"Ойыншықтарды қимаймыз-бөбектерге сыйлаймыз" («Балдырған» ересек тобының балабақшамен қоштасу ертеңгілігі)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ойыншықтарды қимаймыз-бөбектерге сыйлаймыз" («Балдырған» ересек тобының балабақшамен қоштасу ертеңгілігі)

Материал туралы қысқаша түсінік
(«Балдырған» ересек тобының балабақшамен қоштасу ертеңгілігі)
Материалдың қысқаша нұсқасы

1 «Еркетай» Алға бөбекжай балабақшасы



















Shape1

(«Балдырған» ересек тобының балабақшамен қоштасу ертеңгілігі)







Өткізген: Ж.С.Есеналина

М.Ә.Доскулова

Ән жетекшісі: Х.А. Қалышева

Би жетекшісі: С.Ә.Жеткерген























2016 жыл

ВИДЕО СЛАЙД



Жанна: Қымбатты ата-аналар, балабақша қызметкерлері қонақтар бүгін біздің бірнеше жыл мәпелеп,күтіп, тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл да үлкен той,тойларыңыз құтты болсын!



Малика: Өтті қызық көп күндер,

Алты жасқа жеттіңдер.

Барасыңдар мектепке,

Бір белестен өттіңдер, - деп, сүйікті балабақшасымен қимастықпен қоштасатын 2016 жылғы «Балдырған» тобының түлектерін қарсы алайық.



Жанна: Спортқа шебер жігіт ШАЛАБАЕВ БАУЫРЖАН мен ерке де сұлу қыз БАҚЫТ АЙЫМ



Малика: Қайсар жігіт МЫРЗАҒАЛИ АЛЛАН мен жан-жақты білімді қыз ӘЛІШЕРҚЫЗЫ ФАРИЗА



Жанна: Сөзге шешен жігіт НИЯЗҒАЛИ ӘЛІШЕР мен ерке де сымбатты қыз БАЗАРБАЕВА АРУЖАН



Малика: Сабырлы да, ұяң жігіт УТЕХПАЕВ ДАСТАН мен ақылды да,өнерлі қыз КӨБЕЙСІНОВА АЙАРУ



Жанна: Эрудит, тапқыр жігіт ӘБІЛТАЙ АЙБОЛ мен мың бұралған биі қыз ЖАЛИНОВА АҚЕРКЕ



Малика: Әдепті, салмақты жігіт БАЗАРҒАЛИ ДІНИСЛАМ мен сабырлы да, сүйкімді қыз ҚҰЗДЫБАЕВА АНЕЛЬ



Жанна: Алғыр,білімді жігіт НЫЗАМОВ МИРАС пен бота көзді,сұлу қыз ИСМАИЛОВА ГАУҺАР



Малика: Темір мінезді,биші жігіт ИБРАГИМ РАМАЗАН мен әдемі сүйкімді қыз ОСПАНОВА ГҮЛНҰР



Жанна: Батыр қайратты жігіт ӘДІЛ ЕРНҰР мен салмақты биші қыз ҚАЙРАТҚЫЗЫ ІНКӘР



Малика: Зейінді де, әдепті жігіт БАЙКЕНОВ БЕКЕТ пен биязы мінезді, әдемі қыз АБДИКЕРИМОВА ДИЛЬНАЗ



Жанна: Сүйкімді,өнерлі қыз МУКАНОВА ИНАЯТ



БИ: «ВАЛЬС»



ДИАЛОГ

Фариза: Сонда біз бүгіннен кейін балабақшаға келмейміз бе?



Дінислам: Балабақшамызды, апайларымызды, бір-бірімізді сағынамыз ғой!



Ернұр: Қалайша қоштасамыз?

Дильназ: Мұнда талай қызықты күндер өткіздік. Ойнадық, биледік, ән салдық...



Бауыржан: Иә, иә! Есептеуді, мүсіндеуді, сурет салуды, тағы-тағы көп өнерді үйрендік. Ең бастысы – біз бір үйдің балаларындай бауырласып кеттік!



Аллан: Қоштасу қандай қиын?! Бір бірімізді ұмытпау үшін не істесек екен?



Малика: Мекен жайларыңды жаттап алып хат жазысып тұруға болады ғой!

Ақерке: Бірақ біз әлі тез жаза алмаймыз. Хат жазуды үйренгенше сағынысып қаламыз ғой!



Жанна: Онда ұялы телефонмен хабарласып сөйлесіп тұрыңдар...



Ақерке: Ұлы телефон жоғалып немесе нөмірі өзгеріп кетуі мүмкін ғой!...



Малика: Шынымды айтсам, тағы қандай ақыл қосарымды білмей тұрмын...



Әлішер: Таптым! Интернет желісінде сайт ашайық!



Анель: Ол қалай сонда?



Әлішер: Үлкендерде «Одноклассники» ,яғни «Сыныптастар» деген сайт бар ғой! Сол сияқты біз де «Бүлдіршін» - нүкте-кz» деген сайт ашып қойсақ бәріміз бір уақытта интернет бойынша кездесіп,тіпті жүздесе аламыз. Балабақшадағы бал күндерімізді еске түсіреміз, бір-біріміздің жаңалығымызды біліп отырмыз.



Бекет: Табылған ақыл! Онда алдымен сүйікті балабақшамызға ән арнайық!

Жанна: ӘН: «МЕН МЕКТЕПКЕ БАРАМЫН»

Малика: ТАҚПАҚТАР:

Рамазан: Жасымыз жетті мектепке,

Ересек біздер баламыз.

Екіні қосып екіге,

Әріпте жаза аламыз.

Адам етіп баптаған,

Ардақтап, бізді мақтаған,

Апайлар сіздерге мың алғыс!

Гауһар: Бақшадағы күндерді

Есімізде сақтаймыз.

Тәрбиеші еңбегін

Есімізде сақтаймыз

Бақшамызды ұмытпай,

Келіп-кетіп тұрайық.

Сондай кезде апайлар,

Қалады ғой қуанып.

Ернұр: Ана тілін ардақтап,

Ата салтын біз көрдік.

Сурет салып,ән жаттап

Оқып жазып үйрендік.

Сүйген өз қыз,өз ұлын

Бөбегім деп аянбай

Балабақшам өз үйім,

Апай болды анамдай.

Бауыржан: Оқимыз білім аламыз,

Болашақ жолын табамыз.

Бақшамызбен қоштасып,

Біз мектепке барамыз.

Үлкендердей тап-таза,

Жазамыз бормен тақтаға

Үлгілі бала боламыз

Жүретіндей мақтана.

Бекет: Өзіңнен басталады арманым,

Білімнің көгіне самғадым.

Барамын бақытты етуге,

Еліммнің ертеңгі таңдарын.

Інкәр: Балабақша, балабақша
Шаңарағы шаттықтың
Балабақша қорғанышы
Балғын сәби жастықтың
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін

Анелья: Ана тілін ардақтап,

Ана тілді біз сүйдік.

Сурет салып, ән жаттап

Оқып, жазып үйрендік.

Дастан: Біріншіге барамыз

Әдепті бала боламыз

Жақсы оқып сабақты

Кілең бестік аламыз.

Дильназ: Бұл қуаныш себебін
Бізге қарап ұғарсың
Ер жетті деп бөбегің
Туған Отан қуансын
Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Бақшаменен қоштасып
Біріншіге барамыз



ДИЛАЛОГ: Айбол мен Айым

Айбол: Айым, Осы рас па, біздің 2 жасымызда балбақшаға келгеніміз? Апайлар бізді қалай баққан екен?

Айым: Әрине рас. «Балдырған» І кіші тобына келгенде қандай болғанымызды есімізге түсіріп көрейікші.

КӨРІНІС: «БАЛДЫРҒАН» І-КІШІ ТОБЫ

Айбол: БИ: «БАЛДЫРҒАН» Біздің І-кіші топтан бастап ересек топқа дейін өскеніміз.

ОРТАҒА «БІЛГІШБЕК» КЕЛЕДІ


Білгішбек: Балалар сәлеметпе мен сендерге ақ жол тілегім келіп сендердің мерекелеріңе құтты болсын айтқалы келдім. Сендердің барлықтарыңда ақылды, саналы  білімдісіңдер мен сендерді өз әлеміме шақырамын,менің достарым боласыңдар бізді алда көп биік асулар күтіп тұр келісесіңдер ме?



Сол кезде машинамен Жалқаубек келеді


Жалқаубек: Ой мында не болып жатыр кеттік балалар ойнауға не істеп жатырсыңдар, далада қызық болып жатыр кеттік .



Жанна: Ау, Жалқаубек сенің мұның не? Мерекеге киініп келмейсің бе, сенде биыл мектепке барасың ғой қарашы мына Білгішбек қандай бала болғанын, сенде  талпынуың керек емспе?


Жалқаубек: Ой мына Білгішбек мұнда не істеп жүр, бар өзіңнің мектебіңе, балалар менің досым болады, біз мектепке бармаймыз аналарымыз, әжеміз оқиды басымызды ауыртпаймыз.



Малика: Қой Жалқаубек біздің балалар мектепке әзір, бүгін балабақшамен қоштасып жатыр, сен  апаңнан  қалмай жылап балабақшаға келмей жүргенде біздің балалар бәрін оқып , біліп алған кәне отыршы көресің.



Білгішбек: Апай мен балалармен ойын ойнап көрейінші балалар мектепке дайын ба:


ОЙЫН: «ТУРА, КЕРІ САНА» ; «СӨЗ ҚҰРАСТЫР» (АНА, ӘКЕ, АТА, ӘЖЕ СӨЗДЕРІ)

Шарты: Балалар сандарды 1-ден 10-ға дейін орналастырады, тура кері санайды. Әріптерден сөз құрастырады.



Жанна: Ал Жалқаубек қалай екен біздің балалар?
Жалқаубек: Олай болса менде ойынды жалғастырғым келіп тұр «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.

1.    Мектепке біз барамыз ба?
2.    Кілең бестік аламыз ба?
3.    Айтқан тілді аламыз ба?
4.    Ақылды бала боламыз ба?
5.    Нан жеймін деп жылаймыз ба?
6.    Нанды сөмкеге саламыз ба?

7. Ертеңгісін тұрамыз ба?

8. Мектепке бармаймыз деп жылаймыз ба?
9.    Сабақ та отырып ұйықтаймыз ба?
10.    Ойыншықтармен ойнаймыз ба? 
11.    Екі алғанда жылаймыз ба?
12.    Оқушы біз боламыз ба?



Жалқаубек: Ой балалар апаларыңда, мамаларыңда шаршайды ғой, бармаңдар мектепке не керек?



Білгішбек: Олай болса ата – аналармен де «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.

1.    Балаңызға әрқашан тірек сіз ба?
2.    Сабақ оқып, есепке сіз жүйрік сіз ба?
3.    Тамағын уақытылы бересіз бе?
4.    Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз ба?
5.    Сериал көріп жатасыз ба?
6.    Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?
7.    Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
8.    Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
9.    Балаға мен ватсапта отырмын сабағынды өзің оқы дейсіз бе?

10.    Түске дейін ұйықтап балаңыздың сабаққа кешігіп қалуына себепкер боласыз ба?
11. Бала үшін асулардан асасыз ба?



Білгішбек: ОЙЫН: «МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНСЫҢБА?»

Шарты: Балалар оқуға қажетті құралдарды сөмкеге тез арады жинауы керек.



Жанна: Жарайды, Жалқаубек сенің сырыңды білдік.Мектепке бару үшін алдымен балабақшаға бару керек.Саған үйренетін нәрселер өте көп екен.



Білгішбек: Жалқаубек мен саған күзге дейін бәрін үйретемін, балалар сау болыңдар, күзде мектепте кездесейік.


Малика: ӘН: «БАЛАБАҚШАМ ҚОШ САУ БОЛ»

Айым: Біздің балалар балабақша қызметкерлеріне өз алғыстарын білдіреді.

ТАҚПАҚТАР:

Фариза: Орын берген бақшадан,

Меңгеруші-жақсы адам

Сондықтан да біз үшін,

Артық өзі басқадан

Жеткіземіз біз ертен,

Болашаққа даңқынды

Меңгеруші апайым

Сауле Сайлауқызына

Бар баланың алғысы.

Әлішер: Жайдары жүз, ай қабақ 
Жүреді бізді аймалап 
Тобымызға жиі келіп 
Білгенінді сұрайтын 
Білмегенін үйретер 
Кетеміз сізден қалай алыс 
Әдіскер Назым Сағынғанқызы
Сізге мың алғыс! 
Ақерке: Қайнаған су әкеліп 
Іш деп дәрі береді 
Жылтындатып инесін 
Түршіктірер дененді 
Витамин жеп қолынан 
Өскен сәби баламыз 
Сания Саймұрзақызы,

Тәрбие Сатыбайқызы сіздерге 
Алғысымыз көп біздің. 
Айым: Еңбек еткен еңселі,

Сырты менен ішіне

Балабақшаның қызметін

Иығына жүктеген,

Бейсенбіде тазалық деп,

Апайларды жинайтын.

