Материалдар / Олжас Сүлейменов
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Олжас Сүлейменов

Материал туралы қысқаша түсінік
студент,оқушыларға рефереат,баяндама жазуға көмегі бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Маусым 2021
403
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда

аграрлық техникалық жоғары колледжінің

оқытушысы Юриспруденция магистрі

Мустафаева Қарлығаш Ибадуллақызы


Адамзаттың ақыны


Олжас Омарұлы Сүлейменов — орыс тілді қазақ ақыны, тілтанушы, саясаткер, ядролық қару-жарақтарды жаппай қолдануға қарсы тұрушы, Төтенше және Өкілетті Елші. Қазақстанның Еңбек Ері. елге сіңірген еңбектері үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы, 1964 ж., Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлығы, 1967 ж.,Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығы, 1972 ж.,Қазақстанның Халық жазушысы атағы,1992 ж.,Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығы, 2000 ж. марапатталды.

1990 жылы ядролық апатқа қарсы "Невада-Семей" қозғалысын құрып, Семей полигонының жабылуына зор үлес қосты. 1991 жылы Қазақстан халық конгресі партиясының төрағасы болды. Ядролық сынаққа қарсы "Невада-Семей" қозғалысы құру туралы үндеуді 1989 жылы 28 ақпанда КСРО депутаттарының I съезіне қатысқалы отырған Олжас Сүлейменов тастады. Осыдан кейін Семейде "Невада-Семей" антиядролық қозғалысының облыстық бөлімшесі құрылып,ол қозғалысты құруда үш мақсат болғанын айтады. Біріншісі — халықты бұл жағдайға бей-жай қарамауға шақыру, екіншісі — полигонды жабу үшін күрес жүргізу және зардап шеккен халыққа көмек көрсету туралы заң қабылдау. 

Олжас Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығы моральдық үш тағанның (триаданың) — адамгершілік, адалдық, борыш үғымдары бастапқы мәнін бейнелейді. Бүгінгі таңда оның қазақ жеріндегі ең танымал ақын екендігіне күмән келтіретін адам да аз болар. Олжас туралы жазылған дүниелер жетерлік, солардың бәрінің басын қосып жинақтаса, бірнеше томдық еңбек болары сөзсіз. Оның ақындығы туралы тек өзінің Отанында ғана емес, сонымен қатар алыс елдерде де көп жазылды.Оның өлең жинақтары 100000 таралыммен жарық көріп, сол сәтте-ақ сирек кездесетін библиографиялық кітаптар қатарына еніп отырды. Ақынның әрбір жаңа ірі туындысы қызу талқыланды. Бақытсыздыққа үшыраған халыққа қорған болу мақсатында түрлі мінбелерден үн қату, халықты өзі үлгі көрсету арқылы рухтандыру — дәл осы қасиеттер оған құдіретті күштің арнайы үйғарымымен берілген тәрізді.

Олжас Сүлейменов — құдіретті рухтың көңілінен шығып, өз замандастарын Ақиқат пен Сұлулыққа жақындата түсу үшін Алланың өділеттілікті аңсау мен соған деген ұмтылысты бүкіл болмысына енгізіп қойған ақындардың бірі. Олжас қазақтар туралы көп жазды жөне сол жазғандарымен бүкіл әлемді қызықтыра алды. Қанша ғасырлар бойы үлесіне тиген көптеген ауыр сынақтарды басынан өткере отырып, өзіндік төл мәдениетін толық дерлік алғашқы қалыпта сақтай алған таң қаларлық және бірегей қазақ елі тағдырының куәсі болады. Ақынның өзі бұл жайлы былай дейді: "Біздің ұрпақ кристалдану үстінде. Халық арасында намыс қозғалысы жүріп жатыр. Қорлықта жүргендерде қуаныш үғымы болуы мүмкін емес. Ақындар халыққа намыс қозғалысына күш-қуат жеткізіп туруға міндетті".

Оны қазақ елінің халықаралық деңгейдегі ақыны деп мойындау "Адамға табын жер, енді!" атты поэмасының жарыққа шығуымен тығыз байланысты. Олжас Сүлейменов — маңызды әрі теңдесі жоқ құбылыс. Оны ақынның әдеби еңбектерінің жоғары деңгейде бағалануы ғана дәлелдеп қоймайды. Сонымен қатар, Олжас — ақын, ойшыл, ғалым, саясаткер. Осы қасиеттердің бәрі де тек бір ғана бірегей тұлғаның эпостастары. Олжас саяси, өлеуметтік және мәдени ортада белгілі бір позиңияға ие ақынның тек о баста өзіне арнап берілген мүмкіндіктерді пайдалана отырып қана әрекет етуі қажет екендігін жақсы түсінді. Ол қаруы — сөз. Ол әдебиетке ерекше дауыспен енді. Оның шығармалары әу бастан-ақ ұлттық өдеби құбылыстарға толы болды, сонымен қатар сөз қадірін түсінер жүрттың көңілінен шықты және бүгінге дейін сол деңгейін жоғалтқан жоқ. Олжас Сүлейменов поэзиясы таусылмас күш-қуатпен сарқырай ағар серпінді ырғаққа негізделген. Ол өрбір өзіндік ерекшелігі бар ақындар және дара түлғалар тәрізді алдын ала даярланған идеологиялық тапсырыстар шеңберін бұзып шыға алды. Оның поэзиясы сөз қадірін білетіндер мен сөз зергерлеріне, сонымен қатар қарапайым оқырмандарға да орыс тілі арқылы қазақ халқының болмысын ашып көрсетуғе мүмкіндік туғызды. Ақын шығармашылығы өзіндік ерекшелігімен, афористілігімен және қаламғерлік шеберлігінің кемелділігімен таңдандырады. Дәл поэзия жанрында халық рухының тарихы және мәдени дамуы, психологиялық қатарының өзіндік ерекшеліктері бар түтастығымен және құнарлылығымен көрінетіндіғін ақын жақсы түсінді.

Олжас тілтанушы ретінде көбінекей көне түркі тілін зерттеді, әсіресе шумерлер және шумер тілі туралы зерттеулері батыс ғалымдарының көне тіл үнді-еуропа тілдерінен бастау алады дейтін қасаң теориясына пәрменді соққы берді.

Зерттеулер бірі ретінде 1975 ж. жарық көрген «АзиЯ» кітабі түркі және славян халықтарының ежелгі жазба ескерткіштеріне арналған. Бұл еңбек Мәскеуде резонанс тудырып, кітапқа тыйым салынды.Тым-тым арғы, есте жоқ ескі замандағы ұлт пен ұлыстардың тілі, ғұрып-әдеті сөз болған бұл кітапты кейінгі зерттеушілердің тамаша қолғанаты, оқушылардың, қызығушылардың сүйіп оқып ғылымнамасы деуге болады.

Ақындығы жайлы айтатын болсақ, өлеңдерінің тынысы өзгешелігін әйгілегендей. 1961 жылы ең алғашқы «Арғымақтар» өлеңдер жинағы шықты . Осы жылы шыққан "Адамға табын, жер, енді" поэмасы Сүлейменов есімін әлемге танытты. Ақынның өлеңдері қазақ халқының талай ғасырлық мұңы мен қуанышын, сыры мен сипатын айтады. Өлеңдері қазақ пен орыс арасында ғана емес, Еуропа елдері, Кіші Азия, Қытай, Америка елдері арасында өзінің асқақ қазақы үнін аспандата саңқылдатады.

Олжас Сүлейменов – тамаша публицист. Сонымен қатар, шындық пен әділеттіліктің жақтаушысы.Олжас Сүлейменов «адам – мәдени тұлға» деген мызғымас ақиқатқа негізделеді, яғни адам өз тұлғасында мәдениетті қолдап, дамытуының арқасында түр ретінде сақталып, өзін одан әрі дамытып өзін-өзі кемелдендіруге дайын тұлға.


Пайданылған әдебиеттер:

  1. Ахметов З.А., Национально-характерные черты языка поэзии Олжаса Сулейменова // в кн. О языке казахской поэзии, А., 1970;

  2. Гусев В., Национальное, интернациональное и общечеловеческое: об Олжасе Сулейменове и его “Глиняной книге” // в кн. Герой и стиль, М., 1983;

  3. Бузаубагарова К.С., Стих Олжаса Сулейменова, А., 1984;

  4. Диканбаева С., О стилистическом комплексе в творческом контексте О.Сулейменова // Сб. научных тр., А., 1984;

  5. Толмачев Г., Повесть об Олжасе, А., 1996;


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!