Материалдар / Өндірістегі еңбек бөлінуі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өндірістегі еңбек бөлінуі

Материал туралы қысқаша түсінік
Дәнекерлеу ісі мамандығына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Маусым 2021
182
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Өндірістегі еңбек бөлінуі

Кəсіпорындарды еңбек бөлінуінің үш негізгі түрін ажыратады:

функционалдық, технологиялық жəне квалификаци-ялық/біліктілік.

Еңбекті функционалдық/қызметтік бөлу кəсіпорынның барлық жұмысшыларын олардың
өндірісте атқаратын жұмыстарына қарай жекелеген топтарға бөлуді білдіреді. Сонымен,
технологиялық үрдістің тікелей орындалуын негізгі жұмысшы күші жүзеге асырады;
технологиялық үрдісті жүзегег асыруда жəрдем беру жұмыстарын көмекші жұмысшылар
орындайды; өндірістік үрдістерді басқару жəне реттеу инженер-техникалық қызметкерлерге
жүктеледі; өндірістік ғимараттың тазалығын жəне өндірістегі жинақылыққа кіші қызмет
көрсетуші персонал жауапты болады, бұларға сонымен бірге курьерлер, гардеробшы, өрт жəне
қарауыл күзеті жəне т.с.с. кіреді. Осы жұмысшылардың барлығы да өнеркəсіптік-өндірістік топқа
жатады.

Кəсіпорындағы ең басты қызметатқарушы топқа негізгі жəне көмекші жұмысшылар жатады,
олардың еңбектері тікелей

материалдық құндылықтарды жасауға бағытталған. Жұмысшылардың осы топтары арасында
еңбекті бөлісу негізгі жұмысшылар еңбегінен көмекші жұмысшы еңбегін бөлуге негізделген.
Көмекші жұмысшылар жұмыс орындарын материалдар жəне жартылай фабрикаттармен
қамтамасыз етумен айналысады, олардың міндетіне құрылғыны жөндеу мен үйлестіру, оны
энергиямен қамтамасыз ету, сонымен қатар, жинау, тасымалдау, бақылау жəне басқа да
операциялар кіреді. Еңбектің бұндай бөлінісі негізгі білікті жұмысшыларға пайдалы жұмыс
уақытын арттыруға мүмкіндік береді. Одан басқа, құрылғыны жақсырақ қолдану қамтамасыз
етіледі, себебі негізгі

жұмысшылар көмекші жəне дайындама жұмыстарын аалаңдамайды. Негізгі санатқа
жұмысшыларды жатқызудың белгілеріне өнім дайындау бойынша операцияларды тікелей
орындауға олардың қатысуы табылады.

Пісіру өндірісінде пісірушілерді максималды түрде көмекші жəне қызмет көрсету
операцияларынан босату қажет. Пісірушінің жұмыс орны оның қажет уақытта өндірістік
тапсырманы жəне қажетті технологиялық құжатты ала алатындай етіп ұйымдастырылуы қажет.
Пісіру матриалдары, құралдары жəне қосалық бөлшектері жұмыс орнына көмекші жұмысшымен
жеткізілуі тиіс. Құралдың, қосалқы бөліктің жəне құрылғылардың жұмысқа жарамдылығы,
жұмыс орындарының үздіксіз қажетті энергия түрлерімен тұрақты түрде қамтамасыз етілуі жəне
жұмыс орнында тазалық тəртібі сақталуы қажет. Құрылғыны баптау жəне оны кішігірім жөндеу
жұмыстары міндеттеріне пісіру режимін үйлесіту мен оны бақылау кіретін пісіру
құрылғыларының үйлестірушілермен жүзеге асырылуы тиіс. Пісіру астында бұйымды
құрастыруды ережеге сай, темір соғушы-жинаушы жүзеге асырады. Пісіру бұйымдары көп
жағдайда сапасын бақылау үшін шеберге ұсынылады. Бұйымдарды жəне жинақ бірліктерін
пісірмелеушінің жұмыс орнына жеткізу, сонымен қатар, дайын бұйымдарды тасымалдау
пісірушінің тікелей қатысуынсыз өтуі қажет. Пісіру алдындағы жиектерді тазартуда, сонымен
бірге, жіктерді қалдықтар мен металл балқымаларының шашырандысынан тазартуды, ережеге
сай, көмекші жұмысшыға тапсырады.

Еңбекті технологиялық бөлу барлық өндірістік үрдісті технологиялық операцияларға бөлуге
бағытталады, сəйкесінше, жұмысшыларды мамандықтарына қарай бөлу (мысалы, темір
соғушы/слесарь) жəне басқалар бойынша (мысалы, темір соғушы/слесарь-жинаушы, темір
соғушы/слесарь-жөндеуші жəне т.б.) бөлуге бағытталады.

Әр мамандыққа құрылымына қарай белгілі бір жұмыс көлемі сəйкес келеді. Сонымен, пісіру
өндірісте металл түзетуші, белгілеуші, кесуші, жинаушы, пісіруші сияқты мамандықтар иесі болып
табылатын негізгі жұмысшыларының еңбегі қолданылады. Еңбекті механикаландыру жəне
автоматтандыру оны терең бөлу мен мамандықтар ішінде тағы да мамандар пайда болуын
тудырады. Мысалы, пісіру мамандығы ішінде қолмен доғалы пісірудің электрлі пісірушісі, пісіру
автоматтарының электрлі пісірушісі, жартылай автоматтардың электрлі пісірушісі жəне т.б. барлық
салаларға арналған мамандықтар тізімі Бірегей тарифтік -квалификациялық/біліктілік
анықтамалығында (БТКА) көрсетіледі.

Еңбектің квалификациялық бөлінуі жұмыстың күрделілігіне қарай барлық жұмыстар мен түрлі
мамандықтағы жұмысшылар мамандығы квалификациялық разрядтар бойынша бөлінеді. Бұндай
еңбекті бөлу белгілі бір жұмыстарды орынаудға қажетті жұмысшылардың өндірістік дағдысын,


Page 2

жұмыс тəжірибесін,шығармашылық білгірлігін жəне жалпы білім деңгейін ескерумен жүзеге
асырылады.

Еңбектің квалификациялық бөлінуі жоғары білікті маманды біліктілікті қажет етпейтін
жұмыстардан босатуға, оның өз жұмысының нəтижесін арттыруына мүмкіндік береді. Сол
уақытта жұмысшы иеленетін жоғары біліктілікпен орындалатын операциялар еңбек өніміділігі
мен жұмыс сапасының төмендеуіне əкелуі мүмкін. Жұмысшының біліктілігіне сай оған жалақы
төленеді.

Машина жасауда орындалатын жұмыстардың күрделігіне қарай алты разряд қарастырылған,
олардың əрқайсысына БТКА бойынша сəйкес талаптар қойылып, аталған разряд иесі болып
табылатын жұмысшының білуі тиіс қажетті білім деңгейі көрсетіледі.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!