Күрек, кетпен, тырмасы,

Мейірлене қарайтын.

Дархан Садыққызына мың алғыс.

Айбол: Есеп- қисап жүргізетін 
Бақшаға кіріс кіргізетін. 
Бағила, Раушан апайларға 
Бас иіп алғыс айтамыз! 
Дінислам: Біздің үлкен бақшада,
Бар әсем бір асхана.
Бар осында аспазшы,
Ақ көңілді, жақсы апа,
Бізге керек қаймақ па,
Самса ма, әлде сорпа ма,
Қажет тамақ балаға,
Үнемі тұрады ортада,

Аспазшы-Айгүл, Жадыра, Эльвира апайлар,
Бізден сіздерге мың алғыс! 

Айбол: Төсек орын тап-таза,

Аппақ жуған сүлгісі.

Қандай ғажап күлкісі

Гүлзира апай нұр кісі.

Сізге балалардан мың алғыс.

Аллан: Еңбек еткен еңселі
Сырты менен ішіне.
Балабақшаның қызметін
Иығына көтерген.
Дәмді, тәтті тағамды
Жеткізген бізге дүкеннен.
Қоймашы Асия апайға мың алғыс!

Аружан: Ерекше бізде бір апай

Біз қараймыз таңырқай

Ән үйрендік апайдан

Ешқашанда жалықпай

Ханымгүл Аманғалиқызына мың алғыс

Гүлнұр: Тамылжытып ән салдыртып үйреткен,

Жүгіріп,жүріп талай билер үйреткен.

Сымбат Әділбекқызы сізге алғыс айтамыз,

Мың қайтара сәби бала жүректен.

Инаят: Тақпақты да жаттаймыз 
Әнге, биге баптаймыз 
Ағылшын тілін үйреніп, 
Ақ сенімді ақтаймыз. 
Ақерке Қазбекқызына әрқашан,
Бас иеміз бұқпайбіз. 
Айару: Қызық сабақ тренингтер өткізген,
Үйрендік талай жақсы істер біз сізден.
Психолог Нұрия Дарханқызы жайдары,
Қабылдаңыз мың алғыс біздерден.
Әлішер: Р мен Л-ды шатастырып,

Тіліміз келмей жүретін.

Әріптерді үйретіп,

Әр жүрекке гүл еккен.

Жарқын жүзді жақсы адам,

Рахмет логопед - Венера Жалғасқызы

Сәбилік біздің жүректен.

Фариза: Қазақ тілі сабағын,

Барлық бала сүйеді.

Шыдай алмай тосамыз,
Қазақ тілі сабағын.

Ертегі,тақпақ айтшы деп,

Айдана Аманқызынан сұраймыз

Сізге де бізден мың алғыс.

Мирас: Ойыншық та, кесе де, 
Шанышқы мен тәрелке 
Орындық, шкаф, төсекте 
Бәрі өзі келе ме? 
Соның бәрін табатын 
Шаршамайтын күлетін 
Зыр жүгіріп жүретін, 
Клара Төребайқызына мың алғыс! 
Айым: Жазу жазып үйреткен
Әріптерді оқытқан
Санамақты жаттатып
Санауды бізге үйреткен
Жақсы болсақ қуанған
Қате болсақ кешірген
Жанна Серікқызына,

Малика Әлібекқызына
Айтамыз біз мың алғыс!

Жанна: БИ: «ТАНГО»

Жанна: БИ МЕН ӘН: «ҚОШ БОЛ МЕНІҢ БАЛАБАҚШАМ»

Малика: Айналайын гүлдерім,

Ақ шуақты күндерім.

Ерекше қызық тілдерің,

Естен кетпес үндерің

Сүйкімді балғын бала шақ

Сендердікі болашық

Озат болып оқыңдар,

Ойға білім тоқыңдар.

Жанна: Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді.

Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды.

Бізден ұшып, қанат қағып есейдіңдер,

Өздеріңмен қоштасатын күн туды.

Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар,

Жүректерден арман отын жағыңдар.

Жақсы оқып алтын ұя мектепте,

Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар.

Бәріңдіде сәби деп сүйетін,

Өздеріңді біз сағынып жүрейік.

Құтты болсын қадамдарың аттаған,

Біз сендерге сәтті сапар тілейік.

- Балабақша меңгерушісіне құттықтау сөз беру.

- Ата-аналарға сөз беру.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.04.2018
502
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі