Сабақ
кезеңі/
Уақыты
|
Педагогтің
іс-әрекеті
|
Оқушының
іс-әрекеті
|
Ресурстар
|
Сабақтың
басы
|
Сәлемдесу,
сынып сағатының тақырыбын таныстыру.
Оқушыларға «Салауатты өмір салты дегеніміз не?» деген сұрақ қояды.
«Миға шабуыл»
әдісі арқылы оқушылардың ойларын тыңдайды.
|
Мұғалімді тыңдайды.
Өз ойларын ортаға салып,
сұраққа жауап береді.
|
Интерактивті тақта,
слайд-презентация
|
Жаңа
сабақ
|
Салауатты өмір салты – бұл адамның күнделікті өмірде денсаулығын нығайтуға бағытталған әдеттері мен іс-әрекеттері. Ол дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік, зиянды әдеттерден аулақ болу және психологиялық тұрақтылықты сақтауды қамтиды.
|
Ақпаратты
тыңдайды
|
Интерактивті тақта,
слайд-презентация
|
Сабақтың
ортасы
|
Оқушыларды 3
топқа бөледі. Әр топқа тапсырма
береді:
1-топ: «Дұрыс
тамақтану»
2-топ: «Дене
белсенділігі»
3-топ:
«Зиянды әдеттердің алдын алу»
Әр топқа
постер немесе шағын презентация дайындауға уақыт
береді.
Әр топтың
жұмысын тыңдап, қосымша мәлімет
береді.
|
Топтарға
бөлініп, өз тақырыптары бойынша жұмыс жасайды. Ақпарат жинап,
талқылайды.
Постер немесе
презентация дайындап, қорғайды.
|
Маркерлер, А3
қағазы, бейнематериал
дар,
үлестірме қағаздар
|
|
ЖЖЕ
№8 тақырыбы: «Бір жерлері шығып
кеткендерге алғашқы медициналық көмек көрсету. Күйген кездегі
алғашқы медициналық көмек көрсету»
ЖЖЕ мақсаты:
Оқушыларға буын шығу және күйік алған жағдайда алғашқы медициналық
көмек көрсетудің негізгі қағидаларын
түсіндіру;
Төтенше
жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын
қалыптастыру;
Өзін-өзі және
өзгелерді қорғау жауапкершілігін
арттыру
Кез келген
жарақат алған жағдайда, дер кезінде көрсетілген алғашқы медициналық
көмек ауыр асқынулардың алдын алады.
Буын шығу
– сүйек буындарының орнынан жылжып кетуі,
ол қатты ауырсыну мен ісінуге әкеледі.
Күйік алу
– терінің және жұмсақ тіндердің жоғары
температура, химиялық заттар немесе электр тогы әсерінен
зақымдануы. Дұрыс көрсетілген алғашқы көмек – зардап шеккен адамның
жағдайын жеңілдетіп, тезірек сауығуына
көмектеседі.
|
Тақырыбы мен мақсатын таныса
отырып, ЖЖЕ тақырыбына сай ақпараттармен
танысады
|
Бинт, таңғыш,
медициналық макеттер, бейнематериал
дар
|
Қауіпсіз
дік
сабағы
(10
минут)
|
Қауіпсіздік – әр
адамның негізгі құқығы. Өмірде кейбір жағымсыз немесе қауіпті
жағдайлар болуы мүмкін, сондықтан оларды ата-анамен немесе сенімді
ересектермен талқылау өте маңызды. Ашық әңгімелесу – көмектің
бірінші қадамы. Егер бала өз уайымдарын айтып, дұрыс кеңес ала
алса, ол өзін сенімді және қорғалған
сезінеді.
–
Қауіпті жағдайларды
қалай анықтауға болады? – Кімдер сенімді ересектер болып саналады?
– Қауіпсіздік мәселелерін қалай дұрыс талқылау
керек?
«Егер сен...» ситуациялық тапсырмаларын
ұсынады. (Мысалы, «Егер сені біреу мазаласа, сен не істер
едің?»)
Оқушылардың жауаптарын талқылап,
қорытындылайды.
Оқушыларға ата-анамен немесе сенімді ересектермен
ашық сөйлесу үшін пайдалы кеңестер
береді.
|
Мұғалімнің ақпаратын
тыңдайды.
Сұрақтарға жауап
береді, өз ойларын ортаға
салады
Ситуациялық
тапсырмаларға жауап береді.
Қауіпсіздік туралы жеке
қорытындыларын жасайды.
|
Интерактивті тақта,
слайд-презентация
Кері байланыс парақтары, инфографика
(қосымша)
|
Сабақтың
соңы
|
«Салауатты өмір – өз қолыңда» атты шағын талқылау ұйымдастырады.
Әр оқушыға «Менің салауатты өмірге қосар үлесім» деген сұрақ қойып, жауаптарын тыңдайды.
Сабақты қорытындылап, оқушылардың белсенділігіне баға береді.
|
Сұраққа жауап беріп, өз ойларын білдіреді.
Сабақтан
алған әсерлерімен бөліседі.
|
Кері байланыс
парақтары, бейнеролик (қосымша)
|