
Рахымбекова Улпан Туймебаевна
№12 ЖББМ
КММ
Тарих -
география пәні мұғалімі
Өмірлік білім алу заман
талабы
Білім
беру саласында соңғы уақытта көптеген өзгерістер енгізілуде. Бұл өз
кезегінде білім беру орындарында заман талабына сай, білім
алушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге алып келеді. Қазіргі
ғылым мен техника дамыған ғасырда білім беретін барлық ұстаздар өз
білімдеріне уақыт өзгергендей заман талабына сай әдіс - тәсілдердің
де жаңа түрлерін енгізіп, іс - тәжірибесінде пайдалануы
керек.
ХХІ
ғасырда өмір сүріп жатқан өскелең ұрпақ ескі, көнерген стильде
сабақ өткенге қанағаттана қоймайды. Сындарлы оқытуды дамытатын,
оқушының тек білім алушы ғана емес, жеке тұлға ретінде қарауды
мақсат еткен жаңа бағдарламаның берері көп. Алматы қаласында
орналасқан педагогикалық шеберлік орталығында
«Қазақстан тарихы» және «Құқық негіздері»
пәндері бойынша оқу бағдарламаларын жаңарту және критерийалды
бағалау жүйесін енгізу мән мәтінінде мұғалімдердің педагогикалық
шеберлігін жетілдіру тақырыбында екі апталық курс оқыдық. Бұл
курстың мұғалімдерге берері мол болды. Жаңа бағдарламаның мән
мазмұнымен танысып, білім беруде жаңа әдіс – тәсілдерді пайдалана
отырып дұрыс тапсырмалар бере отырып білім алушылардың сұраныстарын
қанағаттандыру қажеттігін білдік. Педагогикалық шеберлік
орталығының тіренерлері мұғалімдерге жаңа бағдарламаның мазмұнын,
критерийалды бағалау жүйесін түрлі белсенді әдістерді қолдана
отырып, қалай жүргізілуін нақты түсіндірді. Жаңартылған бағдарлама
бойынша бағалау форматының өзгерістерін нақтылап өттік.
Критерийалды бағалаудың екі түрі жүргізіледі. Олар қалыптастырушы
бағалау және жиынтық бағалау.
Жан-жақты
білімді, сауатты, бәсекеге қабілетті, ынталы, адамгершілігі мол
азамат тәрбиелеуде сындарлы теориялық оқытуға негізделген
бағдарламаның қосар үлесі орасан деп білемін. Қазіргі кезде
оқушының алған білімі мен іс-әрекет түрлерін өмірде, іс жүзінде
пайдалана алуы маңызды. Білім алушыларды функционалдық сауаттылығын
дамыту әр бір мұғалімнің басты міндеті. Білім алушылар білімдерін
өмірде қолдана алса нағыз функционалды сауатты тұлға болып
қалыптасқаны. Біз дәстүрлі сабақтарда басты назарды оқушының білім
алуына, жақсы бағаға қол жеткізуіне арнайтын болсақ, жаңаша білім
беру мазмұнының идеясы өзгеше. Ол мектепте алған білімді білім
алушылардың өмірде, қоғамда қолдана алуын қамтамасыз етуді
көздейді. Білімді өмірмен байланыстыра алулары басты назарды
аударады.
Біздің
қоғамға өз білімін пайдалана отырып, өмірдің кез келген сынына
төтеп бере алатындай, жаңа идеялы азамат пен азаматшалар керек.
Болашақтағы барлық сабақтарыма курста өткен әдіс – тәсілдерді үнемі
қолданамын. Білім беру елдердің бәсекелестікке қабілетті болуын
қамтамасыз ететін ең тиімді әрі ұзақ мерзімді стратегия болып
табылады. Сондықтан болашақ ұрпақты бәсекеге қабілетті бола білуге
тәрбиелеу қажет. Сабақ беру барысында оқу бағдарламаларында
берілген арнайы оқу мақсаттары ең басты мақсат. Сондықтан оқу
мақсатына жету үшін белсенді оқу әдістерін саралай отырып таңдап
алу қажет. Осы аталған курста түрлі әдістерді мысалы: «Аяқталмаған
сөйлем», «Мозайка» және т.б. Қалыптастырушы бағалауға арналған
түрлі әдістер көрсетілді. Қалыптастырушы бағалауда кері байланыс
пен рефлексияны жүргізудің түрлі тәсілдері көрсетілді. Курс
мұғалімдер үшін өте тиімді болды. Жиынтық бағалауды жүргізуде тест
спецификасына сүйене отырып құрастыру міндетті екені айтылды.
Курстың алғашқы күнінен бастап, жаңаша оқытудың идеяларымен
таныстық. Мұғалімдер «Тұлға аралық мәдениет», «Ұстаным», «Құндылық»
және «Қажеттілік» сынды ұғымдарға басты назар аудару қажет екенін
түсіндім. Осы курстан түсінгенім, мұғалім жетік білімді психолог
болу керек. Күнделікті сабақта ұжымда психологиялық ахуал
қалыптастыру, топтық жұмыс, кері байланыс, рефлексия, оқушылардың
танымдық қабілетін дамыту, метатану, метасана сияқты ұғымдармен
таныстық. Сондай ақ жоспарланған сабақ барысында міндетті түрде
«Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясының құндылықтарын жүзеге асыруды
түсіндірді.