Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ойыншықтар дүкені»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға ойыншықтарды атап, ажыратуға, сапасы мен әрекетін білдіретін сөздерді, дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету. Зат есімнің көпше түріне ілік септігінің жалғауларын жалғай білуге үйрету. Ойын, өлеңдер, жұмбақтар арқылы сөздік қорын, тіл байлығын, ойлау қабілетін дамыту. Бірлікке тарту және ойыншықты ұқыпты қолдануға тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ортаңғы тобыңдағы ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы



Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: «Ойыншықтар дүкені»

Мақсаты: балаларға ойыншықтарды атап, ажыратуға, сапасы мен әрекетін білдіретін сөздерді, дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету.

Міндеттері:

Білімділік: зат есімнің көпше түріне ілік септігінің жалғауларын жалғай білуге үйрету.

Дамытушылық: ойын, өлеңдер, жұмбақтар арқылы сөздік қорын, тіл байлығын, ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: бірлікке тарту және ойыншықты ұқыпты қолдануға тәрбиелеу

Үш тілдік компонент: ойыншық – игрушка – tоу, ойыншықтар – игрушки – toys, доп – мяч – ball, доптар – мячи – balls.

Керекті құралдар: ойыншықтар, суреттер, ойынға қажетті карточкалар, үнтаспа.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті




Мотивациялық - қозғаушылық




Шаттық шеңбері:

 Біз      ұқыпты     баламыз,
 Айтқан   тілді       аламыз.    
 Ойыншықтарды   жинаймыз,    
 Үлкендерді    сыйлаймыз.    
 
Қонаққа
қуыршақ Айшаның келгенін, балалармен «Ойыншықтар дүкеніне» саяхатқа барғысы келетінін   айтады.

- Саяхатқа немен барсақ болады? Мен сендерге саяхатқа баратын көліктің дыбысын жасырамын, егер тапсаңдар сол көлікпен барамыз.

(Үнтаспадан пойыздын дыбысы естіледі) - Сендер пойыз дауысын таптыңдар, олай болса жылдам саяхатқа барамыз.

Қане кімнің бойы ұзын,
Паровоз ол пойыздың.
Қатар – қатар тұрайық,
Пойызды біз құрайық.

Шеңбер жасап тұрады.



Бәрі бірге қайталап айтады.





Қуана қарсы алады, мандасады. Мұқият тыңдайды.





Пойыздың дыбысы екенін айтады.

Қуана келіседі.



Ұйымдастыру– іздестіру

Әңгімелесу:

Ойыншықтар дүкенінде ойыншықтар өте көп.

- Сендердің сүйікті ойыншықтарың бар ма?
- Үйде қандай ойыншықтарың бар?
- Қандай ойыншықты жақсы көресіңдер?
- Ойыншықтарды қалай ұстау керек?

Слайд сызбасы:

Мақсаты: Көгілдір экраннан көрген

слайд сызбасына сүйене отырып

ойыншықтарды сипаттауға үйрету, заттың

түсін, пішінін, қалай  сипаттауға

болатынын айтады көлемін ажырата білу

біліктілігін қалыптастыру



- Балалар, қараңдаршы, «Ойыншықтар дүкенінде» қандай керемет әдемі ойыншықтар бар. Ойыншықтар ағаштан, резеңкеден, пластамассадан, матадан жасалады. Олай болса кәне,ойыншықтармен сырласайық.

- Сендер қандай ойыншықтарды көріп тұрсыңдар, айтыңдаршы?
Дидактикалық ойын: «Ойыншық неден жасалған?» 
Мақсаты: ойыншықтардың
неден жасалғанын атап, ажырата білуді үйрету

Ойынның шарты: ағаштан, резеңкеден, пластамассадан, матадан жасалган ойыншықтарды атап қорапқа салуды ұсынады.

Дыбыстың артикуляциясы. 
Тіл өз үйшігінде турыпты. Ол ұшақтың әнін үйренгісі келді. Ол күлімсіреп барлық тістерін көрсетті де, үйін кең ашты, дауысын қосты, құйыршығын тез жоғарғы есікке лақтырды суық желді жіберді. Тілі «р-р-р-р» деп ән айтты, құйыршықтың дірілдегенің сезді. Ұшақтың әнін бірге айтайық “ р-р-р”! 
Буын ұйқастар: 
Ра-ра-ра – ұшып жүр ара,

Ар-ар-ар – дала толы қар.

Ыр-ыр-ыр – үйдың сыртында қыр,

Ір-ір-ір – қуыршақтың үсті-басы кір.



Үш тілдік компонент: ойыншық – игрушка – tоу, ойыншықтар – игрушки – toys, доп – мяч – ball, доптар – мячи – balls.


Сергіту сәті: Ән: «Ойыншықтар»


Ойыншықтар туралы жаттаған өлеңдерін естеріне түсіріп, жатқа айтуды сұрайды.

















































































Жұмбақтар жасырады:

Аяғы бар, жүрмейді,
Аузы бар, күлмейді. Айнымайды бөпемнен,
Тек сөйлеуді білмейді.


Суға салсаң батпайды,
Түскен жерге жатпайды.


Құс сияқты, құс емес,
Самғап ұшқан биікке.
Қанаты бар қақпайды,
Жүрсе де сондай биікте.


Мазмұнды - рөлді ойын: «Ойыншықтар  дүкені»
Мақсаты: сөйлемді  толық  құрауға  үйрету, ойлау  қабілеттерін  дамыту .
Мамандыққа  баулу яғни,  дүкенші  болуға  ынталандыру  және  сыпайы  сөйлеуге  үйрету.
«Рахмет!»,   «Қош  келдіңіз!» деген  сөздерді пайдалану




Мұқият тыңдайды.



Сұрақтарға толық жауап береді.





Ойыншықтарды сызба бойынша сипаттап айтады.







Қарайды, тыңдайды.






Ойыншықтарды атайды.



Ойыншықтарды ажыратып, атайды . Тапсырманы орындайды.




Қайталайды.








Буын ұйқастарын қайталап айтады. 




Үш тілде сөздерді қайталап айтады. 


Музыка әуенімен айтады.


Добым, добым, домолақ.

Тоқтамайсың домалап.

Үстел үстін бүлдірдің,

Тәрелкені сыңдырдың.

Тентек болып кеттің деп,

Тұрмын сені тепкім кеп.

Мысық, күшік, балапан

Қуыршағым балақан.

Қане, бәрің тұрыңдар,

Ойын – сауық құрыңдар!

Ойыншығым-қуыршақ

Не берсем де жемейді

Еркелігі соншама,

Көтермесем жүрмейді


Ойыншықтарым көп менің

Бәрін жақсы көремін,

Кешке дейін жалықпай

Бірге ойнап жүремін


Ойыншығым-көжегім,

Қорықпайды, қашпайды.

Тәтті сәбіз ұсынсам

Ұстай алмай тастайды


Добым – добым домала
Балшыққа сен жолама.
Бүлдіресің қолымды
Жек көремін оныңды


Добым, добым домалақ,

Қай кеттің домалап?

Бір, екі деп ұрдым,

Шатырға сен секірдің.









- Қуыршақ




- Доп








- Ұшақ







Ойынды рөлдерге бөлініп ойнады







Мұқият тыңдайды.



Рефлексивті – түзетушілік

Қорытынды сұрақтар:

- Біз қайда бардық?



- Өздеріңе ұнаған ойыншықтарың бар ма?



- Ойыншықтар неден жасалады?





- Ойыншықтармен қалай ойнау керек?

- Балалар, ойыншықпен ойнаған жақсы. Бірақ, ойыншықтың зиянды жақтарын ұмытпағанымыз дұрыс. Зиянды жақтары: ойыншықтарды ауызға салмау керек.

(Қатармен жүріп топқа қайтады)

Рефлексия:

Бүгінгі саяхатымыз қызықты болса, қуыршақ Айшаға жасыл түсті моншақты сыйлауды, ал қызықсыз болса, ақ түсті моншақты қорапқа салуды ұсынады.




- Ойыншықтар дүкеніне.

Ұнаған ойыншықтарын айтады.

- Ағаштан, резеңкеден, пластмассадан, матадан.

- Ойыншықтарды сындырмай, ұқыпты ойнап, ойнап болған соң жинап қою керек.

Мұқият тыңдайды.











Өздеріне ұнаған түстегі моншақты таңдап алады.



Күтілетін нәтиже:

Білу керек: ойыншықтардың аттарын атап, ажыратып, неден жасалатынын.

Болу керек: өлең, жұмбақтар арқылы сөздік қорлары, есте сақтау қабілеттері.

Істей білу керек: ойыншықтарды ұқыпты ұстауды, тапсырмаларды орындауды.

Тәрбиеші: Мактаева Айгуль Галымбековна







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2019
543
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі