Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ойыншықтар
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тараз қаласы
№9 бөбекжай-бақшасы
Қазақ тілі пәні мұғалімі
Шукирбаева Жадыра Аликовна
Білім беру саласы: Коммуникация ,Таным, Шығармашылық, Денсаулық
Бөлімі:Қазақтілі
Тобы:Мектепке дейінгі ересектер тобы
Тақырыбы: «Ойыншықтар»
Бағдарламаныңмазмұны:Балалардыңсөздік қорынарттыру, сөздерді қолданып сөйлем құрауға дағдыландыру.Балалардыңестесақтауқабілеттеріндамыту.Ойыншықтардыңтүрімен,қасиетімен,түсіменжәнекөлеміментаныстыру.Балалардың бір- біріне деген сыйластыққа және ойыншықтардыұқыпты ұстауғатәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, интерактивті тақта, флипчарт,ойыншықтар, Дьенеш блоктары, М.Монтессори ойыны, «Лего» құрастыру ойыны.
Алдын ала жұмыс:суреттербойыншажұмыс, тақпақтар мен мақал-мәтелдержаттау.
Сөздік жұмысы: ойыншықтар.
Әдіс-тәсілдері:Сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру, көрсету, жұмбақ суретарқылыжасыру.
Билингвалды сыңары: «Ойыншықтар – игрушки»
Қажеттікөрнекілікқұралдар:Ойыншықтар, орманбейнесі, машина, ойыншықтардыңсуреттері.
Барысы
/Қуаныштысәт/ әуенменқарсыалу.
1.Шаттық шеңбері
Балалар, «Шаттықшеңберге» тұрыпамандасыпалайық /BilimKids.kz/ сайтынанбейнероликарқылы«Сәлем! Сәлем!»
Сәлем! Сәлем!
Шапалақ соғайық!
Сәлем! Сәлем!
Шапалақ соғайық!
Жарайсыңдарбалалар!
2.Сұрақ-жауап
Қазіржылдыңқаймезгілі?
Қысмезгіліндеқанша ай бар? Оларқандайайлар?
Қысмезгіліндеқандайөзгерістерболады?
Өте жақсы жарайсыңдар.
3.Тіл ұстарту жаттығу.
Ыс – ыс – ыс, Келіп жетті қыс.
Ар – ар – ар, Жауадықар.
Яз – яз – яз Сақылдаған сары
аяз.
4.
/Балалардың назарын
ойыншықтар тұрған жиһазға
аударады./
- Балалар, қараңдаршы, сендер нені байқадыңдар?
- Қалай ойлайсыңдар, барлық ойыншықтар қайда кеткен?
- Мен де солай ойлаймын, олар барлықтары бізден кетіп қалды. Неге
кетіп қалды, өз ойларыңды айтыңдаршы?
- Иә, балалар, олар бізге өкпелеп қалды. Енді не істейміз? Қайтып
оларды қайтарамыз?
- А - а - а, мен білем бізге кім көмектесе алатынын. Ол –
ойыншықтар патшайымы. Оны бізге көмектесуге шақырайын. Кәне, оған
мен шұғыл телефон соғайын./Бірақ алдымен көзге жаттығу жасап
алайық/
5.Көз жаттығуы.
6. /Ватсап арқылы бейнероликпен сөйлеседі/
Ойыншықтар патшайымы
балалармен амандасады.
О.
П.: Не болып қалды, неге сендер
хабарласып тұрсыңдар?
Мұғалім: Құрметті ойыншықтар патшайымы, біз топтағы ойыншықтарымызды ренжітіп алдық. Оларды сындырып, лақтырып ұқыпты ұстамағаннан кейін, ойыншықтарымыз бізге ренжіп кетіп қалды. Сіз оларды көрдіңіз бе?
О.П.:- Иә мүмкін мен оларды
патшалығымда көрген болармын. Сендер қандай ойыншықтарды жоғалтып
алдыңдар? Ойыншықтарың неден
жасалынған?
Балалар:-Біздің ойыншықтарымыз әртүрлі. Олар
пластмассадан, резинадан, матадан, ағаш пен темірден
жасалынған.Мысалы: қуыршақ Айсұлу пластмассадан жасалған. Оның көк
түсті көйлегі бар. Ал қонжықтар матадан, машиналар ағаштан
жасалынған.
О.П.:
Иә көрдім
балалар.Олар сендерге қатты ренжіп
қалыпты. Енді сендерге қайтып оралмаймыз
дейді.
Балалар:- Патшайым сен оларды бізге
қайтып оралуға көмектесші. Біз оларды ешқашан да сындырмаймыз,
жерге лақтырмаймыз, біз оларды күтіп аялап
ұстаймыз.
О.П:- Мен сендерге көмектесемін.
Бірақ сендер өздерің біздің патшалығымызға келіп ойыншықтардан
кешірім сұрауларың керек. Жолда сендерді көптеген кедергілер күтіп
тұр. Солардың барлығынан өтсендер патшалыққа да жетесіндер.Жолдарың
болсын балалар!
Мұғалім:Ал балалар, олай болса біз жолға шығайық. Бірақ жолға қалай шығамыз? Орманға немен барамыз?
-Көлікпен!
Дұрыс, бірақ ол көлікті қайдан аламыз? Онда кәне өзіміз көлікті құрастырып алайық!
7. Саусақжаттығуы/Әуенмен/
Лезет к нам на крышу смелый паучок,
Маленькие ножки, тысячи топ-топ.
Ярко светит солнышко или дождик льет,
Лезет к нам на крышу отважный паучок.
8. Балаларға Дьенеш блоктарынан көлікті құрастыруды ұсыну
9. Билингвалды сыңары: «Ойыншықтар – игрушки»
10. Балалар біз «Құпиялар патшалығына» келіп жеттік.Ой балалар мен мұнда қоржын тауып алдым. Ішінде не бар екен?
11.Тосын сый: /Балалар қоржынды ашып ішінде не бар екенін қарайды/
Балалар қоржынның ішінде сурет тұр . Бұл сурет нені білдіреді екен ? Егер де біз бұл суреттің жауабын тапсақ, ойыншықтар патшалығына да жылдамдатып жетеміз.
1 - тапсырмаМнемотехника сызбасы арқылы «Ойыншықтар» тақпағын жаттау./№1 флипчарт/
Біздерде бар қуыршақ,
Бұзау,қозы,құлыншақ.
Ойыншықтар тыңдайды,
Емес олар ұрыншақ.
|
Жарайсыңдар балалар біз тапсырманы жақсы орындадық .
12. .Балалар, қараңдаршы мұнда өзен бар екен. Бұл өзеннен қалай өтеміз?-Көпір құрастырамыз. Дұрыс айтасыңдар!
«LEGO» құрастыру ойыны арқылы көпір құрастырайық . Сонда біз өзеннен кедергісіз өтеміз. Тамаша балалар көпірді жақсы құрастырыпсыңдар. Кәне өзеннен көпір арқылы өтейік.
13. Біз қайда келдік? Мен білемін бұл логикалық тапсырмалар патшалығы. Ал патшалыққа қалай кіреміз? Қақпа сыртында 2 қарауыл тұр? Бізді кіргізулерін сұрайық. /Қақпа сыртында 2 қарауыл тұрады патшалыққа кіру үшін логикалық тапсырмаларды орындау керек екенін айтады./
-Балалар барлығымыз логикалық тапсырмаларды бірігіп орындайық. Сонда ойыншықтар патшалығына да жылдамдатып жетеміз.
Логикалық тапсырмалар патшалығы
2- тапсырма Ойын арқылы ой-өрісін мен тілін дамыту.
/№2 флипчарт/
-
Шыншыл ата тек шындықты айтады. Ол немересіне ойыншық алып берген. Ойыншық қызыл түсті бірақ, ойыншықтың терезесі жоқ?
/сызба арқылы қара жәшікке ойыншықты белгілеу./
-
/№3флипчарт/ Балалар ойыншықтарын жоғалтып алды. Енді оларды табу үшін көлеңкелерін сызық арқылы байланыстыру.
Ойншықтардың көлеңкесін тауып, сызық арқылы жүргізу
3. /№4 флипчарт/ Балалардың бөлмесінде ойыншықтар сөресі бос тұр. Әдетте мұнда, ойыншықтар жиналып тұратын. Ал еденде машиналар мен қуыршақтар шашылып кеткен. Ойыншықтардың арасында көңілсіз Айдар мен Айжан отыр, оларға ойыншықтарды орнына қойған ұнамайды. Сондықтан балалар ойыншықтарды баяу жинап жатыр. Мұны көрген әкесі балаларға қызықты ойын ұсынады. Бірақ,ережемен мұқият танысуды есертеді. «Мысалы мен сөреге ең кішкентайларын жоғары қойсам, ал сендер ары қарай жалғастырасыңдар дейді.»
Тамашабалаларбізбұлтапсырманы да орындадық. Ендіжолымызқысқаруүшінәндетіп , билепжолғашығайық.
14. Сергітусәті/BilimKids.kz/ сайтынан
/видео арқылы сергіту сәті/
15. Ой балалар біз қайда келдік?
«Түстер патшалығына» келдік.
/ Бізді Дымбілмес қарсы алады. Ол ойыншықтардың түстерін ажырата алмайтынын айтып балалардан көмек сұрайды./
Дымбілмес: Балалар сәлеметсіңдер ме? Маған көмектесіңдерші. Мен анама моншақ сыйлағым келген бірақ, түстерді ажырата алмаймын. Мұнда менің қолымда түрлі-түсті моншақтар бар. Сендер түстерді білесіңдер ме?
Мұнау қандай түс?
/Қызыл, сары, көк,жасыл, ақ/
Қызыл түсті не білесіңдер? /қызыл алма/
Сары түсті / жапырақ/
Көк түсті / аспан/
Жасыл түсті / ағаштар/
Ақ түсті / терезе, есік, тақта/
тамаша балалар енді маған моншақ жасауға көмектесесіңдер ме?
-Иә әрине! /Балаларың алдына әр түсті макарон салынған ыдыс үлестіріледі/.
Дымбілмес қуанып, рақмет айтып
моншақтарды алып шығып кетеді.
Мінебалаларойыншықтарпатшалығына да
келіпжеттік.
Қараңдар балалар бізге ойыншықтарымыз келе жатыр. Балалар ойыншықтардан кешірім сұрайық.
Балалар ойыншықтардан кешірім сұрап енді оларды ұқыпты ұстайтындарын айтты.
Ойыншықтар балаларды кешіріп топқа қайтты.
Қорытынды:
-Бізқайдабардық?
-Немен бардық?
–Жолда кімді көрдік?
Ойыншықтарды сындырмау керек.Ұқыпты ойнау керек.Ендеше,балалар
қонақтармен қоштасып, ойыншықтармен
ойнайық.