Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Өлкетанудан әдістемелік
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
§ 1. Өлкетану курсы нені оқытады?
Өлкетану – белгілі бір жердің, қаланың, елді мекеннің бір бөлігін оқып білу.
Мұндай жұмыспен жергілікті тұрғындар айналысады, себебі бұл аймақ
оқушылар мен мамандар үшін (тарихшылар, биологтар, геологтар,
архитекторлар, этнографтар, экологтар) туған өлке болып саналады.
Мектептегі өлкетану пәні білім беру мен тәрбиелеуді өмірмен
байланыстыратын маңызды құрал болып табылады. Өз өлкесінің бұрынғы және қазіргі өмірін білу, өлкенің жаңаруына тікелей ат салысуымыз үшін қажет,өйткені туған өлке – шегі жоқ әлемнің бір бөлігі.
Өлкетану отансүйгіштіксезімді – Отанға деген терең махаббатты тудырады. Мектептегі өлкетану,жалпы өлкетанудың бір бағыты болғандықтан, оқушының адамгершілік,
интеллектуалдық, эстетикалық, еңбексүйгіштік, тұлғалық дамуының маңызды факторы болып табылады.
Туған өлкенің өткенімен, қазіргі кезімен және жорамалды болашағымен, табиғи, экономикалық, тарихи, мәдени және басқа да ерекшеліктерімен танысу оқушының дүниетанымын қалыптастыруға жағдай жасайды. Бұл оқушының өзінің бір нақты ұлт өкілінің қатарына жататындығын түсінуіне және ол үшін мақтаныш сезімінің туындануына көмектеседі. Өлкетану жұмыстарын жасөспірімдерді тәрбиелеудегі ерекшеліктері:
– тарихи мәліметтермен тығыз байланыста болғандықтан, тарих ғылымдары
және тарих оқу пәнінің негізгі ұстанымдары, әдістері, құралдарымен
сипатталады;
– оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда өлкетану
жұмыстары жетекші фактор болып табылады;
– өлкетану жұмыстары экологиялық мәдениетті қалыптастыруда
жаратылыстану пәндерімен, әсіресе географиямен, биологиямен және
экологиямен тығыз байланыстылығымен сипатталады;
– өлкетану жұмыстарының ерекшелігі топонимика (гректің «топос» – орын,
жер, «онома» – атау деген екі сөзінен тұрады, яғни жер-су атаулары деген сөз),
ономастика (гректің onomastike – ат беру өнері, тіл білімінің жалқы есімдерді
зерттейтін саласы) сияқты ғылымдардың, білімдердің өзгешеліктерімен
анықталады. Демек, топонимдер тарихи, географиялық және лингвистикалық
мәннен хабар беріп тұрады деген сөз. Мұның өзі белгілі бір өңірдің топониміне
қарап сол өңірде мекен еткен ұрпақтың тарихы туралы, тіршілік көзі жайында,
ой-өрісі хақында, тіптен сезім сұлулығына дейін тамаша хабардар болып,
белгілі бір қорытынды жасауға мүмкіндік береді;
– сыныптан тыс уақытта танымжорық, оқу-танымдық соқпақ, саяхат,
экспедициялар сияқты жұмыс түрлерін ұйымдастырылуымен байланысады;
– мектеп оқушылары өзінің тұрғылықты жерінің тарихы, әдебиеті, қолөнер
түрлері, табиғи жағдайы, табиғат ресурстары, жергілікті тұрғындардың тұрмыс-
тіршілігі, олардың табиғатпен бұрынғы және қазіргі қарым-қатынастары
бойынша әр түрлі дерек көздерін, мұрағат қорларын, мұражай материалдарын
қолданумен ерекшеленеді.
§ 2-3. Сарысу ауданының физикалық-географиялық орны мен аудандары
САРЫСУ АУДАНЫ – обл-тың бат-да орналасқан әкімш. бөлік. 1928 ж. құрылған. Жерінің аум. 31,3 мың км2, тұрғыны 48,6 мың адам (1999). Аудандағы 29 елді мекен, 7 ауылдық әкімш. округке және 1 қалалық әкімш.-ке біріктірілген. Ауд. орт. – Жаңатас қ.
Аудан жері, негізінен, жазық, тек оңт. бөлігі ғана таулы. Мұнда Қаратау жотасының орт. бөлігіндегі Үлкен Ақтау тауы орналасқан. Ауд-ның ең биік жері де осы тұста (Айуантөбе тауы, 1024 м). Солт-н Мойынқұм және Бетпақдаланың оңт. бөлігі қамтыған. Бетпақдала өңіріне аласа таулы құрғақ ландшафт тән. Мұнда аласа келген Қазанғап (298 м), Аңдағұл (330 м), Көкшетау (325 м), Сарытөбе (290 м) таулары және Ескібұтақ, Сортаң, Соркілем, Қаттытақыр, т.б. қоныстар кездеседі. Жер қойнауынан фосфорит, химиялық шикізаттар, ас тұзы, т.б. кен орындары барланған. Оның кейбіреулері өндіріледі.
Сарысу ауданы 1928 жылы 3 қыркүйекте Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесінің «Қазақстанда көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы аудандарды белгілеу туралы» қаулысына сәйкес құрылған. Осы қаулыға сәйкес Сарысу ауданы Қызылқұм, Созақ, Шу аудандарымен бірге Сырдария округына қаратылған.
1928 жылғы Қазақстанда өткізілген ірі байларды тәркілеу науқанының көшпелі халыққа тигізген зардабы шексіз ауыр болды. Бұдан өзге 1932-1933 жылдары ғасырлар бойы көшпелі тірлікпен күн кешіп, еркін шаруашылықпен, мал өсірумен айналысқан халықты күштеп ұжымдастыру салдарынан болған нәубет Сарысу халқын аяусыз қырғынға ұшыратты. Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданындағы Сарысу өзенінің бойынан 6000-дай шаңырақ үдере көшіп, Қаратау бойына шұбырды. Голощекиннің солақай саясаты салдарынан бір ғана Сарысу ауданында сол алты мың шаңырақтан екі-ақ мыңдайы арып-ашып Қаратау алқабына тұяқ іліктірді.
Арқадан арып-ашып жеткен адамдар Қаратау бойындағы шұрайлы жерлерден өзендер мен көлдердің бойынан қоныс тепті. Бұл жақтағы байырғы ел-жұрт та солақай саясаттың зәбірін тартқан екен. Сан түрлі салықтар бұл жақтағы ағайындарға да оңай тимеген. Десек те, отырықшылық дәстүрден қол үзбей, диқаншылық кәсіпті серік еткен қаратаулықтар ұзақ көштен шаршап-шалдыққан, әбден әлсіреген ағайындарға қолдан келген қамқорлықтарын аяған жоқ.
Сол кездегі Қазақстан үкіметінің өкілдері, қоғам қайраткерлері, Ораз Жандосов, Жанайдар Сәдуақасовтар нәубетке ұшыраған сарысулықтардың алдынан шығып, халықтың аман қалған бөлігінің осы өңірге аман-есен жетуіне көп күш салды. Әсіресе Ораз Жандосовтың сіңірген еңбегі зор болды. Кейіннен Қаратау алабынан қоныс тепкен халықтың басым көпшілігінің ұсыныс-талаптарын зор түсіністікпен қабылдап, ауданның тарихи «Сарысу» атының сақталып қалуына қамқор болды.
Есін жиып, етегін жапқан халық төрт түлік мал өсіруге ден қойды. Мысалы, 1934 жылғы шілде айындағы санақта ауданда ұсақ мал саны 7651 бас болса, 1935 жылы 18875-ке жетті. Сол жылы Сарысу ауданында 12 ауылдық кеңеске біріктірілген 47 артель болған.Сарысу ауданының тарихы да Қазақстан тарихының кішігірім құрамдас бөлігі екендігін ешкім жоққа шығара алмайды. Еліміздің басынан кешкен тарихының жаңғырығы жаңа құрылған ауданды да айналып өткен жоқ. Отыз жетінші-отыз сегізінші жылғы қанқасапта да Сарысудың талай боздақтары репрессияға ұшырап, тас абақтыларда күн кешіп, қорғасын оқтың бейкүнә құрбаны болды.
Ұлы Отан соғысынан 2700-ден астам сарысулықтар туған топырағына қайта оралмады. Амантай Дәулетбеков, Берген Исаханов секілді Кеңес Одағының Батырларының, даңқты мерген, батыр Ыбырайым Сүлейменовтің кіндік қаны сонау Сарысу өзенінің бойында тамғандығын ұрпақтары мақтан етеді. 1950 жылы Сарысу ауданында қой-ешкі саны 183320 басқа, мүйізді ірі қара 11355-ке, жылқы 4130 басқа жетті. Мал шаруашылығын өркендетудегі үздік табыстары үшін ауданның 15 малшысы 1949 жылы Социалистік Еңбек Ері атағын иеленді.
1954 жылы түгін тартсаң, майы шыққан Жон өңірінде «Түркістан» совхозы бой көтерді.
1957 жылы аудандағы колхоздар ірілендіріліп, 7 совхоз құрылды. Осы кезде ұсақ мал саны 280 мыңға жеткен болатын. 1962 жылы Сарысу ауданының Талас ауданынан қосылуының тиімді болмағандығын өмірдің өзі көрсетіп берді. 1967 жылы Сарысу ауданы қайта құрылды. Бұрын Мойынқұм ауданына қарап келген «Сарысу», «Шығанақ», «Қамқалы» совхоздары Сарысу ауданына қосылды.
§ 4. Өлке аумағының жер бедері мен ресурстары
Жер бедері , рельеф (фр. relіef, лат. relero — көтеремін деген сөзінен шыққан) — жер бетіндегі құрлықтардың, мұхиттар мен теңіздер түбінің тілімденген пішіндерінің жиынтығы.
Жер бедері тау, жазық, ойпат, таулы үстірт, төбе, қырқа, аңғар, жыра, т.б. болып келеді. Жер бедері эндогендік (ішкі) және экзогендік (сыртқы) күштердің ұзақ уақыт бойы әсер етуі нәтижесінде пайда болады. Әрбір аймақтың бедері оның геологиялық құрылысына, ішкі және сыртқы процестердің біреуінің басым болуына байланысты.
Жер бетінің бұдырлылығы әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан мөлшеріне (масштабына) қарай Жер бедерін планеталық пішінді (құрлықтар, мұхит табаны) мегапішінді (тау жүйелері, аумақты жазық жерлер, мұхит ойпаттары), макропішінді (жоталар, тауаралық аңғарлар), мезопішіндер (төбелер, аңғарлар, сай-жыралар), микропішіндер (шұқанақтар, дала бидайықтары) және нанопішіндер (түбіршіктер, төбешіктер) деп бөледі.
Осы заманғы Жер бедері шамамен бұдан 150 млн. жыл бұрын қалыптасқан. Қазіргі кезде бүкіл құрлықтардың 55%-і таулы және 45%-і жазық өлкелер. Жер бедерін геоморфология ғылымы зерттейд
Аудан жері, негізінен, жазық, тек оңт. бөлігі ғана таулы. Мұнда Қаратау жотасының орт. бөлігіндегі Үлкен Ақтау тауы орналасқан. Ауд-ның ең биік жері де осы тұста (Айуантөбе тауы, 1024 м). Солт-н Мойынқұм және Бетпақдаланың оңт. бөлігі қамтыған. Бетпақдала өңіріне аласа таулы құрғақ ландшафт тән. Мұнда аласа келген Қазанғап (298 м), Аңдағұл (330 м), Көкшетау (325 м), Сарытөбе (290 м) таулары және Ескібұтақ, Сортаң, Соркілем, Қаттытақыр, т.б. қоныстар кездеседі. Жер қойнауынан фосфорит, химиялық шикізаттар, ас тұзы, т.б. кен орындары барланған. Оның кейбіреулері өндіріледі.Ауданның а. ш-на жарамды жерінің жалпы аум. (2001) 2,37 млн. га, оның ішінде жыртылатын жері 23,9 мың га. Жыртылған жердің 4,5 мың га-сы суарылады, 19,4 мың га-сы тәлімі жер. Жайылмасы 2,28 млн. га, шабындығы 62,2 мың га, көп жылдық өсімдіктер 275 га жерді қамтыған. Жыртылатын жердің 13,9 мың га (58,1%-і) жері пайдаланылды.
§ 5. Климаты
Климат (грек. klіma, klіmatos – еңкіштік, Күн сәулелерінің Жер бетіне түсу еңкіштігі) – Жер бетіндегі белгілі бір аймаққа тән ауа райының көпжылдық режимі. К. сол өңірдің негізгі географиялық сипаттамаларының бірі болып саналады.
Көп жылдық режим осы өңірдегі ауа райының ондаған жыл бойындағы барлық жағдайлары, олардың ішінде: осы жағдайлардың типтік жылдық алмасуы, кей жылдары байқалған ауа райының аномальдік ауытқулары (құрғақшылық, жауын-шашынды, суық кезеңдер, т.б.) жатады.
Ауданның климаты континенттік, қысы солт-нде суық, аязды, оңт-гі жұмсақ, жазы барлық бөлігінде ыстық, қуаң, аңызақты. Ауданның орташа темп-расы қаңтар айында –6 –12С, шілдеде 22 –27С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 150 – 250 мм.
Арыстанды-Қарабас Желі–Сарысу ауданында байқалатын табиғат құбылысы. Қаратаудан бастау алатын Арыстанды өзенінің аңғарын бойлай соғады. Қаратаудың батыс және шығыс биік жоталары аралығындағы тар асудың әсерінен үдеп, атмосфераның өзімен бағыттас ауа ағынымен қосылған кезде күшейе түседі.
Жылдамдығы 25 м/с-қа жетеді. Жел солтүстіктегі құмды өңірден соққан кезде қара құйынды болып басталады. «Қарабас желі» деп аталуы да сол құбылысқа байланысты. Жел Арыстанды өзені алабының климатына әсерін тигізеді: қыста ауа райы күрт суйиды, жазда аңызақты қуаңшылық қалыптасып, апталап соғады
Табиғи-климат жағдайы астық, техникалық, бақша, азық дақылдарын, көкөністі, жемісті өсіруге мүмкіндік береді. Табиғи жайылымдардың кең алқабы (3 308,7 мың га) мал шаруашылығын, қой шаруашылығын, жылқы табының дамуына қолайлы.
Ауыл шаруашылық алқаптар 10 489,6 мың га немесе ауданның жалпы жер алқабының 72,7% алып жатыр. Егін құрылымында негізгі алқаптарды астық және мал азықтық дақылдар (егінді алқаптың 80%) алып жатыр.
§ 6. Су ресурстары
Ауд. жерінен Шу, Талас, Бүркітті, Шабақты, Көктал өзендері ағып өтеді. Ақжар, Тұзкөл, Үлкен Қамқалы, Соркөл көлдері бар. Шабақты, Бүркітті өзендеріне Ынталы, Бүркітті бөгендері салынған.
Бүркітті – Талас алабындағы өзен.Жамбыл облысы Сарысу ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 58 км, су жиналатын алабы 248 км2.Бастауын Қаратаудың Үлкен Ақтау сілемінің солтүстік беткейінен алып, Жаңатас қаласының шығыс жағымен ағып өтіп, Шабақты өзеніне сол жағынан құяды.Арнасы жоғарғы бөлігінде тар, жағасы тік жарлы. Жауын-шашын, жер асты суларымен толығады. Желтоқсан айының аяғында қатып, ақпанның аяғында мұзы ериді. Суы егін суғаруға пайдаланылады
Шабақты - Талас өзені алабындағы өзен.Жамбыл облысы Сарысу ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 64 км, су жиналатын алабы 1290 км2.Қаратаудың солтүстік беткейіндегі бұлақтардан басталып, Ақжар көліне 15 км-дей жетпей тартылып қалады.Аңғары Саудакент ауылына дейін таулық сипатта, тар, төменде, жазықта кеңейе түседі. Арнасы тік жарлы. Кішігірім 17 саласы бар. Қар, жер асты суларымен толығады. Көп жылдық орташа су ағымы Қыршабақты өзені сағасынан 1,0 км төменде 2,8 м3/с. Лайлылығы 200 — 600 г/м3. Суы Шабақты бойында орналасқан елді мекендердің тұрмыстық-шаруашылық қажеттілігін өтеуге жұмсалады.
Бұғыл-Жамбыл облысы Сарысу ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 52 км, су жиналатын алабы 202 км2.Өзен бастауын Үлкен Ақтау тауының шығыс беткейінен алып, таудың солтүстік етегін бойлай алғашында солтүстік-шығысқа, одан кейін солтүстік-батысқа қарай бұрылып Шабақты өзенінің оң жағына келіп құяды.Жоғарғы және орта ағыстарындағы арнасы тар, тік жарлы, төмен арнасы жазыққа шығып кеңейеді. Жер асты, жауын-шашын суларымен толығады. Желтоқсанның ортасында суы қатып, ақпанның соңында мұзы ериді. Суы тұщы, жаз айларында сәл кермекті. Жағалауы жайылым, суы мал және егістікті суғаруға пайдаланылады.
Көктал – Талас өзені алабындағы өзен. Жамбыл облысы Талас ауданы жерімен ағып өтеді.Ұзындығы 61 км, су жиналатын алабы 482 км2. Аңғары тар, жағасы тік, жарлы. Жазда иірім қара суларға айналады. Жылдық орташа су ағымы 1,20 м3/с.Бастауы Қаратаудың солтүстік беткейінен басталып, Қарашеңгел ауылы тұсында Ащыкөлге құяды.
Ынталы бөгені-Саудакент ауылынан оңтүстікке қарай 10 км жерде, теңіз деңгейінен 350 м биіктікте орналасқан. Суының толық сыйымдығы 30 млн. м3, ұзындығы 3 км, енді жері 2 км-ге жуық. Бөгеннің солтүстігінде топырақтан бөгет жасалған. Суымен 3,2 мың га егістік жер және шабындық суландырылады
Тұзкөл - Талас өзені алабындағы көл. Жамбыл облысы Талас, Сарысу аудандары жерінде, Қарашеңгел ауылынан солтүстік-батысқа қарай 2,5 км жерде орналасқан. Аумағы 11,8 км2, су жиналатын алабы 1056 км2. Жағалауы жазық, солтүстік-батыс жағалауы жарлы, биіктігі 1,6 – 2,5 м. Көктал өзені көлді жарып ағып Ащыкөлмен жалғасады. Суы мол жылдары Аса өзенінің суы кемерінен асып, Тұзкөлге құяды. Көлден балық ауланады. Алабының 70%-ы жыртылған, жағалауы – шабындық.
§ 7. Топырағы,флорасы мен фаунасы
Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы 6000-дай өсімдік түрлерінен тұрады. Басқа көрші елдермен (Ресей, Орта Азия, Кавказ) салыстырғанда бұл онша көп емес. Оған Қазақстан жерінде шөлді, шөлейтті аймақтардың көптігі, топырақ пен климат әсер етеді. Екіншіден, Қазақстанның едәуір бөлігі геологиялық тарихы жағынан жас. Каспий маңы ойпаты мен Тұран ойпаты теңіз астынан неоген дәуірінде ғана босаған. Үстірт пен Бетпакдаланың босауы одан сәл ғана ертерек. Сол себептен бұл өлкелердің өсімдік жамылғысы әлі толық қалыптасып үлгірмеген. Өсімдігі жағынан бай өлке Қазақстанның таулы аймақтары болып саналады. Әсіресе, Батыс Тянь-Шаньда Орта Азия мен Жерорта теңізінің бай флорасы сақталған. Онда палеоген дәуірінен қалған грек жаңгағы, платан, бадам, түркістан үйеңкісі, алмұрт және т.б. түрлері кездеседі. Сырдария- Қаратау флорасы бұдан да бай. Онда 1000-нан асатын өсімдік түрі, оның 150 түрі тек осы ауданға ғана тән, басқа жерде ұшыраспайтын өсімдіктер. Тянь-Шаньның, Алтайдың, Жетісу Алатауының тау беткейлерінде қылқан жапырақты ормандар таралған. Оларда шыршалардан, май қарағай, бал қарағай, самырсын түрлері өседі. Тау алды мен аласа таулы белдеулерде дала зонасына тән өсімдіктер өседі. Алтайдың таулы даласында итмұрын, долана, бөріжидек бұталары мол. Жетісу Алатауы мен Тянь-Шань тау жүйесінің тау алды жазықтары шөлге ұқсайды. Оларда эфемерлер мен эфемер тәріздес өсімдіктер (қияқөлең, қоңырбас, көкнәр, қызғалдақ және т.б.) кең тараған. Аласа таулы белдеулер теректі, қайыңды, жабайы ағашты, алма, өрікті, доланалы ормандардан тұрады.
Қазақстанның жануарлар дүниесі казір сүтқоректілердің 178, кұстардың 489, балықтың 104 және омыртқасыздардың 50 мыңнан астам түрлерінен тұрады. Таралуы жағынан олардың мекендері бірнеше зоогеографиялық аудандарға бөлінеді. Оларға дала және орманды дала (Солтүстік Қазақстан, Ертіс өзені бойы), шөлейт және шөл (Каспий теңізінің солтүстік және шығыс жағалары, Жайық бойы, Торғай, Қызылкұм, Балқаш пен Зайсан көлінің жағасы, Бетпақдала, Сарысу, Сырдария жағалауы, Үстірт), таулы аудандар (Алтай, Сауыр, Тарбағатай, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань, Қаратау, Ұлытау, Қалба, Сарыарқа) жатады.
Сарысу ауданында шөлдік белдемге тән топырақ жамылғысы қалыптасқан. Сұр, сұр қоңыр, сор, сортаң топырақ, тау етегінде шалғынды сортаң, таулық қызғылт қоңыр топырақ жамылғысы таралған; жусан, сораң, құмда сексеуіл, ши, Шу, Талас өзендері аңғарында жиде, жыңғыл, шеңгел, тал, тау етегінде бетегелі жусанды дала, таулы өңірде бұта, жеміс ағаштары, арша, ырғай, т.б. өседі. Ақ бөкен, қарақұйрық, арқар, барыс, аю, қасқыр, түлкі, кемірушілер және бауырымен жорғалаушылар, өзен-көл жағалауларында жабайы шошқа, ондатр, т.б. мекендейді, су айдындары кәсіптік балыққа бай.
§ 8. Сарысу ауданының экологиясы
Аудан бойынша экономика саласындағы шаруашылық субъектілердің жалпы саны 117, оның ішінде орташа кәсіпорындар – 16, шағын кәсіпорындар – 16, шағын жекеменшік кәсіпорындар – 101 болды.
Шаруашылық салалары бойынша: өнеркәсіпте – 13, а. ш-нда – 43, құрылыста – 6, сауда және қоғамдық тамақтандыруда – 23, көлік және байланыста – 5, қонақүй – 1, басқалары – 26. Одан басқа, ауданда 523 шаруа қожалықтары бар. Ауданның өнеркәсіп саласында 2 ірі және орташа, 6 шағын және 5 қосалқы шаруашылықтар бар. 2002 жылдың 1-шілдесіне дейін өнеркәсіпте 874,9 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Маңызды деген өнеркәсіп өнімдеріне фосфор шикізатының ұсатылған түрі (388,4 мың тонна) жатады. Ауданда 46,6 мың Гкал жылу энергиясы және 1,2 млн м3 су өндірілді.
Қоршаған ортаның көптеген бастаушылардың басым бөлігі улы химиялық заттарға жатады. Олардың адамға тигізетін қауіпті әсері және қоршаған ортаға таралуы арасында ауыр металдар ерекше орын алады.
Тірі организмдердегі өте аз мөлшерде шоғырланған (миллиграмм, микрограмм) металдар – микроэлементтер деп аталады. Адам мен жануарлар организдерінде микроэлементтер әр түрлі органдар мен ұлпаларда (қан, сүйек ұлпасы, бауыр) табиғи физиологиялық мөлшерде болады.
Алайда әр түрлі өнеркәсіптің (түсті және қара металургия, химия, мұнай-газ өнеркәсіптері) дамуына пеститциттер мен тыңайтқышатарды пайдаланудың арта түсуіне байланысты микроэлементтердің аса мол көлемінің халыққа тигізетін әсері де арта түсті. Микроэлементтер көбейген сайын олар көп мөлшерде улы заттарға айналады.
Адам организіміне гонадоулылық әсер етуінің мүмкіндіктері металдар бойынша былайша орналастырады: Таллий, Кадмий, Сынап, Күміс, Барий, Никель, Мырыш. Нейроулылық әсер етуі бойынша: Таллий, Кадмий, Сынап, Күміс, Барий, Никель, Мырыш; нефротоксикалық әсері бойынша: Таллий, Кадмий, Сынап, Күміс, Никель, Мырыш.
Көптеген химиялық қосылыстардың мутагендік және бластомогендік әрекеттері болады. Қатерлі ісік (рак) кезедесу жағдайлары 80-нен 90 пайызға дейін қоршаған орта факторлармен байланысты.
§ 9. Сарысу ауданының халқы
Сарысу ауданының қысқы орталығы Шу өзені Қуаралдағы Өксікбай байдың ағаш үйінде болса, жазғы орталығы қазіргі «Жеңіс» кеңшарының орталығына жақын «Ақкеңсе» деген орында болған. Сарысу ауданы 1932 жылы аштық нәубетіне ұшырап, оңтүстік өлкесіне шұбырғанға дейін халқының саны 16-17 мыңдай болса, 1934 жылы содан 3,5-4 мыңдай адам қалған. Олар 1934 жылдан кейін тірі қалғандары Жамбыл обылысының Сарысу ауданын құрап біріккен. Біразы Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданына қосылған. Олар Алшын, Жағалбайлы, Жеті ру-Әліп пен Жөгі. Әліп-Дәулеткелді, Жабал, Құрақ, Есенқарағай, Барақ, Бұзау, Жалпақ, Атамшал, Айдар, Балта. Жөгілер-Есентай, Қырықбойдақ, Шақа, Құлмырза, Төлеп, Байеділ, Берді, Шажа, Ботқашы.
Жағалбайлылар-Лез, Мырза болса, Алшындар-Досым, Жақсылық, Ақкөбек, Құлтума болып тармақталады. Жағалбайлыларды Орал өңірінен бастап келген Мама батыр екен. Олар қазір Семейдегі Доғалаң, Павлодардағы Баян аула, Қарағанды облысының Жаңаарқа, Жамбыл облысының Сарысу ауданына таралып қоныстанған.
Тәуелсіздік алғаннан кейін, 1997 жылы Сарысу ауданы мен Жаңатас қаласы біріктіріліп, аудан орталығы Жаңатас қаласы болып белгіленді. Халықтың саны 42 мың, оның 22 мыңнан астамы жаңатастықтар. Алдағы 10 жылда аудан халқы 50 мыңға, қала халқы 27 мыңға дейін өседі деген статистикалық болжам бар.
Аудан халқының басым көпшілігі қазақтар (86,8%). Одан басқа орыс, беларусь, украин, курд, татар, т.б. ұлт өкілдері тұрады. Халықтың орташа тығызд. 1 км2-ге 1,5 адамнан келеді.
Ауд-ғы халықтың 53,3%-і қалалықтар саналады. Халық аудан аумағына біркелкі қоныстанбаған. Тұрғындардың негізгі бөлігі оңт-нде және Шу аңғары бойында. Мұнда 1 км2-ге 10 – 12 адамнан келеді.
Ірі елді мекендері: Жаңатас қ. (25.9 мың адам), Жайылма (2,8), Өндіріс (1,4), Игілік (1,2), Түркістан (1,1), Ұйым (1,1), Жаңаарық (1,0) және Тоғызкент (1,0) аудандары.
Аудан бұрын, негізінен, қаракөл қойы, оған қосымша етті-сүтті мал, жылқы, түйе өсіруге, астық, көкөніс өндіруге маманданған 10 кеңшардан тұратын. Қазір олар әр түрлі шаруашылық субъектілерін құрайды.
§ 10. Сарысу ауданының топонимикасы
ТОПОНИМИКА (грек. Topos-орын, жер және оnomo. оnyma-ат, атау) — ономастиканыңжер-су, елді мекен атауларының шығуы мен пайда болуын (этимологиясын),мағынасын,құрылымының дамуын, таралу аймағын, қазіргі жағдайын, граммат., фонет. пішінінжазылуы мен екінші бір тілде берілуін зерттейтін құрамдас бөлігі.
Топонимика география, тарих, тіл білімі, этнология ғылымдарының деректеріне сүйеніп, өзара байланыста дамиды. Кез келген аумақтың географиялық атауларының жиынтығы сол жердің топонимиясьш кұрайды.
Топонимдер зерттелетін географиялық нысандардың көлеміне не мөлшеріне қарай макротопонимдерге (тау жоталары, үлкен ойпаттар, мұхиттар, т.б.), мезотопонимдерге (жеке таулар, теңіздер, т.б.), микротопонимдерге (көл, бұлақ, құдық, қоныс, т.б.) бөлінеді. Пайда болуы жағынан эндоним және экзонимдерге жіктеледі.
1.Байқадам – Дариялық Тақыр жазығының оңтүстігінде. Кісі атынан қойылған атау.
2. Үшқат- Жаңатас қаласының солтүстік-батысындағы үлкенді-кішілі үш шоқы.Саудакент – Жаңатас күре жолымен келе жатқанда үш қабат бейнеде тұрғандығын айқын көруге болады. Сондықтан да халық оны «Үшқат» деп атаған.Үшқаттың арғы іргесінде кен ұсақтайтын орталық байыту фабрикасы бар.
3. Қаратөбе- Қотансор маңындағы оқшалау көрінетін төбе.
4.Үңгіртас- Шабақты өзенінің батысындағы шоқы. Төменгі етегінде үлкен үңгірі бар.
5.Дегерес- Жаңатас қаласының солтүстік іргесінде оқшауланып жатқан биік жота.Іргесінде Жаңатас қаласына қарасты бөлігі Дегерес ықшам ауданы бар.Дегерес моңғолдың «жаман тау»деген сөзінен шыққан.
§ 11. Аудан орталығы Жаңатас қаласының құрылуы
Жаңатас - Қазақстандағы қала, Жамбыл облысы Сарысу ауданының орталығы. Облыс орталығы — Тараз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 170 км жерде, Қаратау жотасының солтүстік беткейінде жусан, күйреуік, баялыш өскен таудың сұр топырақты шөлейт белдемінде орналасқан. Тұрғыны 20 759 адам (2010).
Іргесі ірі фосфорит кенін игеруге байланысты 1964 ж.қалана бастады.1969 ж кентке,1971 ж қалаға айналды.
1972ж Жаңатас қалалық жаңа байланыс торабы іске қосылды. Қалалық қаржы бөлімі құрылды.
1973 ж қалалық мемлекеттік банк,мал дәрігерлік стансасы,қалалық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімі ашылды.
1974ж. М.Әуезов атындағы орта қазақ мектебі ашылды.Архитектура және құрылыс жөніндегі бөлім құрылды.Жас техниктер стансасы іске қосылды.Қалалық архитектура бөлімі құрылды.Қалалық тіс емханасы, «Көктал» профилакторий, балалар-жасөспірімдер спорт мектебі ашылды.
1975 ж. Қаратау тау-кен химия комбинаты басқармасы Жаңатас қаласына қоныс аударды.Шоқан Уәлиханов орта мектеп пайдалануға берілді.
1976ж Қалалық мәдениет бөлімі ашылды.
1977ж Жаңатас қаласының өзінде ғана 9 мыңнан аса адам комбинатта жұмыс істеді.Геологиялық барлау жұмыстарының үздік жетістігі үшін,зор өндірістік табысы үшін Жаңатас геологиялық барлау экспедициясының бұргылаушысы Жаппас Тілеуовке Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлық берілді.
1978ж қалада төрт шағын аудан болды.Қалалық базар ашылды.
1980ж 250 адам қабылдайтын емхана пайдалануға берілді.Балалар ауруханасы,терапиялық бөлімше ашылды. «Жұлдыз» пионер лагері іске қосылды.
1989ж қалада тұңғыш рет Наурыз тойы тойланды.
Қалада бұрынғы фосфорит өндірісінің негізінде құрылған акцион. қоғамдар мен өндірістік кооперативтер жұмыс істейді. Бірнеше мектеп, мұражай, мәдениет үйі, 2 кітапхана, спорт мектебі, клуб, аурухана, тубдиспансер, аудандық санэпидемиологиялық станция бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль және темір жол (Тараз — Жаңатас темір жол тармағы) арқылы қатынасады.
§ 12. Жаңатас қаласының физикалық-географиялық орны
Жаңатас - Қазақстандағы қала, Жамбыл облысы Сарысу ауданының орталығы. Облыс орталығы — Тараз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 170 км жерде, Қаратау жотасының солтүстік беткейінде жусан, күйреуік, баялыш өскен таудың сұр топырақты шөлейт белдемінде орналасқан
Қаланың іргетасы Бүркіті өзенінің бойында орналасқан Көксу, кейіннен Бүркіті атанғанелді мекеннің негізінде қаланған.
Географиялық тұрғыдан аумақ негізінен жазықтық. Климаты – едәуір құрғақ және континентальды.
Координатасы 43°34′00″ с. е. 69°35′00″ ш. б. (G) (O) (Я)43°34′00″ с. е. 69°35′00″ ш. б. (G) (O) (Я).
Қала өмірі Қаратау фосфоритті алабымен тығыз байланысты. Қаратау кеніші алғашқы өнімін 1946 жылы 5 желтоқсанда бере бастады. 1963 жылы флотац. әдіспен байыту фабрикасы іске қосылды.
Қаратау 20 ғасырдың 60 – 90-жылдары, КСРО және республика экономикасының дамуына елеулі үлес қосты. Осы жылдары ауыл шаруашылығына қажет фосфорлы минералды тыңайтқыштарға сұраныс күшейді. Бұл Қаратауда фосфорит өндірісін қарқынды дамытуға жағдай туғызды. Оның негізінде Қаратау кен-химия комбинаты салынды.
§ 13-14. Қойнауы толған қазына
Қазақстан өзінің жер қойнауының байлығымен әйгілі. Бұл Жер қыртысыныңгеологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты. Тау түзілу,магмалық жыныстардың енуі және метаморфизм (өзгеріске ұшыраған), яғнэндогендік процестердің әртүрлілігі, солармен байланысты тау жыныстарының құрылымында, минералдық және химиялық құрылысында болған қандай да бір өзгерістер түрлі пайдалы қазбаларды түзеді.
Пайдалы қазбалар деп, қазіргі техниканың даму деңгейінде, табиғи түрінде немесе өңделгеннен кейін шаруашылықта пайдалануға болатын минералдар мен тау жыныстарын айтады. Әдетте, таулы аймақтарда (қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы аудандарда) және шөгінді қабығынан айырылған платформаларда рудалы қазбалар кені көптеп кездеседі.
Жергілікті жеріміз фосфор, ас тұзы және минералдық шикізаттарға өте бай келеді.
1.Фосфор (лат. Phosphorus), P – элементтердің периодтық жүйесінің V тобындағы химиялық элемент, реттік нөмірі - 15, атомдық массасы 30,97. Бірнеше түрі бар: ақ фосфор – тығыздығы 1,828 г/см3; балқу температурасы – 44,14°С; қызыл фосфор – тығыздығы 2,31 г/см3; балқу температурасы – 593°С.
Химиялық элементтердің периодтық жүйесінде фосфор III периодта, V топтың негізгі топшасында орналасқан. Салыстырмалы атомдық массасы 31, реттік нөмірі (ядро заряды) 15.
Табиғатта фосфор тау жыныстары мен минералдарда қосылыс түрінде кездеседі. Мысалы, фосфорит және апатитте кальций фосфаты Са3(РO4)2 түрінде болады. Қазақстанда Жамбыл облысындағы Қаратау маңында фосфорит кенінің мол коры бар екені 1935 жылдан белгілі. Қазір Қаратау бассейні негізінде "Жаңатас байыту комбинаты" жүмыс істейді. Ақтөбе облысында фосфорит кен орнын (Шилісай, т.б.) игеру жоспарланып отыр. Осы кен орындары негізінде фосфорды өңдейтін зауыттар Таразда, Шымкентте және Ақтөбеде бар. Азот тәрізді фосфор да өсімдік пен жануар нәруызының негізгі құрам бөлігі. Фосфор өсімдіктердің дәнінде, жануарлардың сүтінде, қанда, ми мен жүйке ұлпаларында кездеседі. Мысалы, ересек адамдардың сүйегінде 600 г, ет ұлпасында 56 г, жүйке жүйесінде 5 г-ға дейін фосфор болады. Барлық сүтқоректілердің сүйегі құрамында фосфор Са3(РO4)2 немесе ЗСа3(РO4)2•СаСO3•Н2O түрінде болады. Осындай фосфаттар сүтқоректілер қаңқасына беріктік қасиет береді. Жануарлар мен адамдар фосфорды өсімдік арқылы қабылдайды. Фосфор қосылыстары тіршіліктегі барлық зат алмасу процестеріне қатысады. Фосфор элементі жай зат ретінде бірнеше аллотропиялық түрөзгерісін түзеді. Оның маңыздылары — ақ және қызыл фосфор. Ақ фосфор улы жөне тез тұтанатын болғандықтан аса ұқыптылықты қажет етеді. Оның буымен демалуға болмайды. Ақ фосфорды шыны ыдыста, су астында, сыртынан құм салынған металл банкаға орналастырып сақтайды. Ақ фосфор ауасыз кеңістікте қыздырғанда қызыл фосфорға, ал жоғары қысымда қара фосфорға айналады. Қара фосфор аз кездеседі .
Ақ және қызыл фосфордың негізгі қасиеттері
Ақ фосфор |
Қызыл фосфор |
|
|
Фосфорды алғаш ашқан – Гамбургтік алхимик Геннинг Бранд(1669 ж). Басқа да алхимиктер тәрізді Бранд қарттарды жасартып, сырқаттарды жазатын өмір элексирі мен асыл емес металдарды алтынға айналдыратын философиялық тасты табуға әрекет жасады. Брандты алға жетелеген адамдардың қамы емес, оның байлыққа құмарлығы болды. Ол жайлы бұл алхимиктің жасаған нағыз, әрі жалғыз табысының тарихи дәйектері куәландырады. Бір тәжірибенің барысында ол зәрді буландырып, алынған қалдықты көмір және құм қосып, буландыруды жалғастырды. Кейін ретортада қараңғыда жарық шығаратын зат түзілді. Рас, kaltes Feuer (суық от) немесе «менің отым» деп Бранд атаған зат қорғасынды алтынға айналдырмады және қарттардың сырт келбетін өзгертпеді, бірақ алынған заттың қыздырусыз жарқырауы ерекше, әрі таңсық болды. Жаңа заттың бұл қасиетін пайдалануды Бранд көп созбады. Ол фосфорды беделді адамдарға көрсетіп, олардан сыйлықтар және ақша ала бастады. Фосфордың алыну құпиясын сақтау оңай болмағандықтан, ол оны дрездендік химик И. Крафтқа сатып жіберді. Фосфорды алудың әдістемесі И. Кункель мен К. Кирхмейерге белгілі болғаннан кейін оны көрсетушілер саны көбейді. 1680 жылы жаңа элементті, алдындағыларға тәуелсіз, ағылшын физигі әрі химигі Роберт Бойль алды. Бірақ көп кешікпей Бойль қайтыс болды, ал оның шәкірті А. Ганквиц таза ғылымға сатқындық жасап, «фосфор спекуляциясын» қайта жандандырды. Тек 1743 жылы А. Маркграф фосфорды алудың жетілген әдісін тауып, өз мәліметтерін көпшілік назарына жариялады. Бұл оқиға брандтық бизнеске нүкте қойып, фосфор және оның қосылыстарын тыңғылықты зерттеуге бастама болды.
2. Кремний (Sіlіcіum), Sі – элементтердің периодтық жүйесінің ІV тобындағы элемент. Тұрақты 3 изотопы – 28Sі, 29Sі және 30Sі бар. Жер қыртысындағы мөлшері 29,5%. Табиғатта оттектен кейінгі көп тараған элемент. Кремнийді алғаш рет 1811 жылы Гей-Люссак пен Л.Ж. Тенар ашқан. 1824 – 1825 жылдары швед химигі Я.Берцелиус фторлы кремнийді калиймен тотықсыздандырып, ал 1865 жылы орыс ғалымы Н.Н. Бекетов төрт хлорлы кремний мен мырышты әрекеттестіріп жеке бөліп алған.
Физикалық қасиеті:
Кремнийдің түсі күңгірт-сұр, шайырдай жылтыр, салмағы 2,32 г/м3, балқу t 1420С, қайнау t 2600С-қа жуық. Өнеркәсіпте Кремний кремнеземді қыздырып, кокспен тотықсыздандыру, ал таза кремний төрт хлорлы кремнийді мырыш буымен тотықсыздандыру арқылы алынады.Қыздырғанда сутектен басқа кез келген бейметалмен қосыла алады. Төменгі температурада инертті. Таза кремний темір, мыс, алюминий, қорғасын қорытпаларында қолданылады. Ол мұндай қорытпалардың қышқылдарға төзімді, мықты,электрлік және магниттік қасиеттерін арттырады.Кремний тау хрусталі немесе кварц (Si02) құрамында болады; ол (Si) қиын балқитын, металдық жылтыры бар, сұр түсті қатты зат. Оның каттылығы алмаздан төмендеу.Аморфты кремний коңыр түсті ұнтақ, реакцияға түсуі оңай зат.
§ 15-16. Байқадам ауылдық аймағы
Байқадам ауылдық округы – Жамбыл облысы, Сарысу ауданындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Саудакент, Жарқұдық ауылдары кіреді. Тұрғыны 5,5 мың адам. Орталығы – Саудакент ауылы.
Саудакент –ортағасырлық қала орны. Сарысу ауданы Саудакент ауылында орналасқан. 1901 жылы В.А. Колосов зерттеген. 1946 жылы Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Әлкей Марғұлан) ішкі қамалдың солтүстік-шығыс бұрышына тікқазба (шурф) түсірген. Оның барысында құлаған бөлме орны аршылып, сырланбаған қыш ыдыстар, мал сүйектері шыққан. 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н. Бернштам) қала үстінен материалдар жиыстырған. 1980 жылы Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспедициясы (жетекшісі Қ.Байбосынов) зерттеу жұмыстарын жүргізді. Саудакенттің орны тікбұрышты келген көлемі 230 және 160 м, биіктігі 6 м төбе. 11 мұнараның орындары сақталып қалған. Ішкі қамал қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде. Бұл биіктігі 2 м, көлемі 40 м2 болатын төбе. Қала орнынан сырлы және сырланбаған қыш ыдыс қалдықтары көптеп кездеседі. Бұлар Талас өңіріндегі қалалардан табылған материалдарға ұқсас. Алынған заттарға қарағанда Саудакентті халық IX – XV ғасырларда мекен еткен. Олар егін егіп, мал шаруашылығымен айналысқан. Саудакент арқылы Жібек жолы өткен.Сарысу ауданы, Байқадам қыстағының оңтүстік-шығыс шетінде. Тік төртбұрышты келген төбе аумағы 230x160 м, биіктігі 6м. Үстінде сақталған биіктігі 2 м жер дуалмен қоршалған, әр жерінде 11 мұнара қирандысы байқалады. Солт.шығыс бөлігінде төртбұрышты келген биіктігі 2 м орталық қорғаны бар. Қала орнын 1901 ж. В.А. Колосовский сипаттаған.
1946 ж. Ә. Марғұлан орталық қорғаннын солтүстік-шығыс жағына тексеру шұңқырын қазып, әртүрлі қыш ыдыстардың сынықтарын жинаған. Алынған материалдардың түрлері, боялған сырлары, жасалу тәсілдері қала ғұмырының 9-15 ғасырларда өткендігін баяндайды.
§ 17-18. Жайылма ауылдық аймағы
Жайылма - ауыл. Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылдық округінің орталығы. Аудан орталығы Жаңатас қаласынан солтүстік-батысқа қарай 40 шақырым жерде. Ауыл телефон байланысымен жабдықталған. Ауыл халқының саны - 2720 (1 шілде 2013 жылғы мәлімет). Жайылма ауылдық округі – Жамбыл облысы, Сарысу ауданындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Жайылма, Ақтам, Қызылдиқан, Маятас ауылдары кіреді. Тұрғыны 3,7 мың адам (2014). Орталығы – Жайылма ауылы
Ауыл жанынан Тараз-Қызылорда автомобиль жолы өтеді. Ауыл іргесінен Шабақты, Бүркітті және Жылыбұлақ өзендері өтеді. Ауылда "Әйтеке би" атындағы орта мектеп, дәрігерлік емхана, ауылдық клуб үйі, балалар өнер мектебі, Бөрібек Тоғызақбаев атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, "Балауса" балабақшасы жұмыс істейді.
Ауыл бұрынғы "Калинин" атындағы және "Жайылма" кеңшарларының орталығы болған. Ауылдан шыққан әйгілі тұлғалар:
Өскенбай Аяпұлы Аяпов - техника ғылымдарының докторы
Әбдуәлі Әлі - журналист
Асанәлі Әшімұлы - КСРО және Қазақстан халық әртісі, кинорежиссер
Қуандық Байзақов - Социалистік еңбек ері
Нұрмахан Бөлебаев - Ленин орденінің иегері
Пернебай Дүйсенбин - балалар жазушысы
Сағынтай Елепанов - ұстаз, қобызшы, Ықылас күйлерін осы күнге жеткізуші
Әбдіразақ Елібаев - Қазақ КСР байланыс министрі
Мұса Есжанов - Социалистік еңбек ері
Сәуле Стаханшылқызы Жанпейісова - әнші
Асылбек Жасымбеков - ұшқыш, Социалистік еңбек ері
Ардақ Исатаева - әнші
Берген Исаханов - Кеңес Одағының Батыры
Сағындық Кенжебаев - Социалистік еңбек ері
Тоғыман Күлшеев - Социалистік еңбек ері
Қайрат Төкенұлы Қырғызбаев - таэквондодан қара белбеу иегері,
Бақберген Нұғыманов - Социалистік еңбек ері
Тынышбай Рақым - ақын
Бәкен Серікбаев - революционер, Қазақ ОАК мүшесі
Болатбек Төлепберген - жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Берік Шаханұлы - жазушы, халықаралық әдеби "Алаш" сыйлығының иегері.
§ 19-20. Жаңаталап ауылдық аймағы
Жаңаталап ауылдық округі – Жамбыл облысы, Сарысу ауданындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Жаңаталап, Ұйым ауылдары кіреді.
Тұрғыны 1,7 мың адам. Орталығы – Жаңаталап (Сарысу ауданы)
Жер көлемі -86957 га. Әкімшілікке Ұзақбай Сыздықбайұлы, Ақтоғай ауылдары қарайды.
Ауылдық аймақты «Жаңаталап» орта мектебі даңқты және жауынгер, атақты мерген Ыбырайым Сүлейменов атындағы орта мектеп бар.Сондай-ақ аймақты 2 фельдшерлік пункт, 1 ауылдық клуб үйі бар.
Бұл ауылдық аймақта Арысбай көлі,Бүргенді құдығы,Қақуқазған құдығы т.б. бар.
1.Арысбай көлі – Жаңаталап ауылының солтүстік-шығысында 3 шақырымдай қашықтықта орналасқан көл.Көл Ұлы Жүздің Ысты руының Қарақойлы аталығынан шыққан белгілі кісінің атымен аталған.
2. Бүргенді- ауылдың шығысында 40 шақырымдай жерде қазылған құдық.
3.Қақуқазған- Кіші Жүздің Жағалбайлы руының белгілі биі Арғынбайұлы Қақудың көп тер төгіп қазған құдығы. 1932-1933 жылдардағы аштықта шұбырған елдің бір тобының қонысы болған жер ауылдың оңтүстік-шығысында 23 шақырымды жерде.
4. Қайрақбай құдығы- Ысты руының Қарақойлы аталығынан шыққан кісі қаздырған құдық.
§ 21-22. Тоғызкент ауылдық аймағы
Тоғызкент – Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы ауыл, Тоғызкент ауылдық округі орталығы. Аудан орталағы – Жаңатас қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 70 км жерде, Таластың тармағы, Аса өзенінің ең төменгі ағысындағы боз жусан, баялыш, күйреуік, т.б. сораң шөптер өскен белдемде орналасқан.
Тұрғыны 1,0 мың адам (1999). Ауыл 1997 ж. дейін Түгіскен деп аталып келді. Іргесі 1950 ж. асыл тұқымды қаракөл қойын өсіретін «Түгіскен» кеңшарының орталығы ретінде қаланды. Оның негізінде 1997 жылдан Тоғызкентте «Тоғызкент» АҚ және 20-дан астам шаруа қожалықтары құрылды.
Ауылдың бұрынырақта «Түгіскен» атануын себебі,қариялар жері шырайлы,сулы,нулы жер болғандықтан таңданып : «Ойпырым-ай, мына жер түгін тарсаң,май шыққан жер ғой» деп таңданғандықтан «түгі өскен» деген сөзден туындаған десе,екінші біреулері болса бір өзенінен бері өткеннен кейін аласа екі қырат түйіскен тау бар, сол түйіскен жер атымен «Түгіскен» болып, дыбысты өзгеріске ұшырап айтылған дейді.
Ауылда орта мектеп, өнер мектебі, спорт мектебі, клуб, кітапхана, отбасылық-дәрігерлік амбулатория, балабақша, т.б. мекемелер бар.
Ауылдан шыққан белгілі тұлғалар: жазушы Әбді Шынбатыров, т.б
§ 23-24. Досбол ауылдық аймағы
Досбол - Досбол ауылдық округының орталығы.Бұрын Тоғызкент ауылдық округының құрамында болған.Талас өзенінің солтүстік-батыс жағасына орналасқан. Досбол-есімі елге танымал.Ол Ұлы Жүздің Ошақты руының Тас жүрек аталығынан шыққан азамат.
Досбол Көркембайұлы өткен ғасырдың орта шамасында туып, 1938-1939 жылдар шамасында ұзақ жасап, дүниеден өткен.Жергілікті халық арасында ең алғаш рет диқандық кәсіпті шебер меңгерген.Бидай,тары,арпа,шай егіп,халыққа қамқор бола білген.Оның Талас өзеніне салған көпірі қазіргі жаңа көпір салынғанға дейін халық игілігіне жарады.
1932-1933 жылдардағы алапат ашаршылық кезінде Досбол диқан халыққа көп көмектескен.
Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академик ғалымдары М.Ш.Иманқұлов,Б.М.Ропот,В.М.Боровскийдің жазған «Талас өңірін суландыру» атты кітабында Досбол есімі кеңінен аталып өтеді.Бұл елді мекенге Досбол есімін берген –халық.Досбол есімі болашақ жас ұрпақтарға алдағы уақытта да үлгі-өнеге.
1992 жылы 31 желтоқсандабұрынғы орталау мектепке де Досбол Көркембайұлы есімі құрметпен берілді.
Досболда орта мектептен бөлек 1 кітапхана,1 фельдшерлік пункт бар.
§ 25-26. Қамқалы ауылдық аймағы
Қамқалы – Созақ - Мойнқұм күре жолының солтүстік бетінде, Шуөзенінің оңтүстік бетінде орналасқан елді мекен.Жаңатас қаласынан 220 шақырым қашықтықта. « Қамқалы» атауы туралы ел арасында екі түрлі айтылған дерек бар.
Ертеде бір байдың Қамқа атты қызы өз сүйген жігітіне қосыла алмай, құсалықтан өзін өзенге тастап өліпті.Екінші бір деректе Шу өңірінің көктемгі шақта масатыдай құлпырып,гүлденген сәтіне байланысты айтылған дейді.
Қазақтың көне жырларында келісті кейіпкер қыздардың «асыл қамқа киініп» ел алдына шыққаны сүйінішпен айтылады.Көз жауын алар қымбат маталар – торғын, шағи,масаты, мәуіті,шәйілердің қатарында қыз-келіншектер зерлі бешпенттерін қамқадан тіктірген.
Көктем сәтінде бәйшешек,қоңыраугүл ,қызғалдақтармен құлпырған осы жерді бабаларымыз « Қамқалы» деп атап,келістіріп айтқан.
Енді бір деректерде ұлы жоқ болған бай осы жерді екі қызына енші етіп беріпті дейді.
§ 27-28. Түркістан ауылдық аймағы
Түркістан ауылы – Түркістан ауылдық аймақ округінің орталығы.
1954 ж. тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны кезінде Сарысу ауданында құрылған тұңғыш асты совхозы. Яғни сол жылы «Үшбас», «Арыстанды» және Жданов атындағы колхоздардың негізінде құрылған.
Совхоздың «Түркістан»атануы сол 1954 жылдың көктемінде Түркістан әскери округынан көмекке келген солдаттар екі пәтерлік 6 үй, 4 пәтерлік 12 ағаш үй тұрғызып бір көше тұрғызған. Солардың қажырлы еңбегінің құрметіне совхоз аты «Түркістан» деп атанған. Армия қатарынан босаған жігіттер келіп, осында еңбек етіп, тыңға жолдамамен келген қыздармен отбасы құрған.
Осы күнгі Түркістан ауылы сол кездегі Жданов атындағы колхоздың орталығы Андреевкаға қоныс тепкен. 1953 жылдың аяғы, 1954 жылдың басында осы Андреевкаға, қыста, Шолақты темір жол стансасынан алғашқы тың игерушілерге арналған арнайы вагонды сүйреп жеткізген.
Түркістан ауылы Жанатас орталығына 18 шақырым тау өзені Үшбастың оңтүстік бетінде 1,5-2 шақырымдай жерде.
Кезінде осы құнарлы, шұрайлы аймақ туралы қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов «Түркістан солай туған» деген айтулы очеркін жазды.
§29-30. Ақтоғай мен Жаңаарық ауылдық мекені
Ақтоғай – Жаңатас қаласының оңтүстік шығысында Тараз – Жаңатас асфальт жолының бойындағы елді мекен. Тау өзені Талдыбұлақтың батыс жағасын бойлай орналасқан елді мекен. Ауылдың шағын бөлігі өзеннің шығыс қанатында, Солтүстік тұсынан Ақтоғай өзені ағып өтеді. Елді мекеннің ұзындығы екі шақырымдай. Бір орта мектеп, кітапхана, фельдшерлік орталығы бар.
Ақтоғай – Ақтоғай ауыоының солтүстік бетінен ағып жатқан тау өзені. Үлкен Ақтау тауының терең шаты арқылы өтеді. Талдыбұлақ пен Ақтоғай өзені бірігіп, Шабақты өзенінің негізгі арнасын құрайды.
Жаңаарық (жаңа атауы Ұзақбай Сыздықбайұлы )Тараз – Жаңатас тас жолының қос қанатын ала орналасқан елді мекен.
Жаңатастан алты шақырым қашықтықта Бүркітті өзенінің солтүстік – батыс қанатын ала орналасқан. Жаңаарықтың осы күнгі орналасқан жері бұрын «Ірімшікті» атанған. Соғыстан кейінгі жылдары өзен бойында колхозшылар өзен бойында мемлекет үшін брынза, ірімшік т.б. сүт тағамдарын дайындағандықтан, жоғарыдағыдай атауға ие болған.
Қазір елді мекеннің орнында бұрынғы отырықшы халықтар егін егіп, диқаншылық құрған. Кейінректе қоныс аударып келген тұрғындар бұрынғы көне арықтын бойымен жаңадан арық тартып, түрлі дақылдар еккен. Елді мекеннің атының қалыптасуы соғыстан кейінгі жылдарға келіп тіреледі.
1957 жылы бұл шағын елді мекен «Түркістан» совхозынан бөлініп, «Сарысу» совхозының орталығы болды.