Материалдар / Ойын технологиясы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ойын технологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасына дейінгі мекемелерде білім берудегі жаңа технологияларды «Ойын технологиясын» күнделікті оқу іс-әрекеттерде қолдану әдістері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2021
641
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақмола облысы

Көкшетау қаласы

МКҚК «Сәуле» бөбекжайы







Баяндама


«Мектеп жасына дейінгі мекемелерде білім берудегі жаңа технологияларды «Ойын технологиясын»

күнделікті оқу іс-әрекеттерде

қолдану әдістері»




Тәрбиеші: Джетписова Женисгуль

Мырзабековна









«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып,
оның шығармашылық қабілетін дамытады
ойынсыз ақыл- ойдың қалыптасуы мүмкін
емес».
В.А. Сухомлинский


«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда.

Жаңа педагогикалық технология мақсаты – оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу құралдары балалардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп.

Ойын технологиясы. Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, балаларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.

Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін арттырады. Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдынғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ.

Мақсаты:

Дидактикалық: ой-өрісін, танымдық қызметін, нақтыланған іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру, қажетті тәжірибелік қызметін кеңейту;

Тәрбиелеуші: дербестікке, жігерлілікке, ынтымақтастыққа, ұжымдыққа, коммуникативтікке тәрбиелеу;

Дамытушылық: зейінін, есте сақтауын, сөйлеуін, ойлауын, салыстыру іскерлігін, үйлесімін тауып, салыстыруға, қиялдауын, фантазиялауын, шығармашылық қабілетін, оқу уәждемелік қызметін дамыту;

Әлеуметтендіруші: қоғам құндылықтарының ережелеріне тарту, қоршаған орта жағдайына бейімдеу, қарым-қатынасқа дағдыландыру.

Міндеттері:

  1. Балалардың   дидактикалық  материалдарды  қалыптастыруда  математикалық  ұғымдарды,  заңдылықтарды  негізгі  тірек  ретінде  пайдалана  білу;

  2. Математикалық  дидактикалық  материалды  түсіндіру  кезінде  күнделікті  өмірмен  байланыстыра  отырып,  тақырыпқа  сай  тәрбиелеу;

  3. Шығармашылықпен  байланысты  практикалық біліктер  мен  дағдыларды  қалыптастыру,  есептеу  мәдениетін  дамыту

Яғни тәрбиеші ойынды жоспарлағанда ойын арқылы баланы – сауықтырады, тәрбиелейді, дамытады, оқытады.

Күтілетін  нәтижелер:

  1. Бағдарламаның  ерекшелігі  оқу  нәтижесінде  балалар  өтілген  материал  мен  дидактикалық  ойындар  шеңберінде  тәрбиешінің  басшылығымен  білім,  білік  икемділік  дағдыларын  қалыптастыру.

  2. Балалардың  шығармашылық  қабілеттерін  қалыптасытрады.

  3. Логикалық  ойлау  және  дидактикалық  материал  қолдану  барысында  балалардың  ойлау  қабілеттерін  арттырып,  ақыл – ойын  дамытады.

  4. Балалар  дидактикалық  материалдар  орындау  барысында  бақылайды,  салыстырады, зеректік  танытады

Ойын – қоғам тәжірибесін қайта құруға және қабылдауға бағытталған, бір шартты жағдайдағы қызметтің түрі. Сол бойынша өзін-өзі басқарады, тәрбиелеу жетіліп қалыптасады.

Ойын түрінде оқытудың мақсаты:

Жеке – қызмет түрінде білімді, біліктілікті, дағдыны меңгеруді қамтамасыз етеді.

Мағынасы: Оқу материалын ізденуге, өндеуге меңгеруге бағытталған танымдық жеке қызметтер.

Іске асыру құралы: балаларды шығармашылық қызметіне ойын әдістері арқылы қызықтыру.

Мектепке дейінгі және мектептен тыс оқу мекемелерінде ойын – оқыту әдісі ретінде халық педагогикасында кеңінен қолданады.

Қазіргі балабақшада ойын – қызмет ретінде төмендегі жағдайларда қолданылады.

  1. жеке технология ретінде;

  2. тақырыпты ұғып меңгеру үшін;

  3. кең көлемді технология бөлігі ретінде ;

  4. сабақ ретінде, не болмаса оның кезеңдері / кіріспе ,түсіндіру ,бекіту, жаттығу орындау, бақылау/;

Ойын түрлері оқу кезінде сабақтарда ойын тәсілдері мен жағдайлар туғызу арқылы құрылып, балалардың оқуға деген қызметін ынталандырып талаптануына тәсіл ретінде қолданылады.

Ойын тәсілдері мен жағдайларын сабақ кезінде өткізу мына негізігі бағыттарда жүргізіледі:

  1. дидактикалық мақсат балаларға ойын түрінде беріледі;

  2. оқу қызметі ойын ережелеріне бағынады;

  3. оқу материалы оның құралдары ретінде қолданылады, қорыту қызметіне жарыс ретінде кіргізіп, дидактикалық міндеттерді ойынға айналдырады;

  4. дидактикалық тапсырмаларды орындау ойын қорытындысымен байланыстырылады.

Ойындарды дене(қозғалыс), ой-өрісі (ақыл-ой), еңбек, әлеуметтік және психологиялық қызметтер түрлеріне бөлу керек.

