Материалдар / Өлең талдаудың оңай жолы

Өлең талдаудың оңай жолы

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзім өлең талдаудың оңай жолын ойлап тапқан жұмысым
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

«Халел Досмұхамедов атындағы № 4 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Қалдыбай Камшат

8 «А»сынып


«Өлең талдаудың оңай тәсілдері»





IV бағыт «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалытуристік маршруттар»-секциясы: әдебиет



Жетекшісі: Амирбекова Тазагул Төпенқызы

Ғылыми кеңесші: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ф.ғ.к.,доцент Н.К.Омаров

























Шымкент-2024ж





МАЗМҰНЫ

I Кіріспе бөлім

Менің ізденістерім



II Негізгі бөлім

2.1 Ізденістен туған зерттеу еңбегім

2.2Мақсаты,міндеттері



III Қорытынды бөлім

Зерттеу еңбегімнің маңыздылығы,нәтижелері,қорытындысы































Өлең талдаудың оңай тәсілдері

Мен бүгінде мектеп қабырғасында жүрген оқушымын. Алдыма қойған мақсатым-жан-жақты дамыған жеке тұлға болып қалыптасу.Шығармашылық,түрлі қабілеттерімді үнемі жетілдіріп отыруға тырысамын. Бір сөзбен айтқанда,бәсекеге қабілетті адам болғым келеді.Барлық пәндерді жақсы көремін,жақсы оқимын. Сонда да менің жаныма жақын әрі өзім сүйіп оқитын пәнім – әдебиет пәні.

Әдебиет пәнінде оқулықта оқушыларға көптеген тапсырмалар берілген. Тапсырмалар түрлі әдеби шығармаларға,өлеңдерге талдау жасауға негізделген.Сондай талдаулардың ішіндегі ең ұнайтыны –өлең талдау. Өлеңге сатылай кешенді талдау жасағанды жаным сүйеді.Сатылай кешенді талдау жасау негізгі екі бөлімнен тұрады.Біріншісі,өлең құрылысына талдау; екіншісі, осы өлеңге әдеби-теориялық ұғымдар негізінде талдау жасау.

Іздене жүріп өлеңге сатылай кешенді талдаудың үлгісін таптым.Бірақ қанща ізденсем де, бір өлеңге нақты,толыққанды талдау жасаған нұсқаны еш жерден таба алмадым.Қаншама ғалымдардың еңбектерін ақтарсам да,мысал ретінде бір шумақ өлең берумен шектеледі,оның өзі толыққанды талдау емес.

Осы жағдай мені зерттеп,зерделеу жасауға жетеледі.Іздене,еңбектене отырып,бір өлеңге толықтай сатылай кешенді талдау жасаудың жеңілдетілген үлгісін жасадым. Бұл үлгі алдыңғы тапқан үлгімнің жетілдірілген түрі десем де болады. Өзім жасаған үлгіге салып, бірнеше өлеңдерді талдап та көрдім. Сәтті шықты. Құрбыларыммен де бөлістім. Оқулықта өлең талдауға қатысты тапсырма берілсе, мен сатылай кешенді талдау жасап апаратын болдым.

Бүгін сол көп уақытты алмайтын, пәнге қызығушылығы бар кез-келген адам сүйсіне орындайтын,еш нәрсе талданбай қалыс қалмайтын кешенді талдаудың оңай үлгісін ортаға салып отырмын.

Бұл кешенді талдауды пайдалану,онымен жұмыс жасау маған не берді?

Зерттеу арқылы жеткізген жетістіктерімді айта кетейін:

Біріншіден,әдебиеттегі қазіргі заман талап етіп отырған өзекті проблеманы шешуге - өлеңді талдай білуге, кез-келген талдау түрін жасай білуіме үлкен ықпалын тигізді.

Екіншіден,осы жеңілдетілген схема бойынша талдау мені тиянақты жұмыс жасауға итермеледі.Үшіншіден, кез-келген шығармаға сын тұрғысынан қарап , ой қорытуға әкелді.Төртіншіден,өзім жасаған оңайлатылған схема негізінде мен өлең талдау әдістерінің қыр-сырын тереңірек ұғына түсу үстіндемін.Осы зерттеу еңбегімді ары қарай тереңдетіп,білімімді ұштай түсуге мүмкіндік алып отырмын.Бесіншіден,сөздерді көркемдеу тәсілдері- троп пен фигураның ұқсастық,айырмашылығын сараптап,зерттеп,шатастырмай таба білуіме ықпал етті. Сондықтан бұл зерттеу үлгісі басқа оқушыларға да үлкен көмек болады деп ойлаймын.Алтыншыдан, менде шешім қабылдау,өз көзқарасымды қорғай білу,өзіме деген сенімділік қалыптасты. Қорыта келгенде,өзіме игі әсерін тигізген осы жағдайлардан кейін зерттеу жұмысымды көшілік талқысына ұсынуды жөн көріп отырмын.

АННОТАЦИЯ

Талдау-дегеніміз жеке қасиет ерекшеліктерді арнайы қарастырып,танып білу арқылы бүтінді айқын сезінуге себін тигізетін,соған қызмет ететін тәсіл.

Әдеби шығарманы талдау үшін,көркемдік сипатын дәл бере алу үшін оның өзіндік,өзгешелік ерекшеліктерін түгелдей де,жекелей де ашып қарау керек.

Оқушы Қалдыбай Камшаттың зерттеу,зерделеу жұмысы өлең талдауға арналған.Жай талдау емес,оқушы өзі құрастырған үлгі бойынша белгілі бір өлеңді әр қырынан қарастырып,(өлең құрылысы,әдеби-теориялық ұғымдар бойынша көркемдегіш тәсілдерді табу),өлеңнің қасиет ерекшеліктерін,жеке бөлек-бөлшектеріне тән өзгеше сипат белгілерін арнайы зерттеп,танып-білуді мақсат етеді.Өлең құрылысындағы ырғақтық иннотациялық өзгешеліктерді,әр түрлі шумақ,тармақ,ұйқастарды талдауда оқушы талдаған өлеңнің құрылыс бітіміндегі әншейінде көзге түспейтін,байқала бермейтін сипат белгілері айқын танылады.Оқушы өлеңді қай тұрғыдан талдаса да,олады айырып,ажырту үшін жүйесін тауып,бір-бірімен қабаттастырып,жалғастырып,әдемі шешімін таба біледі.

Оқушының ізденгіштік қабілеті ешкімді бейжай қалдырмайды.Айтар ойы нық,тілі жатық зерттеу еңбегі өлең жүйесін толық тани білуге қызмет етеді.

































ANNOTATION

Analysis is a method that promotes a clear perception of the whole through targeted consideration and recognition of individual features and serves it.

In order to analyze a literary work, to give an accurate description of its artistic character, it is necessary to identify its original and unique features both as a whole and separately.

The research work of student Kaldybay Kamshat is devoted to the analysis of a poem. This is not a simple analysis, but an examination of a certain poem from all sides according to the model he created (finding artistic techniques by structure). poems, literary and theoretical concepts), features of the poem, its individual parts. The goal is a targeted study and recognition of various features when analyzing rhythmic and note differences in the structure of the poem, various stanzas, sentences. and stanzas, the features of the construction of the analyzed poem are clearly understood, he can find a system of division and separation, layer them on top of each other, continue and find a beautiful solution.

The student's curiosity leaves no one indifferent. Research work with a solid understanding of speech and knowledge of the language serves to fully understand the system of poems.

























Өлең талдаудың оңай тәсілдері

Зерттеу еңбегі

Менің ізденісім неден басталады? Ізденісім бір өлеңге толық жан-жақты талдау жасаған сараптамалық зерттеу бар ма екен?- деген қызығушылықтан басталды. Оқыдым,зерттедім,бірақ таппадым.Тек бір шумақ қана талданады, онда да не өлең құрылысына не көркемдегіш тәсілдерге ған талдау жасалынады. Алдыңғы буын аға-әпкелеріміздің жасаған кешенді талдау үлгісін таптым.Осы негізде кеңейтіп , жетілдіріп, жеңілдетілген талдау үлгісін жасадым.

Қазақ поэзиясын сатылай кешенді талдаудың толық үлгісі
1. Авторы:

2. Тақырып – бұл өнер туындысының іргетасы.Бұл –шығарма. Әдеби шығарма дегеніміз белгілі дәуірдегі
қоғамдық шындықтың сәулесі.
3. Жанр түрі – поэзия(өлең).Өлең дегеніміз – белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі.
4.Идеясы - автор тақырып арқылы шындық өмір көріністерін суреттегенде ,оны өз көзқарасы, өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді.Сол арқылы мақсат,мүддесін,арманын білдіреді.
5.Шумақ – аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді

5.1. Бір шумақты

5.2. Екі шумақты
6.Тармақ - өлеңнің әр жолы.

6.1. Екі тармақты

6.2. Төрт тармақты т.б.
7.Бунақ – белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі.

8. Буын саны - сөздің құрамындағы дауысты дыбыстардың санына байланысты

8.1. 3-4 буынды

8.2. 6-7 буынды

8.3. 8-9 буынды

8.4. 11-18 буынды,т.б.
8.5. Аралас буынды

9.Ұйқас

9.1. Қара өлең ұйқасы(-а-а-б-а)

9.2. Шұбыртпалы ұйқас (-а-а-а-а)

9.3. Ерікті ұйқас (а-б-в-г-д)

9.4. Кезекті ұйқас (-а-б-в-б)

9.5. Шалыс ұйқас (-а-б-а-б)

9.6. Егіз ұйқас (-а-а-б-б)

9.7. Аралас ұйқас (-а-а-б-в-б-в-б-б-б)
10.Әдеби теориялық ұғымдар

10.1. Троп

10.2. Фигура
11.Түсіндірме сөздік
12. Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні.


Зерттеу, зерделеу еңбегімді 2023 жылдың шілде айынан бастадым.Басты мақсатым-әдеби талдауларды қайтсем жетік меңгерем деген ой еді.Осы мақсат мені алға жетелеп келеді.

Жетілдірілген, жеңілдетілген талдау үлгісі бойынша талдап,білімімді жетілдіріп келемін.Өзіме берері көп талдау үлгісі болды.Сол үлгілерімді ортаға салғым келеді.

1 талдау үлгісі

Өлең құрылысына талдау үлгісі

1

Авторы

Тақырыбы


2

Әдеби жанр,түрлері


3

Идеясы


4

Шумақ саны


5

Тармақ саны




Берілген өлең

Ұйқасы

Буын саны














Бунағы

















Shape2 Shape1

Фигура

Троп

Shape4 Shape3

Shape5

Айырмашылығы



Shape7 Shape6





Shape9 Shape8

Сөйлемді айтылып жүрген қалпынан өзгертіп құру

Сөз таңдау,ауыстырып айту



Shape10

Shape11



Shape12

Ұқсастығы





Shape13

Shape14

Екеуіде сөз өткір,тартымды,әсерлі болу үшін қызмет етеді.

































Өлеңге әдеби-теориялық талдау жасау үлгісі

2 талдау үлгісі

Троп құбылту

Фигура Айшықтау

Ажарлау

1

Метафора

1.Арнау

Жарлай арнау

Сұрай арнау

Зарлай арнау

Эпитет

2

Кейіптеу

2.Қайталау

Жай қайталау

Анафора

Эпифора

Еспе қайталау

Теңеу

3

Метонимия

3.Инверсия

3.Ассонанс

4

Синекдоха

4.Шендестіру

(антитеза)

4.Аллитерация

5

Символ

5. Дамыту

(градация)

5.Параллелизм

6

Аллегория

6.Эллипсис


7

Ирония



8

Сарказм



9

Гипербола



10

Литота



























Мен алдыңғы толқын аға-әпкелеріміз жасаған өлең құрылысына қандай өзгеріс енгізіп,жетілдірілгенімді көрсетіп отырмын. Алдыңғы өлең құрылысына талдауды, яғни, буын,бунақ,шумақ,тармақ, ұйқас тұрлеріне талдауды сол күйінде өзгеріссіз қалдырдым. Себебі, бұл талдау- заңдылық, талдаудың негізгі шаблоны.Менің енгізген өзгерісім көркемдік тәсілдерге талдауға қатысты. Алдыңғы толқынның схемалық талдау үлгісінде тек троп, фигура деп қана берілген.Өлең талдауға ең қиындық келтіретін де осы – көркемдік тәсілдерге талдау.Троп пен фигурадан басқа қазіргі кезде ажарлау деп аталып жүргенбейнелеуіш құралдар да бар. Мен осы сөздердің көркемдегіш тәсілдеріне аса мән беріп, талдаудың жеңілдетілген үлгісін жасауға күш салдым. Нәтижесінде , мақсатыма жеттім де. Ең алдымен троп пен фигураның ұқсастығы мен айырмашылығына зер салдым.Схемалық таблицадан көріп отырғандарыңыздай троп тек жеке сөздердің ауыспалы мағынасын зерттейтін көркемдік тәсіл болса, фигурада бүкіл сөйлем құрылысы өзгеріске түседі екен. Осы өзгешелікті білген адам көркемдегіш тәсілдерді талдауда қателесуге жол бермейді. Екінші схемада троп ,фигура, ажарлаудың түрлері нақтыланған.Троптың он түрі, фигураның алты түрі,ажарлаудың бес түрі көрсетілген. Бұл не үшін керек?Бұл осы көркемдегіш тәсілдердің түрлерін шатастырмау үшін қажет.Сондықтан осы схемалық көрнекілікті ойластырдым.

Сол сияқты менен кейінгі пайдаланатын қолданушыға дайын ақпарат (шпоргалка) жасадым. Математикада көбейту кестесін сабақта қолдану қаншалықты қажет болса, өлеңнің көркемдегіш тәсілдерін талдау жасау да соншалықты қажет ЖАДЫНАМА жасадым. Қарап тұрсаңыздар жадынамада дайын троп пен фигура, ажарлаудың түрлері,анқтамасы, бір-екі мысалымен берілген. Бұл не үшін қажет?

Бұл жадынама көркемдегіш тәсілге талдаушының есінде , жадынама сақталу үшін қажет.Әр жерден әр әдебиеттен іздеп жүрмейсің алдыңда жатады. Күнде көз алдыңда тұрған соң жадыңда жатталады.Оңай талдауға жетесің.















ЖАДЫНАМА ЕСІҢДЕ БОЛСЫН!

Троп түрлері

Метафора

Кейіптеу

Метанимия

Синекдоха

Символ

Аллегория

Ирония

Екі Нәрсенің ұқсастығына қарай ауыспалы мағынада қолданылады.

Мыс:

-Гималай көктің кіндігі,гималай жердің түндігі.

-Бала- жүрек,

Бала-бауыр.

-мен,мен,едім,

мен едім,

екі тарлан бөрі едім.

Жансыз нәрселерді жанды нәрселермен суреттеу.Мыс:

«Қыс»

Ақ киімді,денелі ақ сақалды.

Соқыр,мылқау танымас тірі жанды.

Үсті басы,

аққырау,

түсі суық

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Затты құбылысты өз мағанасында емес,жанама мағына сөздерге ауыстырып қолдану.

Мыс: Көңілді үй мағынасы үй іші адмдары көңілді екенін білдіріп тұр.

Абайды,Пушкинды

оқыдым яғни шығармаларын оқыдым деген мағынада.

Бүтіннің орнына бөлшекті,

бөлшектің орнына бүтінді қолдану.

Мыс: -Басың нешеу,неше үйіңде адам бар екенін сұрап тұр.

-Осы жұртты ұқпадым.Тек бір адамды ғана айтып тұр.

Тура мағынада емес,

бейнелеу мағынасында айтылады.

түлкі — қулық, арыстан — зорлық, қасқыр — қастық, қоян — сужүректік, есек — ақымақтық, аққу — адалдық, махаббат т.б. түрінде бейнеленетін адамдарға тән мінез пернелеп айтылса да, бірден санаға, қиялға әсер етіп, көз алдыңа елестейді. Әлемдік сөз өнерінде ғасырлар бойы қалыптасқан ортақ бейнелер Аллегорлау арқылы беріледі.

Әдеби шығармаларда жансыз табиғат құбылысы тірі кісінің қылығымен ауыстырылып суреттеледі.


адамға зат пен құбылысқа сырттай жақсы баға берсе де, ішкі мағынасы қарсы келіп, келекеге айналдыратын құбылту (троп) құралы, болмысты жоққа шығарудың бір түрі. Иронияға астарлы сықақ, іштей мазақ жатады (мысалы, қара кісіні "аппағым", пұшық адамды "қоңқағым" деу). 


Сарказм

Әсірелеу (гипербола)

Литота

 ащы мысқыл, жанға батыру) — күлкі етудің бір түрі, зілді кекесінмен әжуалау. Құрылымы жағынан иронияның ұлғайған түрі. Сарказмда ол шарықтау шегіне жетіп, батыл, ашық әшкерелеуге көшеді. Дулат Бабатайұлының шығармаларында да сарказм көптеп кездеседі.Мысалы:

«Жатып ішер жалмауыз,

Борсық тұмсық қанды ауыз...»


Құбылысты өте асырып көрсету.

-көп тұкірсе,көп болар

-жоғарғы ерні көк тіреп,

Төменгі ерні жер тіреп.

Асқар төбе бел еді,

Бірде шауып желеді.

Құбылысты өте кішірейтіп көрсету. Етектейін еріннен

Екі елісі қалыпты.

Қиған қамыс құлақтан

Бір тұтамы қалыпты.

Жалбыраған жалынан

Жалғыз қарыс қалыпты.






ЖАДЫНАМА ЕСІҢДЕ БОЛСЫН!

Фигура түрлері

  1. Арнау

3.Шендестіру (антитеза)

4. Дамыту (градация)

Эллипсис

  1. Жарлай арнау

көпшілікке, белгілі бір ортаға, қауымға немесе жеке адамға да қаратылып айтылады. Ы.Алтынсариннің “Бір аллаға сыйынып” атты өлеңі жарлай арнаудың үлгісі (“Бір аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық. Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық.”). Жарлай арнау - ақынның жеке адамға емес жалпы жұртқа жария кеңесуі.

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым

Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.

Жақсы менен жаманды айырмадың,

Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.

(Абай Құнанбайұлы )Көпшілік балаларға арнап тұр




  1. Сұрай арнау

Көпшіліктен сұрау, жауап күту немесе риторикалық сұрақта жауабы өзінде.

3.Зарлай арнау

Сезім дүниесіндегі психологиялық ауыр күндерді суреттеу

Аралары алшақ жатқан екі нәрсені бетпе бет қою. Мыс., “Қан мен тер” (Ә. Нұрпейісов), “Соғыс және бейбітшілік” (Л. Толстой), “Қызыл мен қара” (Стендаль”) 

Алдыңғы ойдан соңғы ойды күшейтіп айту. Абайдың «Келдік талай жерге енді» деген өлеңіндегі «Сергі, көңілім, сергі енді!», «Ұш, көңілім, кекке, кергі енді!», «Өрбі, сезім, өрбі енді!» деген шумақ аралық жолдар дамытуға құрылған

Сөйлемнің, ойдың ықшамдылығын, әсерлілігін, өткірлігін арттырады. Эллипсисті сөйлемдердегі түсіп қалған сөздердің мәні белгілі болады. Мысалы, Өзімдікі дей алмай өз малыңды, Күндіз күлкің бұзылды, түнде – ұйқың (А. Құнанбайұлы); (соңғы сөйлемде бұзылды сөзі түсіріліп тұр).

1.Жай қайталау

2.Анафора

3.Эпифора

4.Еспе қайталау


6.Инверсия

бір сөзге ерекше екпін түсіріп, бірнеше рет қайталау. “Мұнар да мұнар мұнар күн, Бұлттан шыққан шұбар күн. Буыршын мұзға тайған күн, Бура атанға шөккен күн.

Өлеңнің әр жолы бір сөзден басталып отыруы. Бізде қару, бізде танк,

Бізде ұшқыш, самолёт.

Біз – болатпыз, біз – күшпіз.

Бізде қайрат, бізде от,

Бізде план, программ,

Бізде құрал, бізде ұран,

Біздің елге бір елі,



Өлеңнің соңында бір сөздің қайталануы. Үйімде тыныш қана жатар едім. Қойшыға мен мінгізіп қояр едім, Семіртіп мен соғымды сояр едім.” (І. Жансүгіров).

Алдыңғы тіркестің аяғы, келесі тіркестің басында қайталанып отырады: “Сарқырайды мұз бұлақтар. Мұз бұлақтар у да шу” (С. Сейфуллин);


Өлеңде сөйлемнің орнын ауыстырып қолдану.Мыс:


Келдік талай


жерге енді,


Кіруге қалдық

көрге енді.

(Абай)







ЖАДЫНАМА ЕСІҢДЕ БОЛСЫН!

Көркемдегіш құралдар

Эпитет

Заттың немесе табиғат құбылыстарының ерекше белгілерін көрсету,оқушылардың ой қиялына әсер ету үшін қолданылатын жерді көркем сөз түрі.

Сұр бұлт түсі суық аспан,

Күз болып дымқыл тұман жерді басқан. (Абай)

Жалпақ жауырын,мүйіз қол,жуан батыр

Ащы дара,күміс ой,алтын күн,жайнаған күн

Теңеу

Бір нәрсені екінші нәрсемен салыстырып суреттеу.

Жасалуы:

-тай,тей,дай,дей,ша,ше,дайын,дейін жұрнақтары арқылы

-секілді,сиякты,шылаулар арқылы құйрықты жұлдыз тәрізді,Жанар сияқты екен.

-ұқсап,құсап сөздері арқылы

-бейне,кең сөзінің көмегімен



Параллеизм

Психологиялық параллелизм

Синтаксистік параллелизм


Көңіл күйді басқаға білдіру үшін, тап соған ұқсас табиғат құбылысын паралель етіп қою.

Ай туады дөңгелек

Айға жұлдыз не керек?

Айдай сұлу болмаса,

Қызда болып не керек?


Асыл туған Ақжүніс

Күнді бұлт қоршайды.

Күнді байқап қарасақ

Күн жауарға ұқсайды.

Өлең және қара сөздерін бірінші сөйлем құрылысы екінші сөйлем құрылысында бірен саран ған өзгеріп, басқа сөз тіркестері сол қалпында қайталануы.

Жақсылық көрсем –өзімнен,

Жамандық көрсем өзімнен.

С.Торайғыров



















1 үлгі



Сіздердің көздеріңізді жеткізу үшін мен енді жеңілтелілген өлең талдау үлгісіне салып бір-екі өлеңге толыққанды талдау жасайын.Талдауға мен Ілияс Жансүгіровтің «Күн боламыз» атты өлеңін алып отырмын.

Өлең құрылысына талдау үлгісі

1

Авторы: І.Жансүгіров

Тақырыбы: «Күн боламыз» өлеңі


2

Әдеби жанр: өлең,лирика

Түрлері:саяси лирика


3

Идеясы:Астарлы ой арқылы ақын өзінің өмірлік кредосын (мақсатын)көрсетуді көздеген


4

Шумақ саны:3


5

Тармақ саны:Әр шумақта төрт тармақ (жол)барлығы өлеңде 12 тармақ




Берілген өлең

Ұйқасы

Буын саны



Туғанбыз күн нұрынан күн боламыз,


Нұр шашып қараңғыны жарқ етіп.


Ту ұстап, тұлпар мініп толғанамыз,


Көк жерді көміп нұрға, қарық етіп.


Талдау:

Неге үш шумаққа бөлдік.Себебі әр шумақта бір-бір синтаксистік ой болады.Синтаксистік бір ой бітсе, бір шумақ деп есептейміз.Шумақ болу үшін өлең жолдарының көп не аз болуы шарт емес,синтаксистік бір ойдың бітуі шарт.Бұл шумақта төрт тармақ бар.Яғни,төрт өлең жолы.Шумақ,тармаққа бөліп алғаннан кейін бунаққа бөлеміз. Бунақ дегеніміз –өлең жолдарын оқып отырғанда еріксіз кідіріс жасайтын тұс.Оны былай // белгілейміз.Бұл -екі бунақты өлең.Яғни,бір тармақ екі бунаққа бөлініп тұр.Енді буын санын анықтаймыз.Қазақ тіліндегі ережені еске түсіреміз.Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.Өлеңнің буын санында дәл солай есептейміз.Ту-ған-быз ХХХ 3 (буын) күн Х 1 (буын)

Енді өлең ұйқасына келеміз

1. күн боламыз, а

2. жарқ етіп. б

3. толғанамыз, а

4. қарқ етіп, б

Қарайық: Күн боламыз-толғанамыз

Жарқ етіп-қарқ етіп.

Бұл шалыс ұйқас.Себебі өлеңнің бір,екі жолдары ,үш,төртінші жолдары ұйқасады.


2. Қар, мұзды жерді қысқан сел етеміз,


Жаудырып көктен нөсер дүрілдетіп,


Бұлтты айдап, тұман түріп желдетеміз,


Есілте ескекті өңнің күйін шертіп.


2бунақты



3. Жадырар жанның бәрі нұр бөлеген,


Маужырар жан- жануар, жер көсіліп.


Жер қалмас жаңармаған, түлемеген,


Көгалмен көріктерміз гүл өсіріп.

2 бунақты



А


Б


А


Б


Шалыс

Ұйқас



























А


Б


А


Б





А


Б


А


Б





ххх х ххх х ххх 11



ххх хххх ххх 10


х хх хх хх хххх 11


х хх хх хх хх хх 11

аралас буынды 10,10,11,11-болып тұр.



























Х ХХ ХХХХХХХХ 11


ХХХ ХХ ХХ ХХХХ 11

ХХ ХХ ХХ ХХ ХХ ХХ 12

ХХ ХХ ХХ ХХ ХХ ХХ 12

Аралас буынды өлең

ХХХ ХХ ХХ Х ХХХ 11

ХХХ Х-ХХ Х ХХХ10

Х ХХ ХХХХ ХХХХ 11

ХХХ ХХХХ Х ХХХ 11

Аралас буынды өлең











2 үлгі

Өлеңге әдеби-теориялық талдау жасау үлгісі

Троп (құбылту)

Фигура (айшықтау)

Ажарлау


1.Метафора

1.Арнау

1.Эпитет

---күн боламыз- күндей жарқыраймыз,жанамыз.Шуағымызды

шашамыз- деген мағынада.

---бұлтты айдап,тұман түрін желдетеміз,есілге ескекті өңнің күйін шертіп.Жолдағы кедергілерден жоқ қыламыз мағынасында.

---ескекті есілту қайыққа отырғанда ескектің жұмысы суды қақ жарып жол ашу,алға жылжу,сол сияқты өз әрекетімізбен айналаны гүлдендіреміз мағынасында.

Оның ішінде жарлай арнау.ақынның өзінің қатарындағы көпшілікке қарата сөйлеуі


күн нұры белгілі бір құбылысты көз алдын ала елестету үшін байқалып,айқындалып тұр.

2. Символ

2.Қайталау


Меніңше бұл өлең тұнып тұрған символдық обрызда көрсететін өлең.Ілиястың өмір сүрген дәуірі,түрлі түртпектеулер,халық жауы атанып атылып кетуі көп жайды ұқтырды.Сырттай қарғанда табиғат лирикасын жатқызуға болғанмен,бұл нағыз саяси лирикаға жатады.

Күн- Ілияс және оның соңындағы жаңа заман үшін күресушілердің символы.Олардың күрес жолындағы ұстанымдары көрсетілген өлең:

Қар,мұзды жерді қысқан сел өтеміз-халыққа қамаушыларды жаямыз мағынасындағы сөз.

Оның ішінде жай қайталау

Туғанбыз күн нұрынан күн боламыз,
Нұр шашып қараңғыны жарқ етіп.
Ту ұстап, тұлпар мініп толғанамыз,
Көк жерді көміп нұрға, қарық етіп.
Қар, мұзды жерді қысқан сел етеміз,
Жаудырып көктен нөсер дүрілдетіп,
Бұлтты айдап, тұман түріп желдетеміз,
Есілте ескекті өңнің күйін шертіп.
Жадырар жанның бәрі нұр бөлеген,
Маужырар жан- жануар, жер көсіліп.
Жер қалмас жаңармаған, түлемеген,
Көгалмен көріктерміз гүл өсіріп
.

Күн,нұр,жер сөздері бірнеше рет қайталанып,осы сөздерге оқушы назарын аударып тұр.




3. ӘСІРЕЛЕУ. (ГИПЕРБОЛА)

3.ИНВЕРСИЯ


-нұр шашып қараңғыны жарқ етіп,,,,

-көк жерді көміп нұрға,қарық етіп,,,

-қар,мұзды жерді қысқан сел етеміз.

Өлең сөйлем мүшелерінің орын ауыстырып қолдануы.

-Туғанбыз нұр нұрынан күн боламыз

Қалыпқа келтірсек:

Күн нұрынан туғанбыз,күн болғанбыз.

-Жаудырып көктен нөсер дүрілдетіп:

Көктен нөсер жаудырып,дүрілдетіп,,,

Жадырар жанның бәрі нұр бөленген

Нұр бөленген жанның бәрі жадырар.

Маужырар жан-жануар,жер көсіліп,

Жер көсіліп,жан-жануар маужырар,,,

-Жер қалмас жаңармаған ,түлемеген

Жаңармаған ,түлемеген жер қалмас

-көкалмен көріктерміз,гүл өсіріп

Гүл өсіріп көгалмен көріктерміз.



4. Дамыту (Градация)



-------- күн боламыз,

------- жарқ етіп.

-------- толғанамыз,

--------қарық етіп.

------- сел етеміз,

------ дүрілдетіп.

------ желдетеміз

------ күйін шертіп.

Алдыңғы ойдан соңғы ой,алдыңғы оқиғадан соңғы оқиға күшейтіп айтылып тұр.






Абайдың атақты «Сегізаяқ» өлеңінің екі шумағына осы талдау үлгісі бойынша талдау жасайық.

Өлең құрылысына талдау

Авторы,тақырыбы

А.Құнанбаев «Сегізаяқ» өлеңі

Әдеби жанр түрлері

Өлең-лирика

Идеясы

Өз кезіндегі өмір шындығын көрсету,халқыма өсиет-өнеге,үлгі-ғибрат беру.

шумақ

2

Тармақ саны

1 шумақта 8 тармақ бар.Барлығы 16 тармақ

Берілген өлең



ұйқасы

Буын саны,шартты белгісі

||-бунақ

X-буын



Болмасын кекшіл,


Болсайшы көпшіл,


Жан аямай кәсіп қыл.


Орынсыз ыржаң,


Болымсыз қылжаң


Бола ма дәулет, нәсіп, бұл?


Еңбек қылсаң ерінбей —


Тояды қарның тіленбей


Аралас бунақты өлең. Неге? 1,2,4,5, тармақтар 1 бунақты, қалғандары 2 бунақты өлең.


Егіннің ебін,

Сауданың тегін
Үйреніп, ойлап, мал ізде.
Адал бол – бай тап,
Адам бол – мал тап,
Қуансаң қуан сол кезде.
Біріңді қазақ, бірің дос
Көрмесең, істің бәрі бос.

Аралас бунақты өлең.


Шумақ сегіз аяқ жолдан қайырылғандықтан – «Сегіз аяқ» атанған.


А

А егіз ұ

Б



А

А егіз ұ

Б


Егіз ұйқасты өлең








А

А

Б

А

А

Б

А

А

Егіз ұ


ХХХ ХХ 5


ХХХ ХХ 5


Х ХХ ХХ Х 6


ХХХ ХХ 5


ХХХ ХХ 5


ХХ Х ХХ ХХ Х 8


ХХ ХХ ХХХ 7


ХХ ХХ ХХХ 7


Аралас буынды өлең




ХХХ ХХ 5

ХХХ ХХ5

ХХХ ХХ Х ХХ 8

ХХ Х ХХ 5

ХХ Х ХХ 5

ХХХ ХХ Х ХХ 8

ХХХ ХХ ХХ Х 8

ХХХ ХХ ХХ Х 8

аралас буынды өлең



Әдеби-териялық талдау

Троп (құбылту)

Фигура (айшықтау)

Ажарлау

  1. Метафора

1.Арнау

1.Эпитет

Жан аямай –ерінбей мағынасында

Тіленбей-ешкімнен сұрамай мағынасында

Сырын,құпиясын мағынасында.

Жарлай арнау-халқының көзін ашып,жол көрсету үшін көпшілікке арнаған өлеңі.

Сұрай арнау –оның ішінде риторикалық сұрау.Жауабы өзінде,жауапты керек етпейтін сұрақ.

Бола ма дәулет,нәсіп бұл?

Орынсыз ыржаң,

Болымсыз қалжаң.


2.Қайталау

Жай қайталау-

Адал бол-----

Адам бол-----

Назар аудару үшін қолданылып тұр.


2.Ассонанс

Өлең жолдарының біркелкі дауысты дыбыстан басталуы.

Адал бол

Адам бол


Эпифора

------ бай тап

----- мал тап.

Жол аяғында бір сөздің қайталануы.

3.Аллитерация

Өлең жолдарының біркелкі дауыссыз дыбыстан басталуы.

Болмашы кекшіл,

Болсайшы көпшіл.


3.Инверсия

Қуансаң қуан сол кезде,

Қуансаң сол кезде қуан.

-Болмашы кекшіл

Болсайшы көпшіл

Кекшіл болмасын,көпшіл болсын.

Бола ма дәулет, нәсіп бұл?Бұл дәулет,кәсіп бола ма?

Инверсия

Еңбек етсең ерінбей,Тояды қарның тіленбей

Ерінбей еңбек етсең,қарның тіленбей тояды.












Нәтижесін өзім көріп, пайдаланып жүрген жеңілдетілген талдау үлгісінің тиімділігі неде? Енді осы сұрақтарға жауап бере кетейін.екі талдау үлгісінің тиміділігі өте зор.

Өлең құрылысына, әдеби-теориялық талдауда болсын, талданбай ұмыт қалған, қалыс қалған нәрсе болмайды.Себебі, барлық талдау критерийлері көз алдыңда тұрады.

-Троп пен фирураныңайырмашылығы туралы жасалған сызбам ббағдаршамның рөлін атқарады. «Шатасып кетпе» деген белгі.

-Әдеби-теориялық талдау кестесі де өте тиімді. Троп пен фигураның, ажарлаудың түрлері көз алдыңда тұрады да, сол бойынша талдау жеңіл болады.Мысалы, метафора бар ма осы өлеңде,кейіптеу ше деп бірінен соң бірі келе береді.Бар болса талдайсың,жоғы қала береді.Бірте-бірте шатаспай дұрыс талдауға алып келеді. Ұмыт қалған жеріңді еске түсіруге де өте тиімді.Бұған қарап мен бәрін меңгердім деген ұғым тумайды. Қиналған жерімді қайта оқуға тура келеді.Көпке пайдалы болып қалар деген үмітпен зерттеу еңбегімді ортаға салып отырмын.

















11


05 Наурыз 2025
474
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі