Ойын сауық "Көңілді спорттық ойындар"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ойын сауық "Көңілді спорттық ойындар"

Материал туралы қысқаша түсінік
тарбиешіге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді

«Әйгерім» балабақшасының

әдіскері

Ускембекова А.У.

---------- «----» ----- 2018ж


Тақырыбы: «Көңілді спорттық ойындар»


Мақсаты: Балаларға алдына қойған кезеңдерді дұрыс орындауға үйрету.

Ойындар арқылы балалардың қимыл іс-әрекетін дамыту. Спортқа

деген құштарлықтарын ояту.

Шапшаңдыққа, ептілікке баулып ұжым болып бірлесіп ойнауға

тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: көліктер, текшелер, сылдырмақ, гүлдер, аралар отрибуттары.


Балалар әуен ырғағымен спорт зална кіреді.

Шаттық шеңбер: Күн болып біз күлеміз ,

Шуақ болып жайнап жүреміз.

Денемізді шынықтырып,

Ұзақ өмір сүреміз.


Балалар біз бүгін көпдеген қызықты көңілді спорттық ойындар ойнаймыз.

Олай болса біз еңалдымен денемізді сергітіп алайық.


Жалпы дамыту жаттығулар:

Шеңбер бойымен жүру:

  1. Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру.

  2. Қолды белге қойып, өкшемен жүру.

  3. Қолды белге қойып алдына қарай секіру (қоян секілді)

  4. Төрт тағандап жүру (аю секілді)

  5. Еңбектеу (мысық секілді)

  6. Тіземен жүру (ташқан секілді)

  7. Қолды сермеп ,тізені бүгіп жүру(сарбаздар секілді)

Екі қатарға түру .

1жаттығу: Б.қ. Аяқты ашып иықтың деңгейінде қою. Бойымызді тік ұстап қолды түсіріп, төмен-жоғары, оңға-солға қарау.


2жаттығу: Б.қ. Екі қолды алға созу, білектерін бұлғау. Екі қолды төмен түсіру


3 жаттығу: Б.қ. Тік тұру, екі аяқты аздап алшақ қою екі қолды төмен түсіру. Иықты оңға-солға қарай бұру.


4жаттығу: Б.қ.Еденге отыру, екі аяқты созу, екі қолмен артқа

тірелу. Екі аяқты бүгу, тізені құшақтап, басты төмен түсіру.


5 жаттығу: Б.қ. Шалқадан жату, кеуденің бойымен екі қолды созу.

Екі қолды және екі аяқты аздап көтеріп, еркін қимылдату (қоңыз сияқты)


6 жаттығу: Тыныс алу «Гүл иіскеу»


Балалар екі топқа бөлінеді. Бір біріне карама-қарсы тұрады.

Ал балалар олай болса ойындарымызды бастайық.


  1. Ойын «Кім көлікті жылдам айдайды»

Ойынның шарты : Көлікті екі аяқпен итеру арқылы алға жылжып, нысаны айналып, қайта орнына келу.



  1. Ойын «Сылдырмаққа дейін еңбектеп жету»

Шарты: Бөлменің бір жағын бойлап балалар дайындалып төрт тағандап . 4 м қашықтықта жатқан сылдырмаққа дейін еңбектеп жетіп, оны алып сылдырлату керек. Кім бірінші жетеді сол жеңімпаз болып атанады.


Қызықтыру сәті: Ара ұшып келеді

Ара: Сәлеметсіңдерме балалар ! Көктем келіп күн жылынып, талдар бүршік атып, гүлдеп жатыр. Соларды тозандыруға ұшып келдім. Мен алыстан осы гүлдерді иісін сезіп келдім. Мен сендермен қызықты ойын ойнасам болады ма?



  1. Ойын: «Кешікпе»

Шарты: Текшелер еденге шеңбер бойымен орналасады. Әр бала текшелердің жанына тұрады. Нұсқаушының белгісі бойынша олар бірін-бірі қағып,- соқпай және текшелерді тиіп кетпей шалғындағы гүлдерді айналып иіскеп ұшып жүреді . Күн күркірегенде балалар кешікпей өз орындарына қарай жүгіріп тұра қалады.


Балаларды бір қатарға тұрғызып , Ара балаларды мақтап- мадақтайды

Көңілді смайликтер таратылады .








































«ТАЛАС АУДАНЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ « ӘЙГЕРІМ»

БАЛАБАҚШАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ

ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ






















Сауықтыру шынықтыру іс-шара

Тақырыбы: « Көңілді спорттық ойындар»







Дене тәрбие нұсқаушысы: Ахметғалиева Айман Қадырбекқызы





Қаратау қаласы





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.10.2019
6928
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі