіші. Дидактикалық ойындарда да балалардың алдында қандайда бір міндеттер қойылады, оларды шешу үшін назарды жұмылдыру, ерікті зейін қою, ережені ой елегінен өткізе білу т.б. Олар балалардың түйсіну және қабылдау қабілетін дамытуға,ұғымдарын қалыптастыру, білімді менгеруіне көмектеседі. Дидактикалық ойындар айналамен табиғатпен таныстыру сабағында жие қолданылады. Дидактикалық ойының орталығы ойншықтар мен ойын құралдары. Әрбір топта дидактикалық тұрғыдан жабдықталған қуыршақ,оның күнделікті тұтынуына керекті барлық заттардың комплектілері болуы керек. Стол үсті ойындарға лото, домино, тақырыптық ойындар ( «Қайда не өседі?» «Бұл кімге керек?» т.б.) пазылар, леголар қимыл белсенділігін, ептілікті талап ететін ойындар ( «Ұшатын қақпақтар», «Қаздың балапаны», «Нысанаға тигіз» т.б.), мозайка типтес ойындар жатады. Ересек топтағы балалар үшін қағазға басылған стол үстінде ойналатын ойын қызықты келеді. Оларға табиғат құбылыстары, көліктің алуан түрлері( кім не біледі, немен жүреді, немен жүзеді, немен ұшады?) бейнеленген, ертегілердің кейіпкерлері қимыл көрсетеді.

Қимыл ойындары балалардың қозғалысын жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, қағып алудыжаттықтыруға, дамытуға және жетілдіруге мүмкіндік береді. Қимыл ойындары баланың жүйке-психикалық дамуына жеке басының аса маңызды салаларының қалыптасуына да үлкен әсер етеді. Қимыл ойында ережелер ұйымдастырушы роль атқарады, олар ойынның барысын, жүйелігін, ойнаушылардың қарым-қатынасын, баланың мінез-құлқын анықтайды. Қимыл ойындары үйдің ішінде және серуен кезінде бірнеше баламен немесе бүкіл топпен өткізіледі. Олар сондай-ақ дене шынықтыру сабақтарының құрамына енеді. Балалар ойынды игерген соң өздігінен ойнай алады. Қимылды ойындарды ұлттық ойындар желісінде ұйымдастыруға болады. Мысалы: «Соқыр теке», «Көкпар», «Асық», «Бәйге», «Тақия тастамақ» т.б. ойындар жатады. Бала өмірінің кезеңі ойын арқылы жетіледі.

Сол сияқты ойындар да топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі. Ойын балаларға сабақта да серуенде де өте қажет, тіпті бала жәй дем алып отырғанның өзінде де ойын үстінде болады. Қимылды баланың барлық жас кезеңінен өтеді.

Өмірдегі түсінігі, еліктеуі, бақылауы осы ойын үстінде көрініс табады.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.10.2020
399
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12