400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

өлең "Жетісу"

Материал туралы қысқаша түсінік
баланың ақындық өнері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жетісу-жыр әнім

Әр ақынның жырына арқау болған.

Жер бар ма Жетісуым, сенен асқан.

Өзен-көлің, самсыған қалың нуың,

Көз тояр ма, табиғатың көркін тапқан.


Жеті өзенің буырқанып тасығанда,

Сұлулығын көремін, аппақ таңда.

Биік тау, құзар шыңың көз мұнартар,

Алыстан сағым ойнап, алысқанда


Асан қайғы аңсаған, жайлы жерді,

Сенен тапты, халқына мұра етті.

«Шұрайлы жер таппан», деп шарқ ұрғанда.

Паналап көп тұрақтап, ойға кетті.


Шыбық ексе, мәуе боп жайқалатын.

Топырағыңнан айналдым, жер-жәннатым!

Сұлулығың тамсантар, көз алмастай,

Саған арнар жырым мол, қабыл алғын.


Жетісудай жер бар ма, бұл жалғанда?!

Тарих жатыр, құз жартас, тау-тасыңда.

Көк аспанның сақшысы-қыран құсың,

Самғай берсін, қалықтап, құзар-шыңға.

Асқар тауың, асу-асу белдерің,

Шайқатылған көк толқынды көлдерің.

Сұлулықтың жаршысына айналған.

Алатауың тұр мұнартып, биік шың.


Табиғаты баурап алған әлемді.

Қорығың бар, қомақты да көлемді.

Қызыға да қызғана да қарайтын,

Тамсандырдың саф ауаңмен өзге елді.


Арқар, марал, киігіңмен сұлусың.

Табиғатың жасап қойған бір мүсін.

Аю, қабан, ақ барысың тағы бар.

Асқар тауға көрік берген сілеусін.


Ақ қайың да сыбдыр қағып желменен,

Қарағай тұр, көк аспанмен тірескен.

Шырша, арша, мәңгіліктің белгісі,

Тау бөктері ну орманмен сірескен.



Жазушы да, дана да ақын да емен,

Суретші де, қыл қаламмен ой өрген.

Сондадағы жыр жолдарын арнадым,

Жетісуым, саған арнап өлеңмен.


Сұлулықты жырлай білген халықпыз.

Көркем сөзбен қалдыратын анық із.

Табиғатың тұнып тұрған сұлулық.

Мен қалайша жыр жазбаймын,......


Мол қазынаң таусылмасын, толғасын,

Мол байлықты қорғап сақтау бізге сын.

Табиғатты аялайтын, қорғайтын.

Жас ұрпағың өсіп-өніп, көркейсін!




















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
03.12.2020
451
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі