Материалдар / Өлмейтұғын артына із қалдырған
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өлмейтұғын артына із қалдырған

Материал туралы қысқаша түсінік
Өшпес естелік,еңбек қалдырған ғұламалар туралы.Эссе түрінде,мақала түрінде жазылған жазба жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қаңтар 2021
526
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақтөбе қаласы. №50 орта мектеп











Эссе тақырыбы: Өлмейтұғын артына із қалдырған

(Қ.Шаңғытбаев шығармашылығы бойынша)



Орындаған: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Абдикалыкова Райхан Аяпбергеновна

( тел 87058194073)































Өлмейтұғын артына із қалдырған

Ақын-поэзиялық туындыларды (өлең,жыр-дастан,поэма) ауызша айтып не жазып шығаратын өнер иесі ,халықтың көркемдік талғамын қалыптастырып ,жалғастыратын сөз шебері.Ақын ұғымының ауқымы кең,ол поэзияда әр түрлі тарихи кезеңдердегі әр қилы дарын иелерін қамтиды.

Қазақтың маңдайына біткен Ақтөбелік жерлес ақынымыз Қуандық Шаңғытбаев 15 жасында 1940 ж Алматыға келіп Қаз МУ филология факультетіне оқуға түсіп,сол жылы шығармашылыққа ден қойып алғашқы кітабын да шығарып үлгерген –ді.Ол кітап ұстазы М.Балақаевпен бірге жазылған қазақ тілінің оқулығы еді.Алғашқы қаламақысын 16-дағы Қ.Шаңғытбаев ата-анасына жасырын жібереді.Міне ,осы әрекетінің өзі жасөспірім баланың қамқор,жанашыр,мейірбан екенінің айғағы емей немене !?

Ақынның еңбегінің еленуіне сол кездегі саяси жағдайлар кері әсерін тигізбей қойған жоқ,әрине.Ақынның әкесі де өз ортасындағы беделді азаматтардың бірі болатын,тіпті Қуандық ағаны «халық жауының баласы»деген жалған жала да қаймықтырған жоқ. Дегенмен,оны қолдаған ірі тұлғаларымыз:М.Әуезов,Б.Кенжебаев,Ә.Сәрсенбаев секілді ағаларымыз 1942 ж ақынның «Қазақ жүрегі» атты (кейіннен «Ар»)алғашқы өлең жинағын баспаға тапсырады.Сол тұңғыш жинағына «Мен қазақ»деген өлеңін кіргізеді.Меніңше,Сталиннің кезінде олай жазу нағыз ерлік деп есептеймін. «Ар»өлеңінде Шаңғытбаев:

Тәңірім-ар ,соған ғана бағынамын,

Жалбарынам,жалғыз соған жалынамын.

Патша тәжі жолда жатса,қайырылмай,

Теуіп өтіп,алдыңа кеп табынамын, -

деп жазады.Өр рухты ақынның өткір де салмақты сөз айшықтары даралығын,даналығын айқындай түседі. «Ар» атты тұңғыш жинағы тек 1945 ж ғана М.Әуезовтың алғы сөзімен жарыққа шықты.Одан кейін «Аққу әні»23 жылдан кейін барып жұртшылыққа,оқырманға (1968)ұсынылды.Қаламгердің шығармашылығына жан-жақтан қаншалықты тосқауылдар болғанымен,оның бәрін- өзіне асқан

мақсат,талап қоюдың арқасында жеңе білді деп ойлаймын.

Менің ойымша,Абай атамыздың қырық төртінші сөзінде «Адам баласының ең жаманы-талапсыз» демекші ,талапсыздық ешқандай да жетістікке жетелемейтінін ақын ғұмырынан да толық байқауға болады.

Қазіргі қоғамда жастарымызға ғұлама тұлғаларымыздың осындай үлгі боларлық қасиеттері өте қажет-ақ деп ойлаймын.Оған бірнеше себептерді айтуға болады:

-ғаламторға иелік ету

-смартфонға тәуелділік

-өз-өзіне тым жоғары баға беру

-өзгелердің пікірімен санаспау

-ұлт құндылығын бағаламау

Міне,сондықтан да өнерімізді,әдебиетімізді,тарихымызды,мәдениетімізді асқақтату үшін өткен дәуірде өмір сүрген зиялы қауым өкілдерінің қолжазбаларын насихаттау өте құптарлық жайт.

Ақынның әр салада талмай қажырлы атқарған қызметінің өзі оның еңбексүйгіштік қасиетін аңғартады емес пе!? Атап айтсақ,облыстық «Ақтюбинская правда»газетінде тілші,әдеби қызметкер,бөлім меңгерушісі,1955-1973 жж «Қазақ әдебиеті,

Жұлдыз »баспаларында жауапты қызметтер атқарады. «Қазақ фильм»киностудиясы сценарий-репертуар коллегиясының бас редакторы болды.1974ж Қазақстан Жазушылар одағының консультанты.Бар ғұмырын осындай тынымсыз,адал еңбекке арнаған ағаның ісіне қайранмын. Мұнымен шектеліп қалған жоқ,әрине.80-жылдары ақынның таңдамалы шығармалары: «Ар ма,Республикам», «Жыр жаһаны», «Гүл толқын», «Сарша тамыз», «Жыл құсы» лирикалық шығармалары жарыққа шықты.Кез келген шығармасы адамзатты патриоттыққа, қоршаған ортаны аялауға, жалпы қоғамдағы түрлі құндылықтарды бағалай білуге үйрететін баға жетпес туындылар.

Қорыта айтқанда,сүйікті ақынымның қолжазбалары әр кез мен үшін өзіммен бірге жасайды.Себебі ақынның өлеңдері көңілің құлазығанда рухани дем,қолдау беретін құдіретті күш. «Жақсының аты өлмейді,Ғалымның хаты өлмейді»деген,сірә,осы екен гой!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!