Өлшемдер туралы
дидактикалық ойындар.
«Сиқырлы суреттер». Ойынның
мақсаты: балалардың логикалық ойлау қабілетін, ес, зейін, қабылдау
процесстерін дамыту.
Ойынның кұрал-жабдықтары: әр түрлі сурет бөлінділері.
Ойынның мазмұны: Балалар алдарындағы үлгі бойынша бөлінділерден
сурет құрайды. Сурет бойынша әңгіме құрауды ұсыну.
«Сиқырлы қапшық». Ойынның мақсаты: заттарды белгілі бір қасиеттері
бойынша салыстыруға, топтастыруға үйрету.
Ойынның құрал-жабдықтары: түсі, өлшемі, пішіні бойынша әр түрлі
ойыншықтар.
Ойынның мазмұны: Балалар «Сиқырлы қапшықтың» ішіндегі затты ұстап
көріп, пішінін анықтайды, ойыншықты алған соң атын атап, түсін
айтады.
«Көзіңді жұмып, қолыңмен анықта». Ойынның мақсаты: Ұзын-қысқа,
жуан-жіңішке, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту.
Ойынның құрал-жабдықтары: қарындаштар, таяқшалар.
Ойынның мазмұны: Балалар сипап – сезу арқылы заттың ұзын -
қысқалығын анықтау. Ұзындығы әртүрлі қарындаштар алынады. Жүргізуші
бір баланы шақырып, оған «көзіңді жұм да, қарындаштың
ұзын-қысқалығын анықта» деген тапсырма береді.
«Зейінді бол». Ойынның мақсаты: Биік және аласа ұғымдарын бекіту;
логикалық ойлауын дамыту.
Ойынның құрал-жабдықтары: биік және аласа заттар бейнеленген
суреттер немесе ойыншықтар.
Ойынның мазмұны: Балаларға биік және аласа заттардың суреттерін
немесе ойыншықтарын қарастыруды ұсынады. Әр суретте не
бейнеленгенін анықтау. Биік затты көрсеткенде балалар орындарынан
тұрады, аласа затты көрсеткенде бастарын төмен түсіреді.
«Ұзын-қысқа». Ойынның мақсаты: өлшемдердің қасиеттерін қабылдауға
үйрету; тапсырманы орындауға жаттықтыру.
Ойынның құрал-жабдықтары: ұзын және қысқа жолақшалар.
Ойынның мазмұны: Балаларға ұзын және қысқа жолақшаны көрсету.
Өлшемін анықтау. Жолақшаларды таратып беру. Үстелдің үстіндегі
жолақшалардың ішінен ұқсас жолақшаны табуға тапсырма беру.
«Шамдар». Мақсаты: қасиеттері бойынша заттарды топтастыруға,
түстерді, өлшемдерді ажыратуға жаттықтыру; зейіндерін дамыту.
Құрал-жабдықтары: бала саны бойынша әртүрлі шамдар
Ойынның мазмұны: Балаларға шамдарды таратып беру, шамдардың түсін,
өлшемін анықтауды ұсыну. Балалар тәрбиешінің шамын өздерінің
шамдарымен салыстырады. Белгі бойынша тәрбиешінің шамына ұқсас
шамдары бар балалар ортаға жүгіріп шығады.
«Қолымда не бар?» Ойынның мақсаты: ұзын-қысқа, жуан-жіңішке ,
үлкен-кіші, оң-сол жайлы білімдерін бекіту. Түйсіну сезімдерін
дамыту.
Ойынның құрал-жабдықтары: ұсақ тастар, жаңғақтар.
Ойынның мазмұны: Баланың қолына үлкендігі әртүрлі заттарды ұстату.
Мысалы, үлкен және кіші тастар. Бала қолына қарамастан, сипап-сезу
арқылы үлкен-кіші заттың оң және сол қолында екенін анықтайды.
Қалған балалар оның жауабынын дұрыстығын тексереді. Жуан-жіңішке,
ұзын-қысқа өлшемдері бойынша жұмыс осылайша жүргізіледі.
«Қуыршақ қонаққа дайындалуда». Ойынның мақсаты: ұзын-қысқа,
жуан-жіңішке, ұзындығы бірдей деген өлшемдерді салыстыруға
жаттықтыру.
Ойынның құрал-жабдықтары: ұзындығы, жуандығы, түсі әртүрлі
ленталар.
Ойынның мазмұны: Қуыршақ қонаққа барады, киімін киюге, шашына
бантик таңдауға көмектесуді ұсыну. Көп бантиктердің арасынан
ұзындығы бірдей екі бантикті табу керек. Әдемі бантиктермен
қуыршақтың шашын әсемдеу.
«Тапсырманы орында». Ойынның мақсаты: үлкен және аз заттарды
ажыратуға жаттықтыру.
Ойынның құрал-жабдықтары: үлкендігі әртүрлі ойыншықтар.
Ойынның мазмұны: бір баланы ортаға шақырып, оң қолына үлкен
ойыншықты, сол қолына кішкентай ойыншықты ал деп тапсырма береді.
Ойын осылай жалғаса береді.
«Қай қолымда көп». Ойынның мақсаты: аз және көп заттарды ажиратуға,
салыстыруға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойынның құрал-жабдықтары: әртүрлі ұсақ заттар–моншақтар,
түймелер
Ойынның мазмұны: ортаға бір баланы шақырып, оң және сол қолына көп
және аз заттарды ұстатады. Бала алдымен көз мөлшерімен қай қолда
зат көп, қай қолында аз зат бар екенін анықтайы. Одан кейін
заттарды қатарымен қойып, қай қатарда көп, қай қатарда аз зат
тұрғанын салыстырады.
«Сипаттамасы бойынша тап». Ойынның мақсаты: ұзын-қысқа, кең-тар,
биік-аласа ұғымдарын бекіту.
Ойынның құрал-жабдықтары: жануарлардың, құстардың ойыншығы.
Ойынның мазмұны: балалар аю, түлкі, қасқыр, қоянның ойыншықтарын
қарастырады. Әр ойыншықты анықтап атын атайды. Ойнаушылардың біреуі
бөлмеден шығып кетеді, басқа ойнаушылар ойыншық туралы жұмбақ
құрастырады. Жұмбақ құрастырғаннан кейін жұмбақты шешетін баланы
шақырады.
«Көп және біреу». Ойынның мақсаты: көп және біреу қатынастарын
білуге үйрету; заттардың тең, тең емес топтарын салыстыру.
Ойынның құрал-жабдықтары: көп және бір зат бейнеленген
суреттер.
Ойынның мазмұны: балалар берілген суреттерді қарастырады. Көп зат
және бір зат бейнеленген суреттерді бөліп, екі жаққа қояды.
«Түрлі-түсті жолақтар». Ойынның мақсаты: түстерді атауға,
салыстыруға жаттықтыру; берілген тапсырманы орындауға ынталандыру;
достық қарым-қатынастарын тәрбиелеу.
Ойынның құрал-жабдықтары: қағазға желімделген әртүрлі
жолақшалар.
Ойынның мазмұны: балаларға жолақшаларды көрсету, түстерін атау.
Берілген жолақшаның түсі бойынша үстелдің үстіндегі дәл осындай
жолақшаны табу.
«Ұзын және қысқа». Ойынның мақсаты: өлшемдердің қасиеттерін
қабылдауға үйрету; тапсырманы орындауға жаттықтыру.
Ойынның құрал-жабдықтары: ұзын және қысқа жолақшалар.
Ойынның мазмұны: балаларға ұзын және қысқа жолақшаны көрсету.
Өлшемін анықтау. Жолақшаларды таратып беру. Үстелдің үстіндегі
жолақшалардың ішінен ұқсас жолақшаны табуға тапсырма
беру.