ОЙЫНШЫҚТАР ДҮКЕНІ
Кадырбаева Нурия Сайлауовна
Тақырыбы: «Ойыншықтар дүкені» (сенсорика)
Мақсаты: Балалардың ойыншықтар туралы түсінігін кеңейту, оларды атай отырып сипаттай білуге үйрету. Сөйлеу барысында ой-өрісін, тіл байлығын дамыту. Қол моторикасын дамыту, түстер мен пішіндер туралы түсініктерін бекіту. Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу. Достыққа, сыпайлыққа, ізгілікке, адалдыққа баулу.
Дағдыларды қалыптастыру: Қимыл-қозғалыс, коммуникативтік, танымдық, шығармашылық.
Инновациялық технология: Ойын технологиясы, интеграция.
Әдіс –
тәсілдері: ойын, түсіндіру, көрсету,
сұрақ – жауап.
Құрал –
жабдықтар: ойын атрибуттары, ермексаз,
ойыншықтар.
Тәрбиеші:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
(балалар тәрбиешімен және
топтағы қонақтармен амандасады).
- Балалар, көңіл-күйлерің қандай? (балалар жауабын күтеді, мақтап,
қолдап, көңілі жоқтың көңілін көтереді). Балапандарым, қараңдаршы,
менің қолымда қуыршақ бар. Осы қуыршақпен бір көңілді ойын
ойнайық.
Ойын-психотренинг «Дос болайық бәріміз!»
Мақсаты: балалардың назарын аудару, ұйымдастырылған іс-әрекет алдында көңіл-күйлерін көтеру, әрекеттерді үйлестіруге үйрету. Достыққа тәрбиелеу, ойыншықтармен таласпай ойнауға үйрету.
Шарты: Балалар шеңбер бойымен отырады, педагог қуыршақты құшақтап «Бұл менің ең жақсы көретін ойыншығым, мен оны досыма беремін»,- деп келесі балаға береді. Балалар соны қайталап бір-бірімен бөлісіп, ойыншықты келесі «досына» береді.
Ғажайып сәт «Жылжымалы ойыншықтар дүкені»
Топқа «Жылжымалы оыншықтар дүкені» деген жазуы бар үлкен арбаға ойыншықтарды салып алып дүкенші айғайлап кіреді.
-
Ойыншық сатамын, ойыншық сатылады. Келіңдер, көріңдер! Менің дүкенімде көөөөп ойыншық бар!
Тәрбиеші балалардың назарын аударып, дүкенші жәніне келеді. амандасады. қандай ойыншықтар бар екенін сұрап, балаларға ойыншық алғысы келетінін айтады. Дүкенші ойыншықтарын мақтап, түрлі-түрлісін көрсетеді. Тәрбиеші «Қоянның әуе шарлары» ойынын таңдап, балалармен ойнайды.
І ойын «Қоянның әуе шарлары»
Мақсаты: Балалардың түстер туралы түсініктерін бекіту. Ұсақ қол моторикасын дамыту.
Шарты: Фетрден тігілген ойын бала басына таратылады. Тәрбиеші әуе шарлардың түстерін атағанда, балалар сол түстегі шарды алу керек, қалташадағы қоянды сол шар орнына қою керек.
Тәрбиеші балаларды мақтап, дүкеншіден тағы қандай ойындары бар екенін сұрайды. Дүкенші «Көңілді пішіндер» ойынын ұсынады.
ІІ ойын «Көңілді пішіндер»
Мақсаты: Балалардың түстер мен геометриялық пішіндер туралы түсініктерін бекіту. Ұсақ қол моторикасын дамыту. Сөйлеуін дамыту.
Шарты: Фетрден тігілген ойын бала басына таратылады. Тәрбиеші геометриялық пішінді атағанда, балалар сол пішінді алу керек және пішіннің түсіне қарап, сол түстегі түймеге апарып қыстыру (түймелеу) керек. Ойын барысында түстер мен пішіндерді атау керек.
Тәрбиеші балаларды мақтап, дүкеншіге топтағы ойыншықтарды көрсетіп мақтанады. Балалармен тәрбиелік жұмыс жүргізіледі: ойыншықтарды ұқыпты ойнау керектігі айтылады.
Сергіту сәті «Бұл қандай жануар?»
Дүкенші қабырғадағы QR-кодтарға назар аударып, бұл қандай ойындар екенін сұрап, таң қалады. Тәрбиеші бұл ойын «Бұл қандай жануар?» деп аталатын ойын екенін айтып, дүкеншіге балалармен бірге ойнауды ұсынады. Телефонмен QR-кодты ашып, қай жануардың дауысы екенін тауып, әуенге билейді.
Тәрбиеші мен дүкенші балаларды мақтап, дүкендегі тағы бір ойынды ойнауды ұсынады.
ІІІ ойын «Көңілді баулар»
Мақсаты: Ұсақ қол моторикасын дамыту. ұқыптылыққа, ептілікке баулу.
Шарты: бауларды берілген ойыншықтар тесіктерінен өткізу.
Дүкенші арбасындағы «смайл-жастықты» көрсетіп, осындай бауырсақты балалар ермексазбен жасай алады ма?-деп сұрайды. Тәрбиеші балалармен осындай бауырсақтарды жасауға кіріседі.
VІ ойын «Бауырсақ»
Мақсаты: Қол моторикасын дамыта отырып, тыныс алу жаттығуларын жасау. Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Шарты: Ермексазды қолмен мыжып, оны жылы ауамен жылытып (тыныс алу жаттығуы жасалады), екі алақанмен айналдыра отырып домалақтайды. Нәтижесінде кішкентай бауырсақ шығады.
Тәрбиеші дүкеншіге барлық ойындар ұнағанын айтып, сатып алады.
-
Біздің балаларға ойындарыңыз ұнады, біз оны ертең тағы ойнаймыз, сондықтан осы ойындарды сатып алайын.
Дүкенші:
-
Олай болса, акциямен «Үшеу алсаң-төртіншісі сыйға тартылады»,- деп балаларға бір себет тәтті бауырсақ ұсынып, қоштасады. Жылжымалы дүкенін сүйреп топтан шығып кетеді.
Тәрбиеші бауырсақты жемес бұрын қолды жуу керектігін балалардың естеріне салады. содан соң жейміз деп балаларды қол жууға алып кетеді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз