400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ойыншының тұру қалпы. Жарақаттан естен танғандарға көрсетілетін алғашқы көмек. Теория

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың тақырыбы: Ойыншының тұру қалпы. Жарақаттан естен танғандарға көрсетілетін алғашқы көмек. Теория Мұғалімнің аты-жөні: Ешманов Н Күні: /02.2017 СЫНЫП: 5В Қатысқан оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар саны: Сабақ негізделген оқу мақсаттары: Ойыншының тұру қалпы жайлы түсінік айту, ойыншының тұру қалпын үйрету, құрал-жабдықтармен таныстыру. Сабақтан күтілетін нәтиже: Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Ойыншының тұру қалпын біледі, құрал-жабдықтардың атқаратын функцияларын біледі, жаттығуды түсінеді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Құрал-жабдықтарды қолданып, ойыншының тұру қалпын қолданады, мәтінді жазады. Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады: Ойыншының тұру қалпы ,кедергіден өту жаттығуларды қолдана алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ойын – балалар үшін қоршаған ортаны танып-білудің ең жеңіл де ұтымды тәсілі. Сюжетті-рөлді ойынның ерекшелігі сол, оны балалар өздері жасайды. Мысалы, «Аурухана» ойынында дәрігер мен науқастың әрекеттеріне еліктейді. Көптеген балалар дәрігерлерден қорқады. Бала санасында дәрігерлердің жағымды бейнесін құруға көмектесетін –«Аурухана» ойыны. Ол үшін емделуші мен дәрігер рөлдік ойынын пайдаланамыз. Дәрігер міндетті түрде ақ халатта болуы керек және тәрбиешінің өзі болғаны абзал. Келесіде дәрігер мен науқастың рөлдерін ауыстыруға да болады. Оған заттар дайындалады: шприц, мақта, дәрумендер,дәрі-дәрмектер, т.б. Балаларға ойын барысында шын дәрілерді, инесі бар шприцті беруге мүлде болмайды, тіпті, бала тәрбиешілердің көз алдында болса да рұқсат етілмейді. Қазіргі кезде дүкендерден «Аурухана» ойынына арналған көптеген ойыншықтарды кездестіруге болады. Олар пластмассадан жасалған және өте қолайлы. 
Балаларға
«103»жедел жәрдемге қоңырау шалуды үйрете отыра, ойын барысында ненің қауіпті және ненің қауіпсіз екенін түсіндіріп отырамын. Қуыршақтың іші ауырған болса, ең алдымен себебін анықтап аламыз. Себептері мынадай болуы мүмкін: қол жумай тамақ ішуі, жемістер мен көкөністерді шала жуып жеуі, кез келген затты ауызына салуы сияқты жайттар. Аю аяғын жарақаттап алған болса, жол үстінде ойнауы, оның абайсыздығы, т.б. Мұның тигізер кесірін де айта кету артық етпейді.

Осы ойынды ойнау барысында балалар дұрыс, қате әрекеттерді ажыратуға үйренеді, мейірімділік, қайырымдылық, жанашырлық, қамқорлық сияқты сезімдері оянады. 
Міне, осындай және басқа да сюжетті-рөлді ойындар барысында балалардың танымдық қабілеті қалыптасады, балалар өзін-өзі танып, ойы шыңдалады, қоғамдық тәжірибені меңгереді, ұжымдық қарым-қатынасқа үйренеді. «Аурухана» ойынында дәрігер болып Қаракеш Сезім ойнады. Сезім дәрігер рөлін жақсы сомдақ шықты. Науқас болып Аккужина Айша болды. Сонымен қатар бұл ойынға Шайкенова Саида, Саламатов Әліби, Баканев Даниил, Ешманов Даян қатысты. Саламатов Әліби, Баканев ДаниилҚайыржан Бейбарыс үстел үстіне қойылған дәрігердің заттарын қарап, әр затты дәрігер қалай қолданатынын айтып өтті.

Сонымен қатар, «Аурухана» сюжетті-рөлді ойыннан кейін мен балалар дәріханаға серуенге шықтық. Онда балаларға аурухана не үшін қажет екенің , адам ауырғанда дәрі-дәрмекті дәріханадан сатып алатынын айтым. Едрисова Жания мен Ермуратов Жан дәріханашыға сұрақ қоя білді. Балалар сюжетті- рольді ойын «Аурухана» мен қатар дәріханаға серуенге шыққандары өте ұнады. Топтың ішінде балалар өзара бір-бірлерімен көрген-білгендерімен пікір алмасты.







Сюжетті - рөльді ойын «Аурухана»

Мақсаты: Ақ халатты абзал жандардың қамқорлығын, мейірімділігін, кішіпейілдігін таныстыру. Балаларды мәнерлеп, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Ұжымдық ойнауға тәрбиелеу.


Тәрбиеші: Балалар біздер күннің 2 жартысында сюжетті -рөльді ойын ойнаймыз. Қандай сюжетті рөльды ойын білесіңдер?
Жан: Дәріхана, Шаштараз, Дүкенші, Жол ережесі.
Тәрбиеші: Ендеше бүгін қандай ойын ойнаймыз.

Балалар: Аурухана.
Тәрбиеші: Олай болса ойынды ойнамас бұрын рольді бөліп алайық. Кім дәрігер болғысы келеді, кім медбике, кім ана, бола болғысы келеді? Кім дәріханашы болғысы келеді. Жарайды ендеше әркім өз орнына барсын.
Ана (Жанерке): Сәлеметсіз бе, дәрігер!
Дәрігер (Сезім): Сәлеметсіз бе!
Ана (Жанерке): Менің балам түнімен ауырып шықты, қарап жіберіңізші.
Дәрігер(Сезім): Қашаннан бері ауырды?
Ана (Жанерке): Кешеден бері

Дәрігер(Сезім): Ендеше қызуын өлшейін. Қызуы жоқ, енді аузынды аша ғой тамағынды қарап жібірейін. Тамағы қызармаған, жақсы. Енді өкпесін тыңдайын. Балаңызға салқын тиген, өкпесінде сырыл бар, емдеу керек. Мына дәріні дәріханадан алып, балаңызға ішкізіңіз.
Ана (Жанерке): Рахмет дәрігер, сау болыңыз
Ана (Жанерке): Сәлеметсіз бе!
Дәріханашы (Бисана): Сәлеметсіз бе!
Ана (Жанерке): Маған мына дәріні беріңізші
Дәріханашы (Бисана): Қағазыңыз бар ма? Мына дәріні 2 мезгіл беріңіз.
Ана (Жанерке): Рахмет. Сау болыңыз.
Дәріханашы (Бисана): Сау болыңыз.
Ана (Жания): Сәлеметсіз бе, дәрігер!
Дәрігер (Жан): Сәлеметсіз бе!
Ана (Жания): Менің баламның көзі ауырып жүр, қарап беріңізші.
Дәрігер (Жан): Қане отыр. Көзіңді шаң тозаңнан қорғау керек, теледидарды көп қарауға болмайды, компьютер көп ойнауға болмайды. Көзіңді күту керек. Мына дәріні көзіңе 2 мезгіл тамыз.

Ана (Жания): Рахмет, сау болыңыз
Дәрігер (Жан): Сау болыңыз
Тәрбиеші: Балалар бүгін ойынды жақсы ойнадыңдар, рахмет. Олай болса кім дәрігерлер туралы тақпақ біледі.

Сезім: Ақ халатты киетін
Аппақ болып жүретін
Аппақ болып жүргенді
Өзім қатты сүйемін
Бейбарыс: Іш ауырса, тіс ауырса
Маман дәрі береді
Барлық бала, барлық ана
Оны жақсы көреді
Тәрбиеші: Енді өзімізді таныстырып өтейік.
Бала дәрігері: Қаракеш Сезім.

Көз дәрігері: Ермуратов Жан.
Дәріханашы: Мендыбаева Бисана
Ана: Едрисова Жания, Талғатова Жанерке
Бала: Шайкенова Саида, Аккужина Айша
Тәрбиеші: Рахмет, балалар. Үнемі таза болып жүруге дағдыланындар.
Денсаулықтарын зор болсын, ешқашанда ауырмандар.




































№13 бөбекжай-бақшасы













Сюжетті - рөльді ойын «Аурухана»

«Дәріханаға» саяхат


ІІ кіші «Жұлдыз»










Тәрбиеші: Омарова Қ.С












Қостанай 2016 ж

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қазан
426
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі