ӨМІРДЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ӨМІРДЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжі» МКҚК

Дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы

Кыдырбаев Улан Кеншинбаевич



ӨМІРДЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІ НЕ ҮШІН КЕРЕК?


Біз өмірге келіп, өмірден қайтқанға дейін біздің өміріміз тікелей дене тәрбиесімен байланысты болып өтеді. Нәрестенің жорғалап еңбектегені, тай-тай басып жүргендері, жерге аунап ойнағандары оның бәрі де дене шынықтыруға жатады. Сондықтан да балабақша, мектеп және жоғарғы білім беру салаларында дене шынықтыру пәнінің өткізілуі міндетті деп есептеймін. Дене шынықтыру пәні мектеп алды даярлықтобынан бастап, 11 сыныпты бітіргенге дейін мектепте, 1 курстан – 4 курсқа дейін колледждерде, лицейлерде және жоғарғы оқу орындарында да өткізіледі. Себебі, адамзат еңбекпен тіршілік жасайды. Жүгірсең өкпең дұрыс жұмыс жасайды, жаттығулар жасасаң денең шынығып, дене мүсінің дұрыс қалыптасады.

Жалпы айтқанда дене шынықтыру пәні білім беру саласындағы ең керек пән. Себебі дене шынықтыру пәніне қатыса отырып әр білім алушы өз денесін шынықтырып, ойын түрлерін үйреніп, жан жақты дамиды. Дене шынықтыру пәнінің басқа салалармен байланысы өте тығыз. Дене шынықтыру пәні мектептерде, лицейлерде, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында оқытылатын педагогика, психология, анатомия, физиология, валеология, жаратылыстану, дүниетану, биология пәндерімен тығыз байланыста оқытылады. Дене шынықтыру жүйесі қоғамымыздың басқа әлеуметтік – экономикалық жүйелерімен, саясатпен, ғылыммен, мәдениетпен тығыз байланысты. Ол адамның әлеуметтік жағдайын қалыптастырып, қоғамдық қатынастарды жетілдіреді. Жалпы дене шынықтыру жүйесі ғылыми – әдістемелік негізде құрылады. Оның барлық теориялық және тәжірибелік ұсыныстары ғылыми түрде баяндалады.

Қазіргі студенттер мен мектеп оқушыларының ең сүйікті сабағы – әрине дене шынықтыру сабағы. Барлық ауылды да, қаланың да мектептерінде міндетті түрде спорт залдар мен мектеп алаңында спорт алаңдары, яғни футбол, валейбол алаңдары бар.

Мектептер мен кейбір колледждерде дене тәрбиесі пәні мұғалімдері сыныптан тыс боксқа, баскетболға, күреске, волейболға үйретеді. Қазіргі кезде спорт алаңдары тек мектептер де ғана емес сонымен қатар үйлердің арасында да стадиондар өте көп, бірақ спортқа қызығушылығы бар жасөспірімдер жылдан жылға азайып келеді. Себебі қазіргі жастарға темекі, анаша, насыбай, сыра, арақ сияқты зиянды әдеттер ермек болуда. Сол жасөспірімдерге бола көптеген спорт алаңдары, спорт залдары, бассейндер салынып, ашылуда. Бірақ сол залдарға барып тренировка жасау әр жасөспірімнің жағдайынан келе бермейді, себебі бағасы қымбат.

Ал егер мемлекет көптеген жұмыс жасап, тренажор, гимнастика өткізетін залдарды, бассейндерді жасап жасөспірімдердің көңілін спортқа қарай аударса, онда дене шынықтырудың болашағы өте зор болады.

Спортпен айналысқаның – дене мүшесінің шыныққаны!

Ал денеңнің шыныққаны – деніңнің сау болғаны!

Денің сау болғаның – бақытты ұлт болашағы!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.05.2018
1185
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі