«Ойыншықтар әлеміне саяхат»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ойыншықтар әлеміне саяхат»

Материал туралы қысқаша түсінік
ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту, ойыншықтардың аттарын атай отырып, оларды сипаттап айтуға үйрету, ойыншықтар туралы әңгіме құрастыруды және сөздік қорларын дамыту, үлкендердің еңбегін бағалап, ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ойыншықтар әлеміне саяхат».

Мақсаты: ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту, ойыншықтардың аттарын атай отырып, оларды сипаттап айтуға үйрету, ойыншықтар туралы әңгіме құрастыруды және сөздік қорларын дамыту, үлкендердің еңбегін бағалап, ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекі-құралдар: ойыншықтар түрлері, домбыра, сандық, асықтар, сүлгі, түрлі түсті бояулар, құлып, Құрманғазы күйі, автобустың дыбысы, көңілді әуен.

Полилинвалды компонент: Қуыршақ-кукла-doll, аю-медведь-bear, ойыншықтар-игрушки-toy.

Алдын-ала жасалатын жұмыс: шаттық шеңбер, сергіту сәті, дыбстарды таңдау.

Сөздік жұмысы: ойыншықтар, қуыршақ, аю.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрнекілік, түсіндіру.



І. Кіріспе бөлімі:

Балалар қонақтармен үш тілде амандасады.

Балалар дөңгеленіп тұрып, шаттық шеңберді қимылдармен жасайды.

Шаттық шеңбер:

Дөңгеленіп тұрамыз,

Керегені құрамыз,

Уық болып иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Ағаш үйді құрамыз.

Тәрбиеші: -Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (Күз)

-Күз мезгілінде неше ай бар? (Үш ай бар)

-Кәне, атап жіберейікші. (Қыркүйек, қазан, қараша)

-Қазір күздің қай айы? (Қазан)

-Бүгін ауа-райы қандай болып тұр? (Суық)

ІІ. Негізгі бөлім.

Тәрбиеші: -Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Аяғы бар жүрмейді,

Аузы бар күлмейді.

Айнымайды бөпемнен,

Тек сөйлеуді білмейді. (Қуыршақ-кукла-doll)

Ғажайып сәт: Топқа ренжіп Айсұлу деген қуыршақ кіріп келеді.

Тәрбиеші: -Айсұлу сені кім ренжітті?

Айсұлу: -Мен сендерге келе жатқанда моншақтарымды үзіп алдым.

Тәрбиеші: -Балалар, Айсұлуға көмектесеміз бе?

Балалар: -Иә.

Тәрбиеші: -Ал, балалар, біз бүгін ойыншықтар әлеміне қыдырып барамыз ба?

Балалар: -Иә, барамыз.

Тәрбиеші: -Айсұлу сен бізбен бірге ойыншықтар әлеміне барасын ба? Сонда біз сенің моншақтарынды қарап көреміз.

Айсұлу: -Иә барамын.

Тәрбиеші: -Балалар, қандай көлікпен барамыз?

Балалар: -Автобуспен.

Балалар автобусқа отырады.

Тәрбиеші: -Балалар, біз сендермен ойыншықтар әлеміне келдік. Оның есігі құлыппен жабық тұр екен. Бұл сиқырлы құлып. Сиқырлы құлыптың тапсырмасын орындасақ, құлып ашылады.

Тапсырма: Жұмбақты шеш.

Орманды жортып, қорбандап жүреді,

Теріп құлпынай.

Үп-үлкен боп қорқады,

Кіп-кішкентай арадан. (Аю-медведь-bear)

Дүкенші: -Сәлеметсіндер ме, балалар!

Балалар дүкеншімен үш тілде амандасады.

Дүкенші: -Бар қызықты тамашалап назар салындар.

Ашылды дүкен мұнда бәрін қараңдар.

Көжек, мысық, күшікте, тышқан отыр бұрышта.

Сендер жақсы көретін ойыншықтардың бәрі осында.

Дүкенші: Балалар, қараңдаршы, менің дүкенімдегі сөрелерінде әдемі ойыншықтар көп. Сендерге ұнады ма?

Балалар: -Иә, ұнады.

Дүкенші: -Бұл жай дүкен емес. Ойыншықтары да ерекше. Ойыншықтармен ойнап, олар жайлы тақпақ айтып бергенін жақсы көреді.

Алихан

Аю отыр партада,

Екі қолы қалтада.

Апай сабақ сұраса,

Ұйықтап қалыпты партада.

Данил

Көжегім тұршы,

Айнаға қарашы,

Шашынды тарашы,

Орнына отырша,

Сабағынды оқышы.

Тәрбиеші: -Ойыншықтар-игрушки-toy. Ең алғашқы ойыншық, ол – сылдырмақ. Ол ең алғашқы Грецияда және Римде жасалған. Сылдырмақ жаңа туған балаларға арнап алынады. Ойыншықтар жасалуына қарай бірнеше түрлерге бөлінеді. Мысалы, ағаштан, темірден, резеңкеден, пластмассадан, матадан жасалады.

Тәрбиеші: -Мынау не? (Домбыра)

Тәрбиеші: -Пішіні қандай? (Сопақша)

-Түсі қандай? (Қоңыр)

-Неден жасалған? (Ағаштан)

-Мынау не? (Доп)

-Пішіні қандай? (Дөңгелек)

-Түсі қандай? (Көк)

-Неден жасалған? (Резенкеден)

-Мынау не? (Сандық)

-Пішіні қандай? (Тіктөртбұрыш)

-Түсі қандай? (Сары)

-Неден жасалған? (Ағаштан)

Тәрбиеші: -Балалар, сендер шаршадыңдар ма? Бір бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті:

Уан, ту, фри, фо

Фаиз, фри

Фаиз, фри

Ту, уан.

Тәрбиеші: -Балалар, қараңдаршы, мұнда бір қоржын бар екен. Қоржынның ішін ашып қарайықшы, не бар екен?

Балалармен бірге қоржынды ашса, ішінде асықтар бар екен.

Тәрбиеші: -Балалар, сендер білесіңдер ме, бұрын балалар асықпен ойнаған. Бізде ойнап көрейікші. Асықпен ойнаймыз ба?

Балалар: -Иә, ойнаймыз.

Балалармен бірге «Асық ату» ойының ойнайды.

Тәрбиеші: -Балалар, Айсұлудың моншағы ойыншықтар әлемінде жоқ екен. Ендеше балалар, балабақшаға барып, Айсұлудың моншағының суретін салып берейік. Суретін салып береміз бе?

Балалар: -Иә.

Тәрбиеші: -Ендеше балабақшаға қайту үшін автобусқа отырамыз.

Балалармен бірге автобусқа отырады да, балабақшаға келеді.

Тәрбиеші: -Балалар, біз балабақшаға келдік. Енді Айсұлудың моншағының суретін салып берейік.

Тәрбиеші балалармен бірге Айсұлудың моншақтарының суретін сұқ саусақпен салып береді.

Айсұлу: Ой, балалар, рахмет. Менде енді көп моншақтар бар екен. Түрлі түсті көйлектермен тағамын.

Айсұлу балаларға рахметін білдіртіп, балаларға тәтті кәмпиттер таратады. Балалар «Рахмет» айтады.

ІІІ. Қорытынды.

Тәрбиеші сұрақ-жауап әдісі арқылы қорытады.

Тәрбиеші: -Балалар, бүгін біз қайда бардық? (Ойыншықтар әлеміне)

-Немен бардық? (Автобуспен)

-Бүгін бізге қонаққа кім келді? (Айсұлу деген қуыршақ)

-Бүгін сендерге сабақ ұнады ма? (Иә)



Күтілетін нәтиже:

Біледі: ойыншықтардың атауларын біледі;

Үйренеді: ойыншықтарды сипаттауға үйренеді;

Меңгереді: өлең жолдарын жатқа меңгереді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.08.2023
373
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі