Ойын техникасының дағдысын дамыту

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ойын техникасының дағдысын дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер үшін керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

2 бөлім

Мектеп: Үстірт орта мектебі

Күні: 2,3.10.2018

Мұғалімнің аты-жөні:Сағынов С

Сыныбы:6-сынып

Сабақ 17-18

Қатысқан оқушы саны :

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Ойын техникасының дағдысын дамыту

Меңгеру мақсаттары:

6.1.1.1 - аз ауқымды арнайы спорттық қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалысты дағдыларын қолдану

Сабақ мақсаты:

Баскетбол ойынында допты алып жүру,себетке доп салу және допты тартып алуды дамыту

Топта жұмыс істей білу

Көшбасшылықты дамыту

Жетістік критерийлері:

  • Баскетбол ойынында техникалық әдісті меңгерген

  • Топта жұмыс істей біледі

  • Баскетбол ойынында негізгі ережелерді сақтайды

Тілдік мақсаттар:

Пәндік лексика және терминдер:

  • Шабуылдау ойыны, бейімделген ойындар

  • баскетбол добы,пластиктен жасалған доп, әр түрлі лента, ысқырық

Талдау үшін сұрақ:

  • Сіз ойын тактикасын топта қалай қолданар едіңіз?

Құндылықтарды дарыту:


Жеке жауапкершілік, оң болу. Көшбасшылықты дамыту және өзара көмек.

Пән аралық байланыс:

Өзін-өзі тану пәнімен байланыс,биология пәнімен байланыс және геометрия пәнімен байланыс. Допты себетке лақтыру кезінде түсіндіру

Акт қолдану:

Таныстырылым көрсету үшін интерактивті тақта қолдану

Бастапқы білім:

Оқушылар баскетбол жөнінде өткен сыныпта, үйде, сыныптан тыс орында алған білімдерін қолданады.

САБАҚ БАРЫСЫ

Сабақ кезендері:

Сабақтағы іс-әрекеттер:

құрал жабдықтар (ресурстар)

Сабақтың басы:

5-10 мин


Сапқа тұру,жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, жетістік өлшемдерімен таныстыру;

Қауіпсіздік ережесімен танысу.

Саптық жаттығулар-бір орындағы бұрылыстар

Жәй жүгіріс(диагонал бойынша,ортадан,қарсы бағытқа,жылан тәрізді)

-тізені жоғары көтеріп жүгіру;

-аяқты артқа сермеп жүгіру;

-жылдамдыққа жүгіру;

-180º-қа айналу

Жанымызбен жылжу

-кеудеден доп лақтыру қалпын салып оң және сол жақ жанымызбен жылжу.

Жәй жүріс:

-қол жоғары, аяқтың ұшымен жүру;

-қол желкеде немесе жанымызда,өкшемен жүру;

-аяқтың сыртымен жүру;

-аяқтың ішімен жүру.

ЖДЖ

Әр бір белсенді қозғалыс үшін үлкен бос кеңістік.


Сабақтың ортасы:


25мин.

Ойынның техникалық тәсілдерін үйрету

«Баскетболда лақтыруды оқыту» таныстырылымын көрсету

(Б, Т, Тәж, ф)

Допты алып жүрумен себетке доп лақтыру эстафетасы. Алаңның шетіне екі топ лекпен сапқа тұрып орналасады.Дыбыс берілген жағдайда лектін алдында тұрған ойыншы допты себетке дейін алып жүреді де себетке допты тастайды,егерде доп себетке түспесе қайтадан допты себетке түскенше лақтырады.Әрі қарай допты алып жүріп лекпен кері қайтады.Допты келесі ойыншы бередіде өзі саптың соңына барады

Бұл тапсырмаға бағалау дескрипторы:

-Ережені бұзбай допты алып жүру

-Себетке лақтыру, ережені бұзбай екі адым жасау арқылы орындалады

Мұғалім баскетболда әр түрлі тартып алу әдістерін көрсетеді.

Допты өзіңдікіне. 6-7 ойыншыдан екі топ құрылады. Ойыншылардың біреуі шеңбердің (диаметрі 2 м) ортасына тұрып-қағып алушы рөлін атқарады. Келесі ойыншы қарсыластарының шеңберінің маңына орналасады (қорғаушы).Қалған ойыншылар өз бетінше орналасады. Допты залдың ортасынан ойынға қосқан соң, ойыншылар бір-біріне допты беріп келіп, залдың ортасындағы ойыншыға допты жалғауға тырысады.Белгілі бір уақыт ішінде (5 - 10 минут) қағып алушы көп доп ұстаған болса сол топ жеңіске жеткен болып саналады.

Баскетбол ережесімен ойын.

Бұл тапсырмаға бағалау дескрипторы:

- Допты алып жүру,ереже сақтаумен өтеді

-Допты тартып алу сәтінде қауіпсіздік ережесін сақтау және ереже бұзбау.

ҚБ:

« Смайликтер»


Жалғастыруға дайынмын! Толықтау түсінбедім! Ештеңе түсінбедім қайталау қажет!

Оқушылар өткен сабақ бойынша сәйкес келетін смайликтердің суретін салады.

Үлкен ойын кеңістігі,жарыс өткізуге қажетті құрал жабдықтар. Баскетбол доптары, конустар, ысқырық, секундомер.

Сабақтың соңы:

5 мин

Сабақты қорытындылау.

Техникалық іс-қимылды дұрыс орындаған оқушыларды бағалау.

Оқушыларға қаншалықты сабақ түсінікті болғанын сұрақ қою арқылы ауызша рефлексия жүргіземіз.

Үлкен бос кеңістік.

Саралау:

Бағалау:

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы:

Физикалық дене қабілеті жоғары топ оқушыларына қиындатылған ойын түрін ұсыну.

Сабақ барысын бағалау, мұғалімнің мынадай бақылауынан тұрады:

1 оқушыларды бақылаумен

2 оқушыларға ауызша сұрақ қою

3 оқушымен жекелей әңгіме жүргізу

- белсенді оқушыларға

- жетістік критерий

-теориялық біліміне

Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;

Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы;

Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету міндетті;

Әр оқушының жүрісін, тұрысын назарда ұстау

Сабақ бойынша рефлекия:


1.Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?



2.Оқушылар нені үйренді?



3.Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?



4. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?



5. Сабақта уақыт кезеңдері сақталды ма ?





Жалпы оқушыларды бағалау:


Сабақтың жақсы екі аспектісі (оқытуға, үйренуге қатысты.)

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйрену)

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктерін сараптау



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
1163
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі