Ойындар топтамасы:"Сюжетті-рөлді ойындар"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ойындар топтамасы:"Сюжетті-рөлді ойындар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сюжетті – рөлдік ойындарды балалар өздігінен үш-төрттен бірігіп ойнай береді. Көбіне олардың сюжетті өрбіте алмай, қарапайым ғана ойнап әрі қарай не істерлерін білмей дағдаратын кездерін жиі байқауға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сюжетті – рөлдік ойындар

Балалар ойынының алғашқы формаларының бірі - сюжетті – рөлдік ойындар. Сюжетті – рөлдік ойындарды өз мәнінде ойнату үшін алдын-ала дайындық жұмысына көңіл бөліп, балалардың ой-өрісін, танымын кеңейтіп, олардың іс-тәжірибелерін толықтыра берген жөн. Сюжеттi-рөлдiк ойындарының ерекшелiгi сол, оны балалардың өздерi жасайды. Ойынның дербес әрекетi айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ та қысқа да болуы мүмкiн. Сюжеттi-рөлдiк ойында бейнелеу құралы рөл мен ойын әрекеттерi болып табылады. Мысалы: «Дукен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушының әрекеттерiне, ал «Аурухана» ойынын ойнағанда дәрiгер мен науқастың әрекеттерiне елiктейді.

Сюжетті – рөлдік ойындарды балалар өздігінен үш-төрттен бірігіп ойнай береді. Көбіне олардың сюжетті өрбіте алмай, қарапайым ғана ойнап әрі қарай не істерлерін білмей дағдаратын кездерін жиі байқауға болады. Ал, тәрбиешінің міндеті - ойынға бастапқы кездері басшылық жасай отырып, ойынды өз мәнінде ойнай білуге үйрету. Ол үшін, сюжетті – рөлдік ойындарды талдап, ойнау жолдарын қалай кеңейтуге болатынын жан-жақты ойластыра білген жөн. Ойын кезінде баланың мінез-құлқы өзгереді. Қойылым кезінде бала өз-өзін тез жинап, өзін байсалды ұстайды, сюжеттің мазмұнын есіне тез сақтап қалады.


«Ғарышкерлер»


Ойын мақсаты: Балаларды еңбекті құрметтеуге, ұйымшылдыққа, достыққа баулу.

Қажетті атрибуттар: көкшіл матадан тігілген ғарышкердің костюмі, бас киім, жалаушалар.

Ойын шарты. Ойын серуенде, зымыран ойыншығының жанында өткізіледі.

Балаларды рөлдерге бөлу: командир, механик, дәрігер, ғарышкерлер.

Командир ғарышкерлермен жаттығу жүргізеді. Дәрігер денсаулықтарын тексереді. Ракетаға әр жолы 4-5 баладан отырып ұшады. Жерде жалаушамен белгі беріп, ұшатын, қонатын бағытын сілтеп көрсетеді. Ойынды түрліше күрделендіріп өткізуге болады.


«Сән ательесі»

Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілеттерін, тілдерін дамыту, достық қарым-қатынастарын тәрбиелеу.

Қажетті атрибуттар: іс тігетін ойыншық машина, үлгілер, матаның қиықтары, қуыршақ, сән журналдары.

Ойын шарты.

Балаларды рөлдерге бөлу: 3-4 бала тігінші, 2-3-уі киім пішуші (модельер)

Ательеге 2-3 бала қуыршақтарын көтеріп, көйлек, т.б. заттарды тіккізуге тапсырыс береді. Киім пішуші арнайы өлшеуішпен қуыршақтың көйлегінің ұзындығын, кеудесін, жеңін өлшеп алады да, дайын үлгімен қияды.

Бұл жұмысты ұжымды түрде барлық балалар бірігіп істеуіне әбден болады.


«Пошташы»

Ойынның мақсаты:Балаларды достыққа, ізгілікке, т.б. қасиеттерге тәрбиелеу

Қажетті атрибуттар: пошташының қалпағы, сөмкесі; пошта жәшігі, «Балдырған» журналдары, хаттыстар (конверт).

Ойын шарты. Тәрбиеші балаларға: «Қазір бір-біріңе хат жазасыңдар» ,- деп хабарлайды. Ол үшін хаттыстың сыртына достарыңның атын жазып, ішіне өздерің қалаған суреттеріңді салып, пошта жәшігіне тастайсыңдар.

Пошташы хаттарды жәшіктен сөмкесіне салып, өз иесіне тарата бастайды. Ойынды әрі қарай өрбітуге болады.

«Сәуле , саған кім хат жазды?» немесе «Ненің суреті, атын ата?» т.б. сұрақтарды қоя отырып, балалардың танымын кеңейтуге болады.


«Кеме»

Мақсаты: Адамдардың әр түрлі мамандықтары туралы балалардың білімдерін жетілдіру, ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.

Қажетті атрибуттар: ағаштан жасалынған кеменің макеті, руль, капитанның қалпағы, балықтар.

Ойын шарты. Балалар өз қалаулары бойынша капитан мен кеме жүргізушіні тағайындайды, содан кейін әрқайсысы өз орындарына отырады.

Капитан өзінің жүргізушісіне оңға бұр, солға бұр, тура жүр,- деп басқарып отырады.

Кемемен серуенге шыққанда теңізшілердің еңбегі, балықтардың түрлері жайында мағлұмат беріледі. Саяхат көңілді болу үшін ән айтады.

Бұл ойын балаларды ұйымдасқан түрде ойнай білуге баулиды.


«Балықшылар»

Ойынның мақсаты:Балаларды балықшылардың еңбегімен таныстыра отырып, еңбек құралдарымен және оларды қалай пайдаланатынын білгізу.

Қажетті атрибуттар:ау, қармақ, балықтар.

Ойын шарты. Балалар ау тартуға әзірленеді. Бір шетте суда жатқандай ау жатады. Балалар аудың бір жақ шетінен тұрып екі қолдарымен алма-кезек тарта бастайды. Екінші шетінде бір-екі бала жай жүріп тартып келеді. Ойын барысында балалардың қимыл-әрекеттерін қадағалау. Ұстап алған балықтардың түрлерін сұрау. Ау саланып болғаннан кейін реттеп жинап қояды.

Ойынға «Балықшы» тақпағын пайдалануға болады.

Дауылға да қарамай,

Жауынға да қарамай

Балықшылар айдында

Ау тартады жағалай.

Ұшқыш

Ойынның мақсаты: Балаларды еңбекті құрметтеуге, ұйымшылдыққа, достыққа баулу.

Қажетті атрибуттар: ұшқыштың бас киімі, билет, дүрбі

Ойын шарты.

Балаларды рөлдерге бөлу: 4 бала ұшқыш рөлінде, қалған балалар жолаушылар, 1 бала – хабарлаушы, 1 бала тексеруші (кондуктор), 1 бала – кассир.

Тәрбиеші ұшақтың 2-3 түрін атайды: «Ту», «АН»,т.с.с.

Топтағы балаларды үш не төрт командаға бөліп, ұшқыш рөліндегі балалардың соңынан қатарға бөлініп тұрады. Хабарлаушы микрофоннан хабарлайды: «Қостанай – Алматы рейсі бойынша ұшаққа отырғызу басталады». Билеттерін тексерушіге көрсетіп, ұшаққа мінеді. Ұшқыш бала қолын пропеллер сияқты айналдырып, қолдарын екі жаққа жайып ұшақ сияқты ұшады. Екі-үш айналып ұшады да, жерге қонады.

Ұшқыш болам.

Көкке ұшамын -

Ұшқыш болар баламын.

Соңына ерем

Ғарышкердей ағаның.


Балабақша


Ойынның мақсаты: Балаларды еңбекті құрметтей білуге баулу.

Ойын шарты.

Балаларды рөлдерге бөлу: 1 бала тәрбиеші, 2-сі күтуші, 3-сі - медбике, 4-сі – аспазшы.

Тәрбиеші ойынға басшылық жасап, ойынды өрбітеді. Таңертең бақшаға келген балаларды «медбике» қабылдайды., тазалығын қарайды. «Тәрбиеші» ойыншықтарды ұсынып, оларды ойнатады. «Аспазшы» рөліндегі бала ойыншық ыдыс-аяқтарды үстелге қойып, балаларды тамақтануға шақырады. Балалар қолдарын жуған боп, тамаққа отырады.

Әрі қарай күнделікті режим сәттеріне орай ойынды өрбітеді.

«Сәлеметсіз бе, сау болыңыз, кешіріңіз, рахмет», т.б. сыпайы сөздерді дер кезінде айтқыза отырып, сыпайыгершілікке баулу.

Азық - түлік дүкені

Ойынның мақсаты: Балаларды еңбекке, еңбекті құрметтей білуге, сыпайыгершілікке, ізгілікке, адалдыққа баулу.

Қажетті атрибуттар: ойыншықтар, ыдыс-аяқтар, папье-машеден жасалынған тағам түрлері, ақ халат, қалпақ, есеп шот, қағаздан жасалған дөңгелектер.

Ойын шарты. Бұл ойынды әуелі жеке-жеке ойнатып, әбден жаттыққаннан кейін үш дүкенді қатар ашып ойынды күрделендіру.

Балаларды рөлдерге бөлу: 2 бала сатушы, 1 бала кассир, қалғандары тұтынушылар.

Тәрбиеші ойын ережесін түсіндіреді. Ереже бойынша сатушылар да, тұтынушылар да бір-бірімен сыпайы сөйлеседі. Бір затты сатып алған соң, рахмет айтуды ұмытпауы керек. Сатушыда өз кезегінде «Тағы да келіп тұрыңыз», - деп ілтипат білдіреді.

Бірінші ойыншық дүкенін ұйымдастыру. Ойыншық сөресінің жанына үстел қойылып сөреде «Дүкен» деген жазу ілулі тұрады. Кассирдің алдында есепшот, ақша салатын қорап, ақ қағаз, қарындаш. Ойыншық алғысы келген балалар ең әуелі кассирге ақшасын төлейді. Не алғысы келетінін айтады. Кассир чек жазып береді. Чекті алып сатушыға береді. Сатушы «тағы да келіп тұрыңыз» - дейді.

Тәрбиеші ойынға жалпы басшылық жасайды.


Автобус жүргізуші

Ойын мақсаты: Балаларды жүргізуші мамандығымен таныстырып, оның пайдасы мен қажеттілігін айқындау, еңбекті сүюге баулу, қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Қажетті атрибуттар: руль, абонементтер, орындықтар, микрофон.

Ойын шарты. Бір баланы автобус жүргізуші, екіншісін тексеруші етіп тағайындайды. Қалған балалар жүргіншілер. Егер ойын бөлмеде өткізілсе, орындықтар екі қатар етіп қойылады. Борменен еденге алдыңғы, артқы есік белгісін, яғни екі параллель сызығын сызады. Аялдамада тосып тұрған жүргіншілер артқы есіктен кіріп, біртіндеп қолдарындағы абонементтерін компостерге тесіп орындарына отырады.

Жүргізуші рөліндегі бала «ал кеттік» деп, аузымен мотордың дүрілін салып жүргізеді. Біраз жүрген соң, келесі аялдамаларды «дүкен, дәріхана, парк» деп микрофонмен хабарлағанда, әр аялдамада 4-5 баладан түсіп отырады. Тексеруші рөлін алғашқы кезде тәрбиеші өзі атқарады. Балалар автобустан түскенде қолдарындағы абонементтерін жинап алады. Автобустан түскен балалар «дүкен», т.б. орындарға кіріп, оны-мұны сатып алып, тағы да аялдамаға келіп тосады.

Ойынды осылайша қайта жалғастыруға болады.

Емхана

Ойынның мақсаты: Ақ халатты абзал жандардың игілікті еңбегіне деген балалардың сүйіспеншіліктерін арттыру. Дәрігердің сезімталдығы, кішіпейілділігі, қамқорлығы сияқты қасиеттерін жете түсіндіру.

Қажетті атрибуттар: дәрігердің ақ халаты, қалпақ, рецепті жазатын қағаз, қалам, фонендаскоп, градусник т.б. құралдар.

Ойын шарты. Балаларды рөлдерге бөлу: дәрігер, медбике, ауру бала - қуыршақ, ауру баланың шешесі.

«Шешесі» ауру баласын дәрігерге әкеледі. Дәрігер «қай жері аурады?» деп сұрап балаға градусник қояды, өкпесін тыңдайды, рецепт жазады. «Медбике күніне үш рет укол салады» деп процедура кабинетіне жібереді.

Ойын барысында, егер дәрігерге келушілер кезек күтіп ұзақ отырып қалса, балаларға емханада шуылдауға болмайды, шу дәрігерге де, ауру адамға да бөгет жасайды деп, дер кезінде араласып, дұрыс бағыт беріп отыру керек.

Ақ халаты үстінде

Аппақ оның ісі де;-



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.10.2018
36438
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі