Өлмейтұғын артына сөз қалдырған Ұлы Абай Құнанбайұлы 180жыл

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған Ұлы Абай Құнанбайұлы 180жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған Ұлы Абай Құнанбайұлы 180жыл арналған ғылыми зерттеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жетісу облысы Ақсу ауданы «Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ тарих пәнінің мұғалімі Галиева Айгерим Бейсембаевна «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған Ұлы Абай Құнанбайұлы 180жыл »



А.Құнанбаевтың өмір жолы, ақындық қарымы мен қоғамдық қыры, шығармаларындағы педагогикалық сарын жан-жақты талданып зерттелген. Зерттеу барысында оқушының жан-жақты ізденгені, зерттеліп отырған тақырып негізінде ғалымдардан кеңес алып, түбегейлі жұмыс жасағаны көрініп тұр.

Абай – әдем мойындаған дарын. Ол сыншы, публицист, тарихшы, саясаткер, мемлекет және қоғам қайраткері, сонымен қатар орыс, қазақ тілінде көсіле сөйлейтін өзгеше шешен адам. Ақынның шығармаларының негізгі тақырыптары сан-салалы. Ойшыл философтың қоғам мен мемлекет қайраткері ретінде және зор шығармашылық еңбегі арқылы халқымыздың әлеуметтік және рухани дүниесіне, мәдени өміріне қосқан үлесі зор.

Оқушы зерттеу жұмысының тақырыбына байланысты әдебиеттерге аналитикалық және синтетикалық талдау жасаған. Пайдаланған әдебиеттері бойынша сілтеме көрсете отырып, ғылыми жұмыстың талаптарын толық сақтаған.

1 тарауда Абай Құнанбайұлының өскен ортасы мен еңбек жолының басталуы мен ақынның қоғамдық-саяси қызметіне, шығармаларындағы адамгершілік мәселелеріне әдеби - хронологиялық тұрғыдан жүйелі, нақты салыстырулар арқылы талдайды.

2 тарауда Абай шығармашылығы мен шығармаларындағы педагогикалық сарын яғни тәрбие мәселесі бойынша мысалдар келтіреді.

Жұмыспен танысу барысында оқушының өз ойын шеберлікпен сауатты, қисынды жеткізу тұрғысынан дайындығы жоғары екені байқалады.

Ғылыми жұмысты өте жақсы деген бағаға бағалап, қорғауға жіберуге болады деп сенім білдіремін.















МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ


І «ҚАЗАҚТЫҢ БАС АҚЫНЫ» – АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ӨМІР ЖОЛЫ

    1. Абай Құнанбаевтың шығармаларының адемгершілік идеясы

    2. Абай Құнанбаевтың шығармаларының әлеуметтік мәні


ІІ АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ТӘЛІМ – ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕСІНДЕГІ ШЫҒАРМАЛАРЫ

2.1 Абай Құнанбаевтың өлеңдеріндегі педагогикалық көзқарасы

2.2 Абай Құнанбайұлының қара сөздеріндегі педагогикалық сарын


ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР





























КІРІСПЕ

Зертеудің көкейкестілігі.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ,

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой,

Бес асыл іс көнсеңіз.

Абайдың бұл сөздерінің мәні күні бүгінге дейін зор. Күні бүгін айтылып отырған сөз сықылды. Ақын айтқан «өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, орынсыз мал шашу» сияқты теріс әдеттерге біз күні бүгіннің өзінде де аяусыз күрес ашып келеміз, біз де жастарды осы айтылғандарға қарсы тәрбиелейміз. Ал оның айтып отырған «талап, еңбек, ғылым, қанағат, рахымы» да қазіргі тәрбиеге дәл келеді. Талап ет, еңбек ет, ойлы бол, бір нәрсені өз бетіңмен іздеуге тырыс, досқа қайырымды бол деп біз де айтамыз. Абай айтқан бұл пікірлердің бәрі де бүгінгі тілекпен түгел қабысады. Сондықтан да мен бұл тақырыпты өзекті болғаны үшін алып отырмын. Сан ғасырлық Абай поэзиясы, ел қамын жақтаған жүздеген өрен жүйрік жырау, жыршы, ақындары бар қазақ әдебиетінде Абай орнының ерекше болуы тегін емес.

Ол халықтың түбегейлі мүлдесін, арман-тілектерін оқу-білім қаншалықты терең үғып-түсініп, қандай ойшылдық деңгейде, қандай көркемдік қуаттылықпен айтып, жеткізе алғандығында ақын үлкен творчестволық тұлға,қазақ халқының маңдай алды ақыны жүздеген поэзия туындыларының авторы,ұлы ойшыл ұстаз.

Абай халықтың әл-ауқатының деңгейі, санасы, мәдениеті, адамдардың өзара қарым-қатынасы, бір-біріне мейірбандығы мен парасаттылығы, ұлттың ерекшелігі, салт-дәстүрінің дамуы - сол халықтың еңбек сүйгіштігіне, еңбек ету дәрежесіне тікелей байланысты екенін даналықпен болжады.

Абай поэзиясының ең басты ерекшелігі тәрбиелік тағылымы мол асыл мұрасы ол өзі өмір сүрген тұтас бір тарихи дәуірді жан-жақты барынша толық бейнелеп берді. Бірақ, ақын творчествосы жарты ғасырды қамтитын тарихи дәуірді танытады деу аз. Сол замандағы қоғамдық өмір салтының, ой-сана, білім-ғылым түсініктердің бірнеше ғасыр бойы қалыптасқанын, түп-тамыр әріде жатқанын ескерсек, Абай поэзиясы - ағартушылық көзқарасы қоғамның дамуындағы бір елеулі кезенді бейнелеу арқылы халықтың тағдырын, ұлттық мінез-құлқын тарихи тұрғыдан кең арнада алып, қоғам көшінің жеткен жерін ғана емес, өткен жолын да танытарлықтай етіп көрсете білді. Абайдың педагогикалық еңбектерін дұрыс түсініп игеру арқылы ғана, шынайы халқымызға тән тәлім - тәрбиеміздің қайнарынан қанып ішуге мүмкіндік ашамыз. Сонда ғана, Абайдың ұрпағына өсиет етіп қалдырған «...мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла...» деген сөзінің мәніне түсінеміз. Күллі адам қауымында өткен, ақыл - парасат алыптарының ішінде, ой кермегін тартып, тіршілік тұңғиықтарын ұғынған сайын, өздерінің кемелдеріне жеткен кемеңгерліктерін ұрпақ тәрбиесіне арнамағандары аз. Сонау, көне дүние данышпандары: Сократ та, Платон да, Аристотель де, төрткүл тіршіліктің тылсым сырларын шешкен ата-бабаларымыз - Әбунасыр әл-Фараби, Әбу Абдолла ибн-Мұса әл-Хорезми, Әбу Әли ибн - Сина, Ғұламаһи Дуани да мектеп ашып, шымырлай аққан ой құдіретін ұрпақ тәрбиесіне бұрған. Олай болса, ұлы ойшылдардың қол созған мұраттарының тікелер жері, тікелей адам тәрбиесімен астасып жатыр. Тіпті, кешегі өткен - Декарт, Локк, Каменский, Ж.Ж. Руссо, Л.Толстой да тәрбие саласына бар жиған-тергендерін толғаныстары, тіршілікпен тікелей жалғасу үшін, екі түрлі арнаға - педагогика мен психология салаларымен үндесе қабысуға мәжбүр болады екен. Осыдан келіп, кемеңгерлікке жеткен жанның қос қанаты-ойшылдық пен ұстаздық бірін-бірі толықтырып, ғажайып үлкен үндестіктерге жететінін аңғарамыз. Қазіргі кезде рухани мәдениетіміздің тарихына айрықша назар аударылып отырғанының себебі де осы. Жастар тәрбиесінде халқымыздың рухани мұраларын пайдаланып, жаңаша көзқарас тұрғысынан қарауға мүмкіндік туып отыр. Сондықтан да ұлттық мәдениетіміздің дамуына зор үлесін қосқан ұлы дала ақыны, ағартушысы Абай Құнанбаевтың педагогикалық мұрасын зерделеу ешуақытты маңыздылығын жоймайды. Ал бұл мәселені зерттеу педагогикалық пәндер курсының мазмұнын кеңейтіп, онан әрі байыта түсетіні хақ. Міне қазіргі заманда осындай рухани байлық пен ішкі дүниенің үндестігі барлық азаматтарға керек. Оны адам бойында қалыптастыру үшін мектеп үрдісіне адамгершілік пен жақсылыққа шақырған адамдардың шығармаларын көптеп оқу керек. Ал, ол ойлар Абай Құнанбайұлының шығармаларында ерекше кездеседі. Сондықтан да бұл тақырып қазіргі таңда өте өзекті болып отыр.

Зерттеудің мақсаты: Абай Құнанбаев еңбектеріндегі тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді мүмкіндігімізше ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеп, оларды мектептің оқыту үдерісінде тиімді пайдалану.

Зерттеудің міндеттері: •

1. Абай Құнанбаевтің әлеуметтік-қоғамдық көзқарастары және шығармаларындағы білім, ғылым, тәрбие мәселелерін педагогикалық пәндердің әрбір тақырыптарына пайдалануға іріктеу;

2. Абайдың педагогикалық пәндерді оқытуда пайдалану жолдарын анықтау;

3. «Абайдың тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері педагогикалық пәндерді оқытуда пайдалану» атты арнаулы курс бағдарламасын жасау, оны өткізу, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру.

Зерттеудің нысаны: барлық білім беру мекемелеріндегі оқу-тәрбие үдерісі.

Зерттеудің пәні: Абай Құнанбаев шығармаларын зерттеп, талдап педагогикалық пәндерді оқытуда пайдалану

Зерттеудің әдістері: зерттеу мәселесіне байланысты философиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау, А.Құнанбаев шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ой пікірлерді оқу-тәрбиеде пайдаланудың жағдайын зерттеу, сауалнама, бақылау, эксперимент ұйымдастыру және нәтижесін қорыту.

Зерттеудің болжамы: Егер А.Құнанбаев шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері ғылыми-әдістемелік жағынан негізделсе, мектептің оқыту үдерісінде пайдаланылса, онда 21-ғасыр жастарының тәрбиесіне тиімділігіне белгілі бір дәрежеде оң ықпалын тигізер еді. Оқушылардың ой – өрісін дамытып жеке тұлға болып қалыптасуына өзіндік септігін тигізетіні анық.

Зерттеудің құрылымы: Бұл жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.


































1.«Қазақтың бас ақыны» – Абай Құнанбаевтың

өмір жолы


Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды. Абай 10 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннан туған.

Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен: Ырғызбай, Көтібақ, Топай, Торғай, деген 4 ұл туады.Бұлардың әкесі момын, шаруа адамы, ал шешесі өткір тілді, өр мінезді әйел болған. Сол Айпара балаларына:

«Шынжыр балақ, шұбар төс Ырғызбайым,

Тоқпақ жалды торайғыр Көтібағым,

Әрі де кетпес, бері де кетпес Топайым,

Сірә да оңбас торғайым...»

Ана айтқанындай, шынында, бұлардың ішінде Ырғызбай ортасынан оза шауып, ел басқарған. Ырғызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болғандықтан, “Ісің адал болса Өскенбайга бар,арам болса Ералыға бар” деген мәтел сөз қалған.Өскенбайдың әйелі Зереден Құнанбай туады.

Құнанбай 4 әйел алған адам. Оның бәйбішесі Күңкеден – Кұдайберді, інісі Құттымұхамбетке айттырылып, қалыңдық кезінде жесір қалған соң өзі алған екінші әйелі: Ұлжаннан – Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан – Халиулла, Ысмағұл туады. Қартайған шағында үйленген ең кіші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ. Абайдің “ Атадан алтау, анадан төртеу едім дейтіні осыдан. Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған “кәрі әжесі” Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы, мінезі көнтерлі, әзіл-қалжыңга шебер, жөн-жобага жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, парсы тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады. Ол енді дін оқуын ғана місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен, араб, иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысады, Шығыстың Низами, Науаи, Сәғди, Қожа Хафиз, Фзули сияқты ұлы ғұлама, классик ақындарына бауыр басады. Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы “Приходская школаға” да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады.

Абайдың басқа балалардан алымдылығын аңғарған Құнанбай оны елге шақырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілдік-билік жұмыстарына араластырмақ болады. Сөйтіп 13 жастағы Абай ел ісіне араласады. Абай әке қасында болған жылдарда атқамінер би-болыстардың қулық-сұмдықтарын, қазақ даласына ыдырай бастаған феодрулық қатынастардың кереғар қайшылықтары кіріптар еткен әлеуметтік теңсіздіктің зардаптарын, аштық пен жалаңаштықты, патриапхалдық, кертартпа салт-сана, әдет-ғұрып зандарының залалдарынын айқын түсінді.

Патша үкіметінің отаршылық саясаты мен парақор орыс әкімдерінің жергілікті би-болыстардың арамза әрекеттерін айнытпай танып, көкірегінде жиркеніш сезімі оянып, соларға қарсы күресуге бел буды, “ елге пайдалы, адамгершілігі бар, әділ басшы болсам ғана жақсы адам боламын” деген тұжырымға бекіді. Осы мақсатпен болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады да, 1876-1978 ж. Қоңыр-Көкше еліне болыс боладі. Бұл жылдары Абай өз қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразасын тең ұстауға күш салды. Әлсізге зорлық көрсеткендерді, ұрлық жасағандарды қатты жазаға тартып, халық қамқорына айналды. Оның ел басқарудағы бұл бағыты халықты қалауынша езіп-жаншып жүрген шонжарлар тарапынан қатты қарсылыққа ұшырады, үстінен оязға жалган арыз айтушылар көбейді. Соның бірі Үзікбай Бөрібаевтың “Таймақкөл деген жерімді тартып алды ” деген жалған арызы бойынша көтерілген іс 10 жыл сүргінге созылып, ақыры Е. П. Михаэлистің көмегімен аяқсыз қалды. П. В. Маковецкий бұл істі 1884 ж. 27 тамызда жалған жала деп тауып, қысқартып тастады. Ақын үстінен жазылған “Абай барымта алды, ауыл шайып әйел қорлады” деген бір топ шонжар дұшпандарының арызы да нәтіжесіз қалды.

Ақын саяси қызметі үшін 1870 жылдары Петербургтен Семейге айдалып келген Михаэлиспен , 80-жылдарда орыс демократтары Н. И. Долгополов, А. А.Леонтьевпен танысады. Бұл озық ойлы азаматтардың Абайдың саяси-әлеуметтік көзқарасына игі ықпалы тигізгені сөзсіз. Бірақ Абай Құнанбаев орыс мәдениетімен, әдебиетіменен, демократтық көзқарастарымен осы кісілер арқылы деу ағат айтқандық болар еді. Бұл тұста М. О. Әузовтың “Ал, кейін орыс тілін біліп, орыстың ұлы мадениетін мол, терең тани бастаған Абай озгын ойды бұлардан үйренбейді. Пушкиннің өзінен, Белинский, Герцен, Чернышевский, Салтыков-Щедрин, Некрасовтардың өз мұраларын оқып, кең, терең тарбие алды. Абайдың классик ақын болған маңызын, әлеументтік көзқарасын тек Михаэлис әсерінен деп қойсақ, әрі Абайға, әрі орыс халқының ұлы мұрасына жане ұлы даналарына қиянат сөз айтқан болар едік ” деген тұжырымын келтірсек те жеткілікті. Абай осылайша Европаның 'Гете, Байрон сияқты ақындарын, Спенсер, Спиноза, Льюис, Дарвин, Дрепер сынды ғұламаларының туындыларын оқыды. Сөйтіп Әуезовтың сөзімен айтқанда “1884 жылдары, жасы қырыққа таман іліңенде, ол дүниеден көп мағлұматы бар кісі болды.” Абай осы тұста, 1886 ж. досы Михаэлистің ұсынысымен, Семей облысы Статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланды.

1875 жылы Қоңыркөкше елінде өткен сайлауда жеңіп шығып, 1878 жылға дейін болыс болады. Қазақ халқының дәстүрлі ел билеу жосындарын, әдет-ғұрып заңдарын жетік білетін Абай ел ішіндегі әр алуан әкімшілік-құқықтық реформаларға белсене араласады. Егде тартқан шағында әкімқара биліктен, атқамінерліктен іргесін аулақ салып, шығармашылықпен ғана шұғылданады. Абайдың көптеген шығармаларында Адам, Болмыс және Ралам тақырыбы, сондай-ақ, абсолюттік ақиқат сыры тұрақты орын алады.

1885 ж. мамыр айында Шар өзенінің бойындағы Қарамола деген жерде Семейдің ген.-губернаторы Цеклинцкийдің басқаруымен Семей губернасиясына қарайтын 5 уездің 100-ден астам би-болыстары бас қосқан төтенше съезі өткізілді. Осы съезде төбе би болып сайланған Абайға “Семей қазақтары үшін қылмысты істерге қарсы заң ережесін” әзірлеу тапсырылды. Абай бастаған комиссия барлығы 93 баптан тұратын ережені 3 күн, 3 түнде әзір етті. Бұл қазақ қауымында ежелден қалыптасқан кертартпа әдет-ғұрып заңдарына да, патша өкіметінің халықты қанаушылыққа ,зорлық-зомбылыққа негізделген заңына да ұқсамайтын, өзгеше құжат еді. Оның әсіресе ұрлық, қылмыс пен әйел мәселелеріне арналған баптары ерекше құнды. Бірақ Абайдің атақ-даңқын осынша көкке көтерген Қарамола съезінен кейін оның дұшпандары тіпті еліріп кетті. 1890 ж. Байғұлақ, Кұнту деген жуандардан бастаған 16 атқамінер Жиренше қыстауының шетіндегі Ши деген жерде Абайға қарсы дұшпандық әрекетке сөз байласады.

1891 жылдан бастап Абай басына ауыртпалық түсіп, бір-біріне ұласқан қайғы бұлты ашылмай қояды. Осы жылы ақынның сүйікті інісі Оспан жарық дүниеден өтеді. Одан кейін орысша әскери білімі бар, үлкен үміт күткен баласы Әбдірахманнан айырылады. Бұлардың қазасының ақын жанына қандай батқаны оның осы тақырыпқа арнаған топтама өлеңдерінен айқын көрінеді. Сөйтіп жүргенде соңғы тіренішіндей болған дарынды ақын баласы Мағауия да қайтыс болды. Осындай қабаттасқан қайғы қасіреттен күрт сынған Абай Мағауияның қазасынан кейін қырық күннен соң, өзі де дүние салады. Ақынның сүйегі Шыңғыстаудың ығындағы Жидебай мекенінде, інісі Оспанның жанына жерленеді. Бұл күнде ол арада қазақтың ұлы екі перзенті — Абай мен Шәкәрімге деген ұрпақтың өшпес махаббатының, ізгі құрметінің белгісіндей болып, сәулет өнерінің соңғы үлгісімен салынған қос мұнаралы кешенді алып мазар тұр.

1891 ж. Оразбай бастаған дау 1897 жылға дейін созылады. Бұл шиеленістің аяғы 1898 жылғы Мұқыр сайлауындагы жанжалға, Абай өміріне қастандыққа әкеп соқтырады. Ақын бұл жанжалдың барша жиренішті сырын , өзінің ақ екендігін Сенатқа хатында барынша айғақты деректермен дәлелдеп береді. Абай өлең жазуды 10 жасында (“Кім екен деп келіп ем түйе қуған…”) бастаса, өз өлеңдеріне шығаруды шамамен 1880-1997 ж. аралығында көбірек қолға алған. Өлеңдерін әркімдердің атымен таратып, Көкбай атынан бастырған ақын жазған өлеңдерін “жинауды ” шәкірттеріне 1896 ж. ескерткен. Ал қара сөзбен жазылған ғақлия-өсиеттерін 1890-98 ж. аралығында қолға алған. Абай 3 әйел алған. Байбішесі Ділдадан: Ақылбай, Әбдірахман, Кұлбадан, Әкімбай, Мағаұия, Райхан; екінші әйелі Әйгерімнен Тұрағұл, Мекайыл, Ізкаіл, Кенже деген 7 ұл, 3 қыз сүйген. Келіндей алған әйелі Еркежаннан ұрпақ көрген жоқ.



1.1 Абай Құнанбаевтың шығармаларының адемгершілік идеясы


Абай өзінің өлең-жырларында ел ішіндегі ұрлық, зорлықты, алтыбақан алауыздықты, күштілікті, жатып ішер жалқаулықты өлтіре сынап, жастарды адал еңбекке, отырықшылыққа, егіншілікке, өнер-білімге шақырады. осы тектес ойшылдардың бірі-қазақ халқының ұлы данышпаны Абай (Ибрагим) Құнанбай баласы екені анық. Абай - қазақ халқының ұлы ақыны, жазба әдебиетінің негізін салушысы, сонымен бірге ұлы ойшыл. Абай ақын - маңдай алды екені, таңдаулы туындылары дүние жүзі поэзиясының озық деңгейлес тұрғаны - білген адамға айқын шындық. Сан ғасырлық бай поэзиясы, ел қамын жоқтаған жүздеген өрен жүйрік жырау, жыршы, ақындары бар қазақ әдебиетінде Абай орнының ерекше болуы тегін емес.Абай халықтың түбегейлі мүддесін, арман - тілектерін оқу-білім қаншалықты терең ұғып - түсініп, қандай ойшылдық деңгейде, қандай көркемдік қуаттылықпен айтып, жеткізе алғандығында. Ақын үлкен шығармашылық тұлға болып қалыптасып жетіліп, кемеліне келуі үшін тиісті қоғамдық жағдай, аса зор дарын мен даналық, үздіксіз еңбек, ізденіс, білім - міне осылардың түйісіп келуі шарт. Абайдың негізгі педагогикалық мұраларының негізгі идеяларының бірі-адамдардың өзара қарым - қатынасы, әсіресе, жастарды еңбекке баулу. Ақын, ойшыл ұлы ұстаз - Абай халықтың әл-ауқатының деңгейі, санасы, мәдениеті, адамдарды өзара қарым-қатынасы, ұлттың ерекшелігі, бір-біріне мейірбандығы мен парасаттылығы, салт-дәстүрінің дамуы-сол халықтың еңбек сүйгіштігіне, еңбек ету дәрежесіне тікелей байланысты екенін даналықпен болжады. Еңбекті Абай, басқада қазақ аңартушылары сияқты- байлықтың, молшылықтың көзі-деп санады. Жастарды еңбекке шақырды. Абай - өз дәуірінің әр алуан жағын суреттеген реалист ақын.

Ол дәуірінің жаман жағын да, жақсы жағын да өз шығармаларында айқын суреттеп, өз дәуіріне тән, сол жағдайға лайық, әлеуметтік, таптық ірі, келелі мәселелермен қатар, кейбір елеусіз нәрселерге дейін көре білді. Сөйтіп ол өз заманының айқын айнасы болды.

Абай өмірге құлашын кең жайып, әлеумет тұрмысының әр саласына үңіле қарап, көп мәселелерді өлеңнің тақырыбы, айтайын деген ой-пікірінің өзегі етті. Толып жатқан тақырыпты жыр қылды. Мәселенің қайсысын алсақ та, Абайдың бүгілгенді жазып, бүркенгеннің бетін ашқандығын көреміз.

Ақын, ең алдымен, өз дәуіріндегі және өзінен бұрынғы мәдениетсіздікті, жалқаулықты, ру тартысын, пәлеқорлық сықылды оңбағандықтарды көрді. Қазақ халқының дамуы үшін, оның басқа елдердің қатарына жетуі үшін бұл әрекеттердің бәрі де тұсау болатын, бөгет болатын қылықтар деп ұғып, бұларға барынша қарсы шықты. Оларға қаламы арқылы күрес ашты. Оларды қатты шенеп, мысқылға айналдырды. Ол әділетсіздік, мәдениетсіздік атаулының бәрімен де жалғыз жауласты.

«Ойланып, ойға кеттім жүз жылғы өткен,

Тон қабаттап кигенім шидем-шекпен.

Жейде, дамбал ақсаңнан, жарғақ шалбар,

Жырым балақ матамен әдіптеткен..», -

деп, өткен өмірдің мәдениетсіздігін мысқыл-келекеге айналдырды.

Бұл қалыпта қала беруге енді болмайды, мәдениетке қарай аяқ басу керек деген қорытынды шығарды. Абай:

Сабырсыз, арсыз, еріншек,

Көрсеқызар жалмауыз,

Сорлы қазақ сол үшін,

Алтыбақан алауыз.

Өзін-өзі күндейді,

Жақынын жалған мінейді!.. -

деп, ел бойындағы, әсіресе үстем тап адамдарындағы ұсақ, пәлеқор мінездерді әшкереледі.

Бір-ақ ырғып шығам деп,

Бір-ақ секіріп түсем деп,

Мертігеді, жатады,

Ұрлықпен мал табам деп,

Ерегессе ауыл шабам деп,

Сөйтіп құдай атады.

Күншілдік, шамасын білмес мақтаншақтық, өтірік өсек, кербездік, жалқаулық сол кездегі ауылдың басты әдеттерінің бірі болған. Әсіресе ұлыққа арқа сүйеген пәлеқор пысықтардың сұрқиялығы шектен асады. Сондықтан Абай:

Қызмет қылып мал таппай,

Ғылым оқып ой таппай,

Құр үйінде жатады

Ел қыдырып ас ішіп,

Еркек арын сатады.

Бала-шаға, ұрғашы,

Үйде жүдеп қатады.

Еңбегі жоқ еркесіп,

Бір шолақпен серкесіп,

Пысық деген ат шықты.

Бір сөз үшін жау болып,

Бір күн үшін дос болып,

Жүз құбылған салт шықты.

-деп, елді үйітіп жеген, бүлдіргіш пысықтарды, алауыздықты еңбексіздерді, жалақорларды жеріне жеткізе сынады. Мұның өзі кезінде өткір сықақ (сатира) еді.

Абайдың басқа өлеңдерін былай қойғанда, осы өлеңінің өзі-ақ жалқаулықты, қорқақтықты, мәдениетке ұмтылмаушылықты, алауыздықты, өтірік-өсекке жаны құмар пәлеқорлықты жексұрын етіп көрсетеді. Мұндай ел бұзарлардан аулақ болу керек деп, ол «ызалы сөз, өткір тілін» соларға қарсы жұмсайды.

Бұл сықылды жағымсыз-жұғымсыз әрекеттер сол кезде бар ма еді? Шындық па еді? Әрине бар еді. Ел мүддесі емес, өз мүддесін ойлаған талай қу, талай сұмдар қазақ арасында ол кезде аз болған жоқ.

Ру араздығын қоздырып, не біреуді-біреуге айдап салып, арасына сөз айтып, пайда тауып, араздықты өзінің қос қалтасындай пайдаланған ұлықтар, «домалақ арызбен» біреудің тағдырын саудаға салатын пәлеқорлар Абай кезінде тіпті көбейеді.

Абай солардың бәріне қарсы болды. Ел бірлігін аңсады. «Бір жерден сөз, бір жеңнен қол шығарып», елдің түгел мәдениетке жұмылуын тіледі, өтірік-өсек, пәлеқорлықтан аулақ болуды, мәдениетті елдердің қатарына жетуді, ауызбірлігі күшті азат ел болуды арман етті.

Ақын өзінің әлеумет өміріне арналған «Сегіз аяқ» атты өлеңінде жоғарғы әңгімелерді сөз қылады. Қазақ өмірімен байланысты мәселелердің әрқайсысына ерекше тоқталып, аталық сөздер айтады.

«Сегіз аяқ» - Абайдың өз кезіне көзқарасының қорытындысы тәрізді өлең. Ақын бір жерінде:

Басынди ми жоқ,

Өзінде ой жоқ

Күлкішіл, кердең наданның.

Көп айтса көнді,

Жұрт айтса болды,

Әдеті надан адамның.

Бойда қайрат, ойда көз,

Болмаған соң, айтпа сөз!






1.2 Абай Құнанбаевтың шығармаларының әлеуметтік мәні


Өз заманының суретші ақыны Абай сол кездегі теңсіздік мәселесін тек қана шолып өтіп, оған қалай болса, солай қарап қоймайды. Кедейлердің ауыр халі ақынның қабырғасын қайыстырады. Ол кедейді өзі аяп қана қоймайды, өзіндей болып басқалардың да аяуын талап етеді. Езілушілердің тұрмысын жеңілдетуге жол іздейді. Жұртқа адамгершілікті ұсынады. Абай шығармасындағы адамгершілік арманының негізі де осы қазақ ішіндегі теңсіздікті көре білуінде жатыр. Қазақ ауылындағы теңсіздікті шын көрсете білген өлеңі - «Күз», «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай» деген өлеңі. Абай бұл өлеңінде тек барды айтқан ұлы суретші ғана болып қоймай, сол өмірдегі ауыр тұрмыс, теңсіздікті көре де, ұға да біледі, одан қорытынды да шығарады. Бұл екі өлеңінде екі тұрмысты - байдың тұрмысы мен кедейдің тұрмысын бір-біріне қарама-қарсы қойды. Октябрь, ноябрь айларының қара суығындағы кедейлердің ауыр тұрмысын:

Кедейдің өзі жүрер малын бағып,

Отыруға отын жоқ, үзбей жағып.

Тоңған үйін жылытып, иін илеп,

Шекпен тоқыр қатыны бүрсең қағып... -

деп суреттейді. Азынаған қара суықта «кемпір-шалы» болса, ол оның үстіне қиындықты жамай түседі деп жаны ашиды. Теңсіздік, азап шегу тек қана үлкендердің емес, кедейдің балаларының да басында барлығын ақын дұрыс көрсете алды:

Қар жауса да тоңбайды бай баласы,

Үй жылы, киіз тұтқан айналасы.

Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты,

Ағып жүріп ойнатар көздің жасы... - дейді.

Абайдың шын мәнінде реалистігі, өзі сол үстемдік етуші таптың жуан ортасынан шыға тұрса да, олардың жалпы қара халыққа жасап отырған зорлық-зомбылығын, аяусыз қанауын көре біліп және оны тайынбай әшкерелеу, «типтік жағдайға тән типтік образдар» жасауымен қатар, жай суретшілер аңғара бермейтін, әлеумет өмірінің көлеңке жақтарындағы кейбір құбылысты да көре біліп, олардан әлеуметтік мәні бар үлкен қорытынды шығаруында. Жоғарғы үзінді келтірген өлеңнің екінші бір жерінде:

Жалшы үйіне жаны ашып, ас бермес бай,

Артық қайыр, артықша қызметке орай.

Байда мейір, жалшыда бейіл де жоқ,

Адастырған екеуін құдайым-ай! - деп, байлардың кедейді күнбе-күн езіп отырғандығын, олардың араларындағы экономикалық теңсіздікті және бұл екеуінің өмір бойы аңдысумен келе жатқан, бір-біріне тілектері қайшы екі тап екендігін ашық айтты. Кедейдің ауыр халін көріп, ақынның оларға жаны ашиды. Кедейдің сол ауыр халін қалай жеңілдетудің өзінше жолын іздеді. Сонда оның тапқан жолы - әділдік болды. Байлардың кедейге деген мейірімсіздігін ашық суреттеп, оларды дұрыстыққа, әділдікке үндеді. Соған орай кедейдің де байларға дұрыс қызмет етуі керек деп білді. Бірақ ақынның бұл пікірі - тап қайшылықтарының қандай жолдармен шешілетіндігін ұға алмаушылықтан туған қате пікір болатын. Бұл тап қайшылықтары тек қана таптық күреспен шешілетіндігін түсіну дәрежесіне көтеріле алмағандығын көрсететін жайттың бірі деуге болады.

Қандай өмір құбылысына баға берсек те, біз ешқашан да мезгіл мен жағдайды ұмытпаймыз. Сондықтан Абайдың өмір сүрген мезгілі мен жағдайын еске алсақ, оған революциялық көзқараста неге болмадың деп кінә тағу - орынсыз. Тарихқа көз салсақ, езушілерде әділдікке үндеп, олардың санасын оятып, адамгершілігін арттыру арқылы әлеуметтік теңсіздікті жоймақ болған француздың ұлы ағартушыларының іс-әрекеттері оқушылар жұртшылығына мәлім.

Ал қазақтың ұлтшыл оқымыстыларының қазақ елінде тап жоқ деп, көп жылдар бойы айтыс ашып, өздерінше дәлелдемек болып, қызыл өңеш болғанын тағы жақсы білеміз. Демек, ХІХ ғасырда Абайдың қазақта жігі айқындалған екі тап барлығын және үстемдік етуші байлар табының кедейлерді езіп, қанап отырғандығын тайға таңба басқандай етіп, шындық қалпында көрсетіп беруінің өзі - тарихи мәні зор екендігі сөзсіз. Қорыта келгенде, Абай өзінің ұлы еңбектерінде өз кезіндегі әлеумет өміріндегі теңсіздікті, бай-феодалдардың еңбекші кедейлерді езіп, қанап отырғандығын, әлеумет өміріндегі алауыздық, кертартпалық, мәдениетсіздік, еңбек сүймейтін жалқаулықты көре білді. Қазақтың феодалдық өміріндегі әйелдердің теңсіздіктерін терең суреттеп, сүйіспеншілікті, бас бостандығын жыр етті, олардың әлеумет өмірінде шынында үлкен орын алатынын, алу керектігін көрсетті. Сөйтіп, қазақтың ұлы ақыны әлеумет өміріндегі ең маңызды, үлкен мәселелерді шығармаларының тақырыбы етіп алды да, оларды терең түсініп, сол кездегі өмір шындығына дәл етіп көрсете білді. Жоғарғы айтылған көп мәселелер жөнінде өте маңызды, аса құнды пікірлер айтып, дұрыс сілтеулер берді.















ІІ АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ТӘЛІМ – ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕСІНДЕГІ ШЫҒАРМАЛАРЫ


Сондықтан да ұлы Абай мұрасы – ұрпаққа өнеге-үлгі, тәлім-тәрбие, ғибрат-тағылым болмақ. Сонысымен де ол – мәңгілік жасап, жасампаз бола бермек. Ұлы Абай даналығының діңгегі, шығармаларының арқауы – адам тәрбиесі, тұтас бір халықтың тәлім-тәрбиесі. Өзін-өзі тану сабақтарының да тақырыптары – адамның өзі, адамгершілік қасиеттері туралы болғандықтан да қызықты, танымды, тартымды. Адам – өзінің қызығушылықтары, тілектері мен қажеттіліктеріне сәйкес тұрмысты және өзін-өзі мақсатқа лайық қайта өзгертуші, белсенді, әрекетшіл жан. Өзінің жаратылысын түсіну, өмірдің мәні бойынша сұрақтарға жауап іздеу, қоршаған болмыс арасынан өзін бөліп қарау және әлемнің қайта құрылуын түсіну адамға ғана тән. Әрбір адамды сипаттайтын тән, жан және рух барлық уақытта үйлесімділікте бола бермейді. Әрбір саналы адамның мақсаты, қанағаты, бақыты – үйлесімділікке толық қол жеткізу және оны ұзақ уақыт ұстап тұру негізі. Осы тұрғыдан алғанда, жалпыадамзаттық құндылықтар туралы ұғымдар жүйесі мен олардың адам өміріндегі көрінісін «Өзін-өзі тану» пәнінің базалық мазмұнының құрылымдық элементтері ретінде белгіленіп, осы негізде өзін тану, өзгелерді тану, әлемді тану, адамзат тәжірибесін тану мәселелері анықталады. Абай сана-сезімді тәрбиелеудегі қоғамдық ортаның ролін материалистік тұрғыдан түсіндіре білді. Адамның жақсы-жаман болуы, ақылды-ақылсыз болуы генетикалық негізге байланысты, ақ сүйек тұқымынан шыққандар ақылды, батыр, алғыр болады деген буржуазиялық нәсілдік, идеалистік көзқарасқа қарама-қарсы. Абай адам мінезінің қалыптасуы тәрбиеге, ортаға байланысты екенін дәлелдеді. Өзінің отыз жетінші қара сөзінде: «Мен, егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім»,-деді.

Абайдың поэтикалық шығармалары мен қара сөздері пәлсапалық, этикалық, эстетикалық, психологиялық және педагогикалық ой-пікірлерге толы. Абай түсінігінше, табиғат біздің санамыздан тыс және бізге тәуелсіз өмір сүреді. Біздің түйсігіміз бен қабылдауымыз, түсінігіміз айналадағы ақиқат шындық өмірдің сәулесі ғана.

Абай түсінігінше, табиғат біздің санамыздан тыс және бізге тәуелсіз өмір сүреді. Адам баласы «көзімен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрнымен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады»,-дейді Абай. Адам баласы анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Бірі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар – тәннің құмарлығы. Екіншісі – білсем екен деу- жан құмарлығы (жетінші сөз) деп ой түйіндей келе, «адам бойына жан құмарлығы арқылы жиналатын нәрсенің аты ақыл, ғылым… ол таланттылық пен ерінбей еңбек еткен адамның қолына түседі» деген қорытынды жасайды.

Абайдың дүниенің дамуы жөніндегі көзқарасында диалектикалық сарын басым. Ол табиғат құбылыстарын өзара бір-бірімен байланыста, үнемі өзгерісте, дамуда болады, адамды қоршаған ортаның – табиғаттың ішкі сырын білім-ғылым арқылы білуге болады деп қарастырады. Табиғатты айтсын мейлі, махабатты айтсын, адамның ары мен арманын айтсын, жан түршіген міні мен арамза мінез-қылығын айтсын, қазақтың ақиық ақыны Мұқағали ағынан жарылып айтады, әрбір өлең жолынан ақынның жүрек лүпілін естіп, жан айнасын көреміз, адам бойында әлі де арылып болмаған сұмдық пен сараңдылықтан жериміз, жамандықтан түршіге түңілеміз. Сондықтан да ол:

Мамсапқорлардың қасынан

Шықпайтындарға ашынам !

Жалданып өскен жасынан

Жағымпаздарға ашынам !

Өзіңе ғана бас ұрам,

Сенесің бе, Отан осыған !?

Алаяқтарға ашынам !

Ашынам-дағы тасынам

Құнымды несін жасырам, - деп адам бойындағы жағымсыз мінез құлықты ашына сынға алды. Мұқағали айтқандай, осы жағымсыз қылықтар да бүгін де арамызда бой көрсетіп қалады.

Сол кезде Абайдың көтерген мәселелері бүгін де маңызды, өзектілігін ерекше айта кеткен жөн.

Абай тарихқа ең алдымен кемеңгер ойшыл ақын, ағартушы ретінде енді. Абай өлеңдері мен қара сөздерінің тәрбиелік-тәлімдік мәні зор, идеялық деңгейі жоғары болып келеді.

«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқты-барды, ертегіні термек үшін» - деп ақынның өзі айтқандай оның өлеңдерінің әлеуметтік, этикалық мәні мейлінше терең. Ең алдымен ол өз халқына өлеңдері, қара сөздері арқылы ұдайы ой салды, оның көкірегін оятып, оны надандықтан, жаман қылықтардан сақтандырды, мәдениетті болуға, прогреске шақырды.

Абай өзінің өлеңдерінің бәрінде:

«Қалың елім қазағым, қайран жұртым,

Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың,

Жақсы мен жаманды айырмадың

Бірі қан, бірі май боп енді еккі ұртың» – деген сөздері дәлел бола алады. Бұл өлеңде Абай ашынып, халықтың жанына тие айтады. Сондай-ақ, Абай бос даурығуға, бекер сал шашуға, өтірік, өсек айтуға, жалқаулыққа қарсы шықты. «Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, адам болам десеңіз», - дей келіп, Абай «Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ, Бес дұшпаның білсеңіз, Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап қой, Бес асыл іс, көнсеңіз», - деген өсиет айтты.

Абай өнер-білім алуға шақырды, өмірде өз орныңды тап, пайдалы әрекет жаса, дейді. «Сен де – бір кірпіш дүниеге, тетігін тап та, бар қалан!» деген сөздер соның айғағы. Қазақ елінде ойын-сауыққа көп әуестеніп, бір үйден бір үйге, бір ауылдан бір ауылға селтеңдеп, қыдырып жүретін келеңсіз әдет селтеңдеп, қыдырып жүретін келеңсіз әдет барын ашына ескертіп, одан аулақ болуды арман етті.

«Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық,

Аздырар адам баласын», - деп жағымсыз қасиеттерден жастарды жирендіреді. Қараңғыда қазақ елінің ортасынан жарып шыққан жарық жұлдыздай жалынды пікір иесі Абай өз халқын ілгері сүйреудің қамын ойлады. Елді мәдениетке, ғылымға шақырады. Абай да Шоқан, Алтынсарин ұстаған бағытты өрістетуші болады. Дүниежүзілік мәдениетке қол созған данышпан ақын өз елін мәдениетке шақыра отырып, жастардың алдына оқу, өнер, білім мәселесін қояды.

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ержеткесін түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім, - деп, өзінің жас кезінде оқи алмай қалғанын арман етеді. «Жастар, менің мұнымнан үлгі алма, жастық шақты бос өткізбей, оқуға, ғылым алуға жұмса» дегенді айтады. Ол кезде байлардың балаларын оқытқандағы мақсаты - шен алу, патша үкіметіне қызмет ету, елдегі өз қожалығын берік ұстау болса, Абай ғылым алуды, ғылымды ел керегіне жұмсауды мақсат етеді. Абайдың бұл мақсаты, әсіресе «Интернатта оқып жүр» деген өлеңінен айқын көрінеді. Оқытқан әкеңнің де, оқыған баланың да ой-өрістерінің тарлығын, орыс тілін білудегі мақсат «прошение» жазудан әрі аса алмай жүргенін сынай келіп:

«Нан таппаймыз» демейді,

Бүлінсе елдің арасы.

Иждаһатсыз, мехнатсыз,

Табылмас ғылым сарасы.

Аз білгенін көпсінсе,

Көп қазаққа епсінсе,

Кімге тиер панасы? -

деп, ғылымның оңайлықпен қолға түспейтінін, адам өз білімін еш уақытта көпсінбей, өзіне-өзі сын көзімен қарау керектігін ескертеді. Сөйтіп, оқу-білім алу - елге ептілік жасау үшін емес, бірлікке, ел болуға, мәдениетті болуға жұмсалса, сонда ғана одан нәтиже шығады деген қорытындыға келеді. Абай оқыған жастардың теріс тәрбиеленуіне олардың өскен ортасы, қазақтың надандығы, алауыздығы кінәлі деп біледі.

Ойында жоқ олардың,

Салтыков пен Толстой,

«Я адвокат, я тілмаш

Болсам» деген бәрінде ой, -

деп, өрісі тар, күнделікті ғана ойлаушылықты шеней отырып, адамның мінез-құлқын түзетуге әрекет істейді. Елді тұншықтырып отырған помещиктер қоғамының негізін жоюға күш салған Салтыков-Щедринді мадақтайды. Оқушыларға сендер де Толстой, Салтыков-Щедриндей болыңдар дейді. Оларды үлгі етуі - қазақтан солардай ел қамын ойлайтын адамдар шығуын аңсағандық еді. Сондықтан да оқып, білімді бола тұрып, патша үкіметіне қызмет етуді ақын қорлық деп санайды.

Военный қызмет іздеме,

Оқалы киім киюге.

Бос мақтанға салынып,

Бекер көкірек керуге,

Қызмет қылма оязға,

Жанбай жатып сөнуге.

Абай жастардың алдында тұрған зор міндет - ғылым, қайткен күнде де ғылымға қол созу керек деп, көп өлеңдеріне-ақ ғылымды жыр етеді:

Ғылым таппай мақтанба!

Орын таппай баптанба!

Ойнап босқа күлуге...

Немесе:

Ғалым болмай немене

Балалықты қисаңыз?

Болмасаң да ұқсап бақ

Бір ғалымды көрсеңіз.

«Ондай болмақ қайда?» - деп

Айтпа, ғылым сүйсеңіз! -

деп, ақын адамның ең қымбатты кезінің, жастық шақтың, оқу, ғылымға жұмсалуын талап етеді. Ойын-сауықты кейін қоя тұрып, алдымен ғылым жолында еңбек ет, ізден, ғалымдардан үлгі ал, солардай болуға тырыс деп айта келеді де:

Дүние де өзі, мал да өзі,

Ғылымға көңіл бөлсеңіз, -

деп қорытынды шығарады. Бұл - сол кездегі жаңалықты аңсаушы алдыңғы қатардағылардың идеясы. Сол идея Абай өлеңінен орын алды. Абайдың бұл пікірі ғылымға жол бермей келе жатқан ескі надандыққа аяусыз соққы болып, жаңалыққа жол ашты. Халықтың білімге талпынуына басшылық көрсеткен пікір болды.

Абай халықты тек жалаң ғылымға ғана үндеп қойған жоқ, жастардың болашағына үлгі боларлық ақылдар айтты, қандай нәрседен қашып, қандай нәрсені өзіне жолдас ету керектігін көрсетті:

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.






2.1 Абай Құнанбаевтың өлеңдеріндегі педагогикалық көзқарасы


«Ғылым таппай мақтанба» деген өлеңінің өзі де тәрбиелік мәні зор үлкен-үлкен мәселелерді жастардың алдына қояды. Байға, ақсақалға бас имеу, шыннан өтірікті айыра білу, не болса да ақылға салып айту сияқты ақылдар айтып, жастарды адамгершілікке үйретіп, олардың мінез-құлқын, көзқарасын дұрыс жолға салатын кеңес береді. Абай ғылым мен еңбекті еш уақытта бөліп қарамайды.

Қызмет қылып, мал таппай,

Ғылым оқып, ой таппай -

Құр үйінде жатады, - дегені тәрізді, еңбек пен ғылым мәселесін қатар көтерді. Талап, еңбек, ой, рахым деген сөздер Абайда әр жерде әртүрлі айтылғанмен, құятын арнасы біреу. Талап пен еңбек бір жерде қайрат болып, ой ғылым болып, рахым жүрек болып айтылса да, ақыл, еңбек, жүрек, ғылым - осы төрт сөздің маңынан алыс кетпейді. Оның көп өлеңдерінде осы төрт сөздің мәнін кеңінен шолып, тереңірек түсінгендігі байқалады.

Әуелден бір суық мұз - ақыл зерек,

Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.

Тоқтаулылық, талапты, шыдамдылық

Бұл қайраттан шығады, білсең керек.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден бөлек.

Жеке-жеке біреуі жарытпайды,

Жолда жоқ жарым есті жақсы демек.

Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ,

Тулап, қайнап, бір жүрек қылады әлек.

Біреуінің күні жоқ біреуінсіз,

Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек, - деген тәрізді өзінің философиялық өлеңдерінде бұл төрт сөзді арқау ете сөйлейді. Сөйтіп, қазақ даласында да ол өзінің тамаша көркем асыл сөздерімен әділеттіліктің, ғылымның, еңбектің, адамгершіліктің туын көтереді. Ол - тек өз заманының адамдары ғана емес, келесі ұрпаққа да осыны айтып өткен ақын.

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар, қалан! - деп, кемеңгер ақын өз кезінің де, келесі ұрпақтардың да алдына үлкен бір игілікті міндет қойды.

Абайдың халықты ғылымға үндеуі - тек бір ғана ғылым мәселесін қозғаған бір жақты үндеу емес, ол өз халқының тіршілігіне, оның келешегіне, өз елінің алдыңғы қатарлы озық елдердің қатарына қосылуына байланысты сан алуан келелі мәселелерді қозғаған, тереңнен толғаған, қиынға сермеген ақыл-ойдың, өз халқын жанындай жақсы көрген асыл жүректің жалынды үндеуі сияқты. Абай адам деген ардақты атты тек талапты болса, еңбек етсе, терең ойлы болса, ғылым тапса, рақымды болса ғана ақтауға болады деп ұғады. Абай адамның адамшылық қасиетін осылай белгілейді.

Демек, ақын оларға ақылды, ойлы бол, ғылымды меңгер, еңбек ет, рақымды бол, ел қамын ойла, Салтыков пен Толстой сияқты талапты бол дегенде, адамзаттың бір керегіне жара, қоғамда өзіңе лайықты орын тап:

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та, бар, қалан! - деді. Ғылым болмай немене

Балалықты қойсаңыз?

Болмасаң да ұқсап бақ

Бір ғалымды көрсеңіз.

«Ондай болмақ қайда?» - деп

Айтпа, ғылым сүйсеңіз! - деп, ақын адамның ең қымбатты кезі - жастық шақтың оқу, ғылымға жұмсалуын талап етеді. Ойын-сауықты кейін қоя тұрып, алдымен ғылым жолында еңбек ет, ізден, ғалымдардан үлгі ал, солардай болуға тырыс деп айта келеді де:

Дүние де өзі, мал да өзі,

Ғылымға көңіл бөлсеңіз, - деп қорытынды шығарады.

Бұл - сол кездегі жаңалықты аңсаушы алдыңғы қатардағылардың идеясы. Сол идея Абай өлеңінен орын алды.

Абайдың бұл пікірі ғылымға жол бермей келе жатқан ескі надандыққа аяусыз соққы болып, жаңалыққа жол ашты. Халықтың білімге талпынуына басшылық көрсеткен пікір болды.

Абай халықты тек жалаң ғылымға ғана үндеп қойған жоқ, жастардың болашағына үлгі боларлық ақылдар айтты, қандай нәрседен қашып, қандай нәрсені өзіне жолдас ету керектігін көрсетті:

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ,

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой,

Бес асыл іс көнсеңіз, - деді. Абайдың бұл сөздерінің күні бүгінге дейін мәні зор. Күні бүгін айтылып отырған сөз сықылды. Ақын айтқан «өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, орынсыз мал шашу» сияқты теріс әдеттерге біз күні бүгіннің өзінде де аяусыз күрес ашып келеміз, біз де жастарды осы айтылғандарға қарсы тәрбиелейміз. Ал оның айтып отырған «талап, еңбек, ғылым, қанағат, рахымы» да біздің қазіргі тәрбиеге дәл келеді. Талап ет, еңбек ет, ойлы бол, бір нәрсені өз бетіңмен іздеуге тырыс, досқа қайырымды бол деп біз де айтамыз. Абай айтқан бұл пікірлердің бәрі де бүгінгі тілекпен түгел қабысады.

2.2 Абай Құнанбайұлының қара сөздеріндегі педагогикалық сарын


Көркем қара сөз қазақтың жазба әдебиетінің тарихында Алтынсариннан басталады. Публицистиканың алғашқы негізін қалаушы Шоқан болса, оны одан әрі дамытушы - Абай. Абайдың қара сөздері - көркем әңгіме емес, даналық сөздер, мақала, ғылымдық, философиялық шолулар. Сөйтіп ол өзінің көзқарасын, дүниетануын қара сөзбен де кейінгілерге қалдырып кетті. Бірақ Абайдың қара сөздерінің өзінше ерекшелігі бар. Оның сөйлем құрылысы да басқашалау болып келеді. Сөздерінің көлемі аз болса да, мағынасы терең. Көпшілігі-ақ сұрау-жауап, не оқушылармен, не өзімен-өзі кеңесу болып құрылады. Бұл - батыс, орыс елдерінің ұлы адамдарының көп қолданған әдісі. Ғылым, көркемөнер, тағы басқа мәселелер туралы өз көзқарастарын айтқанда, олар осы әдісті пайдаланған. Түбі сонау ескі гректердің философтарында жатыр. Абайдың қара сөздері мен өлеңдеріндегі идеялар бір-біріне қабысып отырады. Әйтсе де оның кейбір қара сөздерінде өлеңдерінде жоқ тақырып, тіпті кейбір қайшылықтар да кездеседі.

Бұл еңбектерінің көпшілігінде бұрын қозғалмаған, тың, соны пікірлерді қозғайды. Өз кезіндегі ақындардың ешқайсысының басына келмеген әлеуметтік зор мәні бар мәселелерді сөз қылады. Абайдың қара сөзді, өлеңді қатар қолдануы таңғаларлық нәрсе емес. Өйткені ол өз заманының мәдениетті адамы болды. Сондықтан дүниеге өз көзқарасын кейінгілерге жазып қалдырып кетуді азаматтық борышым деп білген. Өз елін өзгелердің қатарына жеткізуге, дұрыс жолға салуға көңіл бөлген Абай өзінің бұл мәселеге не үшін кіріскендігі жайлы: «Ақыры ойладым, осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім, басқада ешбір жұмысым жоқ», - деп, өз ойын, өзінің өмірге көзқарасын кейінгілерге жазып қалдыруға бел буады. Абай - дана ақын. Әрбір дана адам қай кезде болсын, өмірді, өз айналасын бақылай отырып, одан өзінше қорытынды шығарады, өмір туралы аз сөзге көп мағына сыйғызып, өз көзқарастарын кейінге қалдырады. Абайдың қара сөздерінің жалпы саны - қырық үш. Бірақ өте қысқа, кейбір қара сөздері бір бет, жарты беттен құралады. Солай бола тұрса да, әрқайсысы өз кезіндегі әлеумет өмірінің ең керек еткен күрделі мәселелеріне арналған. Көп әңгімелерінің өзінше тақырыбы, өзінше идеялық мазмұны болғандықтан, бөлек әңгіме болып саналады. Бірақ бұл айтылғандардан оның қара сөздерінің ішінде мазмұны жақтарынан өзара жақындық жоқ деген ұғым тумауы керек. Оның кейбір әңгімелері кейде тақырыбы, кейде мазмұны жағынан бірін-бірі толықтыра түседі.

Абай қара сөздерінің жалпы сарынын ұғыну үшін оның бірнеше сөздеріне тоқталамыз. Мысалы, «Жетінші», «Отыз бірінші», «Он тоғызыншы» сөздері ілім-білімді, оны қалай игеру жөніндегі ақының ой-пікірін аңғартады.Өзінің «Жетінші сөзінде»: «Жас бала да анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: бірі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады, бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демектік, не көрсе, соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызыға аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, даусын.а ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу келсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене», «бұл немене» деп, «ол неге үйтеді», «бұл неге бүйтеді» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары. Білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.

Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгендеп, ең болмаса дендеп білмесе, адамдықтың орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады», - дейді. Қазіргі түсінік бойынша, жан деп Абай адамның рухани күшін айтады. Осыны білсем, үйренсем екен деген ой, сезім, тілек, мүдделерді өсіру, өрістету, сол жолда арымай, талмай еңбек етудің керек екендігін ақын түсіндіре келіп, адамның жас кезіндегі табиғи талап, тілектерінің кейбіреулерде өсе келе, әлдебір себептермен дағдарысқа ұшырайтындығын, кейде кертартпа, бойкүйездіктерге соғатынын шенейді, жастардың ондай мінездерден аулақ болуын арман етеді. «Жетінші сөзінде» адам баласының сол «білсем» деген табиғи тілегін Абай бақылай келіп, өзінің өмір тәжірибесінен түйгендерін ғылыми-философиялық тұрғыдан қорыта, оған көлденең тұратын бөгеттерді сынайды, ал адам қайткенде білімді болатындығының жолын көрсетуге «Он тоғызыншы сөзін» арнаған. «Адам, - дейді ұлы ақынымыз Абай, - ата-анадан туғанда, есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып, ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды танидыдағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады.

Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегендерінен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады». Бірақ данышпан Абай тек осы айтқандарымен ғана қанағаттанып қоймайды. Сол естіген, білген нәрселерді адам қайткенде есінде сақтап, қалай ұмытпай, оларды өзінің өмір серігі етудің әдістерін де көрсетеді. Бұл мәселеге оның «Отыз бірінші» сөзі арналған. Әңгіме қысқа, тұжырымды және оқушы жастар үшін өте маңызды, керекті. «Естілген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі, көкірегі байлаулы берік болмақ керек. Екінші, сол нәрсені естігенде, я көргенде ғибратлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғыну керек. Үшінші, сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек. Төртінші, ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер ой кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз, салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер».

Абайдың бұл әңгімелерінің кім үшін болса да, тәрбиелік мәні зор. Әйтсе де білімге ұмтылушы жастар үшін айрықша құнды. Өйткені ғылым да, өнер де жастар үшін. Адамның қолын бақытқа жеткізетін ілім-білімді игеру де жастардың ғана қолынан келетін іс. Қартайған адам қанша ұмтылса да, өндірері аз болмақ. Сондықтан білімге ұмтылған жастар ұлы ақынның бұл айтқандарын берік есте сақтауы қажет.

Абайдың «Алтыншы», «Сегізінші», «Он бірінші» сөздері жоғарғы ілім-білімге ұмтылуға бөгет жасайтын надандық, мақтаншақтық мінездерді шенеуге арналады. «Бірлік, тірлік» деген сөз ұғымдарының мәнін аша келіп, «Алтыншы сөзінде» Абай: «Бірлік - ақылға бірлік, малға бірлік емес», - десе, сол әңгімесінің екінші жерінде: «Ырыс алды - тірлік» дейді. Ол қай тірлік? Ол осы жан кеудеден шықпағандық па? Жоқ, ондай тірлік итте де бар... Жанын қорғалап жаудан қашып, қорқақ атанып, еңбек қылудан, қызмет қылудан қашып, еріншек атанып, ез атанып, дүниеде әлгі айтылған ырысқа дұшпан болады... Тірлік олар емес, көкірегі, көңілі тірі болса, соны айтады, өзің тірі болсаң да, көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың. Ал еңбекпен ерінбей мал табуға жігер қыла алмайсыз.

Кеселді жалқау, қылжақ бас,

Әзір тамақ, әзір ас,

Сыртың пысық, ішің нас,

Артын ойлап ұялмас, - болып жүріп, тірімін деме, онан да алла жіберген ақ бұйрықты өлімнің өзі артық», - дейді. Ұлы ақын осы пікірін «Үшінші», «Он бірінші» сөздерінде де толықтырып, ұштай түседі. Мал үшін ар-намысын сату, бірінің үстінен бірі арыз беріп пәлелеу, ауызбірліктің болмауы тәрізді мінездердің бәрі де надандықтан, мәдениетсіздіктен, жалқаулықтан, еңбексіздіктен туатынын дәлелдей келіп, ақын өзінің оқырмандарын бұл мінездерден қашық болуға тәрбиелейді. Бұл әңгімелердің идеялық мазмұны да, кейінгі ұрпақтар үшін құндылығы да осында. Өзінің өлеңдеріндегі тәрізді қара сөздерінде де ұрлық, парақорлық, пәлеқорлық, партиягерлік, мансапқорлық, тағы басқалар елдің ел болуына зор бөгет екендігін айта келіп, «Қырық бірінші сөзінде» Абай екі нәрсе ұсынады: біріншісі - «Бек зор үкімет», екіншісі - қаржы. Үкіметтің күшімен қазақтың ұл, қыздарын еріксіз түрде мектепке беріп, оларды ғылымның әр саласынан мамандандырып, ой-санасын жаңаша тәрбиелеп, бұрынғылардан мүлде өзге психология, өзгеше наным-сенімдегі адамдар етіп шығарса, сонда ғана елдің түзелетіндігін айтқан.Бірақ жұрттың бәрін қорқытып, зорлауға, не үгіт арқылы түсіндіруге мүмкін емес. Сондықтан олардың бірқатарына ақшаның күші арқылы балаларын оқуға тартуға жағдай жасау керек.

Мұның екеуі де мүмкін емес, «енді не қылдық, не болдық?» деп, ақын тұйыққа тіреледі. Абай кезінде оқуға бала берудің өзі қазақта үлкен мәселе болатын. Балғожа би тәрізді заман ағымын түсінушілер, не Абайдың өзі тәрізді бірен-саран көзі ашықтар болмаса, жалпы көпшілік орысша мектепте бала оқытуға ұмтылмайтын. Балалары ауылдағы дүмше, надан молдалардан оқып тіл сындырса, «Иманшартты» оқи білсе, сол да жарайды деп қанағаттанатын. Бұған екі түрлі себеп болды. Біріншісі - мал шаруашылығы, көшпелілікпен күн көрген қазақ елінің ғасырлар бойы мәдениеттен кейін қалушылығы болса, екіншісі - орыс мәдениетінен гөрі, ел ішіне бұрынырақ таралған және бір кезде патша өкіметінің өзі қолдаған қадем оқуы, діншілдіктің кертартпалығы. Қазақ халқына ислам дінін кең жаюға тырысқан қожа, молдалардың да бұл мәселеде тигізген зияны аз емес. Олар орысша оқыған адам діннен шығады, кәпір өтеді деп, халықты қорқыту, шошыту жұмыстарын жүргізді. Осы жағдайлардың барлығын өз көзімен көріп, олардың сыры мен қырын терең түсінген Абай өзінің өлеңдерінде де, қара сөздерінде де қазақтың ынтымақты ел болуы үшін мәдениетке ілесуі, оқуға, ғылымға ұмтылуы керектігін дұрыс түсініп, жоғарғы айтылған сан бөгеттерді ағарту жұмыстарының күші арқылы жою, сөйтіп өз халқын басқа мәдениетті елдердің қатарына жеткізуді арман етті.

Абайдың көптеген қара сөздері осы идеяны үндеуге арналады. Әрине, жалаң, тек қана ағартушылық арқылы барлық іс бүтінделмейді. Әйтсе де Абайдың өмір сүрген кезін, оның өскен ортасын, сол дәуірдегі қазақтың жағдайын еске алсақ, Абай ұсынған жолдардың прогрессивтік үлкен мәні барлығын мойындамасқа болмайды. Абайдың «Он жетінші сөзі» қайрат, ақыл, жүрек, ғылымға арналады. Алдыңғы үшеуі адам үшін өздерінің атқаратын жұмыстарын айта келіп, әрқайсысы өзін бірінші орынға қойып таласады да, ғылымға төрелікке жүгінеді. Ғылым үшеуінің де жақсылы, жаманды қасиеттерін дәл сипаттап, әділ сынайды. Жеке-жеке үшеуінде де кемшілік бар. «...Осы үшеуің басыңды қос, оның ішін де жүрекке билет», - деп үкім шығарады. «Егер үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтаймын», - дейді оларға ғылым. Бойында қайраты бар, ержүрек адам өзінің ойын қорғай алады, басқаның айтқанына көніп, теріс жолға түспейді (Мұндай қасиеттер қазіргі біздің жастардың бойында тәрбиеленетін қасиеттер). Жалқау, қорқақ, мақтаншақ адам әр нәрсеге құмар болады. «Мақтаншақта ар да, ұят та, дұрыс ойда, ерлік те, адамгершілік те болмайды» – дейді Абай.

Адам қандай дарынды болып туса да, өзін өзі тәрбиелемесе, оқымаса, шынықпаса дамымай қала береді. «Он тоғызыншы сөзінде» Абай: «Адам атадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, ескерсе дүниедегі жақсы, жаманды таниды – дағы, білгені, көргені көп болған адам есті болады. Естілердің айтқанын ескеріп жүрген адам, өзі де есті болады.

Абайдың қарасөздеріндегі еңбек, ғылым, адамгершілік, әділдік жөніндегі пікірлері біздің заманымызда да өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Бұл ұлы ақынның адамға тән жақсы қасиеттерді тәрбиелеуде өз заманынан озық болғанын дәлелдейді. Өлең шығармаларында адамгершілік, тәрбиелік терең ойларды қозғағанда айтатын қорытынды түйіндерін осы арада тағы келіп табады. Сөйтіп анық айқын діншілдік үгіт сияқтанып басталған сөз ақынның өз ұғымындағы үлкен моральдық философияның тәрбиелік талаптарына келіп қосылады. Ақындық өсиеттері мен қарасөзде көрінген ұстаздық мақсаттар екеуі де осындай тұстарда табысып кеп, үнемі бір сағаға қосыла құйылып жатады. Осылайша топталып, тексерілген қарасөздердің тақырып бойынша құралатын ендігі бір мол түрі тағы бір топ сөздерде көрінеді. Олар: Он бесінші, Он жетінші, Он сегізінші, Жиырма бірінші, Жиырма екінші, Жиырма сегізінші, Отызыншы, Отыз екінші, Отыз төртінші және Қырық төртінші сөздер. Бұнда әр аулан түрде қайталап келіп отыратын бір тектес тақырыптар бар.

Сол ортақ тақырыптар адамның адамдық қасиеттерін тереді. Үлкен адамгершілік, ақтық, тазалық, азаматтық жөніндегі тәрбиелік ойлар айтылады. Он бесінші сөзде мораль мәселесін мінез белгілерімен байланыстыра отырып, әрбір жақсы адам боламын деген кісіге өз-өзіне есеп беру қажет екенін айтады.

Он жетінші сөзде Абайдың өз тұсындағы және Абайдан бұрынғы үлкен моралист, педагог ойшылдардың, ұстаздардың көп айтқан пікіріне жанасатын ой-толғау жүргізеді. Ол - толық сапалы адам болудың шарты жайындағы ойлар. Адам жан-жақты, асыл қасиетті болу үшін оның бойындағы қайрат, ақыл, жүрек үшеуі бірдей болып, тең табыссын деген талап қояды.

Он сегізінші сөзінде және де қысқа қайырып, адамды адам етіп өсіретін, ұлғайтатын ақыл, ғылым, ар, мінез деген ой түйеді.

Жиырма бесінші сөзінде қазақ халқынан қадірлі азамат, қауымға пайдалы қайраткер шығару үшін орыс оқуының ерекше бағасын қадірлеп айтады. Оқушы өзі үшін емес, халқы үшін еңбек ететін адам болсын дейді. Бірақ осы сөзінің ішінде және осыдан бұрын жазылған Жиырма екінші сөзінде Абай бірнеше қайшылық пікірлер айтады. Орысша оқып жүрген жастардың ішінде жақсы атаның баласы аз оқыды деп, екі ұдай ұғым қалдырады. «Жақсы ата» деп Абай тұсындағы жалпы ұғымды алсақ, жуан атаны ұғынуға да болады. Немесе Абайдың өзіндік сыны бойынша - үлгі берер жеке жақсы атаны айтты деугеде болады. Қалайда осылай екі ұдай түсінік беретіндіктен Жиырма бесінші сөздің бағасын біраз әлсірететін жай бар. Жаңағы аталған Жиырма екінші сөзде Абай көрсеткен қайшылық бұрынғы өлеңінде де бірең-сараң жерде ұшырасқан қайшылыққа жалғасады. Ел билеуші адамдардың адамгершіліктен тыс мінездерін сынап, әшкерелей келе отырып, Абай еңбек байын қостаймын дегендей ойға ауысады. Көп байдың сорақылық, зияңды, қомағайлық, қанаушылық мінез-құлықтарын көп шығармаларында ашып, әшкерелеп келген Абайдың «еңбек байы» дерлік байы қоғам ішінде болмайтындығын айыра алмаған.

Адамгершілік женіндегі тәрбиелік тақырыпты Абай Отыз екінші сөзіндеде және Қырық төртінші сөзіңде де қайталап, толық дәлелдеп өтеді. Бұлардағылым басқа есеп ушін емес, адамның бас қасиеті өсуі үшін, арлы, мінездітолықмағыналыадамболу үшін жәрдем етсін дейді (Отыз сегізінші сөз). Қырық төртінші сөзінде тәрбиелік ойдың тағы біршартын адамның басындағы мінезділікпен байла-нысты талапқа әкеп саяды.

Міне, осылайша топтап тексеру ретінде тақырыптық өзгешеліктерін еске алып отырып, біз Абай жазған қарасөздердің барлығын шолып өттік. Ақынның бұл шығармаларын тексеруде жылмажыл (хронологиялық) ретпен талдауды қолданбадық. Абайдың лирикасын тексеруде ол әдіс ерекше қажет шарт болса, мынау үлгідегі шығармаларын талдап ұғынуда поэзия тұсыңдағыдай соншалық қажет міңдет боп танылған жоқ. Себебі, өлеңде ақынның тақырыгтгары қайталап отырса да барлық ақындык, шеберлік жаңалык, көркемдік түрлер үнемі өзгеріп, жаңарып отырады. Ал, қарасөздер түр жағынан, әдебиеттік құрылыс жақтарынан бұндай жыл санап жаңғырып, өзгеріп отырған тың түрлердің тосын үлгілерін бермейді. Солсебепті бұндағы түр, отильдік өзгешеліктерді жалпы қарасөздердің барлығына ортақ қалпымен осы бөлімнің алғашқы кіріспе беттерінде атап өттік. Содан кейін жазушының өзінің де зер салғаны - ой менен мазмұн болғаңдықтан, қарасөздерді біз әдейі тақырыптық, мазмұндық ерекшеліктерге қарап, жоғарыда өзіміз жіктеген топтар бойыншатексеріп тануды орынды көрдік

Қорыта келгенде, Абайдың қарасөздері - оның ақындық мұраларына қосылған бағалы қазына дейміз. Абайдың өз тұсында болған тарихи шындықпен, қоғамдық құрылыспен, күнделік сан алуан надандық, қанаушылық, озбыр зұлымдық атаулының барлығымен байланысты туған шығармаларды көрдік. Қарасөздердің бағасы - Абай заманындағы жағдайды, тарихтық шындықты өз қалпында бұлжытпай толық танытып береді. Рас, біздің заманымыз үшін Абай сынап, суреттеп отырған ортаның барлық болмысы, барлық дерті және Абайдың сол ортада отырып, күнделік өмірмен байланысты атап отырған мақсаттары, кейбір ұсыныс ойлары - бәрі де ескірген. Біздің қоғам үшін Абай өмір кешкен тарихтық орта мен қоғамдық шындықтар мүлде алыста, артта қалған дүние. Осы тұрғыдан қарағанда қарасөздердің арманы мен мазмұны, мұраттары тек тарихтық жағынан бағалы деу керек. Екінші - Абайдың адамгершілік жөніндегі моральдық өсиеттерін алсақ, олардың ішінде біздің заманға да бағасы зор шындықтары, тәрбиелік ойлары аз емес. Бұл жағы айрықша таратып, талдауды қажет етпейтін түсінікті жайлар. Ал, осы аталғандардан басқа Абайдың поэзиялық мұрасына қоса қарасөздері беретін әр заманда бағасы жойылмайтын бір үлкен қымбат қазына бар.

Ол - Абайдың осы қарасөзді жазған тілі. Өлең сөзінде өзінің барлық шеберлігі, жаңалығы, кер-кемдік таланты бойынша қазақ тілінің сапасын әдебиет тілінің дәрежесіне көтерген ұлы тарихтықе ңбегі қандай болса, карасөздерінің тілімен де Абай осындай еңбекті біздің мәдениет тарихымызға мол сіңірді. Біздің осы күнгі сөйлеп, жазып жүрген әдебиет тіліміздің тарихы жалғыз ғана Абайдан басталады деп кесіп айтпасақ та, сондай сапалы тілді қазақтың жазба әдебиетінде анық биік белге өрлетіп шыгарған Абай екені даусыз. Абай қарасөздерін баспаға дайындауда шығарушылар алқасы Мүрсейіт қолжазбаларының 1905, 1907, 1910 жылғы нұсқаларын, сондай-ақ әркездегі басылымдарды салыстырып, нақты зерттеулер жүргізді. Бұл қолжазбаларда қарасөздердің жазылған жылдары көрсетілмеген.

Басылымдарда әр сөздің жазылған жылын шығарушылар ешбір дерекке сүйенбей өздерінше қойған. Мүрсейіт қолжазбаларында рет санымен қырықбір сөз, ал қалғандары «китаб тасдих», «Насихат», «Сократ хакімнің сөзі» деген тақырыптармен берілген. «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» тарихи еңбегі 1907 жылғы қолжазбада ғана бар. 1905 жылғы Мүрсейіт қолжазбасымен салыстырғанда Қарасөздердің рет саны әр кезде әрқалай өзгеріске ұшырағаны байқалады. 1907, 1910 жылғы колжазбалардағы саны бірдей. 1905 жылғы қолжазбадағы 8 -сөз, 1907, 1910 жылғы қолжазбаларда 7-сөз болып, 7-26-сөздердің рет саны сол тәртіппен бір сан кем болып келеді. Абай шығармаларының 1933 ж. жинағында М. Әуезов қарасөздердің рет саны мағынасына қарай өзінше жүйелеп орналастырған.








































ҚОРЫТЫНДЫ


Жаңа қоғамымыздың әлеуметтік - саяси, экономикалық және рухани дамуы өскелең ұрпақтың оқу мен тәрбие сапасын түпкілікті өзгертіп, жақсартуды талап етеді;Абай ұстанған оқу, тәрбиелік қағидалардың қазіргі қоғам талаптарымен үндестігін байқап, жастарға ұлттық тәрбие беруді имандылық, адамгершілік, еңбек, эстетикалық тәрбиесін бүгінгі жас ұрпақ қажетіне жаратуды жүйелілікпен пайдалану қажет; зерттеу нәтижесінде Абайдың тәлім – тәрбиелік ойларын болашақ мұғалімдерді мектептегі оқу – тәрбие жұмысына дайындаудың жолдары көрсетілді; ақынның діни көзқарастарының тек «өз заманы үшін» ғана емес бүгінде де үлкен тәрбиелік мәні зор.

М.Әуезов сөзімен айтсақ Абай діні – ол адамгершілік діні; Абайша ақыл, ғылым, ар, мінез кімде басым – сол адам артық және бағалы; ақын оқу, өнер – білімнін маңызын тек адамгершілік қасиет үшін керекті нәрсе деп қоймай, сонымен бірге, олардың адам тұрмысына, халықтың өмірі мен шаруасын керек нәрсе деп тұжырымдай, «құдайдан қорлық,пенделерден ұял, балам бала болсын десен оқыт» қазіргі қоғам жағдайында өзінің ата – тарихын, мәдениетін терең білетін жеке тұлғаны жан –жақты қалыптастыруда тарихи білім мен тәрбие беру қажеттілігі айқындалады. келешекте Абай Құнанбаевтың педагогикалық идеяларындағы эстетикалық тәрбие, құқықтық және отбасы тәрбиенің проблемалары өз алдына зерттеуді талап етеді, бұлар жөнінде жұмыстар жазылып, олардың ұрпақ тәрбиесіндегі мәні, маңызы жете зерттелер деген үміттеміз; сөз соңында миллиардтан асып кеткен Қытай халқы өздерінің ұлы ғұламасы Конфуцийдің бір өсиетін жоғалтпай елінің ұлттық саясаты етіп, ұстап отырғанда егемендкітің көк байрағы желбіреген елімізде қазақ халқы әрі ғұлама ақын, философ, әрі психолог Абай тағылымдарын ұлттық идеология етіп ұстаса артық болмас демекпіз, себебі, ақын мұрасындағы философиялық, педагогикалық, психологиялық ойлар бүгінгі күн талабымен сабақтасып жатыр.

Сонымен Абайды оқып – үйрену елдің жастарына үлкен рухани байлық болары анық.













Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Кунанбаев А. Избранное. – Художественная литература. 1981.

  2. Абай. Слова назидания. – Алма – Ата: Жалын, 1982.

  3. Кунанбаев А. Полное собрание сочинений. В 2-х т. – Алма – Ата: Галым, 1977.

  4. Ауэзов М. О. Кунанбаев А. Статьи исследования. - Алма – Ата: Галым, 1967.

  5. Мырзахметов М. Ауэзов М. и проблемы абаеведения - Алма – Ата: Галым, 1982.

  6. Жарикбаев К. Б. Казахские просветители о воспитании молодежи. - Алма – Ата: Знание, 1985.

  7. Умиралиев К. Использование назидательных слов Абая в учебно – воспитательном процессе, - Алма – Ата, 1968.

  8. Жұмалиев Қ. Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі. Алматы, 1948

  9. Абай Құнанбайүлы. Толық жинақ. Қызылорда, 1933, 18-6.

  10. .ӘуезовМ.Уақыт және әдебиет. Алматы,1962, 371-бет.

  11. Абай Құйанбайұлы. Толық жинақ. Қызылорда, 1933, 17-6.

  12. Абайдың революцияға дейінгі басылған өлеңдері жайлы. «Жұлдыз»,

  13. Қазақтың халық жұмбақтары. Алматы, 1959, 6, 187-6.

  14. Жұмалиев.К.Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай

позиясының тілі. Алматы, 1960.

  1. 8.Әуезов М. Абай Құнанбаев.-Қазақ әдебиетінің тарихы.Алматы, 2 том. 1961.

  2. Исаев.С. Қазақ әдеби тілі тарихы.-А.1996.

  3. ХХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі.-Астана,2000.

  4. Келімбетов.Н. Қазақ әдебиет бастаулары.-А.2001.

  5. Кенжебев.Б. Әдебиет белестері.-А1998.

  6. Абайдың қара сөздері.-Алматы,1998.

  7. Мақмұтов.А.Абай поэзиясының тілі.-Абай журналы.N4,2005.

  8. Тынышпаев М. История казахского народа. - Алматы, 3993.

  9. Жарикбаев К.Б. Развитие психологической мысли в Казахстане. -Алма-Ата, 1968.






28


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
19.05.2025
181
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі