олимпиадалық тапсырмалар 10 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

олимпиадалық тапсырмалар 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылардың білім деңгейін көтеру
Материалдың қысқаша нұсқасы

География пәні бойынша теориялық тур сұрақтары (10 сынып)

2013 жыл

Аудандық олимпиада


1 сұрақ. Келесі терминдерге анықтама беріңіз: кондоминиум, геноцид, синтоизм, Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ), жүк тасымалы (әрбір дұрыс жауапқа – 2 балл, барлығы- 10 балл).

2 сұрақ. Халықаралық туризм географиясы. Әлемдік туризм дамуының келешегі мен болжаулары (10 балл).


Тест тапсырмалары (әрбір дұрыс жауап үшін – 1 балл)


  1. Төмендегі аталған бұлттардың қай түрі биіктігі 6000 метрден асатын аса жоғары қабатқа жатады

А будақ бұлттар

B) қатпарлы

C) шарбы бұлттар

D) жоғарғы будақ бұлттар

E) будақ - жаңбырлы бұлттар

  1. Жаңа Жер деп қай құрлықты атайды?

А) Африканы

B) Азияны

C) Еуропаны

D) Американы

E) Еуразияны

  1. Мұхиттық жер қыртысының ең жоғарғы қабаты:

А) базальтты

B) гранитті

C) құмды

D) шөгінді

E) мұхиттық

  1. Африканың қай бөлігі мұнай және газ сияқты пайдалы қазбаларға бай:

А) Сахараның солтүстігі

B) Намиб шөлі

C) Орталық Африка

D) Оңтүстік Африка

E) Мадагаскар

  1. Аю-Даг тауы бұл:

А) батолит

B) лакколит

C) гранит

D) факколит

E) интрузия

  1. Орташа айлық температурасы 20С – 32С, мұхит суы бетінің жоғарғы температурасы айтарлықтай тұрақты, 25С маңында ауытқиды. Су температурасының жоғарлығы, тұздылықтың артуы және оттегінің аз болуы биологиялық өнімділікке жайсыздық туғызады. Жылдық жауын-шашын мөлшері 250 – 2000 мм. Жауын-шашынның 90-95% жаздың жауынды кезеңіне тиесілі, оның ұзақтығы 2-3 айдан 9-10 айға дейін, қысы құрғақ. Берілген сипаттама қай климаттық белдеуге тән?

А) қоңыржай

B) тропикалық

C) субтропиктік

D) экваторлық

E) субэкваторлық

  1. Бұл металлдың маңызды қоры Мұғалжар тауында жинақталған. Металлдың 40-тан аса ірі кен орындары Ақтөбе облысында Кемпірсай сілеміндегі Бұрықталда орналасқан.

А) марганец

B) алюминий

C) алтын

D) никель

E) асбест

  1. Бұл ауа массалары құрғақ ауа райын қалыптастырады: қыста-салқын, ал жазда-ыстық. Ауа өте таза және құрғақ. Оның Қазақстан аумағына енуінен антициклонды ауа-райы қалыптасады.

А) арктикалық ауа массалары

B) қоңыржай белдеулік ауа массалары

C) тропиктік ауа массалары

D) қоңыржай континентті ауа массалары

E) экваторлық ауа массалары

  1. Жалпы ұзындығы 2428 км, республика аумағындағы ұзындығы 1084 км. Өзен жағалауы жарлы, құм мен саздан құралған. Мұз суымен қоректенеді. Судың орташа шығыны 400 м3/с. Сипаттама Қазақстанның қандай өзені туралы?

А) Ертіс

B) Жайық

C) Сырдария

D) Іле

E) Нура

  1. Таудағы тұрақты қар жамылғысының төменгі шегі қар сызығы деп аталады. Қазақстан тауларындағы қар сызығы ауаның құрғақтығы және климаттың континенттігіне байланысты жоғары биікте жатыр. Алтай тауының қар сызығы кай шекарада жатыр:

А) 3800 м

B) 3200 м

C) 2600 м

D) 2100 м

E) 1800 м

  1. Мұнайды өндіру орталықтарынан тұтыну аймағына темір жол көлігі арқылы цистернада, ал Каспий теңізі арқылы танкерлермен жеткізеді. Ұзақ қашықтыққа мұнай құбырлары арқылы тасымалданады, оның өткізу мүмкіндігі жоғары мен қауіптілігі аз.Мұнай құбырларының ұзындығы канша?

А) 4000 км

B) 5600 км

C) 7000 км-ден аса

D) 10 000 км аса

E) 15 000 км

  1. Төмендегі бассейндердің қайсысы қоңыр көмір өндіреді:

А) Қарағанды

B) Қаражыра

C) Шұбаркөл

D) Екібастұз

E) Майкүбі

  1. Қандай металды «Консервлі банк металы»-деп атайды:

А) алюминий

B) қорғасын

C) қалайы

D) мырыш

E) титан

  1. Оңтүстік-Сібір темір жолы қай қалалар арқылы өтеді:

А) Семей – Алматы – Құлан – Тараз

В) Семей – Алматы - Луговой

С) Орынбор – Ташкент

D) Қарталы – Астана – Құлынды - Барнауыл

Е) Петропавл – Қарағанды – Шу

  1. «Мерседес-Бенц» автокөлігінің штаб-пәтері қай қалада орналасқан?

А) Вольфсбург

B) Ганновер

C) Мюнхен

D) Кельн

E) Штутгарт

  1. Қай жауапта мемлекеттің астанасы қате берілген?
    А) Камерун - Яунде

В) Бутан - Тхимпху

С) ЮАР - Иоханесбург

D) Македония - Скопье

Е) Грузия – Тбилиси

  1. Үнді Мұхитында (10о.е. және 60 ш.б.) кеме апатқа ұшырады делік. Бірінші болып көмекке келетін материкті көрсетіңіз:

А) Австралия

B) Африка

C) Оңтүстік Америка

D) Евразия

E) Солтүстік Америка

  1. «Демографиялық революция» термині нені білдіреді?

А) туу, өлу және табиғи өсім өзгерісін

B) табиғи өсімнің тез өсуін

C) халықтың табиғи қозғалысының бір типтен екінші типке өтуі

D) демографиялық саясаттың жаңа бір түрі

E) Ерлердің туу санының өсуі

  1. Рудалық шикізаттың төмендегі түрлерінің қайсысы Бразилияға тән?

А) темір рудасы, титан, боксит

B) вольфрам, молибден, хром

C) қорғасын, мырыш, марганец

D) титан, молибден, мыс

E) вольфрам, титан, хром

  1. Берілген елдердің ішінде қайсысының мемлекеттік тілі – голланд тілі болып табылады

А) Индонезия

В) Тринидад и Тобаго

C) Суринам

D) ОАР

E) Малайзия

  1. Мемлекеттер ортақ белгі-географиялық орналасу ерекшеліктері бойынша топталған. Осы қатарға сай келмейтін мемлекетті анықтаңыз

A) Монғолия

B) Боливия

C) Молдавия

D) Того

E) Зимбабве

  1. Босваш агломерациялық кешеніне кірмейтін қаланы көрсетіңіз:

А) Балтимор

В) Филадельфия

С) Нью-Йорк

D) Питсбург

Е) Вашингтон

  1. Төмендегі мемлекеттердің ішінен жер көлемі ең кіші мемлекетті атаңыз:

А) Иордания

В) Судан

С) Кувейт

D) Бурунди

Е) Вьетнам

  1. 10 млн халқы бар, жыл ішінде туылған адам саны 530 мың, өлгендер саны 190 мың адамды құраған мемлекетті көрсетіңіз. Бұл мемлекетте табиғи өсім көрсеткіші қанша промиллге тең?

А) Кения, 47‰

В) Чад, 29‰

С) Нигер, 34‰

D) Эквадор, 27‰

Е) Танзания, 17‰

  1. Бұл астана мемлекеттің қақ ортасында, құнарлы алқабында орналасқан. Оның аудармасы «Бақшалар» ұғымын береді. Ол әлемдегі ең ыстық қалалардың бірі болып саналады. Жаз айында орташа температурасы 10-13 % ылғалдылықпен +40-43°C –ты құрайды. Ал қысы салқын +20-28°C, қатты салқындағанда +8-14°C болады. Орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 100-131 мм.

А. Улан-Батор

В. Анкара

С. Доха

D. Эр-Рияд

Е. Маскат

  1. Бұл екі мемлекет саяси-географиялық жағдайымен ерекшеленеді, ол мемлекеттерден Дүниежүзілік мұхитқа тікелей шығу үшін кем дегенде екі мемлекетті кесіп өту керек. Бұл мемлекеттің бірінің ауданы екіншісіне 2000 есе үлкен.

В) Чад және Уругвай

С) Лихтенштейн және Өзбекстан

D) Люксембург және Әзірбайжан

Е) Ватикан және Боливия

  1. Қант қызылшасы, какос, абака өсірумен айналысатын қай аралдық мемлекет алғашында Испанияның, кейіннен АҚШ-тың отары болған?

А) Жаңа Зеландия

В) Малайзия

С) Филиппины

D) Шри-Ланка

Е) Гранада

28. Өкілетті демократия қағидалары және еркін сауда экономикасымен айналысатын дамыған мемлекеттердің халықаралық экономикалық ұйымы. Ол 1948 жылы Маршалл жоспары аясында экономикалық жобаларды үйлестіру үшін құрылды. Ұйымның штаб-пәтері – Париж қаласында орналасқан.

A) Солтүстік Атлант келісім ұйымы, НАТО

B) Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ)

C) Ұжымдық қауіпсіздік келісім ұйымы (ҰҚКҰ)

D) Еуропадығы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ)

E) Еуропалық экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЕЭЫҰ)

29. 1852 жылға дейін бұл тау сілемінің жоғары нүктесі (8586 м.) әлемдегі ең биік тау болып саналды, бірақ 1849 жылғы экспедициядан кейінгі есеп бойынша Эверест тауы биік екені анықталды, ал ...... биіктігі бойынша үшінші болып табылады. Тау сілемі Гималай тауында Непал және Үндістан шекарасында орналасқан. Ол 5 шыңнан тұрады, оның 4-уінің биіктігі 8 км-ден асады. Бұл тау сілемін атаңыз?

А) Чогори

В) Исмаила Сомони

С) Макалу

D) Канченджанга

Е) Дхаулагири

30. Дүниежүзілік жүк айналымының қанша пайызы Атлант мұхитына тиесілі?

А) 30%

В) 42%

С) 50%

D) 62%

Е) 70%



Барлығы: 50 балл.























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
3353
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі