Ойын тактикасы және тактикалық әрекеттер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ойын тактикасы және тактикалық әрекеттер

Материал туралы қысқаша түсінік
Кең ауқымдағы дене жаттығуларының түрлі тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын құру, талдау және салыстыра білу
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 25


Мектеп

6 Шұбарқұдық негізгі орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні

А.С.Сундеткалиев

Сынып

9





Күні

29.10.2021





Қатысушылар саны:






Қатыспағандар саны:






Бөлім

5-бөлім. Спорт ойындары арқылы бірлескен жұмыс

Сабақ тақырыбы

Ойын тактикасы және тактикалық әрекеттер

Оқу мақсаттары

9.1.5.1 кең ауқымдағы дене жаттығуларының түрлі тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын құру, талдау және салыстыра білу

Сабақ мақсаттары

Барлығы: Білім алушылар кең ауқымдағы дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын құруды түсінеді.

Көбі: Білім алушылар кең ауқымдағы дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын құруды біледі түсінеді және идеялар ұсынады

Кейбірі: Білім алушылар бірқатар дене жаттығуларының қарапайым тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын құруды біледі түсінеді және талдап салыстыра біледі.

Бағалау критерийі

Қимыл-қозғалыс жаттығуларын жетілдіреді.

Жаттығуларды ретімен орындайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: командалық спорттық ойындарындағы біріккен іс-әрекет арқылы негізгі білімдері мен түсініктерін көрсетеді және талқылайды

Мыналарды қамтиды:

- қабылдау, допты ойынға қосу

- соққы, дәлдік, пас, жалғау

- шабуыл, қорғаныс

- тактика, техника, стратегия, шешім

- қауіпсіздік, ойын ережесі

- қорғаушы, шабуылдаушы, ойыншы, жалғастыру

- ойын комбинациясы

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Берілген тапсырма үшін қандай стратегияны жасақтау қажет?

- Ойын тактикасын қалай әлдеқайда тиімді етуге болады?

- Ойынды бастаушы ойыншы қандай қасиеттерге ие болуы керек?

- Шабуылдан соң қорғаныс әрекетін кім бірінші болып жасақтайды?

- Командалық ойын қалай жақсартылуы мүмкін?

- Көшбасшы қандай қасиеттерге ие болуы керек?

- Көшбасшылық қасиетті дамыту үшін сіз қандай стратегия мен тактиканы

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.

Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.

Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.

Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді.

Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады.

Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Ұялы телефон, планшет, ноутбук

Бастапқы білім

Спорт ойындарын ойнау шеберлігін меңгерту. Білім алушылар командалық ойындардың түсініктерін біледі.

САБАҚ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Оқу ресурстары

Сабақтың басы

10 минут

Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

Әрбір әрекет түрі үшін үлкен, бос кеңістік.

Ысқырғыш, волейбол доптары.

Сабақтың ортасы

25 минут

(С. Т. ҚБ) Сынып екі командаға бөлінеді. Біріншісі еркін түрде волейболдың қарсы алаңына орналасады. Екінші команда ойыншылары бір қатарға қарсы алаңның артқы сызығының бойына түзеледі, оның бағыттауышына доп беріледі. Белгі бойынша екінші команда ойыншысы допты ойынға қосады. Бірінші команда ойыншылары допты қабылдап кез-келген серіктесіне беру керек, ал ол өз кезегінде допты ұстап алуы керек. Егер олар осы тапсырманы орындай алса, бірінші командағы бір ұпай беріледі. Екінші команданың барлық ойыншылары допты ойынға қосуды орындап болған соң, командалар орындарымен ауысады. Көп балл жинаған команда жеңіске жетеді.

Неғұрлым команданың тактикасы түрлі болған сайын, соғұрлым оның нәтижелі ойынға мүмкіндігі жоғары болатындығына оқушылардың назарын шоғырландыру қажет. Сұраңыз: Ойын стратегиясын қалай әлдеқайда тиімді етуге болады? Берілген тапсырманы жақсарту үшін қандай тактика мен стратегияны жасақтау қажет?

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақты қорытындылау:

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым. Деңгейі жоғары оқушылармен араластырып білім деңгейлерін көтердім.

Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақтың барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

-Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

-Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

-Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

-Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

-Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары жоспар бойынша нақты қойылған. Сабақ соңында барлық оқушы оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ соңында саралау жүргізіліп, сабақ қорытындыланды. Кіріспе бөлім 10 минут, негізгі бөлім 25 минут, қортынды 5 минут регламент сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ

Жалпы баға

Caбaқтың жақсы өткен eкi acпeктici (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқты жaқcapтуғa не ықпал ете aлaды (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқ бapыcындa cынып туpaлы нeмece жeкeлeгeн oқушылapдың жeтicтiк/қиындықтapы туpaлы нeнi бiлдiм, кeлeci caбaқтapдa нeгe көңiл бөлу қaжeт?

_____________________________________________________________________________________________________






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.11.2021
1501
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі