400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өндірісті автоматтандыру – заман талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
Өндірістерге заман талабына сай жаңа заманауи технологияларды енгізу маңыздылығы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сафи Өтебаев атындағы

Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжі



«Технологиялық процесстерді автоматтандыру және басқару» мамандығының өндірістік оқыту шебері және

арнайы пән оқытушысы Адилова Гулнара Айнашовна


Өндірісті автоматтандыру – заман талабы

Ғылым мен технология дамыған қазіргі заманда өндірістік үрдістерді автоматтандыру – кез келген саланың табысты әрі тиімді жұмыс істеуінің басты шарты болып отыр.

Автоматтандыру – бұл өндірісте адам еңбегін азайтып, үрдістерді цифрлық және роботтық жүйелер арқылы басқаруға көшу. Ол өндірістің сапасын арттырып, шығындарды азайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ жаһандық нарықта бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етеді.

Автоматтандырудың негізгі артықшылықтары өте көп, соның ішінде өндірістік үрдістерді автоматтандыруды экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан қарағанда мынадай артықшылықтары бар:

1.Еңбек өнімділігін арттыру: роботтар мен автоматтандырылған жүйелер адамның физикалық және ойлау қабілеттілік мүмкіндіктерінен асып түседі. Олар үздіксіз және жоғары жылдамдықпен қарқынды жұмыс істей алады, бұл өнімділікті бірнеше есеге арттыруға мүмкіндік береді.

2.Қателерді азайту: қол еңбегіне қарағанда автоматтандырылған жүйелер өндірісте кездесетін қателіктер санын айтарлықтай азайтады және қате болмауын алдын-ала қамтамасыз етеді.Бұл өз кезегінде өнім сапасының жоғарылауына ықпал етеді.

3.Шығындарды оңтайландыру-автоматтандыру арқылы жұмыс күшін, пайдаланатын шикізатты және уақытты үнемдеуге болады. Құрылғылар мен жабдықтар энергияны тиімді пайдаланып, өндіріс шығындарын төмендетеді.

4.Қауіпсіздікті қамтамасыз ету-автоматтандырылған жүйелер қауіпті аймақтарда адам еңбегін алмастырып, жұмысшылардың денсаулығы мен өмірін қорғауға, қауіпсіз қызмет етуге мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда елімізде өндірісті автоматтандыру бағыты қарқынды дамып келеді. Елімізде индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде «Индустрия 4.0» технологиялары енгізіліп жатыр. Тау-кен өндірісі, мұнай-газ саласы, металлургия және ауыл шаруашылығы сияқты ірі салаларда автоматтандыру жобалары қолға алынған.

Мысалы, біздің мұнайлы өңіріміздегі шетелдік алпауыт компания «Теңізшевройл» және отандық «ҚазМұнайГаз», «ҚазТрансОйл» сынды ірі кәсіпорындар өндірісті басқарудың цифрлық жүйелерін белсенді түрде енгізуде. Сонымен қатар, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында көптеген кәсіпорындарда автоматтандыру және цифрландыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Болашақта жасанды интеллект, робототехника, үлкен деректер (Big Data) және заттар интернеті (IoT) өндірістік салалардың ажырамас бөлігіне айналады. Толықтай автоматтандырылған кәсіпорындар жұмыс күшінің қажеттілігін азайтып, өнімнің өзіндік құнын төмендетеді.

Ауыл шаруашылығында дрондар мен роботталған техникалар егістік алқаптарын өңдеп, тыңайтқыштарды дәл есептеу және өнім жинау сияқты үрдістерді автоматтандыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жасанды интеллекттің көмегімен өндірістегі үрдістерді нақты уақытта бақылау және оңтайландыру мүмкіндігі де артады.

Өндірісті автоматтандыру – еліміз үшін экономикалық тұрақтылық пен өсімге қол жеткізудің ең тиімді жолдарының бірі және бірегейі. Бұл үрдісті сәтті жүзеге асыру үшін:

• Кәсіби мамандарды даярлау;

• Ғылыми зерттеулерді қаржыландыру;

• Инновациялық стартаптарды қолдау қажет.

Автоматтандыру – елдің әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттілігін арттырудың кепілі. Болашақта еліміз тек табиғи ресурстарға ғана емес, сонымен қатар инновациялық технологияларға сүйенген дамыған елдердің қатарына қосылатынына сенім білдіремін.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31 желтоқсан
307
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі