«...Кеше бала ең,келдің ғой» талай жасқа,
Көз жетті бір қалыпта тұра алмасқа.
Адамды сүй,Алланың хикметін сез,
Не қызық бар өмірде онан басқа?!»-деп хәкім Абай жырламақшы,адамның өзін тануы,әлемнен Жаратушының хикметін сезуі-адамның бұл өмірдегі басты миссиясы.Бұл өлеңінде Абай өмірдің тағы бір ақиқатын айтады.Ол-адам өмірінің бір орында тұрмайтыны,судай ағып кете баратыны.Осындай жылдамдықпен өтіп жатқан өмір ағысы ішінде өз миссиямыз орындалуы тиіс.Оның толқындары бізді бағытымыздан жаңылдырмауы шарт.Сондықтан да бүгінгі толастаған ақпарат заманында әуелі пенде өзінің жан-жақты дамуы үшін білім алуға,қабілеттерін шыңдауға,сонымен қатар өркениетті қоғам құруға негізделген мәдени орындарға жиі барып,өмірлік азық болатын дүниелермен шұғылдануы шарт.Яғни,бар фокусты адами құндылықтарға қоя білуіміз керек деп білемін.Осы орайда,театр әлеміне саяхат-өмірдің жаңа бір кезеңіне дем беретін мүмкіндік қақпасы,жаңа көзқарас тамшысы...
«Көшенің қақ ортасында екі жалғызбасты ана...Бірі кішкентай бүлдіршінімен жалғыз қалған жас ана болса,бірі сол кішкентай бүлдіршіні есейіп,бірақ тастап кеткен қарт ана...Барар жер,басар тауы жоқ,бір-біріне ұқсамайтын тағдыр иелері...Қайда барады,кім пана болады,кімге сенім арта алады ол да белгісіз сан сұрақ.Осындай сан сауалдың ортасында кенеттен пайда болған белгісіз жан кезіктірген екі жанды да танымастан бірін туған анасындай,бірін туған қарындасындай ертіп өзінің үйіне әкеліп пана болғаны,«әр қазақ менің бауырым,келген әр қонақ Құдайы қонақ,үйімнің есігі әр кез ашық,келіңіздер»,-деп қойылым соңында ерекше үгіт-насихатпен халықты еріксіз жылатып,ықыласпен қонаққа шақырып аяқталған бұл қойылымның берері де жүрекке жеткізгені де жоғары деңгейде болды.Бұл оқиға желісі Алматы облысы Алматы қаласы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында 25 наурыз күні кешкі 18:30-да көрсетілген «Тойы көп үй» атты қойылым желісінен үзінді еді.Әрбір актердің сезініп ойнауы,халықтың ыстық ықыласы мен батасын алып,қойылым соңында мән-мағынасы жоғары қорытынды оймен аяқтауы келген оқушы жас балалармен қатар ата-әжелердің де жүрегін елжіретті.Жалпы бір қуантарлығы,театрда бір бос орынның болмауы.Оқушы жасөспірімдердің де театр мәдениетін сақтай отырып,көріністегі әрбір түйінді сәттердің бірін қалдырмай жазып,түртіп алып отыруы ерекше әсер қалдырды.Демек,халықтың театрға деген қызығушылығы,махаббаты,құрметі белгілі бір деңгейде көзқарасы да өзгерді деген сөз.
Жалпы театр әлеміне жиі саяхаттап тұруды қолға алғанымыз жөн.Театр-көне заманнан бері келе жатқан өміршең өнер.«Тойы көп үй» қойылымының өзі бір емес бірнеше дүниеге көзімізді ашты.Қазақтың ұмытылып бара жатқан қонақжайлығы,адами құндылықтарды дәріптеу,жақсылықтың бір Құдайдан қайтатындығына сену,кей уақытта қателесіп құлағанымыз,сүрінгеніміз бізге өмірлік сабақ болатындығын және бүгінгі қоғамның ауқымды мәселесі отбасылардың ажырауына бірден бір себеп сол бір ащы судың әлегі екендігін көрсете алды.Театрға барайық,өзіміздің құндылықтарды,мәдениетімізді өзіміз жоғары көтеріп,дәріптегеніміз абзал.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Өміршең өнер театр-жаңа көзқарас тамшысы
Өміршең өнер театр-жаңа көзқарас тамшысы
«...Кеше бала ең,келдің ғой» талай жасқа,
Көз жетті бір қалыпта тұра алмасқа.
Адамды сүй,Алланың хикметін сез,
Не қызық бар өмірде онан басқа?!»-деп хәкім Абай жырламақшы,адамның өзін тануы,әлемнен Жаратушының хикметін сезуі-адамның бұл өмірдегі басты миссиясы.Бұл өлеңінде Абай өмірдің тағы бір ақиқатын айтады.Ол-адам өмірінің бір орында тұрмайтыны,судай ағып кете баратыны.Осындай жылдамдықпен өтіп жатқан өмір ағысы ішінде өз миссиямыз орындалуы тиіс.Оның толқындары бізді бағытымыздан жаңылдырмауы шарт.Сондықтан да бүгінгі толастаған ақпарат заманында әуелі пенде өзінің жан-жақты дамуы үшін білім алуға,қабілеттерін шыңдауға,сонымен қатар өркениетті қоғам құруға негізделген мәдени орындарға жиі барып,өмірлік азық болатын дүниелермен шұғылдануы шарт.Яғни,бар фокусты адами құндылықтарға қоя білуіміз керек деп білемін.Осы орайда,театр әлеміне саяхат-өмірдің жаңа бір кезеңіне дем беретін мүмкіндік қақпасы,жаңа көзқарас тамшысы...
«Көшенің қақ ортасында екі жалғызбасты ана...Бірі кішкентай бүлдіршінімен жалғыз қалған жас ана болса,бірі сол кішкентай бүлдіршіні есейіп,бірақ тастап кеткен қарт ана...Барар жер,басар тауы жоқ,бір-біріне ұқсамайтын тағдыр иелері...Қайда барады,кім пана болады,кімге сенім арта алады ол да белгісіз сан сұрақ.Осындай сан сауалдың ортасында кенеттен пайда болған белгісіз жан кезіктірген екі жанды да танымастан бірін туған анасындай,бірін туған қарындасындай ертіп өзінің үйіне әкеліп пана болғаны,«әр қазақ менің бауырым,келген әр қонақ Құдайы қонақ,үйімнің есігі әр кез ашық,келіңіздер»,-деп қойылым соңында ерекше үгіт-насихатпен халықты еріксіз жылатып,ықыласпен қонаққа шақырып аяқталған бұл қойылымның берері де жүрекке жеткізгені де жоғары деңгейде болды.Бұл оқиға желісі Алматы облысы Алматы қаласы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында 25 наурыз күні кешкі 18:30-да көрсетілген «Тойы көп үй» атты қойылым желісінен үзінді еді.Әрбір актердің сезініп ойнауы,халықтың ыстық ықыласы мен батасын алып,қойылым соңында мән-мағынасы жоғары қорытынды оймен аяқтауы келген оқушы жас балалармен қатар ата-әжелердің де жүрегін елжіретті.Жалпы бір қуантарлығы,театрда бір бос орынның болмауы.Оқушы жасөспірімдердің де театр мәдениетін сақтай отырып,көріністегі әрбір түйінді сәттердің бірін қалдырмай жазып,түртіп алып отыруы ерекше әсер қалдырды.Демек,халықтың театрға деген қызығушылығы,махаббаты,құрметі белгілі бір деңгейде көзқарасы да өзгерді деген сөз.
Жалпы театр әлеміне жиі саяхаттап тұруды қолға алғанымыз жөн.Театр-көне заманнан бері келе жатқан өміршең өнер.«Тойы көп үй» қойылымының өзі бір емес бірнеше дүниеге көзімізді ашты.Қазақтың ұмытылып бара жатқан қонақжайлығы,адами құндылықтарды дәріптеу,жақсылықтың бір Құдайдан қайтатындығына сену,кей уақытта қателесіп құлағанымыз,сүрінгеніміз бізге өмірлік сабақ болатындығын және бүгінгі қоғамның ауқымды мәселесі отбасылардың ажырауына бірден бір себеп сол бір ащы судың әлегі екендігін көрсете алды.Театрға барайық,өзіміздің құндылықтарды,мәдениетімізді өзіміз жоғары көтеріп,дәріптегеніміз абзал.
шағым қалдыра аласыз













