Өмір бойы жетістікке жетудің жолы

Тақырып бойынша 12 материал табылды

Өмір бойы жетістікке жетудің жолы

Материал туралы қысқаша түсінік
эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Аты-жөні

Пән атауы

Мектеп


«Өмір бойы оқу –жетістікке жетудің жолы»

«Білім алудың тамыры ащы,бірақ жемісі тәтті»,- деп Аристотель айтқандай, үнемі ізденісте жүріп оқу болашағымыздың жарқын болуына бірден-бір кепіл. Өмір атты белесте тек бір рет қана білім алу жеткілікті деген ескі қағида өз күшін жоғалтты.Табысқа жету үшін біз өмір бойы оқуымыз қажет.Күн сайын жаңа технологиялар пайда болып жатыр . Өміріміздегі жаңа трендтер –бұл үздіксіз оқу ұғымымен пара-пар.

Өзімізге құйған инвестиция- ең қайтарымы мол инвестиция. Бұрынғы «сізді» болашақтағы «сізге» айналдыратын- санаңыз бен ойлау деңгейіміз. Өмірімізде оң өзгерістер пайда болу үшін, алдымен ойлау жүйемізді өзгерту қажет. Оның ең оңай және тиімді жолы- кітап оқу. Өзімізге құйған инвестиция- ең қайтарымы мол инвестиция.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді. Бұл заман талабына мұғалімдер үнемі оқу, іздену арқылы жетеді. Әрдайым оқу үлкен жетістіктерге жетелейді. Мұғалім оқушыға білім беріп қана қоймай ата-ананың алғысын алып үлкен жетістіктерге жетеді. Мұғалім үшін еңбегінің ақталғаны үлкен жетістік деп білемін.Адамның жұмысының нәтижесі үлкен жетістікке жеткізеді.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.00.2024
114
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі