Материалдар / «Ойынға салауатты көзқарас» «Әрекетсіздік пен серіктестік жауапкершілігі»

«Ойынға салауатты көзқарас» «Әрекетсіздік пен серіктестік жауапкершілігі»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ойынға салауатты көзқарас» «Әрекетсіздік пен серіктестік жауапкершілігі»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2024
111
1 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Іс-шараның тақырыптары:

«Ойынға салауатты көзқарас» «Әрекетсіздік пен серіктестік жауапкершілігі»

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)


Күні:


Сынып:

11 « »

Сабақтың мақсаттары:

  • 1. Балаларға ұлттык ойындар туралы мағлұмат беру және білімдерін кеңейту.

  • 2. Білім алушылардың ой-өрісін кеңейту, есте сақтау, логикалық ойлауын, танымдық қабілеттерін арттыру, сөздік қорын молайту.

  • 3. Салауатты өмір салтын ұстануға, ойынға деген қызығушылыққа тәрбиелеу. Бір- біріне көмектесе отырып, достық, жолдастық қарым- қатынасқа тәрбиелеу.

  • қылмысқа қатысушылық ұғымын енгізу; топтық қылмыстық әрекетке қатысушылардың негізгі рольдерін зерттеу; топтық қылмысқа қатысушылардың жауапкершілік дәрежесін анықтау; білім алушылардың теориялық білімдерін заңды фактілерді талдауға қолдану дағдыларын дамыту.

Құндылық :

«Тәуелсіздік және Отаншылдық»

Сабақтың барысы

Сынып сағатының кезеңі\ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

бағалау

ресурстар

Ұйымдастыру



































«Ойынға салауатты көзқарас»

Лудомания туралы бейнефильм көру

Мақсаты:

1. Балаларға ұлттык ойындар туралы мағлұмат беру және білімдерін кеңейту.

2. Білім алушылардың ой-өрісін кеңейту, есте сақтау, логикалық ойлауын, танымдық қабілеттерін арттыру, сөздік қорын молайту.

3. Салауатты өмір салтын ұстануға, ойынға деген қызығушылыққа тәрбиелеу. Бір- біріне көмектесе отырып, достық, жолдастық қарым- қатынасқа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ұлттық ойындардың суреттері, арқан, белбеу, орамал, сақина, қоржын.

Әдісі: түсіндіру. әңгімелеу, сұрақ- жауап, ойын.

Өтілу барысы:

I.Ұймдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық «Жүректен жүрекке» балалардың бір-біріне деген мейірімді, жылы сөздерін және тілектерін айту.

Шаттық шеңбері:

Армысың ару күн!

Армысың көк аспан!

Ашық аспан астында,

Біз бақытты баламыз,

Достарымды көргенде,

Қуана қарсы аламыз.

Біз қазақтың үлттық ойындарын ойнаймыз. «Менің сүйікті ойындарым»

II. Негізгі кезең.

1. Сұрақ- жауап

- Балалар, ойнағанды жақсы көресіңдер ғой?(жақсы көреміз)

-Қандай ойындарды білесіндер? (сақина салу, асық және т.б. ойындар)

-Кім қандай ойынды жақсы көреді? (футбол, қуып жет)

-Кім қандай қазақтың ойындарын біледі? (асық, белбеу тастау)

2. Көрініс: Тазша бала келе жатыр. Ол біз ойнайтын ойындарымызға керек заттарды алып келе жатыр.

3. Ойындарды ойнату:

-Ойын: «Сақина салу» (Ақшамшық).

Ойынға бірнеше адам қатысып, ортаға бір баланы немесе бір қызды шығарып, қолына сақина ұстатады. Ойын ережесі бойынша барлығы

өңгелене отырып, екі алақанын бір - біріне кабыстырып алға созады. Ойынды жүргізуші алақанындағы сақинаны кімге салса да өз еркі. Ол барлығының алақанына сақина салған болып шығысымен, «Тұр сақинам, тұр», - деп, немесе «Ақшамшығымды бер!» деп дауыстайды. Сол сәт сақина тасталған адам орнынан атып тұруға тиісті, «Сақина менде», - деп. Оны көршісі ұстап алмай қалса, жұрт алдында өз өнерін көрсетеді немесе сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтар:

Біз ойнап жатқан ойын қалай аталады? \ сақина салу немесе ақшамшық, кейбір кітаптарда «ақшамшық» деп те жазылып жүр - ұлттық ойынныцң бір түрі\

Ұлт ойындары атадан - балаға, үлкеннен - кішіге мұра болып жалғасып отырған ба? \Иә, осылайша бізге ата-бабамыздан мұра боп қалған құндылық\

Ұлттық ойындардың қандай пайдасын білесің? \Ойын тек адамның дене күш - қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке т. б. тәрбиелеп өана қоймай, адамның ақыл- ойыныц толысуына, есейіп өсуіне де көп пайдасын тигізеді\

Қазақтың ұлттық ойындарының түрлерін білесің бе?

Қазақтың ұлттық ойындары бірнеше түрге бөлінеді. Олар: Аңға.

байланысты , малға байланысты,заттармен ойналатын спорттық- күш сынасу, , шымыр болуға бағытталған және ептілікті, байқағыштықты, алғырлықты, ой жүйріктілігін жетілдіретін ойын түрлері өте көптеп саналады.

Қазақтың ұлттық ойындарының түрлерін ата? Асық ойындары, ат ойындары- «Көкпар», «Бәйге» т.б, «Жұмбақ жасыру» , «Санамақ», «Айгөлек», «Қапшықпен секіру», «Арқан тарту», «Орамал тастамақ», «Соқыр теке», «Алақан соқпақ» «Дауыста атыңды айтам!», және тағы да өте көп.

Ойын: «Соқыр теке»

Балалар дөңгелене тұрады. Бір баланың көзі байланып қойылады.

Балалар: Бота, бұзау, қозы, лақ

Қайда кеткен құлыншақ

Соқыртеке бақ - бақ

Мені ізден тап - тап

Деп тақпақтайды.

Содан кейін Соқыртеке (баланың көзі байлаулы (баларды қуалайды немесе балалар оның жанына келіп түртіп қашады. Соқыр теке ұстап алған баланың көзі байланады да ол «соқыр теке» рөлін атқарады. Ойын осылайын жалғаса береді.

- Ойын: «Санамақ»

Ойынның шарты: ойын бастаушы қатысушы бір адамды ортаға алып шығады. Ол адам бір тектес атау сөзден жаңылмай, кідірмей аттап жүріп айтуы керек. Тоқтамай қателеспей айтып шықса, жүлде алады. Егер қателессе ойыннан шығады. Мысалы: Жаңылмай «А»- дан басталатын 10 қыздың немесе 10 ұлдың атын атауы керек.

-Ойын «Арқан тартыспақ»

-Тазша бала балалармен қоштасып, ертегілср еліне қайтады.

-Жаттығу

III. Қорытындылау:

Бейнефильм көрсету: https://yandex.kz/video/search?text=лудомания+дегеніміз+не&from=tabbar

Бүгін біз қандай ойындар ойнадық? \«Сақина салу», «Соқыр теке», «Санамақ», «Арқан тартыспақ» барлығы қазақтың ұлттық ойындары.

Сабақ сендерге сабақ ұнады ма?

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау.












































































ҚС

Сабақтың мақсаты: қылмысқа қатысушылық ұғымын енгізу; топтық қылмыстық әрекетке қатысушылардың негізгі рольдерін зерттеу; топтық қылмысқа қатысушылардың жауапкершілік дәрежесін анықтау; білім алушылардың теориялық білімдерін заңды фактілерді талдауға қолдану дағдыларын дамыту.

Негізгі міндеттері:

  1. жасөспірімдерде өз іс-әрекеті үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеу;

  2. азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру, заңды құрметтеуге үйрету.

Сабақтың барысы

  1. Кіріспе (2 мин)

Кәмелетке толған балалар қатысатын әрекеттер қылмыс сипатында болуы мүмкін немесе теріс қылық ретінде қарастырылуы мүмкін. Қылмыс та, теріс қылық та заң бұзушылық. Екі жағдайда да оларды жасаған адам қылмыскер. Бүкіл қоғамға қауіпті әрекеттер қылмыс; қылмыстардың нақты тізімі Қылмыстық кодексте көрсетілген.

Балаға қай уақытта ойын-сауық мекемелері мен үйден тыс жерлерге баруға тыйым салынады?

Баланың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін) ойын-сауық мекемелерінде болуына, сол сияқты онда жіберілуіне тыйым салынады.

Ойын-сауық мекемелеріне:

    • ойын мекемелері;

    • түнгі клубтар;

    • кафе-барлар;

    • мейрамханалар;

    • интернет-кафе;

    • компьютер;

    • бильярд бөлмелері;

    • боулинг клубтары мен кинотеатрлар.

Сағат 23.00-ден таңертеңгі 6.00-ге дейін кәмелетке толмағандарға заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз көшеде болуына тыйым салынады.

Егер бұл уақытта балалар үйдің ауласындағы орындықта отырса, қоқыстарды кешкі уақытта шығарса, өзі тұрған үйден 5 метр қашықтықта орналасқан дүкенге барса, полиция оны табудың себебін анықтауға, заңды өкілдерін құруға, оларды уақытылы анықтау мүмкіндігі болмаған жағдайда, кәмелетке толмаған адамды оның заңды өкілдерін табу жөніндегі келесі шаралар үшін полиция органына жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті.

Заңды өкілдер, мекеме иелері қандай жауапкершілікке тартылады.

Ата-аналарға, заңды өкілдерге кәмелетке толмаған балалардың заңды өкілдерінсіз түнде ойын-сауық мекемелерінде немесе үйден тыс жерлерде жүргені үшін:

    • кешкі 22.00-ден таңғы 6.00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде болса, 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады;

    • түнгі 23.00-ден таңғы 6.00-ге дейін үйден тыс жүретін болса – ескерту жасалынады.

Егер ұқсас факт жыл ішінде қайталанса, 7 АЕК көлемінде айыппұл

қарастырылған.

Баланы тиісті емес уақытта болғаны үшін ойын-сауық мекемесінің иелеріне де айыппұл салынады.

Айыппұлдың мөлшері құқық бұзушының мәртебесіне, сондай-ақ құқық бұзушының жыл ішінде осындай бұзушылық үшін бұрын жауапқа тартылған- тартылмағанына байланысты. Айыппұл іс-әрекетті тоқтатумен немесе белгілі бір қызмет түрімен бірге қолданылуы мүмкін.

  1. Негізгі бөлім (6 мин):

Рольдік ойын: «Адал болу!».

Қатысушылар серіктес болып бірге атқарады. Сұрақ-жауап:

  • «Қылмысқа қатысу» деген сөздіқалай түсінесіз?

  • Қылмысқа сыбайластар қандай жауапкершілікке тартылады?

  • «Жазалау» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Өзіңізге белгілі жаза түрлерін атаңыз.

  • Жазаның бір түрін толығырақ түсіндіріңіз. 3.Қорытынды.

Пайдалы сілтеме: https://youtu.be/NHWYVHBHch4?si=eO08802OqPxTp3wt







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!