Өмір ағаш шежіре

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өмір ағаш шежіре

Материал туралы қысқаша түсінік
Жеті атасын білу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Өмір ағашы. Менің шежіремнің тарихы»

1. Білімділік мақсаты:

-балалардың өзінің кім екенін,ағайын-тумаларының қайдан шыққанын

білгізу,ұрпаққа шежіре үйрету;

2. Дамытушылық мақсаты:

-балалардың отбасын,жеті атасын,қазақ халқының салтын,дәстүрін білуге баулу;

3. Тәрбиелік мақсаты :

-ата-текті құрметтеу,отбасы құндылығы мен тектілік туралы ұғымды түсіне білуге тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.

Аппаратты іске қосу

Құлаққапты киіп, есту мөлшерін анықтау.

-Сен қалай естисің?

Тіл бұрышымен жұмыс.

Күнделікті сөздер.



ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІ – тарих ғылымындағы халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы.

Шежіре қазақ, түрікмен, қырғыз, моңғол және т.б. халықтар арасында ауызша сақталған. Бұл халықтардың көне тарихы жөнінде айтылатын мағлұматтар “шежіре”, “тайра”, “тарих”, “сееджер” т.б. болып әр түрлі айтылғанымен “сақтау” деген мағынаны, ал семит-араб тілдерінде “ағаштың бұтағы” деген ұғымды білдіреді. Яғни, арабтар шежірені ата санаумен тікелей байланыстырса, түркілер көнені есте сақтау – тарихты айтумен, тарихпен бір деп түсіндіреді. Демек, шежіре біздің аталарымыз үшін тарих қызметін атқарған. Шежірешілдік көшпелі қоғам туғызған қажеттілік және көшпелілердің әдет-ғұрып, салт-санасының негізінде туған. Ол халықтың этник. құрылымын анықтауға, тұтастығын көрсетуге мүмкіндік беретін төл тарихымыздың нұсқасы, ұлттық рухани мәдениеттің құрамдас бір бөлігі. Ел арасында өткен өмір тарихын өте жақсы білген “шежіре адамдар” болған. Олар қазақтың ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрін, заңдарын, әдет-ғұрпын, ай-күн есептерін жақсы білген, көшпелілердің дүниетанымын жете түсінген, небір аңыз-әпсана, жырларды жадында сақтаған. Егер қазақ мәдениеті біртұтас дейтін болсақ, онда шежірені де осылай қарастыруымыз керек. Яғни, шежіренің ішінде аңыз бен шындық та, ертегі мен әпсана да, өнер мен ғылым да бар, ал дәстүрлі қазақ мәдениетінен осылардың біреуін жеке дара бөліп алып қарастыру мүмкін емес.

Көне заманнан бері көшпелі тұрмыс құрып, ауыз әдебиетімен өмір сүрген қазақ тарихын зерттеуші ғалымдар негізгі дерек көзін шежіреден табады. Ел арасында айтылып келген тарихи оқиғалар 19 ғ-дың соңында қағазға түсіріліп, жинала бастады. Халықтың өткен тарихын баяндаған “Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі” деген шежіре кітабының кіріспесінде Ш.Құдайбердіұлы ел ішінен естіген-білгенінен басқа, көне замандағы түрік, араб, парсы, қытай жазбалары мен орысша кітаптарды оқығаны жайлы жазады. Шежіре 1911 ж. Орынбор қаласында басылып шықты. Бұл шежіре турасында Ә.Бөкейхан: “Мұнан бұрын қазақ шежіресі қазақ тілінде кітап болып басылған жоқ. Шәкерімнің бұл кітабы – қазақ шежіресінің тұңғышы; қазақ шежіресін білмек болған аға-іні іздегенді осы кітаптан табасың. Енді мұнан былай қазақ шежіресін жазбақ болған кісі Шәкерім кітабын әбден білмей қадам баспа” – дейді. Халық ауыз әдебиетін жинауда Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің де еңбегі зор. Оның қолжазбаларында көп шежіре жазылған. Көпеев: “Біздің бұл қазақта тасқа таңба басқандай анық шежіре жоқ... Естігенін ұмытпайтұғын, құлағының тесігі бар, кеудесінің есігі бар, ұқпа құлақ жандар болған. Сондай жандардың айтуымен кеудесі хат, естіген көргені жад болған қариялар кейінгіге ауыздан-ауыз алып айтумен үлгі-өсиет қалдырған” – деп халық мұрасының ауызша сақталып келгенін ескертеді. Көпеевтің шежіресінде қазақ тарихының елеулі кезеңдеріндегі тарихи оқиғаларға байланысты сақталған аңыз, әңгіме, мақал үлгілері көп. Алайда, Көпеевтің көп дүниелері әлі қолжазба күйінде, олар ғыл. тұрғыда зерттеліп, жинақталмаған. Ол тек 2003 ж-дан бастап қана қолға алына бастады.

Сол сияқты Құдайбердіұлы шежіресінде Қазақ мемлекетінің тарихы мен құрылымы жөніндегі мәліметтер ғыл. тұрғыдан түсіндіруді қажет етеді. Қ. ш-нен кісінің тегі, ата қонысы, қауымға қосқан үлесі, Отан қорғаудағы орны, меншігі, адами құқығы байқалады. Ру, бау, сан, тайпа, тұқым, тек, арыс, жүз, жұрт, ел, отан сияқты халықтың тарихын көрсететін мағлұматтар – шежіренің негізгі өлшемдері, тұтас этнос, халық тарихының сырын ашуға бірден-бір қажет деректер. Қазақ халқының ата шежіресі ерте кезден сақталған. Оған “Жеті атасын білмеген жетесіз”, “Жеті атасын білген ер – жеті рулы елдің қамын жер, Жалғыз өзін білген ұл – құлағы мен жағын жер” деген аталы сөздер дәлел бола алады. Жеті ата – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы әркімнің ата жағынан тегін таратудың нақтылы жүйесі. Қазақ баласы өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы, т.б. жеті атасының нақты есімдерін кішкентайынан жаттап өседі. Әр ұрпақты шартты түрде 25 жастан есептесек, ол 175 жылды қамтиды. Сөйтіп, адамның жеке басының тағдыры арқылы, ата тегінің терең тамырларынан мағлұмат береді. Шежіре зерттеушілер: туыстас немесе көршілес бірнеше отбасы бір қоныста отырса – ауыл, ауылдас, көрші; іргесі алшақтау болса – жерлес. Жеті атадан құралғандар (бір атаның кіндігінен тарағандар) – қандас; бір ата 13 атадан асса – ру; бірнеше ру қандастықпен, не ортақ мүддемен біріксе – тайпа; өзара қоғамдасып, жүз болып қауымдасқан тайпалар біріксе – халық немесе ел, оның ішінде өзге ұлт, ұлыстармен саяси теңдігі болса – ұлыс, дербес шекара, саяси-экон. тәуелсіздікке қолы жетсе – мемлекет, тілі мен дәстүрі, мәдениеті, жері, әлеум. рух, жігері, этн. ерекшелігі ортақтасып, дараланса – ұлт болады деген тұжырымға тоқтаған. Сол сияқты “жеті ата”, “ата-бабалар”, “немере ағайын”, “жамағайын”, “қалыс ағайын” деген атаулардың да нақты анықтамасы бар. Жеті ата: әке, ата, әз ата (бұл үшеуі аталар), баба, тектік, төркін, тұқиян (бұл төртеуі бабалар). Осы жетеуі бірігіп “Ата-бабалар” аталады. Ал 3 ағайын, 15 ұрпақ былайша жіктеледі: а) Немере ағайын: бала, немере, шөбере, шөпшек, өбере; ә) Жамағайын: туажат, жүрежат, жекжат, жұрағат, жамағат; б) Қалыс ағайын: өркен, әулет, зәузат, жаран, қалыс. 15 буынды бұлайша бөлу қазақтардың өзін, ата-бабасын, өткен күнін, болашағын өмір бойы қадағалап, анықтап отыратынын көрсетеді. Қ. ш-нде рулар жүзге барып тіреледі. Жүз – тарихи-әлеум. категория. Ол, біріншіден, байтақ қазақ сахарасында ғасырлар бойы қалыптасқан көшпелі шаруашылықтың жер ыңғайына қарай орналасуына байланысты экон. мұқтаждықтан туған. Әрбір тайпалық одақ қыс қонысын, жаз жайлауын көшпелі тіршіліктің өзіндік ерекшелігіне орайластырған. Екіншіден, ел, отан, жер қорғау мүддесінен туындаған. Үшіншіден, жеті атаға дейін қан араластырмай, тұқым тазалығын сақтау арқылы этностың генетик. қорын аман алып қалуға бағытталған. Сөйтіп, ол белгілі бір геогр. шеңберде, белгілі бір ортада ортақ халықтық бақылауға алынған. Үш жүз бола отырып, қазақ елінің тәуелсіздігін, қазақ жерінің тұтастығын қорғаған. Ортақ тіл, діл, атамекен халықтың бірлігіне, мүдде бірлігіне қызмет еткен. Қ. ш-ндегі аңыздар жеке тұлғаны қасиетті, киелі етіп көрсетеді. Бұл Қ. ш-нің тек тарихи дерек қана емес, сонымен қатар өскелең ұрпақты ұлтын ұлықтау үшін тәрбиелік мәні болғандығын да аңғартады.[1]

Шежіре - бұл халқымыздың ата тегінің таралуын, шығу тегін дәлелдейтін маңызды ақиқаттық жол.

Қазір қазақ шежіресін білетін адамдар өте аз, әсіресе мына біз жастармыз. Достар, әрдайым қазақ шежіремізді біліп, жеті аталарымызды ұмытпайық.

Жүз — орда, қазақ халқының үш рулық-тайпалық бірлестіктерінің ортақ атауы. Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүзОрта жүзКіші жүз.

Окушылардан руларын, қай жүзге жататындығын сұрау.

-Руларыңды білген дұрыс, бірақ бөлінбейміз бәріміз қазақпыз.

Сұрақ жауап кезеңі.

  1. Кәмелеттік жас деп неше жасқа толған азаматты айтады? / 18жас –кәмелеттік жас.

  2. Тәуке ханның /1680-1718/ тұсында қазақтың құқық нормаларының жазба түріндегі жинағы щықты. Ол қалай аталады? /Жеті жарғы/

  3. Заң тыйым салған, заңмен жазаланатын әрекетті немесе әрекетсіз қылықтар не деп аталады? /Қылмыс/

  4. Біріккен Ұлттар Ұйымы 1989 жылы қазан айында балаларға арналған қандай құжат қабылдады? /Бала құқығы туралы конвения/

  5. Заңда белгіленген, кәмелеттік жасқа жеткен, барлық құқық пен бостандықтарды пайдалана алатын, қоғам, мемлекет алдындағы міндеттерді өтейтін адам. /Азамат/

  6. Заң талаптарына қарсы бағытталған әрекет не деп аталады? /Заң бұзушылық/

  7. Қылмыс істеген жағдайда неше жастан жауапқа тартылады? /16 жастан, кейбір жағдайларда14 жастан/

Менің әулетімнің шежіресі.

Ешкім де туысқан- туғансыз, ағайынсыз емес. Кім болса да адамнан шығып,

адамнан тараған, ал адам да сол көп жапырағы бар бұтақ пен көп тамырлары бар ағашқа ұқсайды.

Туған-туыс дегеніміз де сол бір түбірден өсіп шыққан ағаштың

бұтақтары тәрізді. Адамның көрген тәрбиесі, алған нәрі, бұрынғыдан қалған мирас- мұрасы, бәрі-бәрі алпыс екі тамыр арқылы тұла бойға тараған

қаны бір түп ағаш тәрізді.

Қазақ отбасында балаға тілі шығып, анық сөйлей бастаған кезден-ақ, ағайын-

туысын, нағашы жұртын, ата-тегін, руын, ел- жұртын тани білуге ерекше көңіл бөлген. «Жеті атасын білу» заң болған.

Ата-бабаларымыз өз тегінің шығу тарихын білуді әр азаматқа парыз

деп ұққан. «Жеті атасын білмеген ер жетім», «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» деген аталы сөз содан қалса керек.

Баланың өзінің шыққан тегін білуі — оның азаматтық, елжандылық,

отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырады екен.

«Жеті атасын білмеген — жетесіз» деген немесе «Жылқы жеті тегіне тартып туады» деп, халық адамның да арғы тегіне тартып туатынын

айқындап, «біреу әкеге тартып туады, біреу әкеден артық туады»

деп ұрпағының «артып туғанын» тілеген. Жеті

ата: 1.Бала 2.Әке 3.Ата 4.Арғы ата 5.Баба 6.Түп ата 7.Тек ата (ата-тек деген сөз осыдан шыққан)

Жеті атаңды таны дегенде, ата-тегіңнің кезінде болған жақсылығын үлгі аларсың, батыр болса – ел қорғаған, шешен болса – әділ билік айтқан болар,

содан үйренерсің, еңбекте ер атанған болса – одан үлгі аларсың

деген болу керек.

Қазақ халқының жеті ата шежіресі дегеніміз – халқымыздың әрбір отбасында

атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып, берік орнығып, заңдылыққа, халықтық тәрбие құралына айналған ізгі іс-әрекеттер, тәлім-тәрбиелік қағидалар, жалпыға ортақ әдептілік, инабаттылық нормалар жиынтығы.

Алланың бұйрығымен өмір сүріп, жеті атасын білуі – бір бас бидайдан 7 сабақ шығарып, 700 дән бергенмен бірдей.

Отбасы мүшелері балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қана қоймаған, олардың қандай адам болғанын, өнегелерін үлгі етіп отырған. Әрі сол арқылы отбасы шежіресін жалғастыруды мақсат еткен. Қазіргі медицина ғылымы дәлелдегендей, жеті атаға дейін қыз алыспау да қанның тазалығын, яғни ұлттың таза болуына әкеледі екен, екіншіден, қазақ ұрпағы жеті атасына дейін араласып отырса, ынтымағы жарасқан ел болатынын білген.

Ал, енді балалар алдарыңдағы өмір ағашы бейнеленген суретке жеті ата тектеріңді жазыңдар.



Жеті жарғы

1-жарғы. Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын.(Бұл жарғы мемлекеттің бүтіндігі талабынан туды).

2-жарғы.Түркі халқының мүддесін сатып, елге опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын. (Бұл жарғы халықтың ортақ мүддесі – елдің бүтіндігін қорғаған біртұтас қоғамдық сананың жемісі).

3-жарғы. Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын. (Бұл жарғы да жабайылықтың төменгі сатысына тән кісі өлтірушілікке тыйым салған және мәдениеттіліктің белгісі ретінде танылуға тиіс өте елеулі жаңалық).

4-жарғы. Өзге біреудің әйелімен зинақорлық жасап, ақ некені бұзушыларға өлім жазасына бұйырылсын. (Бұл жарғы да шаңырақтың бірлігін қамтамасыз еткен, неке парызына адалдықты талап еткен маңызы зор жаңалық).

5-жарғы. Өреде тұрған, тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын. (Ол кезде «ер қанаты – ат» елдің, мемлекеттік соғыс күші ретінде бағаланады).

6-жарғы. Төбелесте мертігудің түріне қарай төмендегіше мүліктей құн төленсін: а) біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын береді, ал қызы жоқ болса қыздың қалыңмалын береді. ә) төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі айыпқа ат береді.

7-жарғы. Ұрланған жылқы, өзге де құнды мүлік үшін он есе артық айып төлеттірілсін.

«Жеті жарғыны» қазақ халқы ХІХ ғасырдың ортасына дейін қолданып келді. Ал кейбір заңдар Қазан төңкерісіне дейін қолданылды. Сонымен бірге «Жеті жарғының» өз кезінде қағазға түсірілмегені де белгілі. Кеңестер дәуірінде «Жеті жарғыға» «феодалдық қатынастардың сарқыншығы» деген сипат тағылып, мүлдем зерттелінбеді. Бізге «Жеті жарғы» орыс ғалымдарының жазбалары негізінде белгілі. Алғаш рет орыс ғалымы Г. Спасский жаппас руының старшыны Күбек Шүкіралиевтің мәліметтері негізінде «Жеті жарғының» 11 үзіндісін 1820 жылы «Сибирский вестник» баспасөзінің бетінде жариялады. «Жеті жарғының» екінші нұсқасы (34 үзінді) А. Левшиннің зерттеулерінде беріледі. Бұл нұсқалар «Жеті жарғы» дүниеге келгеннен кейін 100 жылдан соң халық ауыз әдебиеті негізінде жариялады. Сондықтан бұл заңдар жинағының толық нұсқасының бізге жетпегені белгілі.

«Жеті жарғы» заңдар жинағы мемлекеттің ішкі жағдайын күшейтуге бағытталды. Осы заң негізінде қазақтың тайпа, ру басыларын жылына бір рет жиналуға міндеттеді. Бұл жиындарда мемлекеттің сыртқы және ішкі жағдайына байланысты мәселелер дауыс беру негізінде шешілді. Жиынға қару асынып келген азаматтардың ғана дауыс беру құқықтары болды. Сонымен бірге қару ұстап келген азамат жылына өз байлығының жиырмадан бір бөлігін салық ретінде мемлекетке беруге міндеттелді. Жиынға қатысушы әр рудың өз таңбасы болды. Бұл таңбалар құрылтайда мемлекеттік рәміз дәрежесінде бекітілді.

Қазақтың негізгі байлығы мал болғаны белгілі. Сондықтан «Жеті жарғы» заңдарына сай әр меншік иесі өз малдарына ен салуға міндеттелді. Сонымен қатар, әр рудың жайылым жер меншігі қатаң белгіленді.

«Жеті жарғыда» қылмыстық іс - құқық нормаларына үлкен орын бөлінген. Қылмыс ретіне: кісі өлтіру, мертіктіру, әйелді зорлау, соққыға жығу, қорлау, ұрлық істеу және тағы басқалары жатқан. Кінәлілер жасаған қылмыс деңгейіне сай әртүрлі жазаға кесілген. Бұл жинақта «қанға қан» заңы сақталды. Бірақ билер сотының екі жақ келісуі бойынша жазаны құн төлеумен алмастыруға мүмкіншілігі болған. Құн төлеу төрт жағдайда рәсімделген. Олар: егер әйелі күйеуін өлтірсе және күйеуінің туыстары оны кешірмеген жағдайда, егер әйел некесіз туған баласын өлтірген жағдайда, жұбайлар арасындағы «көзге шөп салушылық» дәлелденген жағдайда және «құдайға тіл тигізгені анықталған жағдайда». Өлім жазасының екі түрі болған: дарға асу және тас лақтыру әрекеттерін қолдану.

Жазалаудың ең көп таралған түрі – құн төлеу болған. Қылмыскердің және өлген адамның әлеуметтік жағдайына байланысты құн мөлшері өзгеріп отырған. Мысалы, өлген ер адамның құны 1000 қой болса, әйел адамның құны 500 қой болған. Ал өлген адамның әлеуметтік жағдайы ақсүйек болса құн мөлшері жеті есе өскен, яғни сұлтан немесе қожа тұқымынан өлтірілгендерге жеті адамның құнын төлеген. «Сұлтан» немесе «қожаға» тіл тигізгені үшін 9 мал, қол жұмсағаны үшін 27 мал төленетін болды. Құлдың құны бүркіттің немесе тазы иттің құнымен теңескен. Дене мүшелеріне зақым келтірген қылмыскер де белгілі мөлшерде құн төлеген. Атап айтқанда, бас бармақ – 100 қой, шынашақ 20 қой болған. Ұрлық жасалған кезде ұрланған заттың құны иесіне «үш тоғыз» етіп қайтарылған. Мысалы, ұрланған 100 түйе 300 жылқыға немесе 1000 қойға теңелген. Бұл баптардан біз «Жеті жарғыға» сай қылмыс істеген әр әлеуметтік таптың құқықтары заңдастырылғанын көреміз.

«Жеті жарғы» бойынша өлім жазасы мен құн төлеуден басқа жазалар да қолданылған. Мысалы, әкесіне қол жұмсаған ұл баланы қара сиырға теріс отырғызып масқаралаған. Ата-анасына дауысын көтерген қыз баланың жазасын шешесі шешкен. Күйеуін өлтірген екіқабат әйел елден қуылса, христиан дінін қабылдаған адамның мал-мүлкі тәркіленген. Құдайға тіл тигізгендігі жеті адамның куәлігі арқылы анықталған адам таспен атып өлтірілген.

Бүгінгі тәрбие сағатында шежіре, жеті жарғы туралы мағлұмат алдыңдар.

Өз тарих шежірелеріңді жасадыңдар.

Назарларыңа рахмет! Сабаққа барлықтарың жақсы қатыстыңдар.
















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі