Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ойындар
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Таяқшадан аттап өт ойыны
Бөлменің ортасына таман еденге параллель екі таяқша қою, ара қашықтықтары – 1 м. Бөлменің бір жағында балалар тұрады, екінші жағында орындықтың үстінде жалауша жатады. Бала таяқшаларға бетін қаратып, 2-3 қадам алыс тұрады. Тәрбиешінің айтуымен ол бірінші таяқшаға жүріп барады, онан аттап өтеді, содан кейін екінші таяқшадан аттайды. Орындыққа барады, жалаушаны алады, оны жоғары көтеріп бұлғайды. Содан кейін жалаушаны орындыққа қояды, бір жаққа қарай шегініп жүріп, өзінің орнына келеді. Тапсырманы келесі бала орындайды.
Нұсқау.Егер бірнеше рет қайталанғаннан кейін бұл тапсырма балаларға өте жеңіл болып көрінсе, олар оны тез де сенімен орындайды, сондықтан жаттығуды күрделірек етіп өткізген жөн: еденге параллель етіп 4-6 таяқша немесе бірнеше құрсау тастап, балаларға олардан аттап өту ұсынылады.
Мені қуып жетіңдер ойыны
Балаларбөлменің бір жағында немесе алаңда орындықтарда немесе скамейкаларда отырады. «Мені қуып жетіңдер»,-дейді тәрбиеші және алаңның қарама-қарсы жағына қарай жүгіреді. Балалар тәрбиешіні ұстап алғысы келіп, оның артынан жүгіреді. Балалар тәрбиешіні қуып жеткенде, ол тоқтап қалады да, «Жүгіріңдер, жүгіріңдер, қуып жетемін»,-дейді. Балалар өз орындарына жүгіріп барады.
Нұсқау.Ойынды басында балалардың өз тобымен өткізген тиімді, содан кейін ойнайтындардың санын 10-12-ге дейін көбейтуге болады. Тәрбиеші балалардың жанынан жылдам жүгіріп кетпеуі тиіс. Балалар тәрбиешіні Балалар тәрбиешіні
қуып жеткенде, жақсы жүгіретінің айтып оларды мадақтап қойған жөн.
Торғайлар мен автомобиль
Балалар бөлменің немесе аланның бір жағында тұрған орындықтарға не скамеикаларға отырады. Бұлар – ұяларында отырған торғайлар. Аланның қарама –қарсы жағында тәрбиеші автомобильді бейнелер тұрады. Тәрбиешінің: «Жол жүріп ұшып кеттік, торғайлар», — деген сөзіне балалар аланның бойымен жүгіреді. Қолдарын, құстардың қанаттарын қақаны сияқты екі жағынан бұлғайды. Тәрбиеші біраз уақыт өткеннен кейін: «Байқаңдар, автомабиль келе жатыр, ұшыңдар, торғайлар өз ұяларына» дейді. Автомабиль гараждан шығып торғайлар жаққа бара жатады. Торғайлар ұяларына ұшып барып қонады. (орындықтарға отырады). Автомабиль гаражға қайтадан қайтып келеді.
Нұсқаулар. Басында ойынға балалардың шағын тобы (10 -12 ), содан кейін бүкіл топ қатыстырылады. Тәрбиеші торғайлардың қалай ұшатынын олардың дәндерді қалай шоқитынын алдын –ала көрмсетеді. Балалар торғайларға еліктеп отырып, бұл әрекеттің бәрін орындайды. Содан кейін ойынға автомабиль рольін көрсетуге болады. Мұны тәрбиешінің өзі орындайды. Тек біраз қайталаулардан соң, ол оны белсенді балаға тапсырады. Автомабиль өте қатты жүрмейді. Сөйтіп ол бүкіл құстарға өз ұяларына жетуге мүмкіндік береді.
Маған қарай жүгіріңдер ойыны
Балалар аланның бір жағына қойылған орындықтарға отырады. Тәрбиеші қарама –қарсы жағында тұр. Ол: «маған қарай жүгіріңдер.Бәрі – бәрін де маған қарай жүгіріңдер!» — дейді. Балалар барлығында құшақтағысы келгендей құшағын кең жайып өздерін жылы ұшырай қарсы алып тұрұған тәрбиешіге қарай жүгіреді. Балалар тәрбиешінің жанына жиналып болған соң, ол аланның басқа жағына барып, тағы да: «Маған қарай жүгіріңдер!» — дейді. Ойын 4 – 5 рет қайталанады. «Үйге қарай жүгіріңдер!»- деген сөзіне балалар орындықтарға қарай жүгіреді, отырады және дем алады. Ойынның ережесі бойыша тәрбиешіге қарай « маған қарай жүгіріңдер!» — деген сөзден кейін ғана жүгіруге болады. Итеріспеуге, бір –біріне бөгет жасауға болмайды.
Нұсқау: Ойнағысы келгендерді шағын 2 топқа бөлуге болады. Әзірше бір топ ойнайды. Басқасы қарап отырады. Сосын олар рөлдерін ауыстыралды. Алғашында балалар кез –келген орындықты иемденуіне болады. Бірте – бірте олар өз орындарын табуға үйренеді. Ойынды қайталағанда орындықтарды бөлменің әр шетіне орналастыруға болады.
Түрлі- түсті моншақтарды тізбектеу.
Мақсаты: Ойындар арқылы балалардың білім және білік дағдыларын қалыптастыру. Моншақтарды сыртқы белгілеріне қарай ажыратуға үйрету. Ойындар арқылы баланың қызығушылығын туғызу және моншақтардың түсін,көлемін, пішінін тану арқылы ақыл-ой белсенділігін арттыру. Қол мен саусақ ұштарының қимылдарын дамыту.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, көрсету,ойын, саусақ жаттығулары,салыстыру.
Қажетті құралдар: Үш түрлі-қызыл, көк, ақ түсті моншақтар, үш түрлі түсте боялған үш түрлі макарон өнімдері, жіптер, қапшықтар, сандықша, қуыршақ.
Барысы: Балалар жартылай шеңберге отырады.
Кел, ойнайық, ойнайық,
Текке қарап тұрмайық.
Ойын ойға жетелер,
Ойынға бір тоймайық.
Осы кезде қуыршақтың жылаған дыбысы естіледі- балалар тыңдаңдаршы біреудің жылаған дауысы естіледі ме? Бұл кім екен? Ой, балалар қараңдаршы мына жерде қуыршақ жылап отыр.
-Қанекей, бірге білейікші қуыршақ неге жылап отыр екен?
Балалар, мынау біздің өзіміздің қуыршақ Сәуле ғой.
Сәуле, не болды саған? Неге жылайсың?
Ой-ой-ой, сенің моншақтарың мойыныңнан үзіліп, жерде шашылып қалыпты ғой. Балалар Сәуле моншағын үзіп алып,жылап отыр екен.Сәулеге көмектесеміз бе?
Моншақтарын жіпке тізіп берейік. (Жерде шашылып жатқан мұз моншақтарды жинап, балаларға үлестіріп беру.)
-Балалар бұл моншақ ерекше екен. Мұқият қараңдаршы, бұл неден жасалынған. (Балалар моншақтың мұз екенін айтады)
-Дұрыс айтасыңдар, бұл мұздан жасалынған моншақтар.
Ой, мына мұз қолымызда еріп барады ғой. Біздің алақанымыз жылы болғандықтан мұз еріп жатыр, мұз судан пайда болатынын біз жақсы білеміз. Қыс мезгілінде қар жауып, күн суытқандықтан сулар қатып мұзға айналады. Қазір қыс мезгілі аяқталып, көктем мезгілі басталды, күн жылынып,қарлар күн шуағымен еріп жатыр. (Алақандағы мұз моншақ еріп кетеді)
-Мына алақанымыздағы қуыршақ Сәуленің мұз моншақтары еріп кетіп, тіптен жоқ болып кетті ғой. (Сәуленің жылаған дауысы естіледі)
-Қуыршақ Сәуле сен жылама біз саған көмектесеміз. Балалар, Сәулеге қалай көмектессек болады? Сәулеге моншақты қалай, неден жасап берсек екен? Сәулені қалай жұбатсақ екен, а? (Тәрбиеші ойланып тұрады) Тәрбиешінің көзі бұрыштағы сандықшаға түседі.
-Мынау Забида әжеміздің сандығы емес пе? Бұның ішінде бізге қажетті құралдар бар ма екен, көрейікші.
Мұнда көптеген қапшықтар тұр ғой. Қапшықтың ішінде не болды екен а? Мен сендерге қапшықтарды таратып беремін. Сендер оның ішіндегі затты сипап сезу арқылы
не зат екенін танып
беріңдер?
1. Дидактикалық ойын:
«Сиқырлы қапшық» Мазмұны: Балалар қапшықтар ішіндегі үлкен- кіші моншақтарды
саусақпен ұстап сезу арқылы
ажыратады.
Балалар, біз моншақтармен жүмыс жасамас бұрын саусақтарымызды жаттықтырып алайық.
Саусақ жаттығуы:
Қолымыздағы жалғыз моншақты алақанымызға салып, қос алақанмен айналдыру, қыздырып алу;
Моншақтарды басбармақпен басқа саусақтарды ауыстыра отырып ұстау.
Қос саусақ арасымен моншақты қысып ұстау;
-Балалар, енді біз Сәулеге қапшықтағы моншақтарды тізіп беру үшін мына шимай жолдар арасынан өтуіміз керек. Сол кезде ғана біз қуыршақ Сәулеге көмектесе аламыз.
2. Дидактикалық ойын: «Моншақтың саяхаты» ойыны Мазмұны: Шимай жолдар арасымен жалғыз моншақты саусақтарымен итеріп, жүру арқылы моншақты көтермей домалату.
Жасалу жолы:
Қабатталған екі картон қағаздың бірінші бетінің (моншақ басқа жаққа домалап кетпеу үшін) шимай жолдары кесіліп алынған, сол жолмен моншақты домалатады.
-Жарайсыңдар, балалар, енді бізге сандықшадағы басқа да моншақтарды алуымызға болады. мына моншақтарға назар аударайық. Қандай керемет моншақтар. Бұл біздің кәдімгі тағам жасайтын макарон өнімдерінен жасалған әр –түрлі моншақтар. Бұл моншақтарды түстеріне, көлемдеріне қарай, дәл суреттегідей етіп, тізбектейік.
3. Дидактикалық ойын: «Макарон моншақтар» Мазмұны: әр балаға макарон өнімдерінен тізбектелген моншақтар суреттері беріледі.Суреттегідей етіп, әр-түрлі түсте боялған үш түрлі көлемдегі макарон өнімдерінен жасалған моншақтарды жіпке тізбектейді.
Саусақ жаттығуы: «Түтікше»
Қолдарын жұдырықтайды, жұдырық арасымен моншақтарды өткізеді, саусақтарының икемділіктерін арттырады.
-Ал, балалар мына моншақтарды қараңдаршы, өзі сондай кішкене, сүйкімді, әдемі моншақтар екен. Біздің қуыршақ Сәуле қонаққа барғанда киетін көйлегіме сәйкестендіріп, моншақ жасап беріңдерші,- деп, өтініп жатыр. Мына түрлі-түсті моншақтарды тізбектеп, Сәулеге тағы да әдемі моншақ жасап берейік.
Мен әдемі моншақпын,
Нүктелерім бар сонша көп.
Ақылың болса адаспай,
Тізбектеші шатаспай.
— балалар, біз енді нүктелер саны мен түстерге қарап моншақты тізбектейміз.(Балаларға домалақ пішінде түстер және оның астында нүктелер (үш нүктеге дейін) саны көрсетілген суреттер таратылады)
4. Дидактикалық ойын «Моншақты жина» Мазмұны: домалақ пішінде түстер және оның астында нүктелер (үш нүктеге дейін) саны көрсетілген, сол нүктелер санына сәйкестендіріп берілген түстегі моншақты тізбектейді.
Мысалы: Қызыл домалақ түс, оның астында екі нүкте қойылған бала екі қызыл түсті моншақты жіпке өткізеді.
Ақ домалақ түс, оның астында үш нүкте қойылған бала үш ақ түсті моншақты жіпке өткізеді.
Көк домалақ түс, оның астында бір нүкте қойылған бала бір көк түсті моншақты жіпке өткізеді. Осылайша екі рет суретте берілгендей етіп қайталайды.
Балалар нүктелер санына сәйкестендіріп, түстерін ажырата отырып моншақты тізбектейді.
Қорытынды.
-Жарайсыңдар, балалар сендер моншақтарды жіпке сабақтай алдыңдар. Түстерін ажыраттыңдар.
Қуыршақ Сәуле бізге өте қатты қуанып қалатын болды. Балалар, енді жасаған моншақтарымызды қуыршақ Сәулеге сыйға тартайық. (Балалар бірнеше моншақты қуыршақтың мойынына тағады.) Қуыршақ ризашылығын білдіріп, рахметін айтады.
Жай жүріп өт ойыны
Тәрбиеші залдың шыға берісінде көзін жұмып тұр. Балалар колоннамен бірінен кейін бірі аяқтарының ұшымен жайлап өтіп бара жатады. Егер балалардың біреуі онша тыныш жүрмей бара жатса, тәрбиеші оған қолын тигізеді. Бала кейінірек барып тұрады да, бері өтіп болғаннан соң барып, тағы жүріп өтеді. Колоннаның соңындағы бала тәрбиешіге жайлап: «Бәрі кетіп-қалды»,-дейді. Тәрбиеші көзін ашады.
Нұсқау. Тәрбиешінің қасынан тек ақырын жүріп өтпей, жайлап жүгіріп өте шығуға да болады.
Шеңберге түсір ойыны
Балалар ортада жатқан диаметрі 1-1,5 м үлкен шеңберден немесе дөңгелектен (жіптен немесе еденге сызылған) 2-3адам жерде дөңгелектеніп тұрады. Балалардың қолында құм салынған қап бар. Тәрбиешінің «Лақтыр!» деген сигналы бойынша балалардың бәрі қаптарын шеңбрге лақтырады. Одан кейін тәрбиеші: «Қаптарды көтеріндер!» — дейді. Балалар қаптарын көтереді де, орындарына барып тұрады. Ойын 4-6 рет қайталанады.
Нұсқау.Қапты екі қолмен лақтырулары керек.
Поезд ойыны
Балалар колоннаға бір-бірден тұрады (бір-бірімен қол ұстаспай). Біріншісі – паровоз да, қалғандары – вагондар. Тәрбиеші гудок береді де, поезд алға жылжи бастайды, ең әуелі баяу, кейін жылдам, жылдамырақ және ең соңында балалар жүгіруге айналады. «Поезд станцияға жақындап келеді»,-дейді тәрбиеші. Балалар жүрісті бірте – бірте баяулатады да, поезд тоқтайды. Балалар серуендеуге шығады; олар жан-жаққа тарап, гүлдер, жеміс, саңырауқұлақ, бүршік тереді. Гудокты ести сала олар қайтадан колоннаға тұрады да поездың қозғалысы жаңадан басталады. Ойын 4-5 рет қайталанады.
Нұсқау. Алғашында балалар колоннаға кез келген ретпен тұрады, ал жылдың аяғында өз орындарын есте сақтауды-өз вагонын табуды үйретеді. Ойынның сюжетін өзгертуге де болады, мысалы, поезд көлдің жанына тоқтай алады, онда балалар қайықта серуендеуді, балық аулауды және т.б. бейнелейді.
Допты қуып жет ойыны
Балалар алаңда өзді-өзі ойнап жүреді. Тәрбиеші біршеше балаларды атап шақырып, допты қуып жетуді және онымен ойнауды ұсынады. Балалардың аттарын атай отырып, тәрбиеші кезекпе- кезек әр түрлі бағыттарға допты домалатады. Әрбір бала доптың артынан жүгіріп, оны ұстап алып, тәрбиешіге келеді. Тәрбиеші бұл жолы допты басқа бағытқа қарай лақтырады.
Нұсқау.Үш жасқа аяқ басқан балалар тәрбиешінің бірнеше рет лақтырған добын қуып, қызыға жүгіруге қабілетті. Содан кейін ойынға балалардың келесі тобын тарту керек. Ойынға бір мезгілде 8-10 бала қатыса алады. Балалар бір мезгілде доптардың артынан жүгіру үшін, барлық допты бірден төгіп (домалатып) жіберуге болады. Доптың орнына резеңкеден жасалған дөңгелекті, жұмсақ қапшықты пайдалануға болады.
Жалғыз аяқ жолмен ойыны
Тәрбиеші еденге ұзындығы – 2,5-3 м бір – бірінен қашықтығы – 25-30 см екі параллель сызық сызады (немесе екі жіпті салады). Ол балалардың орман ішінде қыдыруға баратыны жөнінде әңгімелеп береді. Жалғыз аяқ ұзын тар жолмен еппен жүру керек. Сызылған екі сызықтың бойымен балалар бірінен соң бірі жайлап жүріп келеді. Сосын кері қарай қайтады.
Нұсқау.Балалардың сызықты басып кетпеуін, бір – біріне кедергі жасамауын, алдында келе жатқан балаға соқтықпауын тәрбиеші қадағалайды.
Кім бояу? ойыны
Балалар тәрбиешімен бірге жүріп келе жатыр. Күтпеген жерден ол: «Ал енді көрелік, сендердің іштеріңнен кім өте баяу, аяқтың ұшымен жүре алады. Міне былай», — дейді (көрсетеді). Балалар аяқтарының ұшын көтеріп, мүмкіндігінше жай жүруге тырысады. Олар сол жүріп келе жатқан бағытта жүруді жалғастыра береді. Содан кейін тәрбиеші білдірмей бір жаққа қарай шегініп: «Ал енді бәрің де маған қарай жүгіріңдер»,-дейді. Балалар тәрбиешіге қарай жүгіреді, оны қоршап алады, ал ол балалармен әңгімелеседі, олардың жаттығуды жақсы да тырысып орындағанын атап айтады.
Нұсқау.Үш жастағы кейбір балалар аяқтарының ұшымен жүрген кезде басын жасанды төмен салбыратып, иығын ішіне тартып жүреді. Оларға өздері сондай жай жүріп келе жатқан болып көрінеді. Балалардың қатесін көрсетіп, оларды жөндеуге тырысу керек.
Таяқшадан аттап өт ойыны
Бөлменің ортасына таман еденге параллель екі таяқша қою, ара қашықтықтары – 1 м. Бөлменің бір жағында балалар тұрады, екінші жағында орындықтың үстінде жалауша жатады. Бала таяқшаларға бетін қаратып, 2-3 қадам алыс тұрады. Тәрбиешінің айтуымен ол бірінші таяқшаға жүріп барады, онан аттап өтеді, содан кейін екінші таяқшадан аттайды. Орындыққа барады, жалаушаны алады, оны жоғары көтеріп бұлғайды. Содан кейін жалаушаны орындыққа қояды, бір жаққа қарай шегініп жүріп, өзінің орнына келеді. Тапсырманы келесі бала орындайды.
Нұсқау.Егер бірнеше рет қайталанғаннан кейін бұл тапсырма балаларға өте жеңіл болып көрінсе, олар оны тез де сенімен орындайды, сондықтан жаттығуды күрделірек етіп өткізген жөн: еденге параллель етіп 4-6 таяқша немесе бірнеше құрсау тастап, балаларға олардан аттап өту ұсынылады.
Мені қуып жетіңдер ойыны
Балаларбөлменің бір жағында немесе алаңда орындықтарда немесе скамейкаларда отырады. «Мені қуып жетіңдер»,-дейді тәрбиеші және алаңның қарама-қарсы жағына қарай жүгіреді. Балалар тәрбиешіні ұстап алғысы келіп, оның артынан жүгіреді. Балалар тәрбиешіні қуып жеткенде, ол тоқтап қалады да, «Жүгіріңдер, жүгіріңдер, қуып жетемін»,-дейді. Балалар өз орындарына жүгіріп барады.
Нұсқау.Ойынды басында балалардың өз тобымен өткізген тиімді, содан кейін ойнайтындардың санын 10-12-ге дейін көбейтуге болады. Тәрбиеші балалардың жанынан жылдам жүгіріп кетпеуі тиіс. Балалар тәрбиешіні Балалар тәрбиешіні
қуып жеткенде, жақсы жүгіретінің айтып оларды мадақтап қойған жөн.
Торғайлар мен автомобиль
Балалар бөлменің немесе аланның бір жағында тұрған орындықтарға не скамеикаларға отырады. Бұлар – ұяларында отырған торғайлар. Аланның қарама –қарсы жағында тәрбиеші автомобильді бейнелер тұрады. Тәрбиешінің: «Жол жүріп ұшып кеттік, торғайлар», — деген сөзіне балалар аланның бойымен жүгіреді. Қолдарын, құстардың қанаттарын қақаны сияқты екі жағынан бұлғайды. Тәрбиеші біраз уақыт өтккенен кейін: «Байқаңдар, автомабиль келе жатыр, ұшыңдар, торғайлар өз ұяларына» дейді. Автомабиль гараждан шығып торғайлр жаққа бара жатады. Торғайлар ұяларына ұшып барып қонады. (орындықтарға отырады). Автомабиль гаражға қайтадан қайтып келеді.
Нұсқаулар. Басында ойынға балалардың шағын тобы (10 -12 ), содан кейін бүкіл топ қатыстырылады. Тәрбиеші торғайлардың қалай ұшатынын олардың дәндерді қалай шоқитынын алдын –ала көрмсетеді. Балалар торғайларға еліктеп отырып, бұл әрекеттің бәрін орындайды. Содан кейін ойынға автомабиль рольін көрсетуге болады. Мұны тәрбиешінің өзі орындайды. Тек біраз қайталаулардан соң, ол оны белсенді балаға тапсырады. Автомабиль өте қатты жүрмейді. Сөйтіп ол бүкіл құстарға өз ұяларына жетуге мүмкіндік береді.
Маған қарай жүгіріңдер ойыны
Балалар аланның бір жағына қойылған орындықтарға отырады. Тәрбиеші қарама –қарсы жағында тұр. Ол: «маған қарай жүгіріңдер.Бәрі – бәрін де маған қарай жүгіріңдер!» — дейді. Балалар барлығында құшақтағысы келгендей құшағын кең жайып өздерін жылы ұшырай қарсы алып тұрұған тәрбиешіге қарай жүгіреді. Балалар тәрбиешінің жанына жиналып болған соң, ол аланның басқа жағына барып, тағы да: «Маған қарай жүгіріңдер!» — дейді. Ойын 4 – 5 рет қайталанады. «Үйге қарай жүгіріңдер!»- деген сөзіне балалар орындықтарға қарай жүгіреді, отырады және дем алады. Ойынның ережесі бойыша тәрбиешіге қарай « маған қарай жүгіріңдер!» — деген сөзден кейін ғана жүгіруге болады. Итеріспеуге, бір –біріне бөгет жасауға болады.
Нұсқау: Ойнағысы келгендерді шағын 2 топқа бөлуге болады. Әзірше бір топ ойнайды. Басқасы қарап отырады. Сосын олар рөлдерін ауыстыралды. Алғашында балалар кез –келген орындықты иемденуіне болады. Бірте – бірте олар өз орындарын табуға үйренеді. Ойынды қайталағанда орындықтарды бөлменің әр шетіне орналастыруға болады.