Материалдар / Өлең шығару

Өлең шығару

Материал туралы қысқаша түсінік
шешендік өнер үйірмесіне арналған сабақ жоспарлары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қазан 2020
1225
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

« Қайназар ауылындағы №1 орта мектеп бастауыш мектебімен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесімен



«Математика менің өмірімде» курсының авторлық бағдарламасы 3-сыныпқа арналған.

Бағдарлама авторы:

бастауыш сынып мұғалімі

Махмет Алтангул

«Математика әлемі» курсының жүргізуге арналған бағдарлама

6. Түсінік хат

2.1 Жалпы түсінік

Жылдам өзгерістерімен ерекшеленетін қазіргі заманда түсінуге қиын тиетін жаңалықтарға толы ғылымдардың ішінде математиканы меңгеру өзекті.Сондықтан да оқушылардың математиканы оқуға деген мотивацияларын қалыптастыру жұмысын бастауыш сыныптан бастап,олардың зияткерлік мумкіндіктерін үнемі дамыту қажет.

Математикадағы «матема» сөзі грек тілінен аударғанда «ғылым,білім ,оқу»,ал «математикос» білуге құштарлық дегенді білдіреді.Жалпы,ғылымдарды жаратылыстану және гуманитарлық деп екі топқа бөлу қалыптасқан.Жаратылыстану ғылымдарды бізді қоршаған ортаны зерттесе, ал гуманитарлық ғылымдар адамның әлеуметтік табиғатын зерттейді.Математика болса осы ғылымдардың ешқайсысына жатпайды, ол ғылымдардың іргетасы іспеттес,өз алдына жеке ғылым.Солай бола тұра математика оқшау қалмай,керісінше,өзінің әмбебаптығының арқасында,барлық ғылымдарда кеңінен қолданыс тауып келеді.Әуелі, ешбір ғылымды математикасыз елестету де мүмкін емес,ол-ғылымдар патшасы.

Сөйте тұра, бірқатар балалардың ойында математиканың «зеріктіретінін», «оқуға қиын тиетін» пән екендігі жөнінде түсінік қалыптасқан.Сондықтан да балаларды сандармен амалдар жасауға үйрететін арифметика,сондай-ақ кесінді, түзу,пішіндерге толы геометрияға қызықтыру көптеген бастауыш сынып мұғалімдерін мазалайтын мәселе.Балалардың математикаға деген қызығушылықтарын арттырудың бір – оның шынайы өмірмен байланыс көрсету.Оқушылардың бойындағы шығармашылық пен ізденім паздық қасиеттерді оятып,танымын қалыптастыру үшін оқу үдерісі сабақтан тыс іс-шаралармен толықтырылуы тиіс.

Ұсынылып отырған осы «Математика әлемі» атты Факультатив оқушылардың танымдық әрекеттерін қалыптастыруға зор ықпалы бар логикалық ойлау қабілеттерін арттырып,математикалық дүниетанымын кеңейтуді және де математика әлемінің қызықты және күнделікті өмірде қажет екендігін көрсетуді мақсат етеді.Логикалық есептерді шешу, есептердің ерек

ше жолын табу, «жаңалық ашу»,өзіндік зерттеу жұмыстарын орындау,информатика пәніндегі алгоритм элементтері кіріктелген есептермен жұмыс істеу сияқты әдістер оқушылардың танымдық белсендіктерін арттыруға ықпалын тигізеді.

Бағдарламаны толық меңгеру үшін оқушылардың тек ғана білімді болулары жеткіліксіз,олар бірізділікпен ойлана біліп,туындаған есептердің жауабы жөнінде шешім қабылдай алулары қажет.

Факультатив сабақтары еркін,ойын түрінде ұйымдастырылып,оқушыларға тапсырма шкшімін өз беттері мен іздеп табуға ықпал етеді.

2.2 Бағдарламаның мақсаты:

Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылықтарын ояту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,математикалық білімдерін күнделікті өмірде қолдануға дағдыландыру.

2.3 Бағдарламаның міндеттері:

Математикаға байланысты қызықты деректермен таныстыру;

Математиканың басқа ғылымдарымен байланысын және өмірде қажеттілігін ұғындыру;

Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту;

Математикалық ойындар арқылы арифметикалық және геометриялық білімдерін жетілдіру.

Математикалық білімдерін күнделікті өмірде қолдануға үйрету.

2.4 Бағдарламаны оқытудың әдістері

Ұйымдастыру әдістері:

Сөздік,көрнекілік,тәжірибелік,репродиктивті,түсіндірмелі,зерттеу,проблемалық.

Бақылау әдістері:

Ауызша,жазбаша,өзін-өзі тексеру,бірін-бірі тексеру;

Ынталандыру әдістері:

Мадақтау,қызықтыру,жауапкершілікті сезінетін тапсырмалар беру.

2.5 Оқытудың универсалды әрекеттері:

Салыстыру

Оқушылар түрлі тәсілдерді салыстырып,тапсырманы орындауға нақты қажеттісін таңдап ала алу;

Модельдеу

Кез келген тапсырманы орындауда алгоритм бойынша жұмыс жасау,тапсырманың алгоритмін өздері құрастыра білу;

Қолдану

Математикалық білімдерін күнделікті өмірде қолдана алу;

Талдау

Ойын барысын талдау ,ереже бойынша әрекет ету;

Әрекеттесу

Топтық жұмысқа атсалыса білу,өзіндік пікірін айта алу,жеке дара жұмыс жасай алу

Басқару

Өзінің әрекетін басқара алу,қателерін жою

Бағдарламаны жүзеге асыру принциптері:

Түсіністілік принципі

Әр баланың жеке дара қабілеттері ескеріледі,оларды дамытуға қолайлы жағдай туғызылады

Демократиялық принципі

Оқушы мен мұғалімнің өзара тең әрекеттесуі ескерілген;

Ғылымилық принципі

Іріктелініп алынған материалдар тәжірибеде тексерілген,сенімді дерексөздерден алынған;

Жүйелілік пен бірізділік принцептері

Білім оқушыларға белгілі бір жүйеде беріледі, оқушылар білім қорын жинақтап алған,білімдерін күнделікті өмірде қолдана алады;

Көрнекілік принципі

Әр сабаққа қажетті көрнекіліктер дайындалған;

2.6 Қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Сын тұрғысына ойлау технологисы ;

Ойын технологисы;

Модульдік технология

АҚТ.

2.7 Оқытуда қолданылатын тәсілдер:

Анализ,синтез,аналогия;

Салыстыру;

Классификациялау;

Жалпылау.

2.8 Факультатив сабақтарының өткізілу түрлері:

Сабақтар, ойын семинар, дөңгелек үстел, сайыс түрінде өткізіледі.

2.9 Факультатив жүктемесінің көлемі:

Ұзақтығы-30-35 минут;

Жиілігі- аптасына 1 сағат;

Барлық сабақ саны – 2 сыныптың оқу жылында -34

2.10 күтілетін нәтиже :

Оқушылардың санасында математика ғылымы туралы түсініктер аясының кеңеюі;

Математиканың басқа ғылымдармен байланысын ұғып ,пәнге өзгеше қырдан қарауға үйрену;

Математикалық білімдерін толтырауға ынталандыруын артуы

Информатика пәнінде қолданылатын алгоритм элементтерін қолдану арқылы математикалық есептерді шығаруды меңгеру;

Графикалық жұмыстарды еркін орындауға машықтану;

Логикалық тапсырмаларды орындап үйрену арқылы ойлау, талдау,саралар қабілеттерінің артуы;

Кішігірім дербес бақылау-зерттеу жұмыстарын жүргізі арқылы туындаған есептердің дұрыс жолын таба алуға дағдылану;

Тұтас заттар мен бұйымдардан әртүрлі бөлек геометриялық денелерді көре білу және оларды құрастыру қабілетінің артуы;

Сыныпта,сыныптан тыс шынайы өмірлік жағдайларда жекелей немесе топпен жұмыс істеуге бейімделу;

туындаған мәселенің жауабына қатысты өзінің пайымдаулары мен шешімін қорғай білу қабілетінің артуы;

математикалық білімін күнделікті өмірде қолдана алу.

7. ОҚУ ПӘНІНІҢ МАЗМҰНЫ

2.11 Жалпы сипаттама

Факультатив мектеп бағдарламасынан тыс оқытылып,балаларды математика әлеміне әдеттегі төте жолмен емес,әдеттен тыс ,қызыққа толы жолдармен жетелеп,осы ғылым туралы тұтас түсінік қалыптастыруға көмектеседі.Мұнда бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамыту ,алгоритм бойынша әрекет етуге үйрету,дұрыс қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру жұмыстары заманауи педагогикалық технологиялармен қатар жұптық және топтық жұмыстарды қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Факультатив бағдарламасы шартты түрде 4 модульген бөлінген.Бағдарлама математика әлеміне терең енуге баурайтын қызықты ақпарат беруден басталады.Жалпы ,математиканың атасы арифметика болғандықтан,факультативте оқушыларды алдымен заттарды санау туралы алғашқы түсініктермен және сандардың пайда болу тарихымен таныстыру көзделген .Арифметикалық амалдарды орындауды бекіту үшін қызықты тапсырмалар топтамасы берілген.Сонымен алгебрамен геометрия негіздерін қалыптастыру үшінде арнайы тақырыптар қарастырылған.Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту үшін бағдарламаға тапсырмалар жүйесі енгізілген.Осыған байланысты бағдарламада Ресейдің танымал педагогі Л.Г.Петерсонның математиканы оқыту әдіс тісілдері қолданылды.

Сабақтан тыс өткізілетін «Математика әлемі» факультативі тұлғаның интеллектуалдық дамуын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Факултатив бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескеріп құрастырылған.Мұнда оқушылардың ойлау әрекетіне кедергі жасамайтын қозғалмалы ойындар жоспарланған.Топпен жұмыс барысында оқушыларға еркін жүріп тұру,орындарымен ауысу,тақтада,қабырғаларда ілінген тапсырмаларды орындау үшін орындарынан тұрып қарау сияқты қозғалыс әрекеттер рұқсат етіледі.Сабақтардың барысында оқушылардың бір-бірімен тікелей қатынаста болуларына,пікір алмасуына,бірігіп тапсырманы орындауларына,бір-біріне көмек көрсету сияқты әрекеттер жасауға қолайлы жағдай тұғызуы абзал.

Факультативте оқушыларды мектеп бағдарламасында өткен тақырыптарды тереңірек зерттеуге қызықтыру көзделген.Логикалық тапсырмалар топтамасы балалардың ойлау қабілеттерін жетілдіріп қиын есептердің шешу жолдарын шығармашылықпен іздеуге үйретеді.Геометрияны меңгеру болашақта архитектор ,конструктор ,дизайнер,зергер және т.б мамандықтарды игеруге септігін тигізетіндігіне оқушылардық көздерін жеткізуге мүмкіндік береді.Математика тек математиктер мен ғылымдарға ғана емес, барлық мамандық иелеріне қажет екендігін ұғындырып , білімдерін күнделікті өмірде қалай қолдауға болатынын үйрету мақсатында зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру жоспарланған.Балалардың ынта-ықыласына оң әсер беру үшін факультатив сабақтарын әртүрлі форматта өткізу көзделген.

Бағдарлама мазмұны сабақтан тыс әрекеттерді ұйымдастырудың талаптарына сәйкес жасалған,оқушылардан қосымша математикалық білімді талап етпейді.

Факультатив сабақтары модуль бойынша топтастырылған.Тапсырмалар тақырыптары оқушылардың танымдық қызығушылықтарына сәйкес жинақталған,іріктелініп алынған мағлұматтар пайдалы және қызықты.Олар оқушылардың қиялдарын іскерліктерін,белсенділіктерін дамытуға көмектеседі.

2.12 1 Модуль-Теориялық білім негіздері .

Бірінші модульде математика ғылымына қатысты жалпы мағұматтар,қызықты оқиғалармен деректер туралы сабақтар өткізу жоспарланған.

Қызықты практикалық шығармашылық тапсырмалар арқылы табиғаттағы,қоршаған ортадағы әдетте елене бермейтін сандар мен сандық қатынасқа балалардың көңілін аудару көзделген.

Теориялық білім негіздеріне қатыстты тақырып үлгілері.

Сандар туралы жаңылтпаштар, сандар туралы жұмбақтар.Айналамыздағы сандар .Байырғы есептер.Алгоритм бойынша амалдарды орындау.Физика математикалық сұрақтар. «Шифрді ажырату» ойыны.

2.13 2 модуль – Геометрия .

Тәжірибе көрсеткендей , геометриялық есептерді шешу бір қатар қиындық туғызғандықтан, бұл модульде оқушыларға геометриялық білім негіздері беріледі.Геометрияға байланысты есептерді шешу неғұрлым әсерлі болу үшін оқушылардың өздерінің қимыл іс-әрекеттерін қажет ететін әртүрлі тәжірибелік жаттығуларды орындау құрастылған.

Әртүрлі пішіндерді салыстыру, олардан басқа фигуралар құрастыру,таяқшалардан фигура құрау сияқты қызықты тапсырмалар мен ойындар жинағы оқушылардың білімге деген құштарлықтарын оятуға бағытталған.

Геометриялық есептердің үлгілері.

Түзулер.Оқушылар топпен бөлініп, «Біздің өміріміздегі Түзулер» деген тақырыпқа постерді толтырады.

Бұрыштар .Оқушылар топпен бөлініп, «Біздің өміріміздегі бұрыштар,деген тақырыпқа постерді толтырады.

Шеңбер.Оқушылар топпен бөлініп, «Біздіің өміріміздегі шеңбер» деген тақырыпқа постерді толтырады.

Көлемді фигуралар (денелер).Оқушылар топпен бөлініп, «біздің өміріміздегі көлемді фигуралар (денелер)» деген тақырыақа постерді толтырады.

2.14 3 модуль – Логика.

Логикалық тапсырмаларды жүйелі қолданудың маңыздылығы.Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу,оны рухани күшін нығайтып,өмірден өз орнын табуға көмектесуіміз қажет. Өйткені адам туынды ғана емес жаратушы да.Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат.Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып,әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі,олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет.

Бұл модульде оқушылар логикалық ойлауды қажет ететін тапсырмаларды орындайды.Мұнда Ресей педагогі Л.Г.Петтерсонның кейбір есептері мен әдістері қолданылады.

Логикалық есептерге байланысты тақырып үлгілері.

Сызбалармен жұмыс. Логикалық есептер .Сіріңкемен жұмыс.Таңдап алу тәсілімен шығарылатын комбинаторлық есептер.Таңдап алу тәсілімен комбинаторлық есептерді шығару .Ребустар шешу,құрастыру, «Диагональ ойыны.

Логикалық есеп үлгілері.

«СІріңкемен жұмыс ойыны». Сіріңкенің шиімен көптеген логикалық тапсырмалалар бар.Соларды орындату арқылы оқушылардың логикалық ойлауын дамыту.

Таңдапалу тәсілімен шығарылатын комбинаторлық есептер.

Комбинаторлық есептер- берілген нысандардың есепті шығару барысында бір немесе басқада шарттарға бағынатын түрлі комбинация жасауға және түрлі комбинациялардың санын санауға тура келетін есептер.Жайесептер түрлі кесте немесе сызба жасамай-ақ ,мүмкін болатын тәсілдерді әдеттегідей толық таңдап алу арқылы шығарылады.

2.15 4-модуль Математикка өмірде.

Екінші модульде математикалық білімнің шынайы өмірде қажет екендігін оқушыларға түсіндіру мақсатында тәжірибелік жұмыстар жасалады.Онда есептердің шешімін табу үшін әртүрлі өмірлік жағдайларға түседі,тәжірибелер арқылы шешу жолдарын іздейді.Мұндай тажиребелер әртүрлі әркеттерді математика тіліне аударуға және есептің шешу жолдарын есте сақтауға септігін тигізеді.

Тажирибелік жұмыс үлгілері.

Математика бақшада.Математика отбасында.Математика зауытта.Математика медицинада.Математика құрылыста.Математика тігін саласында.Осы тақырыптар бойынша 1-сынып оқушылары жұмбақ шешеді,мақал айтады,сурет салады.Отбасында ақша қайда жұмсалатынын есептеуге талпынады.

Әр саланы қалай есептетеіні көрсетеді.Математика медицинада дегенге дәрінің этикеткасын жасайды.Архитектор ретінде ерекше ғимарат суретін салады.

Қорытынды сабақ жыл бойы нені үйренгенін көрсетеді.Топтармен ақылдасып математика менің өмірімде деген тақырыпқа постер жасайды.











8 «Математика әлемі»факультативінің

күнтізбелік-тақырыптық жоспары

3.7 1 модуль-Теориялық білім негіздері.Барлығы 6 сағат

Сабақ

реті

Сағат

саны

Сабақ тақырыбы

Ескертпе

1

1

Cандар туралы жаңылтпаштар

Сандар туралы жұмбақтар

Викторина ойыны

2

1

Айналамыздағы сандар

Елеусіз сандар мен сандық қатынастарға назар аударту

3

1

Байырғы есептер

Тариххқа шолу

4

1

Алгоритм бойынша амалдарды орындау

Өмірде алгоритм күнде кездеседі

5

1

«Шифрді ажырату»ойыны

Ойлау

6

1

Физика-математикалық сұрақтар

Қоршаған ортаның бәрі физика,математика

















































3.8 2 модуль-Геометрия .Барлығы 4 сағат

Cабақ

реті

Сағат саны

Сабақ тақырыбы

Ескертпе

7

1

Тұзулер

Топта жұмыс:жұмыс жоспарын жасау,топта жұмысты өзара бөлу,әр жұмысты орындауға қажетті уақытты есептеу

8

1

Көпбұрыштар

Объектілердің түрлі орналасуларын модельдеу

9

1

Шеңбер

Конструкторды пайдаланып,түрлі бұйымдар құрастыру

10

1

Көлемді фигуралар

денелер

Ереже бойынша ойнау,нұсқаулықтарды орындауға дағдыланады,есте сақтау қабілеттерін,қиялдарын,заттардың түстерін,көлемін,пропорциясын түсінеді.























3.9 3 модуль Логика.Барлығы 9- сағат

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ

Сағат

реті

Сабақ саны

Cабақ тақырыбы

Ескертпе

11

1

Сызбалармен жұмыс

Ойлана алу

12

13

1

Логикалық есептер

Ойлана алу

14

1

Сіріңкемен жұмыс

Жұйелі жұмыс істеу