САБАҚ ЖОСПАРЫ № 11
Пән аты: Теміржолдың жалпы курсы
|
Өткізілетін уақыты |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Тобы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сабақтың тақырыбы: Пойыз және оның жолдама құжаттары
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Жолдама құжатымен таныстыру.
2.Тәрбиелік: Еңбек тәрбиесі оқушыларды еңбекке баулу, еңбек адамдарына деген сый құрмет, мамандыққа бағдарлау.
3. Дамытушылық: Жалпы қаблеттілікті дамыту, әдебиеттер мен қосымша көрнекіліктерді тиімді пайдалану.
Сабақтың түрі: Аралас
Оқыту әдісі: Ауызша баяндау.
Сабақтағы өзіндік жұмыстардың түрлері: үлестірмелі парақтар
Пәнаралық байланыс: Техникалық пайдалану ережелері, жылжымалы құрам құрылысы
Оқулықтар: В.Н. Соколов «Көліктің жалпы курсы» УМК МПС России, М., 2002 ж.
САБАҚТЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ БАРЫСЫ
ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМІ - 2 мин.
1. Оқушылармен амандасу.
2. Аудитория дайындығы.
3. Оқушыларды тексеру.
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН СҰРАУ – 20 мин
Станса жолдарының, жол ұзындығының мамандануы. Парктер мен найбекеттік қылта, олардың қызметі.
ЖАҢА САБАҚТЫ ТҮСІНДІРУ – 50 мин
Пойыз және оның жолдама құжаттары
Пойыз - деп салмағы мен ұзындығы теміржол желісінің талаптарына сәйкес келетін, бір немесе бірнеше іске қосылған локомотивтері немесе моторлы вагондары бар, түріне сәйкес жеке нөмері және арнайы белгілері бар жылжымалы құраманы айтамыз.
Пойыз құрастырылатын стансада оның құрамындағы вагондар туралы негізгі мәліметтер жинақталған анықтауыш парақшасы (натурный лист) толтырылады. Онда пойыздың нөмері, құрастырған және баратын стансалар, құраманың ұзындығы және салмағы, жөнелту уақыты, сонымен бірге әрбір вагон туралы мәліметтер (нөмері, түрі және осі, жүктікң атауы және салмағы, вагонның таза самағы т.б.) жазылады.
Әрбір жөнелтілетін жүк үшін жүк жөнелтуші жапсырма қағазын (накладной), ал станса жолдық тізбектерді (дорожный ведомость, корошек дорожный ведомости) толтырады. Жүкті тиеу орындарында тиелген жүктерге вагон парақшасы толтырылып, онда вагонның сипаттамалары және осы вагонға тиелген жүктердің тізімі, жүктерге арналған жапсырма қағазының нөмері, жөнелтуші және қабылдаушы стансалар көрсетіледі.
Анықтауыш қағазы, вагон парақшасы, жапсырма қағазы және жолдық тізбектер құрастыру стансасынан бастап жүкті қабылдаушы стансаға дейін пойызбен бірге жүретін негізгі тасымалдау құжаттары. Пойыз баратын стансасына жеткен соң барлық құжаттар мәліметтерді тіркеу және өңдеу үшін қажетті жерлерге жіберіледі.
Құрамының үлкендігіне байланысты пойыздар кезексіз және кезекті болып екі топқа бөлінеді. Кезексіз пойыздарға қалпына келтіруші, өрт сөндіргіш, қар тазалағыш және жеке локомотивтер жатады.
Кезекті пойыздар өз ішінде құрамы бойынша бірнеше түрге жіктеледі: алыс және жергілікті қатынастағы жолаушы (жүрдек және жай жолаушылық) және қаламаңындағы пойыздар; жүк-почталық, әскери, жүк-жолаушылық, жүрдек, өте жалдам жүретін (тез бүлінетін жүктері бар вагондар, контейнерлер т.б.) және адамдарға арналған пойыздар; жүктік пойыздар (өтпелі, телімдік, шығарымдық және берілістік) және шаруашылық пойыздары деп бөлінеді.
Жүктік пойыздар белгілеріне байланысты келесі топтарға жіктеледі:
құрастыру шарты бойынша жөнелтілуші (оның ішінде сатылы) және техникалық маршруттар;
құрамадағы вагондар тобының санына байланысты бір топты және топтасқан;
вагондардың күйіне байланысты: жүктелген, бос және аралас.
Құрамының жалпы салмағы қалыпта салмақтан аспайтын және жолаушы пойызының жылдамдығымен жүретін жүк пойызы жүрдек жүк пойыздары деп аталады. Бұл пойыздармен негізінен аса бағалы және тез жеткізуді қажет ететін жүктер мен үлкен салмақтағы контейнерлер тасымалданады.
Кем дегенде бір телімдік немесе сұрыптау стансасынан өңдеусіз өтетін жүк пойызы тоқтаусыз өтетін жүк пойызы деп аталады. Ал телімдік пойыз тек қана бір жол телімінен өтетін пойыз. Жинақталған пойыз дегеніміз ортааралық стансаларға жіберілетін вагондар мен осы стансаларда тиелген және түсірілген вагондардан тұратын құрама пойыз. Өткерме пойыздар дегеніміз аралық ортааралық стансалар мен кірме жолдардан вагондарды шығаратын немесе оларға жақын арадағы телімдік және сұрыптау стансаларынан ірі көлемді вагон топтарын беретін пойыздар. Бір теміржол торабына кіретін стансалардың аралығында вагондарды жеткізетін пойыздар берілістік пойыздар деп аталады. Жолды жөндеу және құрылыс жұмыстарына, стансаны қажеттіліктерімен жабдықтауға т.б. арналған пойыздар шаруашылық пойыздары деп аталады.

ЖАҢА САБАҚТЫ БЕКІТУ - 15 мин.
1. Коммерция дегеніміз не?
2. Жүк жұмыстарына бекетіне не жатқызуға болады?
3. Контейнер қызметі?
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ – 3 мин.
Ғаламтор жүйесі
ОҚЫТУШЫ: Қарағұлова Д.Т.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ОКЖД

шағым қалдыра аласыз