Материалдар / ӨМІР ҚЫМБАТСЫҢ МАҒАН
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ӨМІР ҚЫМБАТСЫҢ МАҒАН

Материал туралы қысқаша түсінік
жылы достық қарым – қатынасын, сенімін ұялату, шыдамдылыққа, бір – бірін түсінуге, тыңдай білуге үйрету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
678
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Өмір, қымбатсың маған!!!»

Тренинг мақсаты:жылы достық қарым – қатынасын, сенімін ұялату, шыдамдылыққа, бір – бірін түсінуге, тыңдай білуге үйрету.

Ресурстар: слайд, музыка, жіп, ақ парақтар, сурет салуға қажетті заттар, тілек шамы.

Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Амандасу «Бумба - Юмба» әдісі арқылы

  2. Танысу жаттығуы

  3. «Мен танысқаныма қуаныштымын» жаттығуы

  4. «Достық жібі» жаттығу

  5. «Қателеспей қайтала» жаттығуы

  6. «Айтыңыз!!!» жаттығуы

  7. «Жұлдызыңды тауып ал» жаттығу

  8. «Ғажайып алма» рефлекция (тілек, ұсыныс, арман, әсері)

  9. «Тілек шамы» (бір- біріне жылы сөздерін айтады)

Тренинг барысы:

Тренинг ережесі:

  1. Бір – біріңізді тыңдаңыздар;

  2. Тиянақты, уақытымен тапсырмаларды орындаңыздар.

Тренингтен не күтесіз?

1.

2.

  1. Амандасу «Бумба - Юмба» әдісі арқылы

Шарты:бір – бірімен жүргізушінің айтуы бойынша дененің қозғалыстары арқылы амандасады. (қолдарымен, арқасымен, бастарымен, мұрындарымен, құлақтарымен, аяқтарымен)

2. Танысу жаттығуы.

Шарты: Оқушылар дөңгеленіп, бір – бірінің қолдарын ұстап тұрады және сағат тілімен есімін және есімі қандай әріптен басталса сондай жемістің атын айтады, солай жалғаса береді. Есімін және жемісті айтқан адам алдыңғы адамдардыкін қоса айтады. Соңы адам барлық қатысушылардың есімдерімен жемістерді айтып шығады. Бұл жаттығы арқылы студенттердің ойлауы, еске сақтауы, зейіні дамиды және бірі – бірін тануға әсерін тигізеді.

  1. «Мен танысқаныма қуаныштымын» жаттығуы

Оқушылар шеңбер жасаған қалпы тұрады да, бір – бірінің қолдарын ұстап «Танысқаныма қуаныштымын» деп айтады. Айтып болғасын өз орнындарына жайғасады.

4.«Достық жібі» жаттығу

Шарты:шеңбер жасап отырады, орама жіп беріледі, өздеріне ұнайтын бір істі айтып, басқа адамға жіпті лақтырады. Солай жалғаса береді. Соңында жіптен тор құрылады. Оны қайтадан шешу мақсатында бір - біріне сұрақтар қояды.

5.«Қателеспей қайтала» жаттығуы

Шарты: нұсқаушы қолдарынды (жоғары, төмен, оң қолыңды көтер, сол қолыңды көтер, оң жаққа еңкей, сол жаққа еңкей, басыңды оңға, солға, жоғары, төмен т.б, ) жалғаса береді. Бір сәт сергіту мақсатында.


6.«Айтыңыз!!!» жаттығуы

Шарты: жүргізуші (психолог) сұрақтар қояды, «Айтыңыз» дегенде сұрақтың жауабы айтылуы керек. Шыдамдылыққа, біреуді тыңдай білуге үйрету мақсатында өткізіледі.

  1. Сені дүниеге әкелген адам?

  2. Ең жақын адамың кім? «Айтыңыз»

  3. Арманыз барма, қандай? «Айтыңыз»

  4. Қызығушылығыңыз? «Айтыңыз»

  5. Ең жақын досыңыз, сырласыңыз? «Айтыңыз»

  6. Жақсы адам қандай болу керек? «Айтыңыз»

  7. Соңғы рет кімге көмектестің? «Айтыңыз»

  8. Сүйікті ұстазыңыз? «Айтыңыз»

  9. Күн тәртібіңіз? «Айтыңыз»

  10. Жақсы көретін тамағыңыз? «Айтыңыз»

  11. Есіңізде қалған көңілді сәтіңіз? «Айтыңыз»

  12. Жабырқаған кезде не көмектеседі? «Айтыңыз»

  13. Арманыз қандай? «Айтыңыз»

  14. Егер өмірге қайта келсеңіз, кім (құс, адам, жануар, ағаш т.б) болып келгіңіз келеді?

7.«Жұлдызыңды тауып ал» жаттығу.

Шарты: Көзімізді жұмамыз, денемізді бос ұстаймыз. Көз алдарыңызға шексіз аспанды елестетіңіз. Жұлдыздар кішкене, үлкен, жарық болып тұр. Жұлдыздар біреуге аз сияқты, ал біреуге көп сияқты көрінеді. Мүмкін ол жұлдыз сіздің арманыз. Жақсылап оған тағы қарап алыңыз. Оны алу үшін барлық күш – жігерімізді жұмсайық. Жұлдыздарға ұмтылайық, олардың арасынан өзімізге ұнаған ең әдемі жұлдызды таңдайықта, алайық. Енді осы тұрған жерімізде қолымызды барлық денеміздегі жағызсыз энергияны алып тастау мақсатында төмен сілкіп түсіреміз де аяғымызды сілкіміз. Енді берілген қағаздан жұлдыз салып, кесіп алыңыз, ол жұлдыз сіздерге жарық беріп, қиын сәтте көмектесіп тұрсын.

8.«Ғажайып алма» рефлекция (тілек, ұсыныс, арман, әсері)

Шарты: «Ғажайып алма» ағашы беріледі, соған бір – бірден шығып өздерінің тренингтен алған әсерлерін, ұсыныстарын, тілектерін, арманын жазады.

9.«Тілек шамы» (бір- біріне жылы сөздерін айтады)

- ең қызықты болды....

- не білдім?

- түсінгенім...

- не білгім келеді?

Қорытынды:

Психологиялық  кеңес:  қызықты  өмір  сүру  үшін   ...      

- ай сайын  жаңа  кітап  оқы, оқығандарыңды  көңіліңе  тоқы;

- икемің  бар  іспен айналыс, мыс. (ән  айту , би  билеу , шеберлікістер);

- әрбір  демалыс  күніңе  жоспар  жасап, қызықты  өткізуге  тырыс,

- ертеңгілік  жаттығу  жаса, сергек  жүресің,

- ата – анаңа, бауырларыңа т.б. жақындарыңа  көмектесіп  тұр;

- әр айдың бір  күнінде  өзіңді  басқа  біреудің орнына  қойып  көр, содан  өзгеше  ойлап, тәлім  алуға  тырыс;

- әр  күні  кешке “ мен  бүгін  не істедім?” деп  өзіңе  есеп  беріп  үйрен;

- күнделік  жазуға  дағдылан, ол  сенің  ең  сенімді  серігің  бола алады .

Олай болса тренингімізді «Мен өмірге ризамын» деп 3 рет айтып аяқтайық, келесі кездескенше!!!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!