Материалдар / Өлкетану сабақ жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өлкетану сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Өлкетану пәнінен 2 сыныпқа арналған сабақ жоспары. Өлкетану сабағы факультативті сабақ болып табылады. Мұғалімнің сабақ өтуіне өз ықпалын тигізуі мүмкін.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қырқүйек 2021
2204
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өлкетану

Күні: 03.09.2020


Сабақтың тақырыбы: Отбасы мүшелері

Сабақтың мақсаты.

Білімділік: Отбасы мүшелері туралы әңгімелеу, оқыту, тақырыпқа байланысты жазбаша, ауызша жұмыстар орындау арқылы білімді нығайту.

Дамытушылық: Тақырып бойынша, оқыту, жазу арқылы олардың сөйлеу әрекетіне жол ашу.

Тәрбиелік: Олрды татулыққа, ойға жүйрік болуға, ізденімпаз болуға баулу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, оқыту, сұрақ- жауап

Жұмыс формалары: топтық, жұптық, жекелей.

Көрнекілігі: сөйлем құрау, сөздер, тақта

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу ауа- райы, күз туралы аздап әңгімеге шақыра отырып ойларын сабаққа аудару.

II Сабақтың мақсатымен таныстыру: Осы тақырып бойынша білімдеріңді молайту, есте сақтау қабілетін арттыру, отбасында тату болуға үйрету.

III Үй жұмысын тексеру: Ереже, Үндестік заңына байланысты, жаңа сөздерді сұрау.

IV Жаңа сабақты түсіндіру: Мақалды талдау

Мәтінмен жұмыс.

Оқулықпен жұмыс

Тірек сызбадағы сөздер

Сергіту

V Сабақты түсіндіру: Балалар отбасын әдетте үш тұлға құрайды: әке, ана, бала.

Ендеше мына мақалға назар аударайық:

Әке- асқар тау,

Ана-бұлақ,

Бала-құрақ.

Осы мақалдың мағынасын қалай түсінеміз? Әке тау сияқты мықты, биік қорған. Ана су тәрізді өмірдің нәрі. Бала- тауда ағып жатқан су жағасындағықұрақ (шөп ) сияқты, яғни бала ананың қамқорлығымен өседі.

Мәтінді өзара оқып шығады, көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып көшіріп жазу. Оны жазып болған оқушылар аударады.

Мәтінге сұрақ қойып өздері жауап береді.

Оқулықтағы деңгейлік тапсырмаларды орындау. Оқушылар өздері деңгейлікті орындау керек.Орындап болған оқушы жауабын оқиды, айтады, кейбірі тақтаға жазып көрсетеді.

Тақтадағы тірек сызбада мәтін сөйлемдері жазылған, қасындағы екі қатарға, дұрыс, дұрыс емес деген жазуға белгі қойылады + деген, яғни мәтіндегі сөйлемдердің дұрыс дұрыс еместігін анықта

Екінші тақтаға сөздерді топ-тобымен бөліп жазу.

Кісі есімдерімен адамға қатысты сөздер бөлек теріліп жазылады. Заттық мағналық сөздер. Іс әректті білдіретін сөздер.

Мына сөздерді : Мақпал, Бақытгүл, жағдай, жақсы, біз, Жәнібек,келеді, ата, кеше, ауыл, олар, қуаныш, жұмыс, үй, апа, амандасайын, күтеміз, сәлеметсізбе, ол, барамыз.

VI Сергіту сәті:

Үйге тапсырма: Отбасына байланысты 5 мақал-мәтел жазып келу.



Өлкетану

Күні: 10.09.2020


Сабақтың тақырыбы: Менің туыстарым

Сабақтың мақсаты:

Мұғалімнің көмегімен тыңдалған материал не туралы екенін түсіну;

Мəтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну;

Сурет бойынша 2-3 сөйлем құрастыру;

Мұғалімнің көмегімен ə, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ, һ əріптері кездесетін сөздерді анықтау жəне жазу;

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кзеңі

Негізгі сөздер фразалар:

Менің туыстарым, зейнеткер, мұғалім, дәрігер, оқушы, кішкентай.

Сұхбатқа арналған пайдалы фразалар

1.Бұл кімнің туыстары?

2.Олар кімдер ?

3.Атаң мен әжең кім?

4.Әкең мен шешең кім?

5.Ағаң кім?

6.Қарындасың қандай?

Талқылауға арналған сұрақтар:

Туыс деген кім?

Осы тақырып бойынша алған білімдерін «Менің достарым» тақырыбында қолдана алады.

Жазбаша ой салулар

1.Сурет бойынша 2-3 сөйлем құрастыр;

2.«Хикая картасы» бойынша мәтіннің мазмұнын айт.

3.ə, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ, һ əріптері кездесетін сөздерді анықта жəне жаз;

4.«Ыстық орындық» әдісін пайдаланып, өз туыстары туралы айт.

-Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы- Менің туыстарым.

Туыс-родственник Зейнеткер-пенсионер

Мұғалім-учитель Дәрігер-врач

Оқушы-ученик Кішкентай-маленькая

Оқушылар сөздерді қайталайды, есте сақтайды, сурет бойынша сөз тіркесін немесе сөйлем құрастырады

Мынау – менің туыстарым. Олар: атам, әжем, шешем, әкем, ағам, қарындасым. Әкем –дәрігер. Шешем –мұғалім. Атам мен әжем–зейнеткер. Ағам- оқушы. Қарындасым кішкентай.

Мәтінді таспадан тыңдайды. Өз бетінше оқып шығады. Мұғалімнің көмегімен мәтіннің мазмұнын талдайды.

Дәптерлерді ашайық,

Қолға қалам алайық,

Салақтықтан қашайық,

Әдемілеп жазайық.

Мәтіннен тән дыбыстары бар сөздерді анықтайды, дәптерге жазып алады: менің, әкем, әжем, ағам, қарындасым, дәрігер, мұғалім, кішкентай.

Үйге тапсырма: Өз туыстарың туралы жазып келіңдер.

Өлкетану

Күні: 17.09.2020


Сабақтың тақырыбы: Отбасындағы әдет-ғұрыптар

Сабақтың мақсаты:

Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау.

Ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру.

Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру

«Таныстыру» жаттығуы.

Әр оқушы өз есімінің бірінші әрпіне қарай бойындағы жеке қасиетін қосып айту керек. Мысалы: Мен, Айзере, айдай болып жүремін.

Топқа бөлу

Адасқан әріптер» арқылы оқушыларды әріптерден сөздер құрау арқылы 3 топқа бөлу. (Мейірім, әдепті,қамқор)

І топ Мейірім

ІІ топ Қамқор

ІІІ топ Әдепті

Қызығушылықты ояту

Миға шабуыл.

Суреттерде не бейнеленген?

Олар туралы не білесіңдер?

Отбасылық салт – дәстүр, әдет ғұрыптар дегенді қалай түсінесңдер?

Тапсырма 1

Мәтінді үнтаспадан тыңдайды.

Таным, ұғым, әдет, әдеп, салт, дәстүр сөздерінің мағыналарын түсіндіреді.

Оқушылар жұптаса отырып,«Іштей оқу»әдісі бойынша мәтін мазмұнымен танысады. Сұрақтар дайындап, қалташаға салады. Әр топтан бір немесе бірнеше оқушы шығып, сұрақтарға жауап береді.

Жұптар негізгі ойды анықтайды.

Дескриптор

Мәтінді оқиды

Сұрақтарға жауап береді

Негізгі ойды анықтайды

Тапсырма 2 «Кластерлер» әдісі

Негізгі тақырып бойынша материалды графикалық ұйымдастыру тәсілі.

1.Ойдың,тақырыптың «жүрегі» болып табылатын басты сөзді немесе сөйлемді таза беттің ортасына (тақтаға) жазу керек.

2. Берілген тақырыпқа келетін, бейнелерді, фактілерді, ойды көрсететін сөздерді немесе сөйлемдерді жан-жағына «лақтырып» тастау керек.

I – топ.

II – топ.

III – топ. Әр топ постермен қорғайды.

Дескриптор

Суреттерді қарастырады

Негізгі ойды анықтап, салыстырады

Жинақы мәтін құрайды

Үйге тапсырма: Отбасындағы әдет-ғұрыптар туралы үлкендерден сұрап, айтып келу.

Өлкетану

Күні: 24.09.2020


Сабақтың тақырыбы: Мен және спорт

Сабақтың мақсаты:

шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру

мұғалімнің көмегімен көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуы мен аяқталуын анықтау

Мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер/ жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар мен санамақтар құрастыру

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын пысықтау

Мен де спортшы боламын

Бүгінгі сабағымызда не жайында әңгімелесеміз?

Тақырыпты болжату

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Мен спортшы боламын. Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады Біздің қазақ спортшыларымыз да еліміз үшін намысты қолдан бермей

Қазақстанымыздың туын көкке көтеріп желбіретіп жүр.

Бекзат портреті.

«Бекзат Саттарханов – қазақ боксшысы.Ол 20 жасында бокстан Олимпиада чемпионы атанды.» Біз бүгін Қыдырбек Рысбекұлының «Бекзат» деген мәтінімен танысамыз.

Тыңдалым. Қыдырбек Рысбекұлы. Бекзат. Автор туралы мәлімет беру Мәтінді оқып беру. Сұрақтар арқылы мазмұнын ашу.

Мен спортшы боламын. Қыдырбек Рысбекұлы. Бекзат. Мәтінді тізбектеп оқыту Жетістік критерийі:Мәтінді түсініп, мәнерлеп оқи алады. Сұраққа мәтін арқылы жауап бере алады. Сөздік жұмыс: баһадүр – батыр

І-топ. Мәтіннің мазмұны

ІІ-топ. Класстер әдісі

ІІІ-топ.Суреттер сөйлейді

Коллаж Жетістік критерийі: өз ойын жеткізе алады, ойларын өмірмен байланыстыра алады,топтық жұмысқа белсенді қатысады. Бағалау. Топтар бір – бірін бағдаршам арқылы бағалайды

Сергіту сәті

«Мен қазақпын»

Жазылым

Жаз Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қой. Сөйлемдерді оқы. Спорт денсаулықты .................................................. Спорт адамды ............, .............. ................ үйретеді. .................... ............... ............... сақтаған адам ұзақ өмір сүреді.

Қажетті сөздер: саламатты өмір салтын, жылдамдыққа, күшті болуға, жақсартады.

Жетістік критерийі:

тірек сөздерді орынды қолданды; сөйлемнің құрылымын сақтайды; әріптердің биіктігі мен мөлшерін сақтайды; әріптердің байланысын сақтап жазады; сөздерді сауатты көшіреді.

Бағалау. Мақтап – мадақтау арқылы бағалау

Сабақты қорытындылау

«Түймедақ гүлі» әдісі

Үйге тапсырма: «Мен де спортшы боламын» тақырыбына эссе жазып келу. Кері байланыс.

Ауызша оқушыларға кері байланыс беру

Өлкетану

Күні: 01.10.2020


Сабақтың тақырыбы: Жеке бас гигиенасы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың жеке бас гигиенасы туралы білімдерін толықтыру;

Дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту;

Тәрбиелілік: ұқыпты, таза болуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Адам денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл - күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сендердің қолдарыңда. Қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан — жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойласыңдар?

Оқушылар: Денсаулық

- Денсаулық – зор байлық. Денсаулық болса, бәрі де болады. Дені сау адамның көңілі шат, өмірі бақытты.

Денсаулық – тамақ

----------------- күш

----------------- тазалық

- Денсаулықтың досы – тазалық. Ол үшін біз жеке бас гигиенамызды таза ұстауымыз керек.

- Балалар, бүгін біздің сабағымызға ерекше бір қонақ қатысқалы отыр. Ол тазалықты өте жақсы көреді, және тазалық заттары оның достары. Оны кім деп ойлайсыңдар?

- Кірқоймас.

- Балалар, бүгін біздің тазалық туралы «Тазалық – денсаулық кепілі» тақырыбында тәрбие сағатымыз болатынын біліп, арнайы келіп отыр. Тазалықтың денсаулыққа қаншалықты пайдасы бар екендігін білетініміз туралы көрсетейік, ал ендеше.

Сұрақ - жауап әдісі.

Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, адамның дені сау болу үшін қандай шарттар орындау қажет?

Денесін, беті - қолын, киімін әрдайым таза ұстау керек.

Жаттығу жасап, спортпен айналысу керек.

Дәрумені мол тағамдарды, жемістермен көкөністерді жеу керек.

Ендеше балалар, бүгінгі тақырыбымыз «Тазалық – денсаулық кепілі» жайында не білеміз?

Оқушылар диалогы.

1. Неліктен жеміс - жидектерді жердің алдында ата - аналарың мен үлкендер «жуып же» дейді?

2. Сенің ойынша, тамақ ішерден бұрын қолды жуу шарт па?

Бұл әдет туралы ақын С. Қалиев

Микробтар қаскүнем,

Көрмесем де білемін.

Ішер кезде асты мен,

Қолды жуып жүремін,- деген екен. Сен де солай істейсің бе?

1. Ерте де қазақ жерінде қонақ келгенде құманға су құйып, кішкентай жез легенмен келіп, қолға су құйған. Сонда үлкен кісілер бұл үйдің баласына батасын берген. Мәселен, «Ғұмыр жасың ұзақ болсың, балам!» — деп айтқан.

Үйге тапсырма: «Жеке бас гигиенасы» тақырыбына әңгіме құрап келу.

Өлкетану

Күні: 08.10.2020


Сабақтың тақырыбы: Үйдегі қауіпсіздік

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларды қауіпсіздік ережелерімен таныстыру;

Дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту;

Тәрбиелілік: ұқыпты, таза болуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Қауіпсіздік түрлерімен таныстыру.

Жедел қызмет көрсету жөнінде айту.

Суретке қара. Бұл машиналар, нөмірлер қандай жағдайда келеді?

Оған қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек.

Балаларға кезігетін қауіп-қатерлер туралы айтып бер.

Өрттен адамдарды құтқаруға, материалдық және табиғи байлықтарды қорғап қалуға арналған техникалық құралдар. Өрт сөндіру техникасының негізін өрт сөндіру машиналары (өрт сөндіру автомобилі, өрт сөндіру пойызы, өрт сөндіру кемесі, өрт сөндіру ұшағы мен тікұшағы) құрайды. Өртенген жерлерге от сөндіргіш заттар шашуға арналған өрт сөндіргіш орнықты қондырғылар, өрт сөндіргіштер, өрт гидранттары, т.б. өрт сөндіру құрал-жабдықтары Өрт сөндіру техникасы қатарына жатады. Өрт сөндіру техникасын жасау ісі өте ерте кезден-ақ қолға алынған.

Алғашқы жәрдем. Кенеттен қатты ауырғанда, мертігіп, жарақаттанғанда және адамның денсаулығы мен өміріне қатер төнетін басқа да жағдайда дәрігер келгенше, не ауру (жарақаттанған) адамды емдеу мекемелерге жеткізгенше алғашқы қарапайым жәрдем шаралары жасалуға тиіс. Ауырған не жарақаттанған адамдар кейде өзіне-өзі жәрдем жасай алады. Мәселен, егер адамның стенокардия (жүрек демікпесі) ауруы ұстаса, онда ол кенет тоқтай қалып, тілінің астына валидол не нитроглицерин таблеткасын салады, егер уланса ас қазанын шаяды (1 литрдей суды ішіп, көмекейіне саусағын жүгіртіп, бірнеше қайтара құсады); жарақат түскен жерін жуып, оған дәрі жағады т. б.

Полиция — қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыспен күресу, мемлекет пәрменін орындату, халық пен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық және мемлекеттік құрылысты қорғау міндеттері жүктелген мекемелер мен лауазымдардың және әскерилендірілген жасақтардың жиынтық атауы.

Балалар, үйде қауіпті жағдай болғанда қайда хабарласу керектігін білеміз ғой?

Балалар: Иә, өрт болғанда 101 – ге, біреулер зиян келтіргенде 102-ге, ауырғанда 103-ке звандаймыз.

Жарайсыңдар, балалар.

Осымен бүгінгі үйдегі қауіпсіздік тақырыбы аяқталды.

Үйге тапсырма: Ине, жіп, қайшы, пышақпен жұмыс істеу ережелерін айту.


Өлкетану

Күні: 15.10.2020


Сабақтың тақырыбы: Қазақ – менің ата – тегім.

Сабақтың мақсаты:

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!