Тақырыбы: «Ойыншықтар»
Мақсаты:Балаларды ойыншықтардың түрімен,түсімен таныстыру,тақпақтар айтқызу,сөздік қорларын көбейту,тіл байлығын дамыту,қабылдау, есте сақтау қабілетін жетілдіру,ойын арқылы қызығушылыгын арттыру.
Тәрбиеші:Балалар,қараңдаршы, бүгін бізге қонақтар келіпті.Қәне қонақтармен амандасайық.
Салем күн -анамыз,
Бүгін бәріміз қуанамыз.
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шыққан күн бүгін!
Ойын»Көбелек гүлге қонады»
Шарты: сендер гүлсіндер, сол гүлге көбелек ұшып келіп қонады.
Көбелек қонған бала менің сұрағыма жауап береді.
1.Қазір жылдың қай мезгілі?
2.Жаз мезгілінде неше ай бар?
3.Ауа –райы қандай болады?
4.Сүйікті ойыншығың қандай?
Тәрбиеші:Ойыншықтармен қалай ойнау керек екенін білеміз бе?
Міне керемет ойыншықтар барлығы үлкендердің еңбегімен жасалған.
Күнделікті ойыншықтар неден жасалатынын білесіндер ме?
Ойыншықтармен мұқият ойнау керек.Олардың түрлері:
1. Пласмассалы
2.Резиналы
3.Матадан
4.Ағаштан
5.Темірден
Балалар, сендер өздеріңнің сүйікті ойыншықтарыңның неден жасалатынын білдіңдер ме? Сүйікті ойыншықтарың туралы тақпақ білесіндер ме?
1-бала.Үлкенмін ғой міне мен,
Ойыншықтарды жинаймын.
Машинаға мінер ем,
Кабинаға сыймаймын.
2-бала Добым менің домалақ,
Тоқтамайсың домалап
Үстел үстін бүлдірдің,
Тәрелкені сындырдың.
3- бала.Рельстің жолы ұзын,
Мынау менің пойызым.
Тақ- тұқ жолға шықтық,
Тақ- тұқ шамды жақтық.
Дидактикалық ойын: «Кім жылдам?»
Балалар енді жұмбақ жасырамын,егер жауабын дұрыс тапсаңдар сандық ішінен сол ойыншық шығады.
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (Түйе)
Үрлесең жеп-жеңіл,
Елпілдеп кетедІ,
Ұшырсаң,көк-теңбіл
Бұлтқа жетеді.(Шар)
Сергіту сәті
Тікірейіп екі , құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті-қолын жуады.
Секірем деп үстелден,
Құлап жүрме мысығым.
Осы кезде есік қағылады.Сайқымазақ достарын ертіп келеді.Балалар таныдындар ма?
Менің достарым сендерге өз ойларын айтқысы келеді,оны есту үшін менің сиқырлы сөздерімді қайталандар»Рэкс,Пэкс,Фукс»ойыншықтарға тіл бітеді.
Аю: Мен балқұмар аюмын; қорбаңдаймын ойнағанды ұнатамын,тек менің құлағымнан тартпаңдар.
Күшік: Мен күшікпін»аф-аф» мен сендерді қорғаймын, тек құйрығымнан тартпаңдар.
Қуыршақ: Мен әдемі қуыршақпын,қыздарды жақсы көремін,тек шашымнан тартпаңдаршы.
Сайқымазақ ойыны: «Ойыншықты сипатта»
Шарты:Ортаға шыққан баланың көзін байлап,қолына ойыншық ұстату, оның қандай ойыншық екенін қолымен сипап көру арқылы атау.
Балалар мен де өзіммен бірге сүйікті ойыншығымды алып келдім. Мен де сендер сияқты кішкентай кезімде осы ойыншықпен ойнағанмын. Мен де ойыншығымды ұқыпты,таза, кірлетпей ойнадым.Қараңдаршы ,әлі жап-жаңа тап-таза. Сендер де ойыншықтарды таза,ұқыпты ұстаңдар.
Тілектер тізбегі
-Әке-анамыз аман болсын!
-Аспанымыз ашық болсын!
-Еліміз тыныш болсын!
-Бақытты балалар болайық.
Сайқымазақ мына шарларды сендерге сыйға тартамын.
Тәрбиеші : Ш.Бериккалиева
:
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ойыншықтар
Ойыншықтар
Тақырыбы: «Ойыншықтар»
Мақсаты:Балаларды ойыншықтардың түрімен,түсімен таныстыру,тақпақтар айтқызу,сөздік қорларын көбейту,тіл байлығын дамыту,қабылдау, есте сақтау қабілетін жетілдіру,ойын арқылы қызығушылыгын арттыру.
Тәрбиеші:Балалар,қараңдаршы, бүгін бізге қонақтар келіпті.Қәне қонақтармен амандасайық.
Салем күн -анамыз,
Бүгін бәріміз қуанамыз.
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шыққан күн бүгін!
Ойын»Көбелек гүлге қонады»
Шарты: сендер гүлсіндер, сол гүлге көбелек ұшып келіп қонады.
Көбелек қонған бала менің сұрағыма жауап береді.
1.Қазір жылдың қай мезгілі?
2.Жаз мезгілінде неше ай бар?
3.Ауа –райы қандай болады?
4.Сүйікті ойыншығың қандай?
Тәрбиеші:Ойыншықтармен қалай ойнау керек екенін білеміз бе?
Міне керемет ойыншықтар барлығы үлкендердің еңбегімен жасалған.
Күнделікті ойыншықтар неден жасалатынын білесіндер ме?
Ойыншықтармен мұқият ойнау керек.Олардың түрлері:
1. Пласмассалы
2.Резиналы
3.Матадан
4.Ағаштан
5.Темірден
Балалар, сендер өздеріңнің сүйікті ойыншықтарыңның неден жасалатынын білдіңдер ме? Сүйікті ойыншықтарың туралы тақпақ білесіндер ме?
1-бала.Үлкенмін ғой міне мен,
Ойыншықтарды жинаймын.
Машинаға мінер ем,
Кабинаға сыймаймын.
2-бала Добым менің домалақ,
Тоқтамайсың домалап
Үстел үстін бүлдірдің,
Тәрелкені сындырдың.
3- бала.Рельстің жолы ұзын,
Мынау менің пойызым.
Тақ- тұқ жолға шықтық,
Тақ- тұқ шамды жақтық.
Дидактикалық ойын: «Кім жылдам?»
Балалар енді жұмбақ жасырамын,егер жауабын дұрыс тапсаңдар сандық ішінен сол ойыншық шығады.
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (Түйе)
Үрлесең жеп-жеңіл,
Елпілдеп кетедІ,
Ұшырсаң,көк-теңбіл
Бұлтқа жетеді.(Шар)
Сергіту сәті
Тікірейіп екі , құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті-қолын жуады.
Секірем деп үстелден,
Құлап жүрме мысығым.
Осы кезде есік қағылады.Сайқымазақ достарын ертіп келеді.Балалар таныдындар ма?
Менің достарым сендерге өз ойларын айтқысы келеді,оны есту үшін менің сиқырлы сөздерімді қайталандар»Рэкс,Пэкс,Фукс»ойыншықтарға тіл бітеді.
Аю: Мен балқұмар аюмын; қорбаңдаймын ойнағанды ұнатамын,тек менің құлағымнан тартпаңдар.
Күшік: Мен күшікпін»аф-аф» мен сендерді қорғаймын, тек құйрығымнан тартпаңдар.
Қуыршақ: Мен әдемі қуыршақпын,қыздарды жақсы көремін,тек шашымнан тартпаңдаршы.
Сайқымазақ ойыны: «Ойыншықты сипатта»
Шарты:Ортаға шыққан баланың көзін байлап,қолына ойыншық ұстату, оның қандай ойыншық екенін қолымен сипап көру арқылы атау.
Балалар мен де өзіммен бірге сүйікті ойыншығымды алып келдім. Мен де сендер сияқты кішкентай кезімде осы ойыншықпен ойнағанмын. Мен де ойыншығымды ұқыпты,таза, кірлетпей ойнадым.Қараңдаршы ,әлі жап-жаңа тап-таза. Сендер де ойыншықтарды таза,ұқыпты ұстаңдар.
Тілектер тізбегі
-Әке-анамыз аман болсын!
-Аспанымыз ашық болсын!
-Еліміз тыныш болсын!
-Бақытты балалар болайық.
Сайқымазақ мына шарларды сендерге сыйға тартамын.
Тәрбиеші : Ш.Бериккалиева
:
шағым қалдыра аласыз