Ойындар ерекшеліктеріне қарай мына топтарға бөлінеді:

а/ оқыту, жаттығу, бақылау және қорытындылау;

б/ таным, тәрбие, даму:

в/ еске алу, өнімділік, шығармашылық;

г/ коммуникативтік, таным әдісі, кәсіпке бағдарлау және т.б.

Ойын әдістемесі пән бойынша сюжеттік, рөлдк, іскерлік, еліктеушілік және драмалық ойындар.

Жаңа педагогикалық технология мақсаты – оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу құралдары балалардың өздігінен танымдық іс-әрекетінде жүргізіледі. Жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп.

Өз іс- тәжіребиемізде балалармен тілдік дидактикалық сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр- түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым- қатынас жасай білуге үйретеміз. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің:

-балалардың сөздік қорларын дамыту;

-жаңа сөздерді меңгерту;

-үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады. Баланың тілін дамытуда ауызекі сөйлеу, тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеуде, байланыстырып сөйлеу, сөздік қорын дамыту үшін сабақта және сабақтан тыс уақытта ойналатын дидактикалық ойындарды пайдаланамын.

Сабақты бекіту, сабақта меңгерген материал туралы түсінігін кеңейту, баланың шығармашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін, тіл дамыту сабақтарында дидактикалық ойындарды пайдаланамын, ойындар сабақтың тақырыбына, мақсатына сай таңдап аламын. Сабақтың қызықты, тартымды өтуі үшін дидактикалық ойындарды дұрыс пайдаланамын.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін күнделікті сабақтарда жаңа тақырыпты түсіндіру, балалардың есте сақтау қабілеттірін және ойлау қабілеттерін жақсатру үшін тақырыпқа сай әр түрлі ойын түрлері қолданылып отырады. Түстен кейін де балалармен сюжетті-рөлдік ойындар ұйымдастырыланды.

Және де қазіргі заманымызға сай балалармен бірге отырып сабақтан тыс уақытта мектеп жасына дейінгі балаларға арналған компьютерлік ойынды қолданамын.

Алматы қаласы Ұлттық ақпараттандыру орталығынан жаңа инновация бойынша жасалған дисктерді интерактивтік тақтаны пайдаланып іс әсәрекеттерімізді өткіземіз.

Мысалы: «Жолдан өту» деген ойынды қолдана отырып, балаларды көшеде жүру ережесімен, тәртібімен көліктің түрлерін анықтау және бекіту мақсатына келеміз. Және бағдаршам түстерін ажырата біледі, жол үстіндегі белгілерді дұрыс қолдануға үйренеді. Жол жүру ережесінің керек екнін естен шығармауға тырысады. Жол тәртібін бұзбауға тәрбиеленеді.

 «Дауысын сал» — ойын шарты: кубик арқылы ойнатамын бала кубикті лақтырып қандай жануар түсе сол жануардың дыбысын салады.

«Қимылын көрсет» — ойын шарт: айтылған заттардың қимылын көрсету мысалы: қоян, ұшақ, аю, бақа, т.б .

«Ғажайып қалта» — ойын шарты: қалтаның ішіндегі шыққан заттарды атау мысалы : алма, доп, мысық, орындық, т.б.

«Жеміс пен көкөністі ажырат»— ойын шарты: бала жемістермен көкөністі ажыратады

«Үй жануар мен жабайы жануарды ажырат» — ойын шарты: Бала үй жануар мен дала жануарын ажырату керек.

«Тілші» ойынның шарты  : Жүргізуші бала тақырып бойынша балаларға сұрақ қояды, жауаптарын алады. (жүргізуші – жоғары деңгейдегі бала)

—         Мынау не?

—         Мынау жеміс алма.

—         Алма қандай?

—         Алма қызыл, тәтті (сары, домалақ, үлкен, кішкентай)

«Құстардың атын ата»— ойын шарты: суреттегі құстардың атын ату.

«Тазалық бұйымдардың атын ата»— ойын шарты- тазалыққа жататын бұйымдарды атау.

«Мекенін тап» Ойынның барысы: Үй және жабайы жануарлар суретің біртіндеп ала отырып, немесе бірнеше балаға бөліп берілген суреттерді мекен жайларына орналастыру қажет. Мысалы: үй жануарларын жайлауға орналастыру. Ал жабайы жануарларды орманға орналастыру керек. Жаңылмай тапсырманы дұрыс орындаған балаларды мадақтап, жаңылысқан балаларға көмектесіп түсіндіру.

Балабақашағы оқыту- тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс- әрекет кезіндегі тілдік қарым- қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән беремін. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады.

2015-2016 оқу жылында № 38 «Сәуле» бала-бақшасы бойынша мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыруға жаңа технологияларды «ойын технологиясын» апробациядан өткізу үшін жыл бойы жұмыстар жүргізді. Жаңа технология бойынша №5 ересектер тобын эксперементалды топ болып белгілінді. Жыл бойынғы балаларды білім деңгейін жоғарлату үшін жүргізілген жұмыстардың нәтижесі бстапқы, ортаңғы және қортынды мониторингтер жүргізіп, балалардың білімдері жақсарып қалғаны көрінеді.


Өз сөзіммен тұжырымдай келе күнделікті өмірде сабақтарда және сабақтан тыс бос уақытта қолданатын ойындар балалардың білім деңгейін дамытып қана қоймай өй-өрісін, болмысын, тілдерін дамытатынын көруге болады. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол 770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!