ҰЗАТЫЛҒАН ҚЫЗҒА ӨСИЕТ
Жаратқан Алла Жаппар иеңе сыйын да,
Мойыма әсте ауырлықтар мен қиынға.
Қиналған сәтте ойыңа алып жүрерсің
Әке өсиеті, анаңның ақылы - миыңда.
Қияға өрлеп, жақсылықтарға талпында,
Ардақтай білші қазақтың ата - салтында.
Еркелігіңді бір сәтке енді қоярсың,
Қыз күнің қалар, бұлғақтап дәурен артыңда.
Ұяңнан ұшып, ұзатылып келіп жатырсың,
Апа мен жезде, бәрі де бауыр жақын шын.
Білмегеніңді үйретіп саған отырар
Енеңіз болар жаныңыздағы ақылшың.
Үлкенге құрмет, кішінің сыйла әрбірін.
Өткенді біліп, тарихтан алсаң тағылым.
Қабырғамнан жаратып еді Хақ Алла,
Ашуың артта, алдыңда болсын сабырың.
Ойлама мына өмірді сірә келте деп.
Есейіп сәулем, ес жию керек ертерек.
Ардақты ұлдың аяулы жары боласың,
Қайны мен сіңлі жеңге деп жүрер, еркелеп.
Кезің де кетті ұрлана қарар айнаға.
Жақын ғып бәрін, жылы сөзіңмен аймала.
Көрпеңді жайып, иіліп тағзым қыларсың,
Қайнаулы шайың, келгенде абысын-қайын аға.
Дайын тұрса да өзгелер сені сынауға,
Жүрмесін бөлек, қабағың қатты қырауда.
Абысын тату болса егер ас көп деген бар,
Осыны әсте, жадыңнан, қалқам, шығарма.
Тағдырың жұмбақ, неліктен сірә тел өстің.
Қиындық көрсең жолдасыңменен кеңескін.
Айтылған менің ойларым жүрсе санаңда,
Жаман болуға тиісті көкем емессің.
Пәле іздеп жүрме, таба алмай себеп сыныққа.
Қарсы келмегін, қазақтық ата-ғұрыпқа.
Атаңа не көрсетсең, қалқам, жасыңда,
Қартайғаныңда алдыңа келер, ұмытпа!..
*****
АПА АУЫЛҒА ӘКЕТШІ...
Апа!
Шаршадым қараңғы кемді күннен.
Бауырына тартпады мені бірден.
Талтаңдап басып тірлікте от кешетіндер,
Сырласар екен тамұқта енді кіммен?
Уақыт өтер, ұстатпас тыншымай бақ,
Бақытымда тұрмайды қасымда нақ.
Ит тірлігінен қаланың мезі болдым,
Әуреге салып қойды мың сынамақ.
Апа!
Сұмдық жоқ, албырт мен де сезім еді,
Кезбе бақыт ол кімге кезігеді.
Аянышты, қорланған біреуді көрсем,
Тілім-тілім жүрегім езіледі.
Тірлікте бәрі пенде ғой, тауың құламасын,
Безініп кеттім,
Жанымнан жыр ұрлағасын.
Мендегі көңіл сәбидей-ақ періште еді,
Өтінем енді, жас бұлап ол жыламасын.
Кетермін бір күн жалғанның әнін де салып,
Астынан бұлттың шығады найзағай жарып.
Өз даусымнан түсімде шошып оянам,
Құлының сірә өзіңе жетері анық.
Апа, ауылға әкетші...
*****
ТҮСІН МЕНІ
Түн. Мен жалғыз,
Отырмын ойға шомып,
Елеңдейді бір мезет көңіл толып.
Қолын бұлғайды алыстан бәз біреулер,
Дегендей маған жолық.
Қолын созған бәз біреу сен бе деймін,
Жалған бақытқа неліктен өрмелеймін.
Іштен тынып жүруші ем бұйығы болып,
Жақұтқа кенеле бер, бөлен мейлі...
Өмірге босқа тегі қарамадым,
Әттең-әттең жанымды жараладың.
Айналамнан сырласар адам таппай,
Осы күні жапан түз даладамын.
Бола ма екен, айтшы өзің, ағада мін?..
Менің жаным арман мен толған қайғы,
Жүрек, шіркін, уақыттан алданбайды.
Жетем деген мақсатқа жетіп өлем,
Мендік көңіл әйтпесе жайланбайды.
Әуенім де әніме сай болмайды.
Бақыт деген немене түсінбедім,
Мен өзімше оны бір мүсіндедім.
Кешірім барша адамнан сұрап өтем,
Қате болса егер де ісім менің.
Түсін мені...
*****
Cен ауырма жазылып кет, тілегім,
Қорғанышың болайыншы тірегің.
Сен ауырма маған онда мұң болар,
Өзіңменен бірге ауырар жүрегім.
Сен ауырма қыз едің ғой арайлы,
Өткересің басыңыздан талайды.
Сен ауырма жарқылдап жүр, бір менің,
Жадап-жүдеп жүргенімде жарайды.
Сен ауырма тумысыңнан текті едің,
Қайғы-мұңды қасірет ғып шекпегін.
Сен ауырма сауығып кет алтыным,
Қайта келер бүр жаратын көктемің.
Сен ауырма әлсіздігіңе сенбеймін,
Ауруға да, ай мен күнге бермеймін.
Келші бері, дауа болам дертіңе,
Жан-дүниеңді өлеңіммен емдеймін!..
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Өлең-Жырлар
Өлең-Жырлар
ҰЗАТЫЛҒАН ҚЫЗҒА ӨСИЕТ
Жаратқан Алла Жаппар иеңе сыйын да,
Мойыма әсте ауырлықтар мен қиынға.
Қиналған сәтте ойыңа алып жүрерсің
Әке өсиеті, анаңның ақылы - миыңда.
Қияға өрлеп, жақсылықтарға талпында,
Ардақтай білші қазақтың ата - салтында.
Еркелігіңді бір сәтке енді қоярсың,
Қыз күнің қалар, бұлғақтап дәурен артыңда.
Ұяңнан ұшып, ұзатылып келіп жатырсың,
Апа мен жезде, бәрі де бауыр жақын шын.
Білмегеніңді үйретіп саған отырар
Енеңіз болар жаныңыздағы ақылшың.
Үлкенге құрмет, кішінің сыйла әрбірін.
Өткенді біліп, тарихтан алсаң тағылым.
Қабырғамнан жаратып еді Хақ Алла,
Ашуың артта, алдыңда болсын сабырың.
Ойлама мына өмірді сірә келте деп.
Есейіп сәулем, ес жию керек ертерек.
Ардақты ұлдың аяулы жары боласың,
Қайны мен сіңлі жеңге деп жүрер, еркелеп.
Кезің де кетті ұрлана қарар айнаға.
Жақын ғып бәрін, жылы сөзіңмен аймала.
Көрпеңді жайып, иіліп тағзым қыларсың,
Қайнаулы шайың, келгенде абысын-қайын аға.
Дайын тұрса да өзгелер сені сынауға,
Жүрмесін бөлек, қабағың қатты қырауда.
Абысын тату болса егер ас көп деген бар,
Осыны әсте, жадыңнан, қалқам, шығарма.
Тағдырың жұмбақ, неліктен сірә тел өстің.
Қиындық көрсең жолдасыңменен кеңескін.
Айтылған менің ойларым жүрсе санаңда,
Жаман болуға тиісті көкем емессің.
Пәле іздеп жүрме, таба алмай себеп сыныққа.
Қарсы келмегін, қазақтық ата-ғұрыпқа.
Атаңа не көрсетсең, қалқам, жасыңда,
Қартайғаныңда алдыңа келер, ұмытпа!..
*****
АПА АУЫЛҒА ӘКЕТШІ...
Апа!
Шаршадым қараңғы кемді күннен.
Бауырына тартпады мені бірден.
Талтаңдап басып тірлікте от кешетіндер,
Сырласар екен тамұқта енді кіммен?
Уақыт өтер, ұстатпас тыншымай бақ,
Бақытымда тұрмайды қасымда нақ.
Ит тірлігінен қаланың мезі болдым,
Әуреге салып қойды мың сынамақ.
Апа!
Сұмдық жоқ, албырт мен де сезім еді,
Кезбе бақыт ол кімге кезігеді.
Аянышты, қорланған біреуді көрсем,
Тілім-тілім жүрегім езіледі.
Тірлікте бәрі пенде ғой, тауың құламасын,
Безініп кеттім,
Жанымнан жыр ұрлағасын.
Мендегі көңіл сәбидей-ақ періште еді,
Өтінем енді, жас бұлап ол жыламасын.
Кетермін бір күн жалғанның әнін де салып,
Астынан бұлттың шығады найзағай жарып.
Өз даусымнан түсімде шошып оянам,
Құлының сірә өзіңе жетері анық.
Апа, ауылға әкетші...
*****
ТҮСІН МЕНІ
Түн. Мен жалғыз,
Отырмын ойға шомып,
Елеңдейді бір мезет көңіл толып.
Қолын бұлғайды алыстан бәз біреулер,
Дегендей маған жолық.
Қолын созған бәз біреу сен бе деймін,
Жалған бақытқа неліктен өрмелеймін.
Іштен тынып жүруші ем бұйығы болып,
Жақұтқа кенеле бер, бөлен мейлі...
Өмірге босқа тегі қарамадым,
Әттең-әттең жанымды жараладың.
Айналамнан сырласар адам таппай,
Осы күні жапан түз даладамын.
Бола ма екен, айтшы өзің, ағада мін?..
Менің жаным арман мен толған қайғы,
Жүрек, шіркін, уақыттан алданбайды.
Жетем деген мақсатқа жетіп өлем,
Мендік көңіл әйтпесе жайланбайды.
Әуенім де әніме сай болмайды.
Бақыт деген немене түсінбедім,
Мен өзімше оны бір мүсіндедім.
Кешірім барша адамнан сұрап өтем,
Қате болса егер де ісім менің.
Түсін мені...
*****
Cен ауырма жазылып кет, тілегім,
Қорғанышың болайыншы тірегің.
Сен ауырма маған онда мұң болар,
Өзіңменен бірге ауырар жүрегім.
Сен ауырма қыз едің ғой арайлы,
Өткересің басыңыздан талайды.
Сен ауырма жарқылдап жүр, бір менің,
Жадап-жүдеп жүргенімде жарайды.
Сен ауырма тумысыңнан текті едің,
Қайғы-мұңды қасірет ғып шекпегін.
Сен ауырма сауығып кет алтыным,
Қайта келер бүр жаратын көктемің.
Сен ауырма әлсіздігіңе сенбеймін,
Ауруға да, ай мен күнге бермеймін.
Келші бері, дауа болам дертіңе,
Жан-дүниеңді өлеңіммен емдеймін!..
шағым қалдыра аласыз













