«1 – маусым балаларды қорғау күніне»
арналған № 6 ересек тобында дене
тәрбиесінен ұйымдастырылған
«Біз көңілді баламыз» атты
жарысы
Білім беру
саласы: Денсаулық
Бөлімі: Дене
шынықтыру
Тақырыбы: «Біз көңілді
баламыз»
Бағдарлама
мазмұны:
Балаларға дене шынықтырудың
пайдасын, адамның дені сау, сергек болуына көмектесетінін
түсіндіру. Балалардың жарысқа деген қызығушылықтарын арттыру,
мерекеге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, қимыл қозғалыстарын
қалыптастыру. Шынықтыру жаттығуларына, қимылды ойындарға, сайыстың
шарттарына деген қызығушылықтарын арттыру.
Балалардың күшін, шапшаңдығын,
ептілігін, қозғалыс байланысын, төзімділігін
дамыту.
Салауатты өмір салтын
насихаттау.
Құралдары: бала санына жалаушалар және
текшелер, екі доп, екі самокат, екі қасық, кіші шариктер, үлкен
текшелер, шарлар, сылдырмақ, ысқырық,
жалаушалар.
Өтетін
орны: Спорттық алаң (жарысқа сай
безендірілген, тазаланған).
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме жиналған
қонақтар, балалар! Бүгін біз сіздермен жиналған себебіміз,
«Халықаралық балалар қорғау күніне» арналған мерекеге жиналып
отырмыз.
Қошеметпен балаларды
шақырайық.
(Балалар көңілді музыкамен
кіреді).
Жүргізуші:
Біз бақытты
баламыз,
Шыныға да
аламыз
Сәулетті елдің
көгінде,
Шамшырақ болып
жанамыз!
(Балалар тақпақтар
айтады).
Осы сәтте сайқымазақ келеді.
Балаларды мерекесімен құттықтайды.
Ойынды бастамас бұрын,
дененмізді шынықтырып алайық.
(Балалар жалаушалармен жалпы
дамыту жаттығуды жасайды).
Балалар тыныс
алады.
Жүргізуші: Балалар, дайынсыңдар
ма?
Балалар: Дайынбыз! (Ұран
сөздер).
Барыстай
айбатты,
Болайық
қайратты.
Шынығамыз күнде
біз
Біз спортшы
боламыз!
Жүргізуші
: Ойынымызды
бастаймыз.
Балалар екі топқа
бөлінеміз.
1 – эстафета
«Кенгуру».
Ойынның
шарты: Допты екі аяқтың ортасына
қысып, текшеге секіру.
2 – эстафета «Шұбар
тауық».
Ойынның
шарты: Шариктерді қасыққа салып,
кедергілердің арасымен жүгіріп, эстафетаны келесі балаға
беру.
(Ұран
сөздер)
3 – «Түрлі түсті
жолдар».
Ойынның
шарты: Түрлі түсті текшелерден үлкен
текшеге дейін, түзу жол құрастыру керек.
4 –
«Самокатшылар».
Ойынның
шарты: Самокатты айдап, келесі балаға
беру.
Балалар демімізді шығарып,
терең тыныс алайық.
Жарыстың қорытындысы
шығарылады. Жеңімпаз топ және жарысқа жақсы қатысқан балалар
марапатталады.
Осымен балалар біздің
сайысымыз аяқталды. Сау болыңдар!
«1 – маусым балаларды
қорғау күніне» арналған № 9 ересек тобында дене тәрбиесінен
ұйымдастырылған
«Шынығамыз, сау боламыз!»
атты жарысы
Білім беру
саласы: Денсаулық
Бөлімі: Дене
шынықтыру
Тақырыбы: «Шынығамыз, сау
боламыз!»
Бағдарлама
мазмұны:
Балаларға дене шынықтырудың
пайдасын, адамның дені сау, сергек болуына көмектесетінін
түсіндіру. Балалардың жарысқа деген қызығушылықтарын арттыру,
мерекеге деген сүйіспеншіліктерін ояту, қимыл қозғалыстарын
қалыптастыру. Шынықтыру жаттығуларына, қимылды ойындарға, сайыстың
шарттарына деген қызығушылықтарын арттыру.
Балалардың күшін, шапшаңдығын,
ептілігін, қозғалыс байланысын, төзімділігін
дамыту.
Құралдары: бала санына гантельдер және
текшелер, екі доп, баклажкадан жасалған кәмпит, шығыршықтар, үлкен
текшелер, шарлар, сылдырмақ, ысқырық,
таяқшалар.
Өтетін
орны: Спорттық алаң (жарысқа сай
безендірілген, тазаланған).
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме жиналған
қонақтар, балалар! Бүгін біз сіздермен жиналған себебіміз,
«Халықаралық балалар қорғау күніне» арналған мерекеге жиналып
отырмыз.
Қошеметпен балаларды
шақырайық.
(Балалар көңілді музыкамен
кіреді).
Жүргізуші: Балалар, сендер
мерекеге арналған тақпақтар білесіңдер ме?
Балалар: Иә (балалар тақпақтар
айтады).
Осы сәтте карлсон келеді
(қолында бір банка варенье бар).
Балаларды мерекесімен
құттықтайды.
Ойынды бастамас бұрын,
дененмізді шынықтырып алайық.
(Балалар гантельдермен жалпы
дамыту жаттығуды жасайды).
Балалар тыныс
алады.
Жүргізуші: Балалар, дайынсыңдар
ма?
Балалар: Дайынбыз! (Ұран
сөздер).
Бір, екі,
үш,
Бойға жинап
күш!
Жүргізуші
: Ойынымызды
бастаймыз.
Балалар екі топқа
бөлінеміз.
Балалар екі топқа
бөлінеді.
1 – эстафета «Көңілді жол»
деп аталады.
Ойынның
шарты: Түрлі түсті текшелерден үлкен
текшеге дейін, түзу жол құрастыру керек.
2 – эстафета «Пингвиндер»
деп аталады.
Ойынның
шарты: Допты екі аяқтың ортасына
қысып, қолды белге қойып, текшені айналып жүру
керек.
3 – «Көңілді шығыршық» деп
аталады.
Ойынның
шарты: Түрлі түсті шығыршықтардан
текшеге дейін секіріп, қайта командаға келу
керек.
4 – ойын «Кәмпитті беру»
деп аталады.
Ойынның
шарты: Балалар шеңбер болып тұрады,
музыкамен кәмпитті келесі балаға беріп, музыка тоқтағанда кәмпитті
ұстап қалған бала ойыннан шығады.
Балалар демімізді шығарып,
терең тыныс алайық.
Жарыстың қорытындысы
шығарылады. Жеңімпаз топ және жарысқа жақсы қатысқан балалар
марапатталады.
Осымен балалар біздің
сайысымыз аяқталды. Сау болыңдар